Етістік, түрлері, етістіктің түрленуі, сөйлемдегі қызметі
Етістік – заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді. Сұрақтары: қайтті? Не істеді? Не қылды? Ертең ат шабады(қайтеді?), балуан күреседі (не істейді?).
Етістік құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара етістік; 2) күрделі етістік.
Дара етістік бір ғана сөзден тұрады. Мысалы: Жапырақтардың сыбдыры естіледі. Сөйлемдегі естіледі етістігі бір ғана сөзден тұрған дараетістік.
Күрделі етістік екінеодан да көп сөзден құралады, бір мағынаға ие болады, бір сұраққа жауап береді, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады. Мысалы: Бала күліп жіберді.Бала күліп жібере жаздады. Бала күліп жіберуге шақ қалды.Сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырап кірігуінен жасалған күрделі етістіктер: апар – алып бар, әкел – алып кел, әкет – алып кет, әпер – алып бер, түрегел – тұрып кел. Сөздердіңқосарлануынан жасалған күрделі етістіктер: бара-бара шаршады, айта-айта жалықты, күліп-күліп шығып кетті.
Күрделі етістік құрамындағы бірінші сөз негізгі етістікболады да, негізгі мағынаны білдіреді. Кейінгі сөздеркөмекші етістік болады.
Етістік тұлғасына қарай екіге бөлінеді: 1)негізгі түбір етістік;2)туынды түбір етістік.
Негізгі түбір етістік етістіктің өзінен жасалады: отыр, тұр, жүр, жатыр, оқы, кел, барды, жүгірді, жасаған, көрген.
Туынды етістік басқа сөз таптарына сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады.
Туынды етістіктің жасалу жолдары.
ЕСІМ СӨЗДЕР | ТУЫНДЫ ЕТІСТІК |
Балта Би Бас Үтік Дамыл Сән Рух Әдет Көмек Сыр Пікір Жиын Орын Жаман Көк Екеу | Балтала Биле Баста Үтікте Дамылда Сәнде Рухтан Әдеттен Көмектес Сырлас Пікірлес Жина Орна Жаманда Көгер Екеуле |
БАСҚА СӨЗ ТАПТАРЫ | ТУЫНДЫ ЕТІСТІК |
Бұрқ Күрк Жымың Күлім Тасыр Ілгері Жоғары Ақырын Аз Көп Ауһау Құрау Уһ | Бұрқыра Күркіре Жымыңда Күлімде Тасырлат Ілгеріле Жоғарыла Ақырындат Азсын Көпсін Ауһаула Құраула Уһле |
Етістік іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай екіге бөлінеді:
1) болымды етістік; 2) болымсыз етістік.
Болымды етістік іс-әрекеттің орындалғанын, жүзеге асқанын білдіреді: оқы, жазды, айтқызды, орындады, сана, жүгір.
Болымсыз етістік іс-әрекеттің орындалмағанын, іске аспауын көрсетеді.
Болымсыз етістік екі түрлі жолмен жасалады:1) Синтетикалық тәсіл: негізгі және туынды түбір етістікке: -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы: жақындама, жүгірме, сұранба, күрсінбе, алыстатпа, тездетпе, т. б.
Түрі | Ереже | Жасалуы | мысалдар |
Өздік етіс(орындаушы өзі) | Қимылдыорындаушының өзіістейді. | -ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы | Жуынды, киінді, боянды, таранды. |
Өзгелік етіс(орындаушы өзге біреу). | Қимылды өзге біреугеорындатқызады. | -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір; -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз; -т жұрнақтары арқылы | Жаздыр, бердір, айттыр, келтір, асыр, кетір, жасат, сөйлет. |
Ырықсыз етіс(орындаушы белгісіз) | Орындаушы айтылмайды, іс-әрекет өздігінен жасалғандай. | -ыл, -іл, -л; -ын, -ін, -н; жұрнақтары арқылы | Айтылды, көтерілді, тасылды, салынды, әкелінді, тазаланды. |
Ортақ етіс(орындаушы көп) | Қимылды орындаушыбіреу емес, бірнешеуболады. | -ыс, -іс. –с жұрнақтары арқылы | Орысты, тазаласты, көтерісті. |
Аналитикалық тәсіл: -ған, -ген, -қан, -кен, формалы есімшеге жоқ, емес сөзінің тіркесуі арқылы: айтқан жоқ, келген жоқ, барған емес, көрген емес, т. б.
Етістік мағынасына қарай екіге бөлінеді: 1) сабақты етістік; 2) салт етістік. Сабақты етістік – мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп, кімді? нені? (не?) деген сұрақтарға жауап беретінтабыс тұлғалы сөзбен байланысады. Мысалы: Отты (нені?) үрлеген жағады, шындықты (нені?) іздеген табады. Ата-анаңды (кімді?) құрметте, үлкенді (кімді?) сыйла. Шығарма(ны) - не(ні?) жаз. Ән(ді – -не(ні?)тыңда. Білім(ді) -не(ні?) үйрен.
Салт етістіктура объектіні, табыс септіктегі сөздіқажет етпейді. Салт етістік табыс септіктен басқа атау, ілік,барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе береді. Мысалы: Ата-анаңа (кімге?) құрмет көрсет. Қиындықтан (неден?) қорықпа. Жолдастарыңмен (кімдермен?) тату бол. Тілек (кім?) биледі, т. б.
Етістер –іс-әрекеттің, қимылдың орындаушыға,яғниіс иесінің істелетін іске қатысынбілдіретін етістіктің түрі.Етістіңтөрт түрі бар: 1) өздік етіс, 2) өзгелік етіс, 3) ырықсыз етіс, 4) ортақ етіс.
Етістер етістікке түрлі қосымшалар жалғану арқылы жасалады. Мысалы:
Өзгелікетістің-ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір,
-р, -тжәнеортақетістің-ыс, -іс, -сжұрнақтары салт етістікті сабақты етістікке айналдырады. Мысалы:
Ырықсызетістің -ыл, -іл, -л; (-ын, -ін, -н) және өздікетістің-ын, -ін, -нжұрнақтары сабақтыетістікті салтетістікке айналдырады. Мысалы: