Сөйлеу процесін дамытуға арналған жаттығулар.

1.Жаттығу. Сұрақ қойғыш Ұсыныс: Психолог әр жас ерекшелігіне сәйкес ұсынылған жаттығуларды бейімдей отырып өткізгені жөн.

Ойынға мазмұны сұрақ тудыратын сюжетті картина пайдалануға болады. Бұл ойынды түрлі жас аралығында өткізуге болады. Кіші мектеп жасындағылар үлкендерден өзін қызықтыратын сұрақтардың жауабын алуға болады. Ересек жауап таба алмаса, бала жеңіске жетеді. Бала барлығын сұрап болғаннан кейін осы картинка бойынша шағын әңгіме құрастыруын сұраныңыз. Бала әңгімеде қай бөлшегін аңғармағанын, стереотипке бейімділігін анықтауға көмектеседі.

2.Жаттығу. Белгісізге кілт

Оқушы мұғалімнің қолында не жасырылып тұрғанын табулары тиіс. Бұл үшін олар мұғалімге сұрақ қояды, ол жауап қайтаруы тиіс. Мұғалім сұрақ кәдімгі есіктің кілті секілді белгісізді ашады деп түсіндіреді. Сабақта осындай кілттелген ұғымды сұрақ қою арқылы балаларға шешу тиімді әрі нәтижелі болады.

3. Жаттығу. «Ұқсастық пен айырмашылық»

Қатысушыларға әр түрлі заттар мен ұғымдар ұсынылады. Кіші мектеп жасындағы балаға су және сүт, сиыр және жылқы, ұшақ және пойыз сөздерінің айырмашылығы мен ұқсастығын табуы қажет. Тиімділігі үшін көрнекі құралдарды пайдаланған абзал. Жоғары сыныптағы балаларға ұғымдарды күрделірек берген жөн: картина және фотосурет, кешкі уақыт және таңғы мезгіл. Ұқсас және айырмашылықты белгілер мен дұрыс жауаппен қатенің қатынас арқылы ұпай санын шығаруға болады.

4. Жаттығу. «Жаңаны ізде»

Әдептегі заттардың ерекше жасырын қасиетін анықтау қажет. Мысалы: сіріңке тек жанып қана қоймайды. Ол салмағымен өлшемін кішірейтеді, сол секілді сұйық суды қатқан уақытында құрылыс материалы реттінде пайдалануға болады. Оқушыларға полиэтиленді қақпақтың, шарикті қаламсаптың пайдаланған сия сауытының шегенің, балмұздақтың т.б. заттардың ерекше қасиетін анықтау ұсынылады. Жетекші ерекше соны жауаптарды белгілеп отыруы тиіс. Сонында дұрыс жасалған шешімдермен пікірсайыс өткізіледі.

5. Жаттығу. «Сөйлем құрастыру».

Мағынасы бойынша байланыспайтын ойша үш сөз алынады. Мысалы: «көл», «қарындаш» және «аю». Осы үш сөзді қосып бірнеше сөйлем құрастыруға қажет, (басқа сөздермен септік жалғауымен толықтыруға болады), Мағынасыз жауап (аю көлге қарындашты батырып көрді), күрделі жауап (бала карындашты алып көлде шомылып жүрген аюдың суретін салды, шығармашылықты жауап (карандаш секілді жұқа бала аюдай ақырып тұрған көлдің жағасында тұр.) Бұл ойында жетекші қатысушылардың «алтын ортасын» белгілеуі қажет. Сан жағынан түрлі жауаптарды құптаса, сапа тұрғысынан шығармашылыққа толы, тың жауаптарды мадақтап отыруы тиіс.

Бұл тапсырма жинақтау бейненің тұтастығын дамытуға бағытталады.

6. Жаттығу: «Белгілерді іздеу»

«Екі түрлі қарама- қарсы функцияны атқаратын заттарды атаңыз». Мысалы: есік (ашылып, жабылады) сөндіргіш (шамды сөндіріп жағады. Мағынасыз жауаптар болуы мүмкін: қолдың алақаны ұрады және сипайды). Әртүрлі заттар мен құбылыстардың ұйқастығын тез анықтауға түсінік береді.

7.Жаттығу. «Қосылатын топты іздеу»

Екі түрлі зат беріледі, мысалы, «күрек» және «автомабиль» берілген екі сөзге де логикалық байланысты сөз ойлап табу қажет. Мысалы, бұл ретте «Экскаватор» сөзін алуға болады, (күрек қызметінде, автомабиль ретінде-көлік құралы, «жұмысшы» автомабильді жүргізеді, күрекпен қазады) Байланысы жағынан көршілес элементтердің мазмұны нақты ашылған түсініктерге ерекше көңіл бөлу қажет. Заттар мен ұғымдар арасындағы байланысты тез анықтауға мүмкіндік береді.

8.Жаттығу. «Артық сөзді алып таста»

Жорамалмен үш сөз ұсынылады. Мысалы : қызанақ,, күн , ит. Ортақ белгіні білдіретін екі сөзді қалдырып, «артығын» алып тастау қажет. Мұнда «қызанақ» пен «күн» дөңгелек сондықтан «итті» алып тастау қажет.

9.Жаттығу. «Заттың қолдануы»

Қандайда бір таныс заттың аты аталады, мысалы «Кітап». Қолданудың түрлі тәсілдерін тізіп шығу қажет: «кітап үстелдің үстіндегі түрлі қағаздарды өзгелерден жасырып қоюға, заттың астына тірек ретінде пайдалануға»т.б

Заттың атқаратын функциясын кім қолданса да сол жеңіске жетеді. Тапсырма затқа шоғырлануға, оның кездейсоқ құбылысын ашуға қабілеттілікті дамытады.

10.Жаттығу «Тұжырымды анықтау»

Барлығына таныс заттың атауы аталады. Мысалы:»Тесік» сөзіне нақты анықтама берілуі қажет. Бұл құбылыстың пайда болу себебін анық қамтыған қатысушы жеңіске жетеді. Тапсырма ойдың нақтылығымен тұжырымның қалыптасуына үйренеді.

Жетістікке жету және сәтсіздікпен қашу мотивациясына арнлған жаттығулар.

Наши рекомендации