Зін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу
Қалыптасып келе жатқан оқушы тұлғасы тәрбие субъектісіне айналады. Ол педагогикалық талаптарды орынды белсенді қабылдайды және өзінік сапалық қасиеттерін өзі жетілдіруге тырысады. Өзініқ тұлғалық сапарларын өзі жетілдіру және кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушының іс-әрекеті өзін-өзі тәрбиелеу деп аталады. Бұл өзгерістер қоршаған ортамен шын өзара қатынас барысында жүреді.
Өзін-өзі тәрбиелеу оқушы тұлғасын жан-жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді. Мысалы, оқушы дамуы мен қалыптасуына байланысты өзінің тәртібі және мінез-құлқындағы кемшіліктерімен іс-әрекетіндегі сәтсіздіктеріне сын көзбен қарап, оларды болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіреді.
Тұлғаның сапалық қасиеттерінің қалыптасуының шын деңгейін есепке алмай жалпылама жүргізілген тәрбие жұмысының салалары тәрбие міндеттерін шешуде кемшіліктер жібереді. Өзін-өзі тәрбиелеу осы кемшіліктердін. орынын толтырады.
Педагогикалық талаптарды мойындауға мәжбүр болған оқушы тек сырт көзге ғана тәртібін жөндеген түр білдіреді де, өзінін, теріс қасиеттерін жасыра түседі.
Оқушылардың, өзін-өзі тәрбиелеуін басқаруда олардың жас ерекшеліктерін есепке алу керек. Өзін-өзі тәрбиелеу нышандары тіпті кіші мектеп жасындағы оқушылар бойынан байқалады. Мысалы, бастауыш сыныпта оқушылар күшті батыл болғысы келеді, немесе теріс қылықтарына кешірім сұрап жақсы боламын дейді. Бұл олардың өзін-өзгертуге, жақсы болуға, түзелуге деген алғашқы ынтасы.
Жас өспірімдік шақтағы бала өз бетіндікке ұмтылуын байқатады, ел тәрбиенің пәрменсіз объектісі болғысы келмейді, өз мінез-құлқын өзі анықтайтындай әрекет иесі, тәрбиенің субъектісі болуға ұмтылады. Егер тәрбиешілер осыны еске алмай, оның құқығын шектесе, оқушының педагогикалық талаптарға қарсылығын тудырады.
Қыздар мен бозбалалар өзін-өзі тәрбиелеуге саналы түрде ұмтылады. Тәртібі мен мінез құлқының пісіп жетілу, шағында берік сеніммен адамгершілік мұраттары қалыптасқан болады.
.
.
Өзін-өзі тәрбиелеудін, тұлғаға бағытталған ережелері болуы керек. Әрине, өзін-өзі тәрбиелеудін өзіндік ережелерінің болуы тұлғаның рухани жан дүниесінің деңгеймен анықталады. Біз тек дарынды педагог Қ. Д. Ушинскийдің өзін-өзі тәрбиелеу ережесімен танысайық.
1. Асқан сабырлық, ең болмағанда сырт көзге.
2. Сөзде және қылықтардағы турашылық.
3. Әрекетті жан-жақты ойластыру.
4. Батылдылык.
5. Өзі жөнінде қажетсіз бір сөз айтпау.
6. Санасыз уақыт өткізбеу, ретсіз емес көңіліндегі
іспен айналысу.
7. Әуескойлык, кұмарлыққа емес қажеттікке немесе сүйсініске шығындану.
8. Әр кеште өз қылықтары жөнінде өзіне есеп беру.
9. Болғанды, бүгінгі, болатынды айтып еш мақтанбау.
Бұл ережелердің ар жолына түрлі мағына беріп байыта беруге болады.
Өзін-өзі тәрбиелеудің міндеттемесі оқушыны өз тұлғалық сапаларын өзі талдауын мәжбүр етеді. Бұған итермелейтін аға ұрпақтың өнегелі өмірі, іс-әрекеті, қарым-қатынасы болады. Мұғалім оқушыға өзінің орынды немесе орынсыз сапалары мен кемшіліктерін түсінуге көмектесуі міндетті, яғни өзінің кім екенін өзі ұғынуға көмек беруі қажет. Бұған мұғалімнің оқушының жүріс-тұрыс тәртібі мен мінез-құлық кылықтарына баға беруі, оны басқалармен салыстыруы әсер етеді. Мұғалім тұлғалық сапалар мен қылықтардың арасындағы байланыстың сырын оқушыға ашып береді.
Өз тұлғасын ұғынудың өзі кейде оқушыны өзін-өзі тәрбиелеуге жетелей бермейді. Өз кемшіліктерінің немкұрайды пайымдаушысы болып қала береді. Оларды түзетуге тырыспайды. Бұл жағдайда түсіндіру ұжым тарапынан сыиау арқылы, өз кемшіліктерін түсініп күйзеліске келтіру арқылы сезіміне қозғау салу қажет.
Қайта тәрбиелеу — бұл тәрбиелік ыкпалдар жүйесі, онын барысында құлықтық даму мен жүріс-тұрысындағы ауыткулар түзетіледі және қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға сапалары қалыптасады.
Қайта торбиелеу тұлғаның сапасының, мотивтері мен қа-жеттіктерінін, сезімдері мен еркінің, түйсіктерінің, іс-әрекеті мен мінез-қүлкының әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық өзгеру процесі болып табылады.
Қайта тәрбилеу — бұл қиын балалардың орынды сапаларын қалпына келтіру.
Қайта тәрбиелеу—бұл педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған балалардын жүріс-тұрысындағы кемшіліктердің орнын еңбектегі, спорттағы және басқа іс-әрекеттегі нәтижелермен толтыру.
Қайта тәрбиелеу — бұл ынталандыру—жасөспірімнің орынды сапаларын жасайтын іс-әрекеттерді жандандыру.
Қайта тәрбиелеу — бұл түзету, яғни балалардың теріс саналарының шырмауынан босату.
Жеткіншектер мен жасөспірімдердің педагогикалық осер-лерге қатынасы, тәртіппенмінез-кұлықережелеріменжүйелерін қайта құру және қалыптастыру бірқатар ішкі, психологнялық факторларға тәуелді болады. Оларға: тәртіп пен мінез-құлық принцицтерін, жүріс-тұрыс ережелерін, моральдық құқық және борыштарын түсінуі, тұлғалық адамгершілікті санасы, іс-әрекетке қатысы, тұлға бағытталығы, психологиялық күйі, еріктік-сезімталдық көніл-күйі, жоғарғы нерв жүйесінің типі т. с. с.
Қайта тәрбиелеу барысындағы тұлғаның адамгершілікті дамуы бірқатар кезеңдерден өтеді: дайындық қайта тәрбиелеудің мақсатын қалыптастыру, тәртіп пен мінез-кұлықтың орынды тәжірибесін қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуді басқару, тұлғаның онан әрі дамуына бақылау.
Қайта тәрбиелеуде қайта ұғындыру, қайта оқыту, басқа іс-әрекетке жегу, күрт өзгерту, еріксіз "көндіру сияқты әдістер қолданылады.
Қайта ұғындыру — бұл тәрбиесі қиын балалар және педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған оқушылар бойындағы дұрыс емес сенімдерді кайта құру әдісі.
Қайта оқыту — бұл теріс қажеттіктермен дағдыларды түзету әдісі. Басқа іс-әрекетке жегу—бұл тәртібімен мінез-кұлқының
дамуында ауытқуы бар балалардың белсенділігін арттыру жә-не қоғамдық пайдалы іе-әрекетке ауыстыру әдісі.
Күрт өзгерту — бұл тұлғаның ұжым және коғаммен каты-насынын, бұзылысын шұғыл калпына келтіру әдісі. Бұл қайта тәрбиелеудің А. С. Макаренко жасаған арнайы әдісі.
Еріксіз көндіру — бұл басқа әдістердің мүмкіншілігі сарылғанда педагогикалық және әлеуметтік тұрғыда өте қараусыз қалған жеткіншектер мен жасөспірімдерге қолданылатын педагогикалық әсер ету әдісі. Педагогикалық еріксіз көндіру мазмұнына тұлғаның теріс қылықтарын моральдық кінәлаудан мектептен-шығарып арнайы тәрбие мекемесіне жіберуге дейінгінің бәрі жатады.
Тәрбиелеу әдістері сияқты, қайт тәрбиелеудің барлық әдістері белгілі бір жағдайға сай, оқушы тұлғасының дербес ерекшеліктеріне, оның жүріс-тұрыс тәсілдеріне, өмірінің жағдайлары мен күйлеріне тәуелді, тәрбиенің басқа әдістері және тәсілдері мен арнайы түрде үйлестіріле отырып қолданылады.
2. Педагогика тарихындағы ой-тұжырымдардағы тәрбие мақсатының мәселесі. Тәрбие мақсаты төңірегіндегі пікір-талас ежелгі дәуірдің өзінде-ақ басталған. Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. Ал, "рақым" туралы пікірде олардың ойлары бір жерден шықпады. Сократтың түсінігінше, тәрбиенің мақсаты- заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзінді тану, аса қүлыктылықты жетілдіру. Сократтың шәкірті Платон ақыл-ой, ерік және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас білдірді. Ол тәрбиені өкіметтің өзі ұйымдастыру керек, үстемдік етуші топтар — философтар мен жауынгерлердің талап-тілегіне сай жұмыс істеу деп түсінді. Платонның шәкірті Аристотель, тәрбиенің мақсаты жан рақымы - ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту деп білді.
Я.А. Коменский тәрбиенің күшіне сенді, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы қажет: өзінді және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі) және құдайға сиыну (діни тәрбие). Дж. Локтың ойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты (азаматты қалыптастыру).
-"өз істерін ақылмен және байыппен жүргізетін адам". Ж.Ж. Руссо қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға тәрбие мақсаттарының бағыт-ұстанымынан айныған еме