Технологиялық карта 12

Ортанғы тобы: 8

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлім: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Бөрене үстінде жүру.

Мақсаты: Бөрене үстінде жүруді үйрету. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Екі аяқпен секіруді жаттықтыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: шаршылар, текшелер, бөрене.

Үш тілдік компонент:Сәлеметсіздер ме -Здравствуйте-Hello,Сау болындар-До свидания- Goodbye ,доп-мячь-boll.

Оқу іс-әрекетінің түрлері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Бір-бірінің артынан жүру. Жылан секілді заттардың арасымен жүру, қол артта. Аяқтың ұшымен. Өкшемен жүру. Жай жүріс. Жай жүгіру. Бағытты ауыстыра жүгіру. Жан-жаққа жүгіру. Жылдам жүгіру. Балалар текшелер арасымен ирелеңдеп жүгіреді.
Доппен орындалатын ЖДЖ: Б.қ: аяқ иық деңгейінде, қол төменде; қолды жан жаққа көтеру, жоғары, қолды бір-біріне соғу, төмен түсіру, бастапқы қалыпқа оралу; Б.қ.:аяқ алыс, қол белде. Алға иіліп тізені алақанмен соғып, тұру, бастапқы қалыпқа оралу; Б.қ.: тізеге тұру, қол белде. Оң, сол жаққа бұрылу, қолдың саусағымен өкшеге тигізу; бастапқы қалыпқа оралу. Б.қ.: еденге жату, қол тура. Аяқты жоғары кезек-кезек көтеру. Бастапқы қалыпқа оралу.     Жаттығуды 6-8 рет қайталау. Жаттығу педагогпен бірге орындалады.  
Ұйымдастыру кезеңі Б.қ.: негізгі тұрыс: қолдары белдерінде, доптар еденде. Қос аяқпен секіру. Доптарды айнала оң және сол аяқпен кезек-кезек секіру. -бір-бірден сап түзеп жүру.   1. Шаршылардың арасымен төрт аяқтап өту. 2. Шығыршықтан шығыршыққа секіру. 3. Бөрене үстімен жүру.     Әуелі жаттығу нұсқаушының белгі беруіне қарай орындалады, одан кейін балалар өз бетінше орындайды (15 рет).  
Рефлексиялық түзетушілік «Ұйқыдағы түлкі» ойыны. Шарты: балалар қояндар болады, бір баланы түлкі қылып сайлайды. Түлкі ұйқыға кеткенде, қояндар алаңға ойнауға шығады. Жүргізуші: түлкі оянды деген кезде қояндар үйлеріне қашады. Түлкі оларды қуалап ұстауға тырысады. Балалар аса қызығушылықпен ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:бөрене үстімен жүруді;.

Түсінеді:ойынның шарттарын.

Қолданады:қос аяқтарымен секіру дағдыларын.

Технологиялық карта 14

Ортанғы тобы: 8

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлім: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Баскетбол ойынының элементтері..

Мақсаты: Балаларды допты екі қолмен қағып алуға үйрету. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Допты еденге ұру дағдыларын дамыту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: әрбір балаға шығыршық, волейбол торы, доптар, кегельдер.

Үш тілдік компонент:Сәлеметсіздер ме -Здравствуйте-Hello,Сау болындар-До свидания- Goodbye ,Торы-сетка-net

Доп-мяч-boll.

Оқу іс-әрекетінің түрлері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Бір қатар сапқа тұру. Сәлемдесу. Нұсқаушының баскетбол және оның ережелері туралы әңгімелеу. Жүру түрлері: -алдыға қарап жүру; -Бір бүйірмен жүру; -қысқа және кең адыммен жүру. Қарапайым жүгіру. Балалар нұсқаушының айтқанын дауыстап қайталау. Балалар нұсқаушының талаптарын орындайды.
Шығыршықпен орындалатын ЖДЖ: Б.қ: аяқтарының арасын ашып, шығыршықтың екі шетінен ұстап, алдыға созып отыру. Қолдарын жоғары көтеру, жоғары қарау, төмен түсіру; Б.қ.:тұру, шығыршық еденде жатады. Шығыршыққа кіру және отыру, түзеліп тұру, шығыршықтан шығу, қолдарын екі жаққа көтеріп, төмен түсіру.; Б.қ.: аяқтарының арасын ашып, қолдарын артқа теріп отыру, шығыршық аяқтарының арасында еденде жатады. Аяқтарын көтеріп қосу, еденге түсіру. Аяқты көтеру, екі жаққа созу, еденге түсіру.       Жаттығуды 6-8 рет қайталау. Жаттығулар нұсқаушының көрсетуі бойынша қайталанады.  
Ұйымдастыру кезеңі Шығыршықпен бүкіл алаң ішімен жан-жаққа шашырап жүгіру. (30-40 сек)   «Лақтырып, қағып ал» ойыны.     «Кегілдерді құлату» ойыны.     «Тордан допты өткіз» ойыны Балалар қолдарына бір-бір доп ұстап тұрады. Нұсқаушының «Баста» деген белгісіне қарай балалар допты жоғары лақтырады және оны қағып алады. Әрқайсысы допты қанша рет қағып алатынын санайды және оны түсіріп алмауға тырысады.Ойыншылар сызықтың ар жағына, оған қарсы 2-3 м қашықтықта кегельдер тұрады. Балалардың қолында доптар болады. Белгіге қарай ойыншылар доптарды кегельдерге қарай домалатып, оларды құлатуға тырысады. Келесі белгі бойынша балалар доптардың артынан барып, құлаған кегельдерді көтереді. Әр бір ойыншы кегельдердің қанша рет құлатқанын санайды.Ойыншылардың шағын тобы 1-1,5 м-ден кем болмайтын қашықтықта  
    Балалар тордың екі жағына тұрады , одан кейін балалар допты бір-біріне тордың ар жағына лақтырады. Егер ойыншылар төртеу немесе одан көп болса, онда бір бала допты тордың ар жағына лақтырады, қағып алған бала өзінің жағында тұрған балаға допты лақтырады, ал ол өз кезегінде допты тордың ар жағына қайтарады.
Рефлексиялық түзетушілік Шеңбер бойына тұру. «Жылан» жүрісімен ирелеңдеп жүру. Нұсқаушының талаптарын орындайды.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:баскетбол ойынының элементтерін;.

Түсінеді:ойынның шарттарын.

Қолданады:доп лақтыру және екі қолмен қағып алу дағдыларын.

Наши рекомендации