Taқыpыбы: МЕН БАҚЫТТЫ БАЛАМЫН

Мақсаты: «Бақыт», «қуаныш», «сүйіспеншілік» кұндылықтарының мағынасын түсіндіру.

Міндеттері:

- «бақыт», «қуаныш», «сүйіспеншілік» туралы түсінік беру;

- адами қасиеттерін дамыту;

- сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Oқy ic-әpeкeтiнiң көpнeкiлiктepi :Көрнекі кұралдар: дәптер, «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: Бақыт деген - сенің бала кездерің.

М. Мақатаев

  Ic-әpeкeт бөлiмдepi Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi Бaлaлapдың ic-әpeкeтi
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy Шаттық шеңбері Тәрбиеші балалармен бірге Ө. Тұрманжановтың төмендегі өлең жолдарын қайталап, бір-біріне әдемі күлкілерін сыйлайды: Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік! Әңгімелесу • Балалар! Қалай ойлайсыңдар, «бақытты бала» деп кімді айта аламыз? Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қорытындылайды. - Дұрыс айтасыңдар! Өз отбасы, достары бар, денсаулығы мықты баланы бақытты бала деп айтамыз.   Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік!  
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy Әңгімелесу • Балалар! Қалай ойлайсыңдар, «бақытты бала» деп кімді айта аламыз? Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қорытындылайды. - Дұрыс айтасыңдар! Өз отбасы, достары бар, денсаулығы мықты баланы бақытты бала деп айтамыз.   Н.Қадырбаев Бақыт, Серік, Ербол - бір көшенің тұрғындары. Үшеуі бірге оқиды. Сабақ беретін апайын бәрі де жақсы көреді. Бірде апайы адам есімдерінін мәні жөнінде тәрбие сағатын өткізді. - Ербол есімі - азамат бол, ер жігіт бол деген мағынаны білдіреді, - деді апайы. Ал Серік атауы- дүниеге келген перзентке серік болсын деген ниеттен туған, - деді. - Бақыт деген ше? - деді Бақыт қызыққаннан жасыра алмай. - Бақыт - бұл әр баланың ой-арманының орындалуы. Қуанышты күй кешуі. Сол ниеті іске асса, бақытқа қоллы жеткені. Әркімде арман да, ой да көп. Сондықтан, бақыт та сан алуан, - деді апайы. Бақыт үйіне келді. Атасынан: - Ата, бақыт деген не? - деп сұрады. - Сенің аман-сау жүргенің - мен үшін бақыт, айналайын. Бақыттың үлкені - осы. - Апай: «Бақыт деген әр баланың ой-арманының орындалуы», - деді. Менің арманым - сіздің жасыңыз жүзге жеткенін көру, - деді Бақыт. - Арманыңа жет, - деді атасы немересінің шын пейіліне шаттанып. Бақыт үшін осы сәт нағыз бақыт еді. • Бақыттың атасы немересіне «бақыт» дегенді қалай түсіндірді? • Ойланайық, бақыт деген не? Қалай түсінесіңдер? • Бақытты болу үшін не істеу керек? Балалардың жауаптары тыңдалады. Дәйексөз Тәрбиеші балаларға М.Мақатаевтың «Бақыт деген — сенің бала кездерің», — деген өлең жолдарын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді. - Бақыт- сенің балалық шағың, денің сау болып, асыр салып ойнағаның. Сергіту сәті. Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қөзғалыстар жасалады.     Балалардың жауаптары.   Жаттау Бақыт деген не? С. Оспанов Айтшы, білсең егер де, Папа, бақыт деген не? Бақыт деген, шырағым, Мына әсем тұрағың. Ну ормаңдар, Гүл бағы, Күннің күліп түрғаны. Бақыт – дәні далаңның, Алақаны анаңның. «Ботам» деуі әжеңнің, Тыныштығы әлемнің! Қайда бақыт мекені, Қалай оған жетеді? Адал еңбек етесің! Сонда ғана жетесің! Көрінбейтін көзіңе, Сонда оның өзі не?! Бақыт деген, сөзім шын – Айналайын, өзіңсің! Өзіммен-өзім Балалар жайғасып отырады. Үнтаспадан жайлы әуен ойналады. - Қане, бәріміз өзіміздің ең бақытты, ең қуанышты сәттерімізді елестетіп көрейікші. Бәріміздің көңілдеріміз шаттыққа толы, көтеріңкі. Дәптермен жұмыс - «Мен бақытты баламын, өйткені...» деген сөйлемді толықтырып, гүл кұлтелеріне үлкендермен бірге жазыңдар. Суретті бояңдар. Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір. Біз бақытты баламыз, Гүл-гүл жайнап жанамыз. Жаттығулар жасасақ, Жақсы сергіп қаламыз. Ғажайып сөздер Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады. - Бақыт - қуаныш. - Бақыт - сүйіспеншілік.  
Қорытынды. Түзету жұмыстары. Қорытындылау - Бүгінгі сабақта біз бақыт дегеніміз - ой-арманның орындалуы, қуанышты сәттің көп болуы, біздің әсем тұрағымыз, деніміздің саулығы екенін білдік. Біз өмірдің гүліміз Зеңгір көктен Нұрын төккен, Ортақ біздің күніміз. Жайнап өскен, Жайдарлы өскен Біз өмірдің гүліміз. Бал достықка, Жолдастыққа Шақырады әніміз. Тыныштықта, Жолдастықта Бақыттымыз бәріміз. Ә.Дүйсенбиев   Жүректен жүрекке Тәрбиеші балалармен бірге Ә. Дүйсенбиевтің «Біз— өмір-дің гүліміз»әнін хормен айтады.  

Kүтiлeтiн нәтижe:

Бiлyi тиic:«Бақыт»сөзінің мағынасын білуі тиіс.

Tүciнiгi:«бақыт», «қуаныш», «сүйіспеншілік» туралы түсінінеді.

Kөpceтe бiлyi: Жағымды қасиеттер көрсете біледі.

Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдаcтыpылғaн oқy ic-әpeкeтiнiң тexнoлoгиялық кapтacы.

Бiлiм бepy салаcы:Таным.

Наши рекомендации