Тақырып бойынша сұрақтар
1. В.Д.Менделевичтің ауытқыған мінез-құлық мәселелерін ғылыми зерттеуі.
2. Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу-профилактикалық және психологиялық түзету жұмыстарының жай-күйі.
Тақырып бойынша әдебиеттер
1. Абдулина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования.-М.1991
2. Акажанова А.Т. К вопросу о некоторых психологических аспектах субъективной стороны пеступления // Материалы МИК, 10 лет независимости Казахстана:итоги и перспективы развития. – Алматы, 2001 –С.405-409.
3. Выготский Л.Я. Вопросы детской психлогии –СПБ.:союз.1997
4. Дубрович А.Б. Воспитателю о психологии и психологигиене общения. М.1987
Дәріс 3. Жасөспірімдердің отбасы мен мектептегі педагогикалық және әлеуметтік жолдан ауытқуының теориялық-әдістемелік негіздері.
Жоспар:
1. Девиантты балалармен және жасөспірімдермен оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыру
2. Девиантты балалармен және жасөспірімдермен оқу – тәрбие жұмысының әдістемесі
Дәріс тезистері:
Ғылыми бірлестікте девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептері туралы пікірлестік жоқ. ХХ ғасырдың басында девиацияның себептері туралы биологиялық жəне психологиялық тұжырымдар кең тарады. Италияндық дəрігер Ч.Ломброзо адамның асоциалды мінез-құлқы мен биологиялық ерекшелік- терінің арасында тікелей байланыс бар деп есептеген. Ол атап көрсеткен «туа біткен қылмыскер» типі астыңғы жақ сүйегі шығыңқы, бір жерінің ауырғанына сезімталдығы төмен жəне т.б. азып бара жатқан индивидті көрсетеді. Американдық психолог У.Х.Шелтон адамның дене бітімі оның мінез-құлқын анықтайды деп есептеген. Оңалту орталығында 200 ұл балаға жүргізілген зерттеуге сүйеніп, Шелтон девиацияға атлеттік дене бітімі бар адамдар анағұрлым бейім деген қорытынды жасайды. Кейіннен психологиялық тұжырымды қолдаушылар девиацияны психика- лық ерекшеліктермен (психиканың тұрақсыздығымен, эмоционал- ды ерікті саланың дамымауымен) байланыстырды. Заманауи ғылыми жетістіктер негізінде экономикалық жəне тарихи-мəдени қарым-қатынастардан да, жеке тұлғалық талаптардан да, жеке тұлғаның девиацияға бейімделу деңгейіне септігін тигізетін факторларды табуға болатындығы даусыз деп есептеуге болады. Бұл тұрғыда əлеуметтік мəдени өмір құбылыстары туралы айту заңды. Мысалы, белгілі бір ұлттық немесе этникалық мəдениеттерде мінез-құлықтың мұрагерлік үлгілері дəстүрлер мен əдет-ғұрыптар арқылы берілуі мүмкін. Қылмыскердің отбасында тəрбиеленген балалар өз ата-аналарының немесе таныс ересек адамдардың мінез-құлық үлгілеріне сөзсіз еліктейді. Ішімдік ішу, шылым шегу, агрессивті мінез-құлық «ержеткендік» жəне «ер жүректілік» эталондарымен байланысты болады. Кейде маскүнемдік «ұлттық қасіретпен» байланыстырылады. Əлеуметтік нормалар стихиялы түрде (мысалы, дəстүр түрінде) де, мақсатты түрде де (заңдар, ережелер, бұйрықтар) қалыптасады. Мінез-құлық нормаларын бағалауда мынандай тəсілдер бөліп көрсетіледі: əлеуметтік, этномəдени, жас ерекшеліктеріне қатысты, психологиялық, психиатриялық, гендерлік, кəсіби. Кəмелетке толмағандар «Девиантология» пəнінің нысанына айналғандықтан, бізді əлеуметтік, психологиялық, гендерлік жəне жас ерекшеліктік аспектілері қызықтырады. Əлеуметтік тəсіл бейімделудің сыртқы формаларына бағытталған жəне жеке тұлға мінез-құлқының қоғамдық қаупі мен қауіпсіздігі туралы түсінік- терге негізделеді. Алайда бұл жерде индивидуалды-тұлғалық қасиеттер жəне «Мен - концепция» ескерілмейді. Психологиялық тəсіл девиантты мінез-құлықты девиантқа өз мүмкіншіліктерін (талаптарын) жүзеге асыруға кедергі жасайтын тұлғаның психо- логиялық жиынтықтарымен, оның өзін-өзі бұзуымен жəне ішкі қақтығыстарымен бірге қарастырылады. Жас ерекшелік тəсілі мінез-құлықтың жас ерекшеліктерінің шаблондары мен нормаларына сəйкес келмеуіне негізделеді. Бұлар сандық (гротексті) ауытқулар, артта қалушылық (ретардация) жəне сапалық инвер- сиялар болуы мүмкін. Гендерлі тəсіл дəстүрлі жыныстық стереотиптер мен ер адамдар мен əйелдердің мінез-құлық стильдері туралы түсініктерге негізделеді. Осы аталған түрдің девиациясына сексуалды қалаулар мен бағыттың өзгеруі жатады. Қазіргі психологияда девиантты мінез-құлық пен соған лайық заң бұзушылықтардың бастауын əлеуметтік мəдени жəне педагогикалық қараусыз қалушылықтан іздеу қалыптасқан. Бұл əлеуметтік топқа əртүрлі ұғымдар қолданылады: «тəрбиелеуге қиын», «дағдарысты», «педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған», «дезадаптивті», «қалыпты жағдайы бұзылған», «асоциалды», «делинквентті» жəне т.б. Ауытқыған мінез-құлық табиғаты əртүрлі. Мінез-құлықтағы бұзылулар тұлғаның ерекшеліктерімен тығыз байланыста қарасты- рылады. Абрумова А.Г., Жезлова Л.Я. девиантты мінез-құлық түрлерінің, əлеуметтік психологиялық тəсілге негізделген, тұжы- рымын ұсынады. Олар балалар мен жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлықтың негізгі төрт түрін бөліп көрсетеді:
1. Тəртіпке қарсы мінез-құлық;
2. Антиəлеуметтік (қоғамға қарсы);
3. Делинквентті (құқыққа қайшы келетін);
4. Аутоагрессивті мінез-құлық.
Девиантты мінез-құлықтың тəртіпке қарсы түріне оқу-тəрбиелеу мекемелерінде қалыптасқан режим мен тəртіпті бұзу жатады, мысалы: сабақтан күнделікті қалу, оқу тапсырмаларын орындаудан бас тарту жəне т.б. Антиəлеуметтік мінез-құлыққа мінез-құлықтың көпшілік мақұлдаған өнегелі нормаларын мойындамау мен орындамауға байланысты қылықтарды, оқу мен еңбек əрекеттерінен бас тартуды, кезбелікті, ерте жастан жыныстық қатынасқа түсуді, сексуалды ұстамсыздықты, ішімдік ішу, нашақорлық, улы заттарды қолдануды жатқызуға болады. «Делинквентті мінез-құлық» ұғымы кəмелетке толмағандар құқықты бұзу əрекеттерін жасаған кезде ғана қолданылады. Бұған біреудің мүлкін қорқытып тартып алу, көліктерді ұрлау сынды заң бұзушы əрекеттер жатады. Бұндай жағдайда емдеу мен оңалту мақсатында дер кезінде диагностика жасау, сонымен қатар мінез- құлықтың бұзылуының ең ауыр формалары мен баланың жеке тұлғалық дезадаптациясының алдын алу қажет. Оларға əртүрлі этиологияның көптеген психикалық күйлері, есалаңдықтың жəне мінез акцентуациясының кейбір формалары, тұлғаның психогенді шартты патомінездік жауаптары жатады. Мінез-құлықтың патологиялық емес формаларына микроəлеуметтік қараусыз қалу жəне бас тартудың, қарсы шығудың, имитацияның ситуативтік мінездік реакциялары, құрдастарымен топтасу, эмансипация, үйден қашу, құмарлық, компенсация жəне гиперкомпенсация, сексуалды құштарлық, жас кезінен жезөк- шелікке салыну жəне т.б. жатады. Тəрбиелеудің қолайлы жағдайларында жасөспірімдердің жоғарыда көрсетілген ерекшеліктерін лайық əлеуметтік жағымды əрекеттің көмегімен жоюға болады. Əлеуметтік қолайсыз жағдайларда бұл ерекшеліктер зиянды ықпалды өршітіп, негативті бағыт алады. Психологияда «қиын» бала туралы бірыңғай түсінік, оның мінез-құлқына диагностика жасау мен түзетуге жəне тұлғалық дамытуға қатысты бірыңғай тəсіл жоқ. «Қиын жасөспірім» ұғымының өзі кең тараған əлеуметтік стереотип формасына ие болған. Ең алдымен «қиын» ұғымы мен «тəрбиелеуге қиын» ұғымының ара жігін ашу қажет. Тəрбиелеуге қиындыққа тəрбиелеу əрекетіне қарсылық көрсету жатады. Тəрбиелеуге қарсылық көрсету əртүрлі себептерден туындайды, соның ішінде ақыл-ой жəне физикалық дамудың ауытқулары, педагогикалық қателіктер, қандай да бір əлеуметтік рөлге əлеуметтік бейімделу қиыншылығы, мінез ерекшеліктері, темперамент жəне басқа да тұлғалық ерекшеліктер мен асоциалды мінездің ауытқуы тəрбиелеуге қарсылық көрсетудің себептері бола алады. Тəрбиелеу əрекетіне қарсылық білдіру тек əлеуметтік қараусыз қалумен, жасөспірімнің мінез-құлқы мен санасындағы ауытқуларға байла- нысты ғана емес екендігі белгілі. Ол педагогикалық қателіктердің, оқыту мен тəрбиелеу үрдісінде жеке тұлғалық əдіспен жұмыс істей алмаудың салдарынан туындауы мүмкін. Мəселен, аса дарынды оқушы өзінің өз бетінше ойлау қабілетімен, үйреншікті шешімдермен, жекелеген құбылыстарды түсіндірумен келіспеушілігімен, дауласуға, қарсы шығуға бейімділігімен педагогқа қиындықтар тудыруы мүмкін. Оқу үрдісінде туындаған дау-жанжал педагогпен өзара қарым-қатынасқа өтіп, тəрбиелеуде қиындық тудырады. «Қиын» стереотипінде қоғамға қауіпті белгілі мінез-құлықтар бар жəне ол балалардың өздері де, ересектер де жете түсінетін толық анықталған типтік жəне əлеуметтік қасиеттер жиынтығын қамтиды. «Қиынның» мінезіндегі ерекшеліктер:
1. Өз нормалары, түсініктері, жаргондары, жалған аттары мен беделді адамдары бар белгілі бір көшелік субмəдениетке, яғни белгілі бір топқа ену. Бұл топ оның референттік тобын алмастырады жəне оның əлеуметтену үрдісін бағыттайды;
2. Мектеп, отбасы тарапынан жүргізілетін тəрбиелеу жұмыста- рына белсенді қарсылық білдіру, əлеуметтік құндылықтарды қабылдамау. Ол тек нашар оқып қана қоймайды, бұны мақтан тұтады; ішімдікті ішіп қана, темекіні шегіп, балағат сөздер айтып қана қоймайды, ол бұны мақтан етіп, батырсынады;
3. Өзіндік сананың қалыптасу үрдісі қиындайды. Ол өзінің мінез-құлқын, іс əрекетін өзі шынайы сын тұрғысынан бағалай алмайды немесе өзін формальды емес тобының ұстанымы тұрғысынан бағалайды немесе психологиялық қорғаныстың əртүрлі амалдарын қолданады.
Тəрбиелеуге қиын жасөспірімде, көзбояушылықтағы секілді, балалық шақтың психологиялық жəне педагогикалық, медициналық жəне биологиялық, əлеуметтік мəселелері бір-бірімен ұштасып жатады. Қазіргі заманғы ресейлік əлеуметтануда Я.И.Гилинскийдің ұстанымы айрықша қызықты, ғалымның пікірінше, девиацияның бастау көзі қоғамда əлеуметтік теңсіздіктің, əртүрлі əлеуметтік топтардың өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру мүмкіншіліктері арасындағы айырмашылық деңгейінің өте үлкен болуы. Жеке тұлғалық мінез-құлық деңгейіндегі девиацияның ең жалпы себебі жеке тұлғаның объективті қасиеттерінің, соның ішінде оның талаптарының, қабілеттерінің, сонымен қатар əлеуметтену үрдісінде қалыптасқан қасиеттердің қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіндегі алатын позиция талаптарымен сəйкессіздігінің нəтижесі ретінде «əлеуметтік тəртіпке келтірілмегендік» болып табылады. Əлеуметтану ғылымында жеке тұлғаның əлеуметтену тетіктері мен салаларының ара жігі ажыратып көрсетіледі. Əлеуметтену тетігі бұл адамның əлеуметтік ақпаратты қабылдайтын жəне меңгеретін тəсілдері. Психологтардың пікірінше, олардың қатарына сендіру, бейімделу, көндіру, еліктеу, басқару, үйрету жəне т.б. жатқызу қажет. Əлеуметтену салалары бұл əлеуметтік тəжірибені игеруге ықпал ететін əлеуметтік институттар. Олар макроорта (əлеуметтік қарым-қатынастар жүйесі) жəне микроорта (отбасы, мектеп, жақын тұрмыстық, достық жəне басқа қоршаған орта шеңберіндегі қарым-қатынас) болып екіге бөлінеді. Əлеуметтену үрдіс ретінде əртүрлі əлеуметтік институттармен жүзеге асырылады. Əлеуметтану институттары арнайы құрылған немесе қалыптасқан мекемелер мен органдар жүйесі. Олардың мақсаттары мен міндеттері білім беру жəне тəрбиелеу жолымен жеке тұлғаны дамыту болып табылады. Əлеуметтану институтының алғашқысы жəне бастысы - отбасы. Жеке тұлғаның өнегелі қалыптасуында отбасының ықпалы ерекше. Адамды сезіну сезімталдығы, эмоционалды зеректік, сезгіштік жəне өзге адамның жан дүниесін түсініп, жанашырлық көрсету осының барлығы отбасында, балалардың туыстарымен өзара қарым-қатынасында қалыптасады. Құқықтық сана негіздері, жеке тұлғаның санасы балалық шақ, мектепте оқу кезінде қалыптаса бастайды. Құқықтық əлеуметте- нудің маңызды агенттері отбасы мен мектеп болып табылады. Балалар мен жас өспірімдерде құқықтық сананың қалыптасуының негізгі психологиялық тетігі адам болып қалыптасу (персонификация) болып табылады. Бала үшін өнегелі құқықтық құнды- лықтар ата-анасының бойынан табылады. Атап айтқанда, олардан əртүрлі жағдаяттарда өзін-өзі қалай ұстау керек екендігін біледі, олардың əлеуметтік мінез-құлық үлгілеріне еліктеп, қайталайды. Алайда мінез-құлықтардың, өнегелі құқықтық нұсқаулардың үлгілерін меңгеру деңгейі мен тереңдігі нақты адамдарға (ата-анаға) белгілі құндылықтарды бойына сіңірген адамдарға деген баланың қарым-қатынасы деңгейіне тəуелді. Ата-анасына деген, кейін ұстаздарына деген жағымды эмоционалды қарым-қатынас жағдайында бала қарым-қатынас үрдісінің нақты мазмұнын меңгерумен ғана шектелмейді, сонымен қатар олардың заттарға, құбылыстарға жəне т.б. деген қарым-қатынастарын да ұғынады. Негізгі өнегелі құқықтық санаттар жақсылық пен жамандық, əділеттілік туралы түсініктер осылай қалыптасады. Мектептегі құқықтық əлеуметтену екі бағытта жүзеге асады. Біріншіден, бұл арнайы сабақтардағы тікелей құқықтық əлеуметтену, бұндай сабақтарда оқушыларға мемлекеттік құрылым, құқықтың қоғам өміріндегі орны мен қызметтері туралы айтылады, азаматтардың құқықтары мен міндеттері жəне т.б. туралы түсіндіріледі. Екіншіден, құқықтық əлеуметтенуге оқушылардың құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулері септігін тигізеді. Осы аталған кездесулерде оқушыларға құқықтық нормаларды бұзбау қажеттілігі түсіндіріледі жəне соттық тергеу əрекеттерінің мысалдарына сүйеніп, заң бұзушылықтың салдары таныстырылады. Біздің елімізде тікелей құқықтық əлеуметтендіру мектеппен ғана шектелмейді. Бұндай жұмыстар еліміздің барлық жоғары оқу орындарында жалғастырылып, студенттер құқық негіздері жəне заң психологиясы жəне т.б. сияқты пəндерді оқиды. Қиын жасөспірімнің жеке тұлға ретінде қалыптасуының маңызды факторы отбасындағы жағымсыз жағдайлар болып табылады. Ата-аналар жасөспірімдермен қарым-қатынасты жиі ауырсынып, кей кезде «дұрыс» тəрбиелеуге кіріседі, түсініктемелер талап етеді, дауыс көтереді, қорқытады. Бұндай ата-аналардың балалармен қарым-қатынасы кездейсоқ, ауық-ауық орын алтын əрекет сипатында болады. И.С.Конның айтуынша, жас өспі- рімдердің мінез-құлықтарының əлеуметтік немесе психологиялық аспектілерінің барлығы өмірдің қазіргі немесе өткен кезеңіндегі олардың отбасылық жағдайларымен тығыз байланысты болады. Əке мен ананың бала тəрбиелеу əдістеріндегі ымырасыздығы жасөспірімге не жақсы, не жаман, нақты жағдайда кімдікі дұрыс, ата-ананың қайсысына сену қажет, кімді тыңдау керек екендігін дұрыс ұғынуға кедергі жасайды. Ата-анаға деген абырой мен сый-құрметті жазғырумен немесе жанашырлық сезімге шақырумен қалыптастыра алмайды. Бедел байыпты, парасатты, адал жолмен жүзеге асқан қарым-қатынас нəтижесінде бірте-бірте өседі. Жасөспірімдер ата-анасының сөздері мен іс-əрекеттерін олардың кəсіби дəрежелері мен білім деңгейлерімен салыстыруға бейім. Жасөспірімдік кезеңде ата- аналардан ерекше психологиялық түйсік пен педагогикалық мəдениет талап етіледі. Бұл ата-анаға жасөспірімдермен өзара қарым-қатынас сипатын дер кезінде өзгертіп, жасөспірімдерге өмірлік тəжірибесі мен өзінің біліктілігінің арқасында олардың өздері дұрыс шеше алатын мəселелерге қатысты іс-əрекеттеріне еркіндік беру қажет. Ата-аналар мен жасөспірімдердің арасындағы қарым-қатынас сипаты олардың қарым-қатынасының өмірлік болашағына қатты əсер етеді. Үлкендер балалардың орнына бірдеңені жиі жасай салуға тырысады не бəрін жасай салады немесе олардың іс- əрекетін, əр қадамын қадағалап, кірісіп отырады. Бұндай жағдайда жасөспірімде таңдау болмайды, оларға өз бетінше шешім қабылдаудың қажеті жоқ болады. Осыдан өмірде кездесетін əр алуан жағдайлармен бетпе-бет келгенде дəрменсіздік, тұрақсыздық пайда болады. Жасөспірімнің мінез-құлқын анықтайтын негізгі мотив, өз ісінің дұрыстығын дəлелдеуді қалау бұндай тыйымдар атмосферасында жүзеге аспай қалады. Осының кесірінен өзара қарым-қатынас босаңсып, тіпті нашарлап кетуі мүмкін. Ата-аналар жасөспірімдердің өздерінің пікірін елемеуін, олардың нұсқауына қарсы əрекет етуін, олардың бақылауына қарсылық көрсетуін байқайды. Психологиялық шиеленісушілік атмосферасы, отбасында кикілжіңдердің жиі болуы балаға қатты əсер етеді жəне жиі бірден теріс əсер етеді. Бұндай күйде балалар ықпалға тез көнеді, өйткені олар ішкі күйзелісінен арылуға тырысады. Отбасындағы сəтсіз жағдайлар əртүрлі болады ұрыстар мен өзара түсініспеу- шіліктер, жасөспірімге деген ата-ана мейірімінің жетіспеушілігі. Өмірдің əртүрлі кезеңінде осы факторлардың əрқайсысы келең- сіздік тудыруы мүмкін, бірақ олардың ықпалы əртүрлі болады.