Бап. Қаржы бақылау шаралары

1. Мемлекеттiк лауазымға не мемлекеттiк немесе соларға теңестiрiлген мiндеттердi атқаруға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар тұрғылықты жерi бойынша салық органына:
салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқан табыстар және мүлік туралы аталған мүлiктiң бағаланған құны мен тұрған жерi көрсетiлген мәлiмдеме;
банк мекемесiн көрсете отырып, банк мекемелерiндегi, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар дербес немесе басқа адамдармен бiрлесiп билiк етуге хақылы ақша қаражаты туралы;
заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесi мен аталған ұйымдардың толық банк және өзге де реквизиттерiн көрсете отырып, акционерi немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретiнде өзiнiң тiкелей немесе жанама қатысуы туралы;
егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трастардың бенефициары болса, тиiстi банк шоттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, сол трастар және олар тiркелген мемлекеттер туралы;
адамға немесе жұбайына (зайыбына) тиесiлi айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен асатын мөлшердегi материалдық заттар мен ақша қаражатын ұстау немесе уақытша сақтау жөнiнде онымен шарттық қатынастары, келiсiмдерi және мiндеттемелерi (оның iшiнде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен реквизиттерi туралы мәлiметтердi табыс етедi.

2. Мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар өз өкілеттігін орындау кезеңінде жыл сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша салық органына салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырып отырады.

2-1. Жағымсыз себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатылған адамдар босатылғаннан кейінгі үш жыл бойы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша салық органына салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырып отырады.

3. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған адамдардың жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жері бойынша салық органына:
салық салу объектісі болып табылатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы, көрсетілген мүліктің бағалау құны мен орналасқан жерін көрсете отырып, декларациялар тапсырады;
мыналар:
банк мекемесін көрсете отырып, банк мекемелеріндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегі салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар жеке немесе басқа адамдармен бірлесіп билік етуге құқылы акта қаражаты туралы;
заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлесі мен аталған ұйымдардың толық банк және өзге де деректемелерін көрсете отырып, акционері немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретінде өзінің тікелей немесе жанама қатысуы туралы;
егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трасттардың бенефициары болса, тиісті банк шоттарының нөмірлерін көрсете отырып, сол трастар және олар тіркелген мемлекеттер туралы;
адамға немесе жұбайына (зайыбына) тиесілі айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын мөлшердегі материалдық және қаржы қаражатын ұстау немесе уақытша сақтау жөнінде онымен шарттық қатынастары, келісімдері және міндеттемелері (оның ішінде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен деректемелері туралы мәліметтерді табыс етеді.

3-1. Осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында аталған адамдардың жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жері бойынша салық органына салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы декларациялар табыс етіп отырады.

4. Осы баптың 1, 2-тармақтарында аталған адамдар тиiсiнше өздерi лауазым атқаруға үмiткер органға немесе жұмыс iстейтiн жерi бойынша осы баптың 1 - 3-1-тармақтарында көрсетiлген мәлiмдемелер мен мәлiметтердi алғандығы туралы салық органынан анықтама әкелiп тапсырады.

5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған адамдардың (мемлекеттiк қызметтен жағымсыз себептер бойынша босатылған адамдарды қоспағанда) осы бапта көрсетiлген мәлiмдемелер мен мәлiметтердi табыс етпеуi немесе толық, дұрыс табыс етпеуi, егер жасалған әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекеттiң белгiлерi болмаса, адамға тиiстi өкiлеттiк беруден бас тартылу үшiн негiз болып табылады не оны жұмыстан босатуға немесе мемлекеттiк және оған теңестiрiлген мiндеттердi атқарудан заңмен көзделген тәртiппен өзгедей босатуға әкеп соғады.

6. Адам мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттердi атқарудан босатылғаннан кейiн үш жылдың iшiнде алғаш рет жасалған, осы баптың 5-тармағында аталған әрекет осы Заңның 6-бабының 2-тармағында аталған органдардың ұсынуы (хаттамалары) бойынша әкiмшiлiк тәртiппен сот салатын елуден жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл төлеуге әкеп соғады. Аталған мерзiмде мұндай iс-әрекеттердi қайталап жасау осындай тәртiппен салынатын жүзден екi жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл төлеуге әкеп соғады.

7. Жауапты мемлекеттiк лауазымдар атқаратын лауазымды адамдардың табыстарының мөлшерi туралы және олардың көздерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ сайланбалы мемлекеттiк қызметке ұсынылған кезiнде кандидаттардың табыстары туралы мәлiметтер заңдарда белгiленген тәртiппен жариялануы мүмкiн.

8. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдарға және соларға теңестiрiлген адамдарға өз атынан емес бөгде адамдар атынан, жасырын, бүркеншiк атпен және басқаша да азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға тыйым салынады. Бұл мәмiлелер заңда белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылады.

9. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мiндеттердi атқаруға қатысатын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мерзiмде мемлекеттiк меншiкке байланысты мүлiктiк сипаттағы барлық мәмiлелер мен қаржы қызметi туралы есептi мемлекеттiк мүлiкке қатысты меншiк иесiнiң құқықтық өкiлеттiгiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органға табыс етедi.

10. Салық органына келiп түсетiн, осы бапта көзделген мәлiметтер қызметтiк құпия болып табылады. Оларды жария ету, егер жасалған әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, кiнәлi адамды жұмыстан босатуға әкеп соғады. Бұл мәлiметтер осы Заңның 6-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған органдардың, сондай-ақ соттың сұратуы бойынша ғана заңда белгiленген тәртiппен табыс етiледi.

11. Осы бапта көзделген қаржы бақылау шаралары Қазақстан Республикасында тұрғын үйдi және тұрғын үй құрылысы үшiн құрылыс материалдарын меншiгiне сатып алуға байланысты құқық қатынастарына қолданылмайды. Тұрғын үйдi және тұрғын үй құрылысы үшiн құрылыс материалдарын сатып алу кезiндегi қаржы бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Наши рекомендации