Тақырып. Девиантты мінез - құлық туралы түсінік және оның туындау себептері

Девиантты тәртіп психологиясы пәнінен дәрістер жинағы

І модуль. Девиантты мінез-құлық туралы ұғымды талдаудың жай күйі

тақырып. Девиантты мінез - құлық туралы түсінік және оның туындау себептері

Жоспар:

1. Девиантты мінез-құлық туралы түсінік

2. Девиация типтері және басты тұжырымы.

3. Жеткіншек балалар арасындағы девиант және оларға әлеуметтік – педагогикалық көмек.

Дәріс тезистері:

Қазіргі уақытта әлемдегі барлық проблемалар түптеп келгенде экономикалық қал – жағдайға келіп тіреледі. Бұл ретте экономикалық жақтан гүлденіп, дамыған, дамып келе жатқан және даму жолына түскен, не болмаса артта қалған мемлекеттердің қай-қайсысында болмасын ерекше мән беруді талап ететін жеке адамдар мен топтар кездеседі. Айталық, ертедегі Спарта қоғамында ауру туған балаларды «өзіне де, басқаларға да зиянынан басқа пайдасы жоқ» - деп дереу көзін жойып жіберген.

Батыс Еуропа мемлекеттерінде және АҚШ – та ерекше көмекке мұқтаж адамдарды бір ұйымға біріктіріп, «проблемалы адамдарға» немесе «мүмкіндіктері шектеулі адамдар» деген мәртебемен барлығына бірдей өмір сүру шарттарын түзіп, кемістіктері мен ауытқуларына қарай әр түрлі іс шаралар қарастырылады.

ЮНЕСКО – есептеуіне сүйенсек, әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдардың саны жылдан-жылға көбеймесе азаймайды екен. Осылайша қоғамда әдеттегі «қалыпты» дамыған адамдар мен қатар, одан ауытқыған адамдардың болуы заңдылық ретінде қарастырылады. Әр түрлі теріс әрекеттерге душар болған, мысалы, қылмысқа барған, ұрлық, қарақшылық зомбылық, маскүнемдік, нашақорлыққа салынған. Алғашқылардың арасында қоғамға пайдасынан зияны көп тиетіндері ерекше әлеуметтік қадағалу мен тәрбиені талап етеді. Сондықтан бұл жерде сол қалыптан тыс теріс ауытқудағы адамдармен жұмыс істеу қарастырылады.

Осылардың ішінде аса қауіпті қылмыскерлер, өз басына не басқаларға қауіпті іске баратындар, қоғамдық тәртіпті бұзушылар, заңсыз әрекеттерге баратын алаяқтар мен ұрылар, басқа да заң бұзушылар «қалыптан» ауытқушылар қатарына қосылады. Әлеуметтану ғылымында бұнда әрекеттерді «девиация» (ауытқу - отклонение). Ол кезегінде істелген іс – әрекеттің сипатына және қоғамға тигізген зиянына байланысты, бірнеше топқа жіктеледі: Девиантты, деликвентті және криминалды жүріс – тұрыс.

Девиантты жүріс – тұрыс - бұған қалыптан ауытқудың бір түрі ретінде әлеуметтік жүріс – тұрыс ережелерін бұзған балалар мен ересек адамдар, жастар мен жасөспірімдер және жеткіншектер тарапынан істелген тәртіпсіздіктерді жатқызады.

Делинквинтті жүріс – тұрыстың девиантты қылықтардан айырмашылығы – тәртіп бұзушылық әдетке айналып, үнемі қайталанып, тұрақты мінез – құлық стереотипіне айналуы және соған қарамастан қылмысқа тартуға не жазалауға істеген күнәсін дәлелдеуге факты жетпеуі, не болмаса жасының жетпеген жеткіншек балалар кіреді. Деликвинтті жүріс – тұрыс түрлерін төмендегідей топтастыруға болады:

- Белгілі бір тұлғаны кемсіту мақсатында істелген қаскүнемдік пен зорлық, қорлау, ұрып – соғу, кемсіту, өртеу, сындырып, бүлдіру.

- Жеке басының мүддесі ұсақ – түйек қылмыстар жасау, мысалы, ұрлық істеу, біреудің машинасын не басқадай дүниесін тартып алу , т.б.

- Наша секілді зиянды заттарды тарату және сату.

Криминалды жүріс – тұрысқа құқық бұзғандар жатқызылады. Қылмыстары девиантты немесе деликвинтті сипатта жіктелетін балаларды жас ерекшелігіне қарай заң бойынша жазалау қарастырылған.

Қоғамдық тәртіптің қалыбынан шығу, ауытқуына қарай төмендегідей сипаттамалар беруге болады:

- Қылмыс түрлері мен сипатына қарай;

- Деңгейі және көлеміне немесе масштабына қарай – жеке, ұйымдасқан топтық, көпшілік болып бөлінеді;

- Құрылымына қарай – әлеуметтік топ, балалар, жеткіншектер, қыздар, қылмыстық топтар;

- Қоршаған ортаға байланысты – отбасындағы келісе алмаушылықтан, зорлық пен жәбірлеу, ұрып – соғу немесе өз басына байланысты.

Девиация типтері және басты тұжырымы. Дене кемшілігі барлар қатарына: туа біткен дене кемшілігі бар техногендік немесе тұрмыстық жағдайлардан мүгедектер қатарына қосылғандар, тұқым қуалайтын не жұқпалы ауруға ұшырағандар, табиға апаттар мен құбылыстардың салдарынан денесі не психикасы зақымданғандар кіреді.

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы 1980 жылы қабылданған тұжырымдаманың британдық варианты бойынша дене кемістігіне байланысты топтастырудың үш түрі бар:

1. Туа біткен және созылмалы ауруға ұшыраған адамдар - физиологиялық, анатомиялық және психикалық қызметі бұзылып еңбекке жарамсыз болып қалғандар.

2. Қабілеті шектеулі адамдар – өз алдына іс – әрекетке бара алмайтындар мен кемтарлық нәтижесінде іс қимылы шектеулі, адамдар.

3. Мүгедектер – өз алдына күн көре алмайтын, басқа бір адамдардың көмегіне күнделікті мұқтаждар.

Дене кемістігі немесе мүгедек, психикасына зиян келгендер немесе психикалық ауытқулары барлар педагогикалық және әлеуметтік ауытқулар деп мына кестедегідей қарасытуға болады.

Дене кемістігі Психикалық ауытқулар Педагогикалық ауытқулар Әлеуметтік ауытқулар
Созылмалы не туа біткен аурулар, көруі, естуі нашар, аяғы кемтар не мүгедектер, т.б. Ырық эмоциясы нашар, ақыл есінен ауытқыған жүйке жүйесіне зақым келген, санасының дамымауы, сезімінің бұзылуы, т.б. Оқуға қызықпау, білім алмай қалуы, кәсіпке ие болмауы не қызықпауы, тәрбиедегі кемшіліктер, т.б. Жетімдік, маскүнемдік, нашақорлық қараусыз қалу, қылмыскер, үйден қашу, тәртіп, заң, құқық бұзу, т.б.

Девиациялық мінез – құлықтың қалыптасуы қоғамдық ортаның әсерін зерттеген фр. Психологы Э.Дюркгейм (1858 - 1917) «Анома» теориясын жасаған . Анома - мемлекеттің өз азаматтарының жүріс - тұрысын басқара алмай қалуын білдіреді. Анома сөзі грек тілінен аударғанда заңсыз қалыпсыз, басқарусыз деген мағынаны білдіреді. Бұл теория бойынша қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ететін басты фактор – ондағы адамдардың береке бірлігіне байланысты.

Жеткіншек балалар арасындағы девиант және оларға әлеуметтік – педагогикалық көмек. Әлеуметтік педагогикада жасөспірімдер арасындағы девиацияның басты себептері осы жас кезеңіндегі ерекшеліктерімен байланыстырады, өйткені жеткіншектер қоғамдағы жақсы жаман нәрселерді барлығын лакмус қағазындай өз бойына жылдам сіңіріп алады. Педагогикалық және жас ерекшеліктері психологиясында осы жас кезеңін «өтпелі», «тұрақсыз», «күрделі» дейді.

Баланың мінез-құлқының қалыптасуына тигізетін әсерін әлеуметтік педагогикалық мәселе тұрғысынан қысқаша былай көрсетуге болады:

1. Баланың анатомиялық және физиологиялық дамуы талапқа сай келмейтін жағдайларда өтсе, оның әлуметтенуі күрделенеді.

2. Психологиялық факторлар: Жүйке жүйелерін қозу және тежеу үрдістерінің әлсіздігі, мінез – құлқының жылдам бұзылуы, психопатия, психиатриялық не дәрігерлік көмекке мұқтаждық.

3. Әлеуметтік педагогикалық факторлар: отбасындағы, қоғамдағы, мектептегі тәрбиенің кемшілігі мен қателіктері баланың жеке және жас ерекшеліктерінің ескерілмеуі, білім алуға қызықпауы және үлгермеуінің нашарлығы.

4. Әлеуметтік экономикалық факторлар. Қоғамдағы адам құқықтарының бұзылуы мен әділетсіздік, адамдар арасындағы материалдық экономикалық айырмашылық, жалпы көпшілік халықтың кедейленуі, еңбекақының жеткіліксіздігі әлеуметтік ахуалдың нашарлауы да девиантты мінез құлықтың туындауына алып келеді.

5. Құлықтық әдеп факторлары. Қоғамдағы адамддардың жүріс тұрыс мәдениетінің төмендеуі мен көпшілік ортада өмір сүру ережелерінің сақталмауы құлықтық әдеп құндылықтарының жоғалуы, ізгілік пен мейірім, физиологиялық, психологиялық дамуы, әлеуметтік ахуалының өзгеруімен сипатталады.

Бақылау сұрақтары:

1. Девиация дегеніміз не? Олардың типтері.

2. Жеткіншек балалар арасындағы девианттық мінез-қлыққа сипаттама беріңіз

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Халитова І.Р. Әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелері. Алматы, 2006

2. Акажанова А.Т. Девиантология. Алматы 2009

3. Абдулина О.А.Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования -М.1991

4. Керимов Л.К. Қиын балалар болады неге?/Алматы: Қазақ елі 10 қараша, 2004

Наши рекомендации