Азақстан Республикасында арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы

Жоспары:

1. Кемтар бар балаларға арнайы білім берудің алғышарттары.

2. Қазақстанда арнайы оқыту жүйесінің құрылуы (1920-1945).

3. 1946-1990 жж. Отандық арнайы білім беру жүйесінің дамуы.

4. Отандық дефектологтардың арнайы білім беруді дамытуға қосқан үлестері.

І. ҚР-да мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім берудің өзіндік тарихы бар. Бұл білім қиын-қыстау кезеңінің мән-жағдайын түсіну және осы заманғы арнайы көмектің жағдайын білу үшін керек. Басқа ғылымдардың тарихы сияқты арнайы білім беру жүйесінің өз тарихы бар.

Тарихи деректер біздің елімізде арнайы білім беру жүйесі қалыптасып, дамуын нақты көрсеткіштермен сипаттайды.

Қазіргі арнайы білім берудің дамуы ерекше белгілер мен тенденциясының анықталуын, әр түрлі уақыт кезеңдерінің қарама-қайшы жақтарын анықтау және дамуында ауытқуы бар балаларға дәстүрлі емес формада көмек көрсету, қоғамдық тәрбиелеуге сәйкес шарттар құруды қамтиды. ҚР-да арнайы білім берудің теориясы мен практикасының дамуы анықталған тарихи кезеңде көрініс тапты.

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу туралы педагогикалық көзқарастар мен ой-пікірлерінің тарихи қалыптасу процесі қазіргі уақытқа дейін арнайы зерттелетін мәселе болып тұр.

Арнайы педагогиканың қазіргі күнде жетекші парадигмаларының бірі гуманизация. Ал ХІХ ғасырда еңбек еткен Ы.Алтынсариннің шығармаларында педогогикалық гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүрек болу мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықтың принципінің көрініс тапқанын байқауға болады. Ы.Алтынсарин өзінің атақты «Хрестоматиясында» жасөспірімдердің жан-дүниесі, ақыл-ойын қалыптастыруға ұдайы көңіл бөлу мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті деп санаған. Ыбырай –оқу тәрбие процесіне мұғалім рөлінде айрықша көңіл бөлген мұғалімнің алдында мынадай міндеттер қойды: нағыз мұғалім болу үшін шәкірттердің өзіндік ерекшеліктерін мықты санау қажет, аса сезімтал бала жанын жазбай танитын адам болуы қажет. Осындай озық ойлар дене және психика дамуында түрлі кемістіктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу, түзету-теңгеру жұмыстарының негізгі қағидаларының бірі-әр баланың жас ерекшеліктерін есепке алу қажет екені әр дефектологияда таныс.

А.Құнанбаев (1945-1904) тұлғалардың жан-жақты толық дамуына әсер ететін ағза мүшелерінің орны туралы көп жазған: «Құлық болмасы, не қаңғар, дауыс жақсы, үн, к үн, ән- еш бірінен ләззат ала алмасаң едік! Мұрын иіс білмесе, дүниедегі болған жаңа иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық болмақ қолымыздан келмес еді. Таңдай, тіл дәм білмесе, дүниеде не тәтті не дәмдінің қайсысынан ләззат алар едік» деген. Абай адамның сезім мүшелерінің дұрыс даму қажеттілігін анықтаған озат пікірлерін Шәкәрім, М.Жұмабаев,М.Дулатов, Ж.Аймауытов еңбектерінде кездестіреміз. Адам баласындағы кез-келген кемістік ол соқыр не саңырау не туғанынан ақылы кемтар болса да өмірге деген көзқарасты өзгертіп қана қоймай , қасындағы адамдармен де қарым-қатынасын қиындатады.

Абайдың «Қара сөздерін» қарастырсақ бұл, 7,19,23,34 сөздерінде жарық көрген. өзінің 37-ші сөзінде : «Мен егер заң қуатты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзетуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім». Дамудың жақсы жаман болуы, ақылды ақылсыз болуы, тұқым қуалаушылық негізіне байланысты ақсүйек тұқымынан шыққандар арқылы, алғыр болады дейтін буржуазиялық нәсілдік, идеалистік көзқарасқа қарама-қарсы Абай адам мінезінің қалыптасуын тәрбиеге байланысты екенін дәлелдеген.

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1899-1920) өзінің педагогикалық шығармаларында қазақ тарихында бірінші болып жан мен тәннің, яғни психика мен мидың қатынасы туралы мәселе көтеріп, бұл екеуінің өзара байланысын ғылыми тұрғыдан дұрыс түсіндірген. Адам сыртқы дүниемен байланыстыра отырып біртіндеп тани береді, сөйтіп өзінің ақыл-ойын дамытады деген ақын С.Торайғыров өз шығармаларында сензитивті кезеңдер туралы жастық шақтың ерекшеліктеріне сипаттама берген. Ақын жастық шақта адамның ақыл-ойы, интелектісі өте алғыр, дүниені танып білуге құмарлығы күшті, сондықтан да осы кезде оқуға , білім алуға ерекше ұштасу қажет екені туралы айтқан.

Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931) ХХ ғасырдың басындағы қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, туған халқына ізгілік пен имандықты, ғылыми ағартушылықты тарату жолында ұлы Абайдың ұлттық пәлсапалық-психикалық дәстүрін жалғастырып халқына мол әдеби мұра қалдырған. «Анық пен танық», «Қазақ айнасы» шығармаларында Шәкәрім адамға сыртқы дүниенің қоршаған табиғаттың жұмбақ сырын ұқ, танып біл, оның өлшеусіз байлығын мұратына, қасиетіне жарат, бұл үшін Алла тағала адамға ми берді, білу, тану, ұғыну – бәрі ақыл ісі, олар мидан шығады деп тұжырым жасаған.

Спандияр Көбеев (1887-1965) өз педагогикалық еңбегін Ы.Алтынсариннің ағартушылық жолымен жүргізіп, халық арасында үлкен беделге ие болған. «Ол балаларды оқуға ынталандыру, оларды өнер-білімге қызықтыру, еңбекке баулу, балаларға мектепке ғылым негізін ұғындыру арқылы тәрбиелеуге болады» деген ой-пікірлерін көрсеткен. Ол сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін түзету жұмысының маңызды екені туралы өз еңбектерін де «баланың мінез құлқын түзету өте маңызды, өте жауапты жұмыс. Ашулануы да, асығуы да, әбірленгенді де білмейтін, ойы да шабандау, сезімі де шабындау бола алады. Мұндай балалар айтқанды да тез ұға қоймайды. Ал осындай баланы «түк ұқпайды», «меңіреу» деп кінәлау дұрыс емес» деген.

Мағжан Жұмабаев (1893-1938) өзінің қысқа өмірінде тұңғыш «Педагогика» атты оқулығын жазып, бала тәрбиесінің проблемасымен айналысушы мұғалімдерге үлкен көмек көрсеткен. Сол педгогика оқулығында «Жан көріністері мен дене көріністері арасындағы байлам» және «Өзінің бақылау жолы» деген тарауларында «Сыртқы сезім әсерленулері аса қымбатты көру мен есту, бұлардан кейін сипап сезу» деп жазған.

Ж.Аймауытұлы (1889-1931) жас ұрпақты адамгершілік тәрбиелейтін еңбектер жазған. Олар тәрбие жетекші «Жан жүйесі және өнер таңдау».

Аймауытұлының психологиялық мұрасы туралы айтатын болсақоның 12 тараудан тұратын «Психология» атты еңбегінің маңызы зор. Осы кітабын қарастырсақ «Дененің кейбір мүшелері, олардың қасиеттері» деп аталатын тарауында, ол адамның жан қуаттары жүйке саласы, қызу, тежелу процесі, ми бөліктері, олардың қызметі негізгі сезім мүшелері иіс сезімі, құлақ және дәм, тері т.б. дәйекті түрде мағлұмат берген. Ол «Педагогикалық жетекшілік» атты танымал оқулығында психофизиологиялық мәселелерге байланысты сұрақтарды қарастырды. Оларға : сананың пайда болуы мен дамуын, адам санасының ерекшелігін психикасының анатомиялық-физиологиялық негіздерін, мидың қызметі мен оның функцияларын, сезім мүшелері құрылымының психикалық процестерін, негізгі танымдық процестер анализделетін және олардың физикалық негіздерінің ашылуын жатқызуға болады.

Ең алғаш дамуында кемістігі бар балаларды арнайы мекемелерде оқытудың көрінісі Ш.Уалихановтың інісі Макежанді (1844-1923) Петербор қаласындағы саңырауларға арналған училещесінде білім алуы. Макежан 10 жасында солучилещеге қабылданып, Петербор қаласында суретші болып Омбы қаласында жұмыс жасаған. Замандастары Макенің естімейтіндердің сөйлеу тілін жақсы меңгерген, білімді адам деп айтқан.

Сонымен бұл көзқарастар арнайы педагогиканың теориясы толықтыра тарихи дамуына ерекше орын алатыны күмән келтірілмейді. Жалпы біздің елімізде арнайы білім беру жүйесі Ресейлік кемтар балаларды оқыту тәжірибе негізінде қалыптасқан.

ІІ. Ұлы қазан төңкерістен кейінгі уақыт. Қазақстанда ауытқуы бар балалардың көбеюі. Азамат соғысы, ашаршылық, эпидемия және т.б айғақты себептердің соның ішінде: жеткілікті жағдайда мектептер жүйесі, педагог кадрлардың жетіспеуі салдарынан елімізде кемістігі бар балалар, бұзақылар, қайыршылар көбейіп кетті.

Бұл мәселелерді шешу яғни ауытқулығы бар балаларды есепке алу және арнайы көмек көрсету қиын жағдайд болды, себебі Қазақстанда бұл бағытта жұмыс істеу тәжірибесі болмаған. Төңкеріске дейін Қазақстанда ауытқулығы бар балаларды мемлекет тарапынан қамқорлыққа алу арнайы ұйымдастырылмаған. Алайда ағартушы тұлғалардың ауытқулығы бар балалардың проблемасына көңіл бөлгенін теріске шығаруға болмайды. Ауытқуы бар балаларға жеке ұйымдастырылған көмек түрлері болды. Кемістігі бар балаларды және ересектерді оқыту және тәрбиелеу тәжірибесі есепке алынған жоқ.

Қазақстанда ғылым мен ағартушылықтың дамуына сол кезеңнің белсенді, данышпандары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев т.б мүмкіндік туғызды.

Қазақстанда ауытқушылықты алдын алуға байланысты міндеттерді шешуде 1921 жылы Орынборда ұлттық ағартушылық конференцияның маңызы зор болды. Бұл конференцияда ең бірінші рет дамуында ауытқулықтары бар балаларға арналған жұмыстарды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінді. Балалар үйіне қбылданатын балаларды тексеру проблемалары, оларды оқыту, тәрбие беру мекемелерінің ажырату, ауытқуы бар балаларды еңбекке даярлау, мектеп тәрбиесінің өзара байланыстарды бойынша мәселелер қарастырылды.

Конференцияда шешілетін сұрақтар арнайы білім беру жүйесін әзірлеуде дұрыс жолда екенін көрсетті. Балалар мен жеткіншектердің еңбек қызметінің негізінде тәрбие процесін құрастыру, бөлек, ажырата білім беруге байланысты сұрақтар өз уақытында және дұрыс көрсетіліп отырды.

Балалардың ауытқулығына байланысты күрес балалар арасындағы қылмыс пен панасыздықтың алдын алумен қатар жүреді. Мекемелердің көп түрі; балалар үйі, панасыз балаларға арналған коллениялар, жс заң бұзушыларға арналған тәрбие беру-түзету пункттері ашылды. Ал ауытқулықтары бар балаларға арналған мамандырылған мекемелер біздің республикамызда баяу дамыды.

1921 жылы Орынборда ең алғаш рет ақыл-ойы кем және естімейтін сөйлемейтін тұлғаларға арналған балалар үйі ашылды. Олар ауытқулықтары бар балаларды қажет мекемелермен қамтамасыз ете алмаса да, дегенмен бұл республикада арнайы білім беру жүйесі дамуының маңызды бөлігі болып табылады. 1922жылы Ақмола губерниясында ауытқулықтары бар балаларға арналған балалар үйі ашылды. 1922 жылдың 1-шілдесінде КССР-да 169 адамнан тұратын ауытқулықтары бар балаларға арналған бар жоғы 5 балалар үйі жұмыс істеді. Сол уақытта көптеген ауытқулықтары бар балалар жалпы типті мекемелерде қала берді. Интернатта қажет ететін 1,3% балалар, 1,8 % -мектепке дейінгі, 33%-мектеп жанындағы балалар мұғалім кадрлармен игерілген болатын. Республикада дефектолог мамандар болған жоқ. Мұндай балаларды тәрбиелеуге кей жерлерде педагогикалық қызмет мүлдем даяр емес, тіпті білім жағынан да, адамгершіліктік жағынан да деңгейі төмен адамдар жұмыс істейтін.

Баларлар үйінде тәрбиеленушілердің, солардың ішінде ауытқулықтары бар балалардың жағдайы өте ауыр болатын. Балалар мекемелері жылытылмайтын, жарық жүргізілмеген және тамақ өнімдері де жетіспейтін. Балаларға киім және аяқ киім жетіспейтін. Сондықтан ұлттық білім берудің негізі бағыты балаларды суықтан, аштықтан, аурулардан,өлімнен және қараусыздықтан құтқару болып табылған.

Ең бірінші естімейтін және сөйлемейтін балаларға арналған балалар үйі Орынбордағы әйелдер монастрының орынына ашылды. Ол жерде 40 бала болды және де олар жалпы типтегі балалар үйінен шығарылып сол жерге көшірілген болатын. Бала өміріне жылына 72 сом бөлінетін. әрине мұндай шектеулі ақша қоры балалар үйін толығымен қамтамассыздандыра алмайтын. Онда мұғалімдер балаларды тәрбиелеуге, еңбек даярлауға көбірек көңіл бөлетін.

Ақыл –ойы кем балалардың үйінде қол еңбегіне үлкен көңіл бөлінетін. Жалпы типтегі балалар үйіде тұратын, арнай түзетушілік әсер етуді қажет ететін ауытқулықтары бар балаларға арнайы жұмыстарды ұйымдастыруда үлкен қиыншылықтар кездесті. Жалпы типтегі балалар үйіндегі жұмыскерлер мұндай балалардың котигорияларымен жұмыс жасаудың спецификасымен таныс болмағандықтан кез келген қызмет түрлеріне, әрекеттерге қоспайтын.

Қазақстандағы ауытқулықтары бар балаларға арнайы білім берудің құрылуының бастапқы кезеңінде естімейтін тұлғалармен жұмыс жасау жақсы көрініс тапты. 1920 жылы республикада Ресей елінде тағайындаған арнайы қызметкерлер естімейтін балалар мен ересектерге білім мен жұмыс берудіңсұрақтарымен айналысатын болды. Естімейтін тұлғаларды есепке алды, санақ жүргізді. Бірқатар қалаларда ересек естімейтін тұлғалар еңбек ететін мекемелер, жұмыс орындары ашылды.

1923-1924 жж балаларға арналған мекемелардің жұмысында жағымды өзгерістер болды. Балалар үйінен бас өзіне-өзі қызмет көрсету бағытына байланысты оқыту өндірістік шеберханалар ашылды. Ақыл-ойы кем және естімейтін тұлғаларға арналған арнайы балалар үйі өз қызметтерін Ресейдің халық ағартушылығын басқармасының әлеуметтік тәрбие беру қағидаларына сәйкес құра бастады. оларға:

1. ауытқулары бар балалармен жұмыс жасауда тәрбиешілердің міндетті түрде арнайы даярлықтары.

2. балаларды арнайы мектепке қабылдау барысында оларды жеке дербес тексеруден өткізу.

3. бала тұлғасының жан-жақты дамуына максималды түрде балалар үйінде қажетті жағдайды қамтамасызету.

4. тәрбиеленушілердің өмірін отбасы жағдайындай ұйымдастыру.

5. тәрбие процесін еңбек ету негізінде жүргізу.

1925 жылы жаңа әкімшілікті бөлінулерге сәйкес Қазақстаннның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшірілді. Соның салдарынан Орынборда болған ауытқулықтары бар балаларға арнайы мекемелер Ресейге көшірілді.

Сол уақытта Қазақстанда дамуында ауытқулары бар балаларға арналған арнайы мекемелердің болмауынан, оларға республикадан тыс Ресей мен Ташкент қалаларында көмек көрсетілетін болды. Ауытқулықтары бар балалардың көбісі жалпы үлгідегі балалар үйінде қала берді. Кемтар балалар санының жоғарғы пайызы арнайы көмекпен қамтамасыз етілмеген болған және санының жоғары пайызы балалар арасында қылмыскерлер саны да өсе берді. ҚР мемлекеттік архив қорындағы мәліметтері ауытқулықтары бар балалар туралы нақты санақ жүргізілмегенін дәлелдейді.

Республикада әр түрлі ауытқулықтары бар балаларға арнайы мектептердің қажеттілігі өсе берді. 1926 жылы еліміздің білім берудің дамытылу жобасында арнайы мектептер ашу қарастырылған болатын, бірақ экономикалық жағдайдың қиыншылықтары мұны жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.

Сонымен Қазақстанда ауытқулықтары бар балаларға арнайы білім беру жүйесінің құрылуының алғышарттары өткен ғасырдың 20-жылдары қаланған болатын. Аталмыш балаларға білім мен тәрбие беруді дамытуды сол кезеңнің танымал тұлғаларының қызметтері үлкен рөл атқарды. Ауытқулықтары бар балаларға көмек көрсетуді ұйымдастырудың алғашқы қадамдары ресейлік тәжірибені ұйымдастыру негізінде әзірленді. Сол уақыттағы ең маңызды жетістік ауытқулықтары бар балаларға көмек көрсету міндетін мемлекеттің мойындағаны.

Ал 30-шы жылдары республикада арнайы білім беру жүйесінің дамуы жалғаса берді. Арнайы білім беру жүйесінің дамуында маңызды жаңалық болып 1931 жылы 8-маусымда халық ағартушылық комитетінің мәжілісі қабылдаған ауытқуы бар балаларға арнайы білім міндетті түрде беру туралы шешімі болды. Бекітілген жоспар бойынша 8-15 жас аралығындағы дамуында кемістігі бр балаларға міндетті түрде білім беру 1933 жылдың 1-қазанына енгізу керек болатын.

1931-1932 оқу жылының басынан республикада естімейтін және көрмейтін балаларға арналған 2типтегі мектептер ашылды. 30 балаға есептелген естімейтін балаларға арналған мектеп білім ала алатын естімейтін балалардың барлығын қабылдай алмады. Көрмейтін балалараға білім беруде де қиыншылықтар кездесті. 1936-1937 оқу жылдарының басындағы мәліметтер бойынша республиканың әртүрлі аймақтарында шамамен 103 көрмейтін балалар білім ала алмады.

1937 жылдан бастап Семей, Ақтөбе, Орал, Қарағанды мен Қостанайда естімейтін балаларға арнайы мектептер мен балалар үйлері ашыла бастады. 1938 жылы естімейтін және көрмейтін балаларға арналған арнайы мектептердің материалдың базасы жақсара бастады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 1940-1941 оқу жылдарында Қазақстанда 3,4 мың ауытқулықтары бар балаларға арналған 33 арнайы мекеме жұмыс істеді. Сол уақытта мамандардың жетіспеуі ерекше сезілді. 30 жылдардың ортасына дейін республикадағы арнайы мекемелерде дефектолог мамандар болған жоқ. 1935 ж РСФСР-дан Қазақстанға 2 сурдопедагогпен Барнаулдық сурдопедагогика мамандығы бойынша техникумды аяқтаған мұғалім келді. 1938 жылы Ленинградта 14мұғалім 3 айлық курстардан өтіп келді. Бір жылдан кейін Ленинградта жалпы мектептерден тағы да 12 мұғалім жіберілді. 1940 ж республикада естімейтіндерге арналған мектептерге Мәскеулік 2 айлық курстардан өткен 13 адам келді.

Ауытқулықтары бар балалармен жұмыс істеуге жоғарғы білімі бар дефектологтардың квалификацияланған мамандары қажет болды. Осы кезде тифлопедагогтар мен олигофренопедагогтар жоқ болатын.

Жалпы 20-30-шы жылдары дамуында ауытқулықтары бар балаларға арналған оқыту, тәрбие бару мекемелеріндегі педагогикалық мамандарды даярлау мен іскерлік біліктілігін жоғарлату жүйесінің қалыатасу кезеңін бастан кешірді.

Арнайы мектептерге жалпы білім беретін және еңбекке даярлауда әдістемелік, нұсқаулық құжаттар мен бағдарламалардың болмауы да қиыншылық туғызды.

Қазақстанда 30-жылдардағы дамуында ауытқушылығы бар балаларға арнайы білім беру жүйесі дамуының қорытындысы жағымды жағынан көрінді. Ақыл-ойы кем, көрмейтін, естімейтін тұлғаларға арналған оқыту, тәрбие беру жүйесі қарастырылған. Ауытқулықтары бар балалардың өмірінің негізі еңбек болды. Материалды-техникалық базасының төмен болуы, мамандардың жетіспеуі, бағдрламаның, шеберханалардың жетіспеуі жеткіліксіз жағдайда болған.

Ұлы Отан соғысының басталуы Қазақстанда белсенді дамып келе жатқан білім беру, ағартушылық жұмыстары тоқтатты, соғыс жағдайына сәйкес бейімделген. Қалыпты құрбылары сияқты дамуында ауытқуы бар балалар ол жағдайда білімдерін жалғастыра береді. Олар тегін білім алды, сонымен қатар мемлекет жағынан қамтамасыздандырылып отырды.

Қарағанды облысына көрмейтін балалардың келуіне байланысты онда көрмейтін балаларға арналған мектеп-интернат ашылды. Одессадан келгендерге Қызылорда ақыл-ойы кем балаларға арналған Молтов атындағы балалар үйі ашылу ұйымдастырылды. Жамбыл ауданында көрмейтіндерге арналған Грдиковская мектебі жұмыс жасай бастады. Воронеж облысынан келгендерді Түркістан ауданына, Оңтүстік Қазақстан облысына орналастырды. Харьков, Киев, Мәскеу, Курск және ресейдің басқа да облыстарынан келген 848 ауытқулықтары бар блаларды қабылдады. Соғыс жағдайы ауытқулықтары бар балаларға арналған арнайы мектептердің тіршілігі мен қызмет етуін күрделі қиыншылықтарға әкелді. Оқушылар санының көбеюі оқыту мекемелерінің материалдың жағдайына қатты әсер етті. Көптеген балалар үйі мен мектептер оларға қажетті оқу құралдарын, киімдерді бере алған жоқ.

Соғыс жалдарындағы қиыншылықтарға қарамастан, Қазақстанда 30 жылдары басталған барлық уытқушылықтары бар балаларға арналған арнайы білім беру жүйесі өз жалғасын тапты.

Балалар үйі мен мектептердегі оқу-өндірістік шеберханалардың базасын кеңейтуге,қосымша шаруашылықтарды дамытуға, балаларды еңбекке қатыстыруға үлкен көңіл бөлінді. Республикадағы арнайы мектептерде шеберханалық жұмыстар ұйымдасырылды. Оларға: тігінші, етікші, слесарь, ағаш шебері т.б. мамандықтарды жатқызуға болады. Мысалы: Шиелідегі естімейтіндерге арналған балалар үйінде 4 шеберхана жұмыс істеді: тігінші, тоқыма, етікші, слесарлық. Тоқыма шеберханасында 1942 жылы 728 жұп шұлық, 97 жұп трико, 53 жемпір шығарды.

Халық ағартушылық аумағындағы балалар үйлердің ынтасы бойынша республикадағы арнайы мектептерде дамуында ауытқулығы бар балаларды еңбекке тәрбиелеу мен білім берудің сапасын жақсарту мақсатында кәсіптік деңгейде көтеру үшін тәрбиешілерге еңбекке оқытудың нұсқауларына арнайы семинар-практикумдар ұйымдастырылды.

Бұл ауытқулары бар балаларға арналған рнайы мекемелердегі педагогикалық кадрлар кәсіби біліктілігін жоғарлатудың бұрын қолданыста болмаған формасы болды.

1944 жылдың қарашасында балалар үйінің директорлар, хатшылар мен меңгерушілерінің республикалық жиналысы болып өтті. Жиналыста ауытқулықтары бар балаларға арналған балалар үйінің секциялары жұмыс істеуі, ол жұмысқа естімейтін және көрмейтін балаларға арналған Алматы балалар үйі, Түркістандағы көмекші мектеп – интернаттар ,Семейдегі естімейтіндерге арналған балалар үйінің директорлары мен тәрбиешілеріне қатысты. Қазақ ССР-нің ұлттық білім беру органдары әскердегі қажеттіліктерді қамтамасыздандыру үшін арнайы мектептердегі оқушылардың қоғамдық пайдалы қызметтерін дамыту үшін барлық жағдайларды жасауға тырысты.

Балаларды оқыту тәрбие беру мекемелерінде мынадай қоғамдық пайдалы еңбектің түрлері кең өріс алды: дәрілік өсімдіктерді жинау, темір-терсек жинау , өндіріске кеткендер мен жауынгерлердің отбасыларына көмеккөрсету т.б жатқызуға болады. 1944-1945 жж оқушылар 978268 темір-терсек тонна,,4450 тонна 934 дәрілік шөптер жинады.

Егер соғыс жылдарында ауытқушылықтары бар балаларға арналған балалар үйі мен мектеп интернаттардағы педагогикалық кадрлар жақсара бастады. бұған Қазақстанда болған дефектологиялық білімі бар мұғалімдер саны өз әсерін тигізді. Бірақ соғыстың болуына байланысты 1944 ж педагогикалық кадрлар қайта күрт төмендеді. 1944-1945 оқу жылдарында барлық мектеп типтерінде мұғалімдерге деген қажеттілік 7015 адам құрады.

Сонымен соғыс кезеңінде Қазақстанда арнайы білім мен тәрбие беру жұмысында бірқатар ерекшеліктер байқалды. Арнайы мектептер және контингент санының үлкеюі байқалды. Аутқулықтары бар балаларға арналған оқыту-тәрбие беру мекемелер жүйесі 10-ға дейін қысқарып соғыстан кейінгі жылдары да қысқартуды жалғастырда. Ауытқулықтары бар балалармен жұмыс ұйымдастырудағы қиыншылықтар: мекемелердің, кабинеттердің, құралдардың, тұрмыстық және мектеп жабдықтарының жетіспеуі оқыту-тәрбие беру процесіне жағымсыз әсерін тигізді.

Бұл кезеңнің жағымды жақтары арнайы мекемелердің қоғамдық пайдалы еңбекке бағытталған қызметтері белсенді жүргізілуі.

Қорыта келгенде Қазақстанда ауытқулықтары бар балаларға арналған арнайы оқыту-тәрбие беру мекемелерінің пайда болуы ағартушылық жүйесіндегі гуманизациямен, дамуында кемістігі бар тұлғаларды арнайы еңбек арқылы оңалтуға байланысты шартталған. 1920-1945 жылдар аралығында республикада арнайы білім беру мен тәрбие беру жүйесі қалыптасуының маңызды кезеңі болды. Осы жылдардағы қиыншылықтарға қарамастан бұл кезең Қазақ Республикасындағы арнайы білім беру жүйесі құрылуының негізгі, бастапқы іргетасын қалады.

ІІІ. 1946-1970 жылдар біздің республикамызда ауытқулықтары бар балаларға арналған алғашқы сапалы арнайы мекетптердің құрылу жылдары болды., себебі арнайы мекемелер жүйесінің кеңеюімен бірге дамуында әртүрлі кемістігі бар балаларға арналған мектептердің тереңдетілуі мен кемістіктің түріне сәйкес бөліа оқыту мәселелері шешіліп, ауытқулықтары бар балаларды қоғамда өмір сүруі мен еңбекке даярлау оқыту мазмұнын әзірлеу жолдарын іздестірді.

1945-1946 оқу жылдарында арнайы мектептер жүйесі: көмекші мектеп интернаты -1, көрмейтін балаларға арналған мекетп-интернаты-1, естімейтін балаларға арналған мектеп-интернаттар-3. бірақ соғыстан кейінгі жылдарда ауытқулықтары бар балаларға арналған оқу-тәрбие беру жүйесі кеңейтілді. Дене және ақыл – ойы кемшіліктері бар балаларға арнайы білім беру мен оларды есепке алу сол уақытта ең өзекті мәселенің бірі болды. 1949-1950 оқу жылдарында шамамен 900-ден аса мектеп жасындағы ауытқулықтары бар балалар анықталған. Арнайы білім алуды қажет ететін оқушылардың проблемаларын шешу үшінҚазССР-дің Министрлер кеңесі ССР-дің Министрлар кеңесіне Орл қаласында көрмейтін 100 балаға арналған -1 мектеп, Қостанай мен Қарағанды қаласында естімейтін 100 балаға арналған-2 мектеп ашуға өтініш берді. Министрліктің арнайы жарлығына сәйкес нашар еститіндер мен кейіннен естімей қалған балаларға арналған арнайы топтар ашыла бастады.

1951 жылы желтоқсан айында шыққан СССР-дің Министрлар кеңесінің арнайы жарлығын ҚазССР министрлігі әзірлеу шараларының жоспарларын әзірлеп кереңдік пен салдарын алдын-ала мен сол балаларға деген күтімін жақсарту бағытында республикадағы мекетпке дейінгі жастағы ауытқулықтары бар балаларға қоғамдық тәрбие беру проблемасын алдарына қойды.

1953-1954 оқу жылдарында барлық кемтар балаларға арналған арнайы білім беруді қамтамасыздандыру мәселесі қарастырылды. Бірақ арнайы мекемелер жүйесін кеңейтуге арналған шаралар жүргізілседе ауытқулықтары бар балаларды мекемеге қабылдау жоспары орындалған жоқ. Оның себебі қажетті ғимараттардың болмауы. Алматы, Семей, Шымкент, Қарағанды қалаларында 7 мектеп интернаттың ғимараты мен 75-100 естімейтін балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы мекемелер салу жоспарланған.

Бірақ сол уақытта аса қажетті жоба әзірленбей, жүзеге аспады.

1952-1953 оқу жылының басында Қазақсьанда арнайы-білім алуды қажет ететін 1649 мектеп жасындағы балалар есепке алынды, соның ішінде 921 естімейтін, 262 көрмейтін және 466 ақыл-ойы кем балалар болды. 1955 жылы ҚазССР-дің Кеңес Министрі ақыл-ойы кем, көрмейтін, естімейтін балалардың білім алуын жақсарту туралы жарлық қабылдады, ол ауытқулықтары бар балаларға арналған арнайы мектептер санын кеңейтуге бағытталған. 1957-1958 жж елімізде 15 арнайы мектеп қызмет атқарды., олардың 10-естуінде ауытқуы бар балаларға, 2-і ақыл-ойы кем балаларға,3-і көрмейтін балаларға арналғанболатын. Арнайы мектептегі оқушылар саны 1241 жеткен, ал ақыл-ойы мен дене дамуында кемістігі бар 1489 бала арнайы оқытудан тыс қалған.

ҚазССР-ғы арнайы мектеп-интернаттар жүйесі (сурет - 3)

Арнайы мекеп типтері 1.09.1940 жыл 1.09.1957-1958 жылдар
1.көмекші мектеп-интернат
2.көрмейтіндерге арналған мектеп-интернат
3.естімейтіндерге арналған мектеп-интернат
4.нашар еститіндерге арналған мектеп-интернат -
Барлығы

Ұзақ уақыт бойы республикамызда сзйлеуінде кемістігі бар балалар арнайы ұйымдастырған көмектен тыс қалып қойды. Бұл балалар есепке алынбаған және оларға көмек көрсететін арнайы мекемелер, пунктер болмады. 1949 жылдан 15 тмыздан бастап СССР-дің Кеңес Министрі сөйлеу кемістігі бар балаларға жалпы мектептерде логопедиялық пунктер ашуға шешім қабылдады.

Шешімге байланысты Қазақстанда, соның ішінде Алматы қаласында сөйлеуінде кемістігі бар балаларды есепке алу ұйымдастырылды, соның нәтижесінде жалпы бастауыш мектептерде 407 оқушының сөйлеуінде кемшіліктері анықталған.

Біраз уақыттан кейін Шымкент, Семей, Түркістан қалаларындағы арнайы мектептерде мектепке дейінгі топтар ашылды. Алғаш арнайы балабақшалар 60 жылдары Алматы қалсында ашылды. Ол естімейтін және тұтығатын балаларға арналған 1 балабақша және ақыл-ойы кем балаларға арналған 1 балабақша.

Балабақшадағы жұмыс материалдық және арнайы даярланған мамандардың жетіспеуіне байланысты қиындатылды.

50-ші жылдары халыққа білім берудің негізгі бағыттары 1958 жылы желтоқсан айында қабылданған кеңес дәуіріндегі білім беруді дамыту жөнінде заңға сәйкес жүргізілген. Бұл заңда бекітілген міндеттерді іске асыру арнайы ілім беру жүйесінен кемтар балалардың барлығын.арнайы оқытумен қамтамасыз етуді талап етті.

Сол бағытта басталған жұмыстар бірінші күннен нәтижесін көрсетті. 1958-1966 жылдары көмекші мектептер саны 2-ден 21-ге дейін өсті. 1960 жылдан қазан айында ҚазСРР-дің Кеңес Министрлігі «Ақыл-ойы кем, естімейтін, көрмейтін балалараға арналған мектептер жұмысы мен жағдайын жақсарту туралы» жарлық шығарды. 1956-1960 жылы республикада мектеп жасындағы 1190 ақыл-ойы кем бала, 620 естімейтін, 209 көрмейтін бала білім алудан қалды. 1960-1961 оқу жылдарының басында естімейтін балаларға арналған9 және нашар еститіндерге арналған 1 мектеп-интернат 932 оқушысы бар, 455 оқушысы бар естімейтін балаларға арналған 3 мектеп – интернат жұмыс істеді. Сол жылы 1308 ақыл-ойы кем, 874 естімейтін және нашар еститін, 273 мектеп жасындағы балалар білім ала алған жоқ.

1961 жылы республиканың Министрлік Кеңесі логопедиялық пунктерді ашуды ұйымдастыру туралы жарлық қабылданды.

1967 жылдан бастап республиканың Министрлік Кеңесінің жарлығына байланысты жалпы білім беретін мекемелерде логопедиялық пунктер ашыла бастады. 1967 жылы 35 логопедиялық пунктерде 2639 көмек алған. 1968 жылы тағы да 15 логопедиялық пункт ашу жоспарланды. Сол уақытта алматылық жалпы білім беретін мектептерде 19 логопедиялық пунктер ашылып жұмыс жасады. 1969-1970 жылдың басында сөйлесуінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп ашылып қызмет атқарды, ол 216 адам оқытылды. әр түрлі типтегі арнайы мектептерде кәсіби-еңбекке даярлауға мөлшерлі уақыт бөлінді. 1963-1964 оқу жылдарында республикадығы арнайы мектептер жаңа оқыту жоспары мен бағдарламаларына толық ауысуды аяқтады.

1960-1970жж Қазақстанда әр түрлі категориядағы ауытқулықтары бар балаларға арналған жалпы білім беру мекемелері мен арнайы мектептер жүйесі біраз көтерілді. Сонымен қатар арнайы мектептер жаңа жоба бойынша мекемелерде ашыла бастады. 60 жылдардың аяғында тірек-қимыл аппараттарында ауытқушылықтары бар арнайы мектеп-интернаты ашылды. Ол мектеп 283 оқушыны қабылдады. Кейінен мектептердің материалдық-техникалық базасы күшейтіліп, оқыту шеберханалары мен мектеп кабинеттерінің құрал-жабдықтары жақсартылды.

Арнайы мектептің педагогикалық ұжымдары оқытудағы коррекциялық бағытта күшейтуге, ауытқулықтары бар балаларды оқыту-тәрбиелеу әдістерін әзірлеуге, мектептерді қоғамдық өмірге жақындатуға бағытталып және белсенді жұмыстар жүргізілді.

ССҚР Халық ағартушылық Министрлігі 1969 жылдан мамыр айында арнайы мектептерге оқушыларды қабылдауды реттейтін республикалық, облыстық медициналық – педагогикалық комиссияны ашу туралы жарлық шығарған. Бұл ұйымдар кемтар балаларды анықтау мен арнайы мекемелерге іріктеу жұмысын белсенді атқарарда бастады.

1969-1970 оқу жылдарында арнайы мектептер саны 49-ға дейін жетті.

Наши рекомендации