Жалпы және арнаулы мүмкіндіктер диагностикасының құрылымын түсіндіріңіз.

«Диагностика» оқыту тәжірибесіндегі «білім, білік, дағды, іскерлікті тексеру» ұғымын қамтығанымен, одан мазмұны, мақсаты жағынан ауқымды. Білім, білік, дағдыны іскерлікті тексеру тек нәтижені, фактіні ғана көрсетеді. Психодиагностика психология ғылымының бір саласы ретінде XX ғасырда қарқынды дами бастады. Қабілет негізінен екіге бөлінеді.Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын кабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады. Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті, арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының ақын-жазушының т.б. қабілеттерін жатқызуға болады. Дарындылық – бұл қабілеттердің шоғырлана көрінуі, адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерінде басқа адамдармен салыстырғанда жоғары жетістіктерге жету мүмкіндігін анықтайтын жүйелі, өмір сүру барысында дамитын психикалық қасиеті. 1869 жылы Гальтон интеллект деп атаған ерекше тапқырлық көрсеткен, ойы ұшқыр, креативті адамдар туралы жазған алғашқылардың бірі болып саналады. Терман (1925) интеллект терминнің түсінігін ары қарай кеңейтіп, дарындылықты интеллект коэффициенті негізінде сипаттап, сол арқылы интеллектіні тест арқылы анықтады. Интеллектінің жоғары коэффициенті баланың есейгендегі жетістіктерін болжауға мүмкіндік береді деген қағиданы қалыптастырды. Қабілетті диагностикалау үшін қабілет мәселесіндегі негізгі «Дарын», «Даралық», »Талант» ұғымдарының арақатынасын ескеруді қажет етеді. Дарындылық феноменін зерттеуде қазір «төңкеріс» немесе «жарылыс» кезеңі байқалуда. Бұл проблеманы зерттеуге көптеген шетел ғалымдары Мелхорн Г., Мелхорн Х, Гилфорд Дж., Мейснер Т., және Ресей психологтары (А.М Матюшкин, В.С. Юркевич, В.М. Теплов, В.Э. Чудновский, Ю.Д.Бабаева, Қазақстандық зерттеушілер У.Б.Жексенбаева, Л.М.Нарықбаева, т.б елеулі еңбек сіңірді. Сонымен, дарындылық, қабілет түсініктерін қарастыратын болсақ, дарындылық- қабілеттің көрінісі, оны анықтағанда мына белгілерге сүйенген жөн: көп жағдайларда қабілеттің дамуы туа біткен ерекшеліктерге, нышандарға байланысты;қабілеттер тек қозғалыс, даму үстінде жүріп отырады, яғни белгілі бір іс әрекет түрін орындауға мүмкіндік береді; қабілет адамның бойында қалыптасқан дағдыларға бірікпейді (Б.Ф.Теплов, 1957)Даралық ерекшелік психологиясы - қабілеттің дамуына қаншалықты дәрежеде тұқым құлаушылық пен қоршаған орта, тәрбие мен оқытуды анықтай алатындығын қарастырады. А.Анастази бойынша: «Даралық ерекшелік тұлғаның тұқым қуалаушылық сан қырлы және күрделі байланыстары мен оның қоршаған ортасына қарай қалыптасады немесе туындайды. Тұқым қуалаушылық тұлғаның қылығына, тәліміне тікелей әсер етеді. Мұнымен қатар тәлім-тәрбиенің әрі қарай дамуы қоршаған ортаға байланысты болады» Тұқым қуалаушылық пен қоршаған ортаның рөлін, олардың адамның психологиясы мен тәртібіне (өзін өзі ұстауына) қалай әсер ететіндігін салыстыра отырып оқып-үйрену үшін мына әдістерді жүргізеді: 1. Әр түрлі әлеуметтік топта, жанұяда, аймақта өскен балаларды жанжақты зерттеу. Тәрбие мен оқытудың талаптарын жүйелі түрде вариерлеу.2. Гомозиготты және гетерозиготты егіздердің психологиясы мен мінез-құлықтарын салыстыра отырып зерттеу. Қабілеттің жалпы теориясын зерттеуге үлкен үлес қосқан ғалым Б.М.Теплов өзінің 1941ж. „Қабілет және дарындылық“ атты еңбегінде қабілеттілік ұғымына үш басты сипатты белігіледі: біріншіден, қабілеттілік бір адамды екіншісінен айырып тұартын жеке психологиялық ерекшеліктер; екіншіден, қабілет деп барлық жеке ерекшеліктерді емес, іс-әрекетті немесе көптеген іс-әрекеттерді орындауындағы жетістікке қатысы бар ерекшеліктер; „қабілет “ ұғымы адамдағы өңдірілген білімге, дағды мен икемге апармайды. Қабілеттерді зерттеуде ғалымдар әр түрлі тәсілдерді қолдана отырып, оны:

төрт топқа бөледі:1- сенсорлы.2- техникалық.3- моторлы.4- кәсіби.

10.Әлеуметтік- педагогикалық диагностиканы компьютерлендіру жолдарын дәлелдеңіз.

Психологиялық диагностиканың компьютерленуі дегеніміз соңғы ақпараттық жетістіктердің жан жақты дамуына байланысты диагностика жасаудың барлық адамдарға тиімді әрі қол жетімдігі. Компьютер арқылы қажетті диагностикалар жаилы ақпарат алуға мүмкіндіктің мол болуы. Интернет желісі арқылы тренингтер мен әр түрлі жаттығуларды жасау, өткізудің тиімділігі. Онлайн жүедегі ашық сұхбаттармен әңгімелер жүргізудің қол жетімділігі т.б.

Экспериментальдыәлеуметтік -педагогикалық диагностика әдістердің дамуында әлеуметтік -педагогикалық диагностика хабар алудың стимуляциясын тіркеуде және өңдеуде техникалық құралдар негізгі орын алады. Компьютерді қолдану практикалық әлеуметтік -педагогикалық диагностика тұрғысынан қарағанда бірнеше тиімділіктерге қол жеткізеді:

1. Дәстүрлі әлеуметтік -педагогикалық диагностика эксперименттің ескішіл тәсілдерін жеделдету (автоматизациялау). Оларға зерттелетін адамның жауаптарын тіркеу , хаттама жүргізу , нәтижелерді шығарып беру және т.б. жатады. Мұндай жеделдетудің арқасында әлеуметтік -педагогикалық диагностиканың стандарттық деңгейі жоғарылайды , диагностика мәліметтерді алудың жылдамдығы мен нақтылығы жоғарылайды.

2. Көпшілік әлеуметтік -педагогикалық диагностика зерттеуде қысқа мерзімде өткізу.

3. Әлеуметтік -педагогикалық диагностика зерттеулердің жаңа түрлерін реализациялау :

жаңа стимулдарды генерирация өткізу мүмкіншілігі;

стимулдық жүйелікті ұйымдастыру;

зерттелетіндердің реакция параметрлерін тіркеу;

әлеуметтік -педагогикалық диагностика әдістемелерін копьютер ойындары ретінде бейнелеу;

статикалық стимулдарды (мәтіндерді, суреттерді) жылжымалы динамикалық объектілерге өзгерту және т.б.

4. Әлеуметтік -педагогикалық диагностикадағы жаңа бейнелерді ажырата білу, алгоритімдердің жаңа түрін шығару, жасанды интелекттердің әдістерін шығару.

Жоғарыда аталған тиімділіктер тек қана компьютерлік технологияларды қолданғанда пайда болады. Компьютерлік зерттеулерді барлық жағынан жақсы деп айтуға болмайды. Зерттелетін адамда компьютермен жұмыс істегенде «психологиялық тосқауыл» эффекті пайда болуы мүмкін. Сондықтан психологиялық зерттеулердің жеделдетілген жүйесі ресстандартизациядан өту керек.

Компьютерлік әлеуметтік -педагогикалық диагностиканың дамуының үш негізгі бағытын анықтауға болады.

1. Әлеуметтік -педагогикалық диагностика мәліметтердің даму базасын құру;

2. Әлеуметтік -педагогикалық диагностика информация анализінің тиімді әдістерін құру;

3. Интеллектуалдық әлеуметтік -педагогикалық диагностика жүйесін құру;

Әлеуметтік -педагогикалық диагностика мәліметтердің базасы:

Мәліметтер базасының негізгі мақсаты информацияны қайталауды эою және әртүрлі информацияның ішкі түсінігін информациялау болып табылады. Біріншіден, мәліметтер базалары шексіз информацияны және мәліметтерді жинап, сақтауды мүмкіншілік береді. Екіншіден, мәліметтер базалары зерттелетін контингенттердің статистикалық мінездемелерінің оперативті анықтауларды жүргізуге мүмкіншілік береді.

Әлеуметтік -педагогикалық диагностика мәліметтердің анализінің компьютерлік әдістері. Мәліметтердің компьютерлік анализі информацияны шығарудың әдістерінің жиынтығынан тұратын кең сала.

Қазіргі заманның компьютерлері әлеуметтік -педагогикалық диагностика информацияның күрделі құрылымын толық есепке алады.

Интеллектуалдық әлеуметтік -педагогикалық диагностика жүйелер.

Қазіргі компьютерлер бағдарламашылардың негізгі еңбегін өздері атқарып, басқа салаларды да тиімдін. Бұл бағыт жасанды интеллектті зерттеу негізінде 80-жылдары пайда болған. Бұл бағыттың аты интеллектуалдық жүйелердің өндірісі. Интеллектуалдық жүйелер интеллектуалдық есептерді шешуге арналған. Олар мәтінді түсініп құрастыру есептерін табиғи түрде шешіп тіл түсінуімен синтезі, бейнелеудің анализі, синтезі және өңдеуі болып табылады.

Ертегі терапиясы

Адамзат дамуындағы тәжірибелік психологияның ең көне әдістерінің бірі және қазіргі заманғы ғылым тәжірибесіндегі жаңа, жас әдістердің бірі болып табылады. Көптеген зерттеу жұмыстары көрсеткендей - ертегідегі теңестірулер, яғни, метафора, адамның бейсаналы күйіне тікелей әсерін тигізеді. Ескеретін жағдай, метафора әсері терең әрі тұрақты деңгейде жүреді. Метафоралық ғажайып әсерлер жеке тұлғаның өзіндік, жекелік ресурстарын белсендіре түседі. Көптеген образдар, метафора тілдері қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас орнатудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, адам санасын оятып, белсендіреді.

Ертегі терапиясын жүргізудің негізгі ерекшеліктерінің бірі

Клиент пен терапевттің жоғары деңгейде өзара әрекеттесуі. Психологиялық, мәдени, педагогикалық мәселелер адами, рухани құндылықтарға бағыттала, жекелік потенциялдарға сүйене отырып талқылынады.

Ертегі терапиясын сол себепті адамның рухани жан дүниесіне үйлесе отырып тәрбиелейді деп айтады. Көптеген адамдар ертегі терапиясын балалармен ғана жүргізу керек деп айтады. Соның ішінде мектеп жасына дейінгі балалармен. Бірақта, психологиялық қызмет барысында ертегі терапиясын қолданғанда адамның жасы мүлдем шектелмейді.

Ертегі терапиясының жетекші идеялары :

• өміріндегі мүмкіндіктері мен өмірінің құндылығын, өзіндік потенциалдарын сезіну;

• оқиға мен амалдардың себеп-салдарын түсіну

• қоршаған ортаны түйсінудің әртүрлі стильдерін танып-білу;

• қоршаған ортамен өзара жасанды әрекет ету;

• үндестік пен күшті сезіну

Жасөспірімдер мен ересектерге ертегі терапиясының когнитивті және творчестволық аспектілер ерекше маңызды.Ертегіге талдау жасау рухани құндылықтарға жанасуды, күнделікті жағдайларға қатысты көзқарасты өзгертеді немесе едәуір байытады.

Әрбір жағдайда, әрбір кеңес беру кезіне сәйкес келетін ертегілер таңдалып алынады немесе арнайы құрастырылады. Бұл ертегі терапевтерінің оқыту тақырыбы болады. Әртүрлі образдағы ертегілер клиентке әртүрде ұсынылады: ертегіні талдау, ертегіні айтып беру, шығарма, қуыршақ дайындау, драматизация, сурет салу, ойындар, медитация және т.б.

Наши рекомендации