Тақырып. Мен және қоғам
Дәріс жоспары (1 сағат)
1. Қоғамға қарым-қатынас арқылы өзін-өзі тану.
Әңгіме тақырыбына байланысты техникалық құралдар қолданылады.
Әңгіме мұғалімнің қысқаша сөзінен басталады. Ол оқушыларға мәселелі сипаттағы сұрақтар қойып, талдатып, қорытындылайды. Пікірталас. Пікір білдіру, баға беру оқушының дүниеге сенімін арттырып, ондағы қателіктер мен кейбір адамдардың жалған көзқарастарымен күресуге үйретеді. Пікірталас оқушылардан ақыл-ой қызметін, сезім белсенділігін талап етеді. Мұғалім пікірталасты өткізбес бұрын оның тақырыбын, сұрақтарын тұжырымдап, жүргізушіні белгілеп, қолданылатын әдебиеттерді ұсынып, оқушыларды пікірталас ережелерімен таныстырады. Түсіндіру. Бір топқа, жеке оқушыларға жаңа ережелер басқа адамды құрметтеу, өзін басқа кісінің орнына қою, т.б. түсіндіріледі. Партаны сызу, дөрекілік жасау теріс қылық екенін түсіндіре берудің қажеті болмағандыңтан басқа әдіс қолдану керек. Мұғалім адамшылық қасиет туралы баланың пікірін сұрап, оқушыны жақсы сапалардың қажеттігіне сендіріп, баланы теріс қылығы үшін ұялтып, түзелуге бағыттайды. Өнеге. Мұғалім оқушыларға әдебиеттегі және өмірдегі түрлі кейіпкерлерді үлгі еткенде оқушы өзінің ішкі жан-дүниесіне үңгіле бастайды. Бала басқа адамға еліктегіш. Бастауыш сынып оқушылары барлық адамдарға еліктейді. Жеткіншектер өздері таңдаған адамдарына еліктейді.
Балалар әдеби және тарихи кейіпкерлерге, құрбыларына, ересектерге, ата-аналарына, мұғалімдерге, бұқаралық ақпарат құралдарының, өнердің жас ұрпаққа үлгі ететін адамдарына еліктейді. Сендіру. Мұғалім өз пікіріне баланы сендіргісі келіп, оған былай дейді: "Ақымақ - жаман адам, себебі ол өз ісіне есеп бермейді".
Оқушыға сабаққа кешігудің зияндығын дәлелдеу үшін: "Бәріміздің ойымызды бөліп жіберетіндіктен, адамдардың кешіккені ұнамайды,", - дейді. Мәдениеттіліктің пайдасына оқушының көзін жеткізу үшін, мұғалім: "Суды стақанмен іш, шишаның аузынан ішуге болмайды", - дейді.
Мұғалім балаға қарым-қатынастың маңызын ашу үшін: "Сен газетті үйіңе ұмытып кеткендіктен, сынып сағатымыз ойдағыдай өтпейді" - дейді.
Диалог әдісін қолданатын мұғалім: "Мен осылай ойлаймын, сендер қалай ойлайсыңдар", - деп сөйлеседі. Пікірталас жұмыс барысында пайда болады немесе оны мұғалімнің өзі ұйымдастырады. Көркем шығармадан алған әсерін мұғалім оқушыға былай білдіреді: "Мына портреттегі адам екінші портреттегі адамға қарағанда сұлу".
"Сенің ақылық бар ғой, жібірлеген құрбыңнан кешірім сұра", - деп, мұғалім балаға нұсқау береді.
Ол жасырын тұрде болғандыңтан бала басқаша қабылдайды.
Ертегі, әдеби кітаптар, мерзімді баспасөз материалдары мектеп жасындағы оқушылардың адамгершілік санасын қалыптастыратын құралдардың бірі. Оқушылар жағымды кейіпкерлерге еліктеп, жамандыңтан аулақ болуға үйренеді.
Көзін жеткізу - тәрбиешінің өз тәртібі, жұмыс тәсілдері арқылы жүзеге асатын, балалар көзқарасына ықпал етудің педагогикалық тәсілі. Қоғамдың пікір. Балаларға тәрбиешінің қоятын талабы ең алдымен ұжымның талабы екендігін түсіндіру керек. Ұжымның талабы - жалпы қоғамдың пікірдің көрінісі. Қоғамдың пікір ұжымдағы іс-әрекетті ұйымдастыру және мінез-құлықты қалыптастырудың негізгі әдісінің бірі.
Қоғамдың пікір ұжым мүшесінің, жекелеген топтардың іс-әрекетін, қылығын бағалауда қолданылады. Қоғамдың пікірдің негізгі нысандары - ұжым мүшелерінің жиналыста, жиындар да, митингіде, жергілікті баспасөзде және дөңгелек үстел басында, ашың әңгімеде, кемшіліктерді сынап, жаңа міндеттерді жүзеге асырудың жолдарын белгілеуі.
Адамзаттың барлық өмірі үнемі басқа адаммен қарым - қатынас негізінде өтеді. Қарым - қатынас процесінің барлық жақтары (коммуникативті, интерактивті. перцептивті) басқа құрылымдық тәсілдерді қолдануды қажет етеді. Олар кез келген іс - әрекетте бір - бірін қабылдау, түсіну, бірлескен әрекет ұйымдастыру мақсатыңды іс - әрекеттің мазмұнына байланысты орындалатын процестің негізінде туындайтын қарым - қатынастың түрлері мен арақашықтықтары. Адамнын психикасы тіршіліктің барлық кезеңінде үздіксіз дамиды. Кеңес психологтарының теорияларына сәйкес, баланың психикалық дамуы әлеуметтік ситуациямен анықталады, яғни оның қоғамдағы орны, үлкендер және құрбыларымен қарым - қатынас жүйесі. Дамудың әлеуметтік ситуациясы кездейсоқ құрылмайды, бала және оның айналасындағылар арасындағы жанды өзара әрекеттестік процесінде жасалады. Бір жас кезеңінен екіншісіне өту дамудың әлеуметтік жағдайының өзгеруімен байланысты. Сонымен, мектепке дейінгі бала - «ойын баласы», яғни оның айналасындағылармен қарым - қатынас жүйесін анықтайды. Оқушы - басқаша қарым - қатынас жүйесінде болатын «білім алушы бала», ал ересек белгілі еңбек әрекетіңдегі қарым-қатынасқа түсуші кәсіби маман иесі. Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым - қатынас жасайды. Осындай әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары, қадір қасиеттері, іс - әрекет жасау қабілеттері қалыптасады. Тұлғаның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс - әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. А.С.Золотнякованың пікірінше, қарым -қатынас - бұл әлеуметтік және тұлғаға бағытталған процесс, мұңда жеке тұлғалық қатынастармен қатар, құқықтық құндылық шарттары жүзеге асады. Оның ойынша, қарым - қатынас әлеуметтік процесс болып табылады. Осы орайда, қарым - қатынас коммуникативтік- процесс ретінде түсіндіріліп, тек әлеуметтік құндылық мөлшерін реттеумен шектелмейді, индивид пен әлеуметтік жүйенің сол құндылықтарды игеруін реттеп отыруымен сипатталады. Әлеуметтік психологияда тұлғалардың өзара әрекеті - бұл қарым -қатынастың үш координаталық бірі. Өзара әрекет - бірлескен іс - әрекетті ұйымдастырудың белгілі формасы. Тұлға қалыптасуында негізгі орынды оның басқалармен қарым - қатынас жасау қабілеті алады. Қарым - қатынас арқылы тұлға өзін көрсете алады, Сонымен қатар ерекшеліктерінің ашылуына, танымдық белсенділігінің артуына ықпал етеді. Тұлға және қарым-қатынас - психологиялық білімнің осы маңызды саласының негізгі түсініктері. Әлеуметтік психология қарым - катынас процесінде тұлғаның дамуын, қарым - қатынасын және іс - әрекетін зерттейді. Басқа адамдармен қарым - қатынас процесінде адам адами мәдениетті, тарихи даму және жалпылама түсініктерде, еңбек дағдыларында, мінез - қулық ережелерінде т.с.с жинақталған тәжірибені игереді. Басқа адамдармен тікелей қарым - қатынасты /тұлға аралық/ қажет ету - адамның негізгі әлеуметтік қажеттіліктерінің бірі. Басқа адамдармен қарым-қатынас орната отырып, адам танымдық - жаңа әсерлер, жаңа ақпараттар қажеттілігін қанағаттандырады. Осы екі өзара үздіксіз байланысқан қажеттіліктер адамның алғашкы күндерінен оның психикалық дамуын анықтап, бірлескен іс -әрекетте қарым - қатынас қажеттілігіне қызмет етеді. Тұлғанын қалыптасу және даму заңдылықтарын, түрлі жағдайлардағы оның мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін зерттейтін, адамдарды жиі жағдайларда жақындықтары бойынша біріктіру (отбасы, оқу топтары, өндірістік ұжым) әлеуметтік психологияның зерттеу объектісі болып табылады. Әлеуметтік психолог үшін адамдарды біріктіру мәселесі зерттеудің екі аспектісі бойынша қарастыру маңызды. Олар: біріншіден, адамдарды біріктіру тұлғаны қалыптастыру шарты ретінде және, екіншіден, тұлғаға тиімді тәрбиелік әсер ету құралы ретінде. Аталған аспектіңің екеуі де өзара тығыз байланысқан. Адамды өмір сүріп, жұмыс жасап, оқып отырған ортасынан тыс тіршілік етуін елестету мүмкін емес. Қазіргі кезде қоғамдық еңбек пен өндіріс орындарында еңбек адамдарымен тілі табысып, олардың күнделікті қажеттіліктері мен талап - тілектеріне жете мән беріп, оларға ерекше мән беріп отыру. Мұндай талаптарды жүзеге асыру кәсіпорындар мен ұжымдардағы қоғамдық - әлеуметтік мәселелерді байыпты шешу қажеттігі өмір тәжірибесі айқын көрсетіп отыр. Қарым-қатынастан, адам қоғамнан тыс адам салыстырмалы түрде өзіндік адами қасиеттерін жылдам жоғалтады. Адамдардың ортақ нәтижеге қол жеткізу мен қатынасты жақсарту мақсатындағы олардың күшін біріктіруге және келісімге келуге бағытталған екі немесе одан да көп адамның өзара әрекеттесуі қарым-яатынас болып табылады Сондықтан қарым-қатынас әлеуметтік байланыстың негізгі құралы Сонымен, қарым-қатынас кұралы - бұл тұлғалар арасында ақпарат алмасу кезіндегі операция болып табылады. Ал, бұл қатыңас екі негізгі қарым-қатынас каналы вербалды және вербалды емес жүзеге асырылады. Адамның тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асатын каналы - вербалды қарым-қатынас болса дене тілі деп аталатын адамның ым-ишарасы, бет қимылы және т.б. үнсіз қозғалысы вербалды емек қарым-қатынас. Тұлғаның көпшілік қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетін бақылау оның айтатын сөзін жеткізу ерекшелігі болып табылады. Олай болса, оның қоғамдық ортада сөйлеу қасиеті мен мәнерін бағалау, жалпы айтқанда сөйлеу ерекшеліктерін анықтау қажет. Сондықтан, қарым-қатынасқа қабілеттілік тұлғаның сөйлеу мәнеріне, мінез-құлық құрылымына, типологиялық қасиетіне байланысты екендігі байқалады. Мұнда тұлғаның ұйымдастырушылық және коммуникативтік сапалары маңызды болып табылады. Ал бұл сапаларының дамуы басқалармен оның тиімді тұлға аралық қатынас құруға, олармен бірлескен іс-әрекетте өзара әсер етуге мүмкіндік береді. Тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі және ұжымдағы орнын басқа жағдайдан бөліп қарастыруға болмайтындығын А. Абұльханова-Славская еңбектерінен көреміз. Ол тұлғаға қоғамдық тұрмыс пен қатынастың ықпалы қоғамдық сана, идеология және т.б. арқылы жүзеге асырылып, қоғамдық сананың жекеленуі жанама түрде болатындығын атап өтті. Қарым-қатынасты зерттеудің бірден бір орталық міндеті ретінде тұлғаның қалыптасуы мен даму факторы оның маңызды рөлін анықтау болып табылады. Қарым-қатынас субьектілердің өзіндік өзара әрекет формасы ретінде, түрлі ақпараттар алмасу барысында жүзеге асырылады. Сонымен, қарым-қатынас - бұл адамдардың өзара әрекеттесуі мен бір-бірін түсінуге талпыныстары, басқа адамға деген қатынасы болғандықтан, оның мағынасын, мазмұнын толық түсіне алу үшін «субъект - субъект» жүйесі тұрғысында қарастырған тиімді. Яғни, қарым-қатынас процесін анықтауда зерттеу объектісі ретінде жекелеген адамдар емес, біртұтас процесс ретінде қарым-қатынас процесінің өзі басты назарға алынуы тиіс. Әлеуметтік орта және ішкі топтардағы тұлғааралық қатынастар мен ішкі қатынастар жүйесіндегі адамдардың бірлескен өмірлік әрекеттері қарым-қатынас процесін кұрайды. Әлеуметтік қатынастар - әлеуметтік класстардың: жұмыс беруші мен жұмысшы; экономикалық құрылымдардың иерархиялық ресми емес ұйымдардын және т.с.с. қарым-қатынасы ретінде көрініс берсе, Тұлғааралық қатынастар іскерлік және эмоционалды бағалаудың негізінде құрылады, Сонымен қатар адамдардың бір-біріне таңдау білдіруі де маңызды болып табылады. Сондықтан, қарым - қатынас - негізгі психологиялық категориялардың бірі. Адам басқа адамдармен қарым-қатынас және өзара әрекеттесу нәтижесінде тұлға болып қалыптасады. Қандай да бір қоғамдық қатынастардын жүйесі адамдардың өзара қарым-қатынасы мен қоғамға қатынасынан көрінеді. Қарым-қатынас сан алуан адамдардың қатынастары жағдайында жүзеге асады, яғни әлеуметтік және тұлғааралық қатынастардың жағымды да. кері де жағдайларында болуы мүмкін. Сондықтан әлеуметтануда әлеуметтік құбылыстар мен процестердің бірнеше жіктеулерін көрсетуге болады. Олар: - Әлеуметтік құбылыстардың қатар өмір сүру заңы; - Әлеуметтік құбылыстардың даму тенденцияларын (яғни бағыттарын) анықтайтын заң; Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі байланыстарды, қатынастарды анықтау заңы; Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы себепті байланыстарды бейнелейтін заңы; Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы байланыстардың болу мүмкіндігін білдіретін ықтималдық заңы. Қарым-қатынас адамның өмір сүруі үшін ең қажетті шарт болып есептеледі, Сонымен бірге оның қалыптасын дамуындағы ең негізгі фактордың бірі. Б. Г. Ананьев зерттеулерінде: "Жеке тұлғаның қоғамдық даму мәселелері барлық ғылым салапарына маңызды мәселе. әлеуметтік құрылым әлеуметтік өмірдің жалпы көрінісі - деген. Дамудың барлық кезеңіде баланың әлеуметтік ортаға дағдылануы және мінез құлқының сапалы үлгілерін менгеруі, жеке басының психикалық қасиеттері қалыптаса бастайды. Қарым-қатынас жағдайында психикалық процестер мен олардың қызметі жаңа қатынас, дағды мен қажеттігін тәрбиеші-мүғалімнің педагогикалық іс-әрекетін жүйелі жоспарлау, ата-аналары мен құрбыларының жағымды ықпалы маңызды орын алады. Педагогтың оқушылармен қарым-қатынас стилі - әлеуметтік және адамгершілік жағынан байытылған саласы. Педагог өзінің педагогикалық іс-әрекеті және үйреншіктердің оқу іс-әрекеті негізінде қарым-қатынас қиындықтары пайда болады. Педагогикалық іс-әрекетте қиындықтар пәндік мазмұнның өзімен, педагогтың меңгершуі оның іс-әрекетінің негізі болып табылатын білімдерге ие болу деңгейі және сипатынан да туындауы мүмкін сондай-ақ кәсіби -педагогикалық іскерліктерден, дидактикалық құзырлықтан да, үйренушілерге педагогикалық әсер ету тәсілдері және құралдарынан да туындауы мүмкін. Сонымен, қарым-қатынасын екі жақты сипатта қарастырып, анықтама беруге болады. Бірінші, қарым-қатынас іс-әрекеттің жетекші түрі, жеке интимдік мінез; қарым-қатынас заты басқа адам-кұрдас, ал мазмұны-онымен қатынас құру және қолдау жасау (Эльконин Д.Б., Драгунова Т.В.) болса, екінші, қарым-қатынас іс-әрекеттің жетекші түрі және қоғамдық мінездемесі бар, оның үлкендермен, құрбыларымен өзара қатынасында түрлі жағдайларды менгереді. (Фельдштейн Д.И.). Қарым - қатынас көбіне өз - өзін және басқа адамдарды тану қажеттілігін қанағаттандыратын іс -әрекет ретінде қарастырылады. (М.И.Лысина). Баланың ересектермен қарым - қатынастарының жүйесі жеке қарым - қатынасының өзі оқу іс - әрекеті арқылы жанамалданады. (Д.Б.Эльконин) Баланың мектептегі өзгерістерден кейін өмірлік тәжірибесі пайда болады, құрбыларының арасында өзіне тән нақты орынды иелену ұмтылысы пайда болады (А.НЛеонтьев, Л.И.Божович, И.В.Дубровина, Б.Г.Ананьев). Бастауыш мектеп жасында балалардың ересектермен, әсіресе мұғаліммен қарым - қатынастары ерекше мәнге ие болады, өйткені осы жас шамасындағы баланы мектептегі оқуға өтумен байланысты өзінің іс - әрекетіне, ересектермен және құрбылармен жаңа қатынасқа, жаңа өмір салтына өту дайындығымен қатар, білімдерді меңгеру дайындығын қамтитын, оқушының әлеуметтік позициясы қалыптасады (Л.И.Божович). Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-құлқының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айрылса,ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас еді, тек ғана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді. Оған әдебиеттерде көптеген мысалдар, зерттеулер дәлел бола алады. Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер ететін, оның онтогенездің алғашқы этабындағы үлкендермен қарым-қатынасы. Ол осы уақытта өзінін барлық адамгершілік, психикалық мінез-кұлық қасиеттерін қарым-қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі және бұл онтогенезде пайда болады. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады. Адам өмірге дайын қабілет, мінез және қызығуларымен келмейді, бұлардың бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады. Адам тәнінің негізгі, яғни генотипті оның анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктерін, жүйке жүйесінің қозғалысын белгілейді. Биологиялық құрылым иесі – адам өткен әулеттердің білім, салт, заттай және рухани мәдениеті күйінде топталған өмір тәжірибесін игерумен ғана жеке адам дәрежесіне көтеріледі. Жеке адам дамуы - өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қажеттіліктерін арттырып – барумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым- қатынастар аймағымен өлшенеді. Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адам аралық қатынастары да өте жай, күнделікті тіршілік күйбеңінен аспайды. Ал даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухани мәртебелілігімен, қоғамдық мәнді құндылықтарымен ерекшеленеді. Әрбір дара адам өзінің қлғамдағы өмірлік әдептерін ретттеумен күнделікті тіршілік проблемаларын шешіп береді. Бірдей қиыншылық, кедергілердің шешімін әр адам өз әдіс, тәсілдерімен табуы мүмкін. Осыдан, жеке адамды танып, білу үшін сол адамның алдында тұрған өмірлік міндеттерін, оларды іске асыру жолдары мен өмір барысында ұстанған принциптерін жете білу қажет. Қоғамдық қатынастарға араласып және оларды басшылыққа ала отырып, адам сол қатынастардың ықпалында қалып қоймайды. Әрқандай дара тұлға өз дербестігімен ерекшелігіне ие. Жеке адамның дербестігі оның ең жоғарға психикалық сапасы – рухани дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз инабат парызды түсіне білуі, болмыстағы өз орнына сай қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетілгендігі – бұл жоғары дәрежедегі саналық жетілу, ізгі мұраттарды басшылыққа алу, сонымен бірге, жаман ниеттер мен мезеттік шен – шекпеннен, жалған белсенділік пен өтірік - өсектен өзін аулақ ұстай алуы. Ал адамның мұндай қасиет, сапаларды бойына дарытуы көбіне қоғамдық салтқа тәуелді. Қоғамның даму дәрежесі неғұрлым төмен болса, ел ішінде баршаны бірдей теңестіру принципі өріс алады да ондай қоғам мүшелерінің көбі құлдық бағыну күйінен арыла алмайды. Дербестігінен айырылып, өз бетінше ой жүгіртпеген адам, өзін тұлғалық дамыту ниетінен ажырап қалады. Жеке адам сапалары сол адамның араласқан қатынастар өрісіне, әртүрлі әлеуметтік өмір аймағында қызмет ете алу қабілетіне байланысты келеді. Шығармашыл тұлға тікелей қоршаған әлеуметтік шеңберінде қалып қоймай өзін ауқымды қоғам аймағы негізінде қалыптастыруға ұмтылыс жасайды. Мұндай адам бойында өзі жасаған қауымның, тіпті бүкіл қоғамның болашақ өркениеті көрініп, ол өз дәуірінің сапалық деңгейінен көш ілгері жүреді. Жеке адамның өз дербестігіне ие болуы оның тұйық әлеуметтіктопқа бағынышты еместігін көрсетумен бірге сол адмның жоғарға деңгейде кемелденгенінің дәлелі. Басқа әлеумет мүшелерімен жеке адам өз «мені» негізінде қатынас түзеді. Ғылымда «жеке адамдық рефлекция» деп аталған бұл «мен» ұғымы өз ішінде әр адамның өз жөніндегі танымын сезе білу сияқты сапаларын қамтиды. Жеке адамның өзіне өзі берген бағасының астам не төмен болуынан сол адамның ішкі жан арпалыстары келіп шығады. Қалай десек те тұлға туралы әркім әр түрлі түсінік берген. Қ.Жарықбаевтың айтуынша, жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің «менін» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды – көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам – мұраты, бағыт – бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бірсыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс – әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман – жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар, жауыз, керітартпа, бұзық, қаскөй т.б. толып жатқан өкілдері бар болады. Адам - әлеуметтік тұлға. Ол өмірге келгеннен бастап әр түрлі әлеуметтік әрекеттестіктерге кіргізіледі. Адам тілі шықпастан бұрын ол әлеуметтік қатынасқа ие болады. Әлеуметтік үрдіс адамдардың қатынасы және бірлескен қызметтерімен тығыз байланысты, психологиялық көзқараспен қарағанда әлеуметтану механикалық бейнелеу сықылды қаралмайды. Әр түрлі тұлғалар бірдей жағдайлардан әртүрлі әлеуметтік тәжірибе шығара алады. Арнайы әлеуметтік институттарға ең маңызды функцияларының бірі болып әлеуметтік тұлға, оған қатысты мектеп, кәсіби оқу орындары, техникумдар, балалар және жастарға арналған ұйымдар жатады. Тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтау жолында негізінен Е.С. Кузьминнің, А. А. Свинецскийдің, К. Роджерстің, А. Маслоудың тағы басқа ғалымдардың тұжырымдаулары бойынша тұлғаның өзін-өзі бағалауы, өзіндік «Менін» бағалауы, өзіндік актуализациялануға талпынысы, қоршаған ортаны субъективті қабылдауы, психологиялық қасиеттерін қарастырудықң маңызы зор. Тұлғаның қоршаған ортамен қарым – қатынасы, жеткен жетістіктері мен ерекшеліктері көптеген жағдайларға тәуелді, оларды тұлғаның есею ұғымымен түсіндіріледі. Шетел психологиясында тұлғаның есеюін «өзіндік аяқталу» терминімен белгілейді және оның мағынасын тұлғаның өз мүмкіндіктерін аңғаруына және дамытуына бағыттылы деп сипаттайды. Өзіндік актуализацияланатын тұлға ең алдымен дербестігімен, өз мәнді іске асыра алуымен, өзіндік тұжырымдауларымен, ақиқатқа талпынысымен сипатталады. Тұлға мен әлеуметтік орта қатынасын түсінуде бұған тұлғаның жеке бас ерекшеліктерінің зор екендігі атап өту керек. Қоғам дамуды оңды болуы үшін адам бойында оңды қасиеттердің дамуы зор мәнге ие. Жалпы индивидтің қоғамдық қатынастарда активті субеъект ретінде функциялануына мүмкіндік беретін әлеуметтік топқа немесе қоғамға тән, мәдениет ұғымына енетін белгілі бір білімдер жүйесін, игеруі әлеуметтену үрдісі ретінде қарастырылады. Индивидтің қоғамдық қатынастар жүйесіне еніп, бұл үрдіс негізінде қалыптасатын интегралды әлеуметтік қасиетін, яғни тұлғаның дамуын әлеметтенуден тыс қарастыру мүмкін емес. Тұлғаның әлеуметтенуін индивидпен қоғамдық тәжірибені жаңғырту және меңгеру үрдісі ретінде анықтауға болады, соның қорытындысы ретінде индивид тұлғаға айналып, өмір үшін қажетті психологиялық қасиеттерді, білімдерді, дағдыларды игереді. Тұлғаның «Мен концепциясы» адамның өмір үрдісіндегі өз психологиялық қоршағанының өзара әрекеттестігі негізінде пайда болған. Американ психологы У.Джемс «Психология принциптері» кітабында алғашқы болып «Мен Концепциясы» идеясын ұсынып, оның дамуына үлес қосқан. У.Джемс бойынша «Ауқымды Мен» құрамында екі аспект бар: эмпирикалық объект және танымдық субъективті бағалаушы сана. «Мен» объект ретінде 4 аспектіден тұрады: - рухани «Мен» - материалды «Мен» - әлеуметтік «Мен» - денелік «Мен». Жалпы феноменологиялық тұрғы шеңберінде құрастырылған «Мен концепциясы» келесі жағдайларға негізделеді: 1. Мінез-құлық индивидтің қабылдау еңбегі болып табылады, ол өз алдында феноменологиялы: индивидтің психологиялық шынайы өмірі - бұл жалпы объективті өмір емес, оның мінез-құлық жағдайындағы субъективті қабылдауының нәтижесі. 2. Индивидтің орталық, интеграциялайтын феноменалды жазықтығының нүктесі - «Мен – Концепция 3. «Мен Концепциясы» бір мезгілде қабылдау жемісі болып, және де, әлеуметтік мәдени ортадан алынған құндылықтары бар ұғымдар жиынтығы болып табылады. 4. «Мен - Концепциясы» құрылуымен мінез-құлық оған толығымен бағына бастайды. 5. «Мен - Концепциясы» уақытпен және жағдайлық контекспен санасады, бұл оның прогностикалық құндылығы болып табылады. 6. Басқа адамдардың оңды қатынасын қажетсіну «Мен Концепциясының» құрылуымен параллельді жүреді. Өзіне деген оңды көзқарасты қажетсіну басқа адамдардың өзін оңды бағалай тәжірибесін игеру арқылы қалыптасады. 7. Нақты өтіп жатқан өмір тәжірибесі мен «Мен - Концепциясы» арасындағы қайшылықтарға қарсы түрлі қорғаныс стратегиялары қолданылады. 8. Адамның негізгі маңызды мотивациялық түрткісі - өзіндік актуализациялануға деген қажеттілік, өзінің «Мен - Концепцияларының» құндылықтарын жоғарылату және жоғалтпау. Көптеген зерттеулерде адекватты өзін-өзі бағалаудың тұлғаның өзін қоғам үшін құндылығын және оның алдында өз міндеттерін саналы қабылдауын, толыққанды әлеуметтік активті дамуын белгілеуде мәнді орынға ие. Өзін-өзі бағалаудың құрылуын екі факторға анықтайды: 1. Сыртқы фактор - әлеуметтік орта, қоршаған аймақ, іс-әрекеттегі сәттіліктср мен сәтсіздіктер; 2. Ішкі - адамның индивидуалды - психологиялык ерекшеліктері. Осы ішкі және сыртқы факторлардың адам дамуы үшін қолайсыз қатынас негізінен адекватты емес өзін-өзі бағалау қалыптасып, адамның қарым-қатынас жасау барысына, іс-әрекеттегі сәттілігін, қоғамдағы орнын анықтауда өз септігін тигізді. «Мен» құрылымы өмір барысында қоршағандармен өзара әрекеттесу арқылы дамиды. Былайша айтқанда, бала әлеуметтік сезімтал және оның когнитивті және перцивтивті қабілеттері даму мөлшеріне байланысты «Мен - концепциясының мазмұны» көп дәрежеде әлеуметтену үрдісінің жемісі болып табылады. «Мен — Концепциясына» сүйенетін К. Роджерс оны былай деп мінезделейді: «Мен - Концепциясы» ұйымдасқан, бір ізді концептуалды гештальт, ол «Мен» қасиеттерін қабылдаудан, «Менің» өзара қатынасын қабылдаудан тұрады, сонымен қоса, осы қабылдауларға байланысты кұндылықтар, өмірдің әр түрлі жақтарын қабылдау». К.Роджерс, З.Фрейд, А.Адлер, Э,Эриксон т.б. ғалымдар сияқты «Мен - Концепциясының» құрылу үрдісіне байланысты белгілі бір арнайы кезеңдер кестесін көрсетпеген. К.Рождерс бойынша адам өміріндегі басқарушы мотив - актуализация тенденциясы, яғни өзін сақтап дамыту, өзінің жақсы жақтарын ашу, осы фундаменталды тенденция негізгі мотивациялық тенденция болып табылады. Мәнді сыртқы шектеулер немесе антагонистік әсерлер жоқ болса, онда актуализация тенденциясы әр түрлі мінез-құлық формалары арқылы көрінісін береді. Сонда тұлғаның дамуы, оның мінез-құлқы қоршаған орта әсері арқылы белгіленеді. Тұлға үшін актуализация тенденциясының негізгі қажетті аспектісі болып, адамның өзіндік актуализациялануға ұмтылысы болып табылады. К.Роджерс теориясының контекстінде өзіндік актуализация тенденциясы - адамның толыққанды функцияланатын тұлға болу мақсатындағы өмір бойы өз потенционалын іске қосу үрдісі. Осыған жету мақсатында адам өмірі мәнге, ізденіске, толқуға толы болады. Қарым-қатынас мәдениетінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі Қарым-қатынас және жеке адам ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты. Суретте көрсетілгендей әр түрлі зона туралы айтуымызға болады: А – дербес емес функионалді - рольдік қарым-қатынас; В – психикалық қасиеттер, жеке адамның үрдісі мен күйі. Қарым-қатынас және жеке адам А зонасында қарым-қатынас ұғымы көлемінің ерекшелігі көрініп тұр. Ол жеке адам феномені мазмұнына кірмейді. Қарым-қатынастың мынандай формаларымен байланысты: мысалы жекелік емес сипатта. Бұл жағдай қарым-қатынасқа түсушілер бір-бірін тек ғана берілген функцияны орындаушы ретінде ғана қабылдайды. Мысалы автобустың жүргіншілеріне жүргізушінің жеке бас қасиеттері, профессионалдығына қарағанда көп мәнді емес. Б зонасында қарым-қатынас мазмұны мен жеке адамның өмірлік іс-әрекеті бір-біріне дәл келіп тұр. Бұл жерде карым-катынас бір жағынан топтық емес сипатта және сонымен катар, өзара әрекет, жеке адам аралық формада көрінеді. Ал екінші жагынан алып қарасак, жеке адамның коммуникативті белсенділігі әр түрлі формада көрінеді – коммуникативті мінез-құлық, коммуникативті іс-әрекет, қарым-қатынас жағдайындағы психикалық күй. Біріккен әрекетте адам өзге адамдармен қажет болғандықтан ғана бірігуі керек, олармен араласуы керек, яғни ара қатынасқа түсіп, түсінушілікке жетуі және ақпарат алмасуы керек. Бұндай жағдайда қарым-қатынас іс-әрекеттің бір қыры ретінде көрінеді. Бірақ мұнымен шектелмей адам өзін өзге адамдар орнына қояды, ерекшелігін, жеке даралығын көрсетеді. Бір жағы іс-әрекет пәні, екінші жағынан адамның өзін-өзі әлеуметтік ортада көрсету құралы. Сонымен іс-әрекет те мәдени қарым-қатынастың бір қыры, ал сезіну іс-әрекеттің бір жағы, бұлардың барлығы бірлесе барлық жағдайда үзілмес бірлік құрайды. Мәдени қарым-қатынас үрдісіне енбейтін психикалық құбылыс жоқ. Осы іс-әрекеттен ажырамас қарым-қатынастан индивид адамзат қалыптастырған тәжірибені игереді. Қарым-қатынас функцияларын 3 класқа бөлеміз: 1) Ақпаратты коммуникативтік; 2) Бағдарлаушы коммуникативтік; 3) Аффекті коммуникативтік. Осы негізде психологияда қарым-қатынастың үш жағын қарастырамыз: 1) Ақпарат алмасу; 2) Өзара түсінушілік; 3) Өзара әрекеттестік. Осыларға жеке-жеке тоқтала кетейік. Ақпарат алмасу – коммуникация. Ал коммуникация туралы сөз қозғағанда, бірлескен адамдардың көзқарасы, идеясы, қызығушылығы, көңіл-күймен алмасу жайында айта кету керек. Қарым-қатынас тек ғана ақпарат жіберу немесе оны қабылдау емес, сонымен қатар онда екі адам немесе екі индивид қатысады. Олардың әрқайсысы белсенді субъект. Яғни жоғарыда атап өткеніміздей қарым-қатынассыз кез-келген психикалық процесс тоқырауға ұшырайды. Сендіру әдісінің тиімділігі оқушының санасында әрі сезіміне, көңіл-күйіне ықпал етеді бірімен-бірі ұштастырылған жағдайда жоғарылай түседі. Сезімнің, эмоцияның көтеріңкі болуы ескерілмеген жерде мораль ережелеріне терең сенім тумайды. Сонымен жеке адамның мәдени қарым-қатынасын қалыптастыратын әдістердің маңызы: - қоғамдық, моральдық, еңбек, эстетикалық т.б. күрделі ұғымдарды, түсініктерді, анықтамаларды, ереже нормаларымен нақтылай түседі; - әрбір іс, қимыл, әрекеттердің, тәжірибелердің оң дәрежеде, жағымды, көтеріңкі эмоциялық күйде болуына жағдай туғызады; - нақтылы міндеттердің анық мақсатымен маңызы қоғамдық адамгершілік негізі арқылы айқындайды. Бұл топтағы әдістерді қолдануда мынадай педагогикалық – психологиялық талаптар ескеріледі: - сөз - өте күшті сенім қаруы екенін түсіну; - оқушыға шын мәнінде белгілі ережені түсіндіруге жаңа мәліметтер беру немесе санасына әлде қандай ерекше ықпал жасау қажет болған уақытта сендіру әдісін қолдану; - жеке бастың психологиялық табиғатын жақсы білу,қарым-қатынастың атқаратын ролін айқындау; - оқушының өмірлік тәжірибесіндегі алғашқы жинақталған ұғымдар, түсініктер қорына, мінез-құлық қасиеттеріне арқа сүйенеді, оның оң не теріс екенін айқындау, орын алған ситуацияларды баяндау, оған қорытынды жасау; - мұғалімнің, тәрбиешінің немесе ата-ананың әңгімісіне, пікірлесуіне, түсініктемесіне баланың үнемі белсенділікпен, қызығушылықпен қатысуын ұйымдастыру; - әр баланың көңіл-күйін, ынтасын арттыратындай өз ісінің, мінезінің кемшілігіне қосылатындай, өзін-өзі тәрбиелеуге жігерлендіретіндей жағдай жасау; - сендіру әдісінің барлық салаларының бірлікте, жүйелі түрде үздіксіз қолданғанда және балалардың сана-сезімі, тәжірибесі, білімі, көзқарасы мен сенімі жас ерекшеліктеріне қарай біртіндеп жоғарылаған сайын әр әдістің мазмұнын күрделендіріп, түрлендіріп, дамытып отырғанда ғана тәрбиесі нәтижелі болады; - үнемі бір әдісті қолдану оқушыларға әсер етпейді. Тәжірибелі педагог-психологтар тәрбие әдістерінің тұтас жүйесін пайдалануға ұмтылады, жеке бір әдісті қолданумен шектелмейді. Ең көп тараған әдістердің бірі – түсіндіру. Оқушыға қарым-қатынас мәдениеті, адамгершілік, эстетикалық, саяси, еңбек тәрбиесі ұғымдары туралы түсінік беріледі. Өткізу әдістемесі тұрғысынан алғанда түсіндіру формаларының күрделі ісі - этикалық әңгімелер. Этикалық әңгімелер – қарым-қатынас мәдениеті, мораль мәселелері туралы кең түрде еркін пікірлесуді көздейтін, оқушылардың санасына, сезіміне сөз арқылы ықпал жасайтын, тәрбиеде кеңінен қолданылатын сендіру әдісінің ең тиімді түрінің бірі. Этикалық әңгіме әдісінің негізгі мақсаты оқушыларды қоғамдық өмірде болып жатқан оқиғаларға, іс-әрекеттерге, әр түрлі жағдайларға баға беруге, соның негізінде өзін қоршаған әлеуметтік ортаға адамгершілік көзқарасына мәдени қарым-қатынасын қалыптастыру. Оқушылардың азаматтық, мәдени, саяси және адамгершілік міндеттерге жауапкершілігін тәрбиелеу. Әңгіменің негізінде қоғамдық өмірдің әлеуметтік адмгершілік немесе эстетикалық, еңбек т.б салаларын әрқырынан ашып көрсететін деректер алынуы керек. Әңгімелесудің тақырыбы, мазмұны мәдени-танымдық, саяси, эстетикалық, адамгершілік, этикалық мәселелеріне арналады. Бұл әдістің негізгі мәні - теориялық қарым-қатынас мәдениеті қағидаларын баланың санасына жеткізу, сол арқылы меңгере бастаған мінез-құлық, іс-әрекетттерінің барысын талдау, жинақтау, баға беру Әңгімелесу әдісіне қойылатын негізгі педагогикалық-психологиялық талаптар: - таңдалған, ірктелініп алынатын тақырыптың актуалдылығы, оның оқу-тәрбие процесінің міндетіне, оқушылардың мүддесіне сай болуы, таңдаған тақырыптың нақтылы сыныптан тыс, оқушылар тобына қажеттілігін дәлелдеу; - оқушылардың өмір тәжірибесіне, біліміне сүйену; - оқушылардың жас мөлшеріне қарай әңгімелесу барысын дамытып отыру; - әңгіменің мазмұнын өте мұқият іріктеу - оқушылардың сезіміне әсер ететін тың жаңа деректерді, түсінікті, анық әрі қонымды материалды алу; - әңгіме тақырыптары мен мазмұны оларының жас ерекшеліктеріне сай болуы керек. Мәселен, жасөспірімдерге арналған әңгімелер, олардың өздерінің көзқарастары мен мінез-құлықтарына сай көзбен қарап, салыстыра алатындай, оның себептерін ашатындай, өзіндік ой туғызатындай мазмұнда құрылуы тиіс; - қарастырылатын тақырыптың қызықты болуын, оны оқушылардың ойлауын, өздігінен толғану қабілетін туғызатындай проблемалық сипатта қоя білу, олардың белсенділігін дамыту; - әңгімелесу барысында оқушылардың көңіл-күйлері көтеріңкі болуына жағдай туғызу, оқушыларға сеніммен қарай білу, олардың жауаптарына зейін қоя білу, дұрыс ойлы жауаптарына айрықша көңіл бөліп мадақтап, қолдап отыру, кемшіліктерін өте ептілікпен түзетіп, дұрыстығын айту, реті келген кезде орынды әзіл, күлкі, сықақ сөздерді де пайдалана білу т.б; - әңгіме және әңгімелесудің тақырыбына байланысты көрнекі құрал және техникалық құралдарды (эпидоскоп, кинопроектор т.б) әдеби көркем шығармалармен бейнелеу өнері, музыкалық құралдарды пайдалану; - әңгіменің қандай жерде қай жағдайда өткізілуінің де мәні бар. Мәселен, жоғары мәдени-адамгершілік қасиеттер туралы әңгімені жауынгерлердің, қоғам және қайреткелерінің өмірімен қызметі туралы айтылғанда, ескерткіштер мен тарихи орындарда өткізілгенде ғана оқушылардың сезіміне ықпал зор болатыны белгілі; - әңгімеге, әсіресе, әңгімелесу әдістеріне педагог-психологтың жан-жақты әзірленуі қажет. Пікірталас дегеніміз - пікір таластырамын, талқылаймын деген мағынаны білдіреді. Оның этикалық әңгімелерге біршама ұқсастау болғанымен өзіндік міндеті бар. Бұл - өте күрделі, сонымен бірге оқушылар санасына тиімді ықпал ететін әдіс. Пікірталас оқушылардың сенімдерін ой елегінен өткізуге, дербес пайымдауға үйретеді, оқушылардың ойын, сөйлеу логикасына негізей білуге тәрбиелейді. Көкейкесті мәселелерді талқылау арқылы оқушылар өз көзқарастарының дұрыстығын не бұрыстығын түсінеді. Пікірталас әдісі көбіне жоғарғы сыныптарда кеңінен қолданылады.Пікірталас арқылы жастардың саяси және адамгершілік, ізгілік этикалық, праволоық, әлеуметтік, экономикалық, экологоиялық, әдебиет, көркемөнер, жалпы қоғамдық проблемалар туралы түсініктер мен көзқарастарды қалыптастыруға болады. Пікірталас әдісіне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар: - пікірталасқа қойылатын мәселелер проблемалық сипатта болуы керек; - жастардың айнала өмір құбылыстарына өздерінің пікірлерін, ойларын білдіруге, оларды теріс пікірлер мен көзқарастарға баға бере білуге талықыланып отырған мәселенің дұрыс шешеімін дәлелді түрде негіздеуге үйрету. Пікірталас өткізу қоғамдық міндет, парыз, жауапкершілікті сезіну, нақтылы іс-әрекеттерді байқай білуге қолайлы жағдай болып табылады. Жастардың ынтасын, белсенділігін арттырады, олардың өз біліміне, өмір тәжірибесіне, мінез-құлық ерекшелігіне сынмен қарауға тәрбиелейді. Сондықтан пікір таласқа оқушылардың неғұрлым көбірек қатысуын көздеу тәрбиенің пәрменді болуына мүмкіндік береді. Пікірталас шамамен мынандай тақырыптарда өткізіледі: «Мәдени қарым-қатынас дегеніміз не?», «Армандау керек пе?», «Замандасың туралы не ойлайсың?», «Өз мінезіңді өзгертуге болады ма?». Жеке адамның қоғамдық мәдени санасын қалыптастыру әдістерін қолдануға формализм болмауын есепке алу - қазіргі кезеңнің маңызды проблемаларының бірі. Оқу-тәрбие әдісінің екінші тобына қоғамдық мәдени мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру қалыптастырылады. Бұл топқа педагогикалық-психологиялық талап, үйрету, жаттығу, тапсырма, педагогикалық-психологиялық жағдаяттарды туғызу және қоғамдық пікір жатады. Психологияда жеке адамда мәдени қарым-қатынастың қалыптасуы нақтылы іс-әрекет болған жағдайда ғана жүзеге асырылатыны дәлелденген. Іс-әрекет адамдардың өзін қоршаған ортаға белсене қатысуының негізгі формасы. Бұл топтағы әдістің психологиялық тұрғыдан ерекшелігі - адамның іс-әрекеті жеке басының, ішкі жан дүниенің өздігінен жетілуінің шешуші белгісі екендігі. Адамның дамуы мен мінез-құлқын қалыптастыруға мәдени қарым-қатынастың түрлері елеулі ықпал етеді. Себебі іс-әрекеттен тыс нағыз қарым-қатынастың болуы мүмкін емес. Балалардың жағымды мінез-құлықтары мен қарым-қатынастары ең алдымын олардың әр түрлі іс-әрекеттері педагогикалық-психологиялық талап тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ғана қалыптасады. Бұл топтағы әдістер арқылы жасөспірімдердің еңбекке жауапкершілігі, қоғамдық мінез-құлқы, тәжірибесі, қарым-қатынас жасау дағдысы мен белсенді өмірлік позициясы қалыптасады. Мәдени қарым-қатынас әдістерінің үшінші тобына жасөспірімдердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін ретке келтіру, дер кезінде түзету және ынталандыру қызметін атқаратын әдістер біріктірілген. Бұл әдістерді қолдануда педагогикалық-психологиялық тұрғыдан ескеретін жағдайдың бірі - бала қарым-қатынастың тек қана объектісі емес, сонымен бірге ол қарым-қатынастың субъекті екендігі. Баланың табиғатында «мен өзім» деген белсенділігі бар, сондықтан ол жасөспірімдердің әрекетіне және өздерінің мінез-құлықтарымен іс-әрекеттеріне берген бағасына олар селсоқ қарай алмайды. Сондықтан адамды қарым-қатынас жасау мәдениетіне тәрбиелеу кезінде баланың үнемі өзін-өзі тәрбилеуі қатар жүріп отыруы қажет екендігі ескеріледі.
Жалпы «адам жолында екі түрлі, бір-біріне қарама-қарсы ағыстар бар. Бір ағыс - қаталдыққа жетелесе, екіншісі- мейрімге талпынады», – деген Леккидің сөзінде үлкен мәні бар. Рух – адам боыйндағы күш –қуат. Ол қуат барлық жақсы қасиеттермен бірге жасайтын игі істердің қайнар көзі. Рухани бай адамның бойында ғана гуманистік қасиеттер кездеседі. Мәдени қарым-қатынас тәрбиесі - адамға заң, әлеуметтік, адамгершілік және саяси жағынан өзін кәдеге жарамды сезінуге мүмкіндік беретін жеке тұлғаның интегративті қасиеті ретіндегі азаматтық құлқын қалыптастыру. Мәдени қарым-қатынас тәрбиесі - адамның таным қабілетін дамытып, ер жетіп, есеюіне, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім-тірбиенің негізгі жолы. Сондай-ақ, іс-әрекетін бағыттап, сана–сезімінің дамуына ғылым негіздерін меңгеруіне бағыт, бағдар беріледі. Мәдени қарым-қатынас тәрбиесінің қуатты құралы –тіл. Ой тілсіз дамымайды. Тіл мен ойдың бірлігі – ақыл–сананың дамуына мүмкіндік туғызады.
2. Экологиялық мәселелрді шешуге әрбір адамның қосар үлесі