Кешкі (ауысымды) мектептіҢ 2016-2017 оҚу жылына арналҒан оҚу жоспарына тҮсінік хат

Мектептің оқу жоспары білім беруге бағытталған міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыруда нормативті-құқықтық база негізінде жасалды.

2016-2017 оқу жылында ҚР Үкіметінің 23 тамыз2012 жылғы № 1080 Жарлығымен бекітілген ҚР МББС және ҚР Білім және ғылым министрлігінің 20 желтоқсан 2012 жылғы №557 және 8 қараша 2012 жылғы № 500 бұйрығымен бекітілген типтік оқу жоспарлары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 3 сәуір 2013 жылғы №115 бұйрығымен бекітілген орта мектептерге арналған оқу бағдарламалары, таңдау бойынша курстар мен факультативтер бойынша типтік оқу жоспарлары,«Кешкі (ауысымды) жалпы білім беретін орта мектептің оқу жоспарын бекіту туралы» №565 (№2 қосымша) бұйрығымен бекітілген Базистік оқу жоспары, «2016-2017 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік-нұсқау хаты нормативтік құжаттар болып табылады.

Қазақ тілінде оқытылатын 8-11сыныптар

Орыс тілінде оқытылатын 8-11 сыныптар жоспары

2016-2017 оқу жылында жұмыс оқу жоспарына 27.08.2016 ж. №1 Педагогикалық кеңес шешімімен қоғамдық пәндер циклі бойынша өзгерістер енгізілді, атап айтқанда, «Адам және қоғам» пәнін (17.11.1998ж. №565 Базистік оқу жоспары, №2 Қосымша), ЖММББС 2013 көрсетілген (08.11.12ж. №500 бұйрық 9 Қосымша) қоғамдық пәндерге бейімдеу мақсатында 11 сыныптағы 2 сағат «Адам және қоғам» пәнінің орнына «Адам. Қоғам. Құқық» пәні енгізілді (аптасына 2 сағат: 1 жарты жылдық – 10 сынып бағдарламасы, 2 жарты жылдық – 11 сынып бағдарламасы).

2016-2017 оқу жылында жұмыс оқу жоспарына математикалық пәндер циклі бойынша, атап айтқанда «Астрономия» пәні бойынша өзгерістер енгізілді. 9-11 сыныптарға арналған «Физика» пәні бойынша жаңа оқулықтарда («Мектеп» баспасы) «Астрономия» тарауы қарастырылғандықтан, Педагогикалық кеңес шешімімен 1 сағат астрономия пәнінің есебінен оқушылардың рухани-адамгершілік тұлғасын дамыту, жалпы адами құндылықтарды меңгеруіне ықпал ету мақсатында 11 сынып оқушылары үшін оқу жоспарына базалық пән ретінде 1 сағат көлемінде «Өзін-өзі тану» пәні енгізілді.

ҚР БҒМ-нің 08.11.12ж. «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспарларын бекіту туралы» №500 бұйрығы ҚР БҒМ-нің 25.07.13ж. №296 бұйрығымен толықтырылды (1-2 бөлім). Осы бұйрықта кешкі мектептер үшін әр сынып бойынша апталық сағат жүктеме қарастырылған, бірақ кешкі мектептер үшін жеке Типтік оқу жоспарлары берілмеген, сонымен қатар Білім және мәдениет министрлігінің 17.11.1998 жылғы №565 бұйрығы қолданыстан алып тасталмағандықтан, біздің ЖММББС (ГОСО) 2013 көшу мүмкін болмай отыр.

Оқушылардың рухани-адамгершілік тұлғасын дамыту, жалпы адами құндылықтарды меңгеруіне ықпал ету, сондай-ақ Білім басқармасының 03.04.13ж. «Инварианттық компонент есебінен «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу» туралы №115 бұйрығын орындау мақсатында инварианттық компонент есебінен 8-11 сыныптарда «Өзін-өзі тану» пәнін апталық 1 сағат жүктемесі көлемінде негізгі пән ретінде енгізілді. «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту орта мектептерге арналған оқу бағдарламаларына сәйкес (Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО ҚР Білім және ғылым министрлігінің 03.04.13ж. № 115 бұйрығы) жүзеге асырылады.

Факультативтік курстар:

1. ҚР Президентінің 10.02.2000 ж. «Терроризм және экстремизмнің белең алуын ескерту және алдын алу шаралары туралы» №322 Жарлығын жүзеге асыру үшін және оқушылардың бойында дін туралы әлеуметтік мәдениет білімдерін қалыптастыру мақсатында 9-сыныптарда Базистік оқу жоспарының вариативтік бөлімі есебінен аптасына 1 сағат «Дінтану негіздері» курсы енгізілді.

2. «Тіл туралы» Заңын жоспарлы және тиімді жүзеге асыру, Тілдерді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру және оқушылардың көптілідік және коммуникативтік құзыреттілігін жетілдіру мақсатында, вариативтік компонент есебінен 8-11 сыныптарда таңдау пәні ретінде апталық 1сағат жүктемесі көлемінде «Ағылшын тілі» пәні енгізілді. Базистік оқу жоспарында (17.11.1998ж. №565 бұйрық, №2 қосымша) «Ағылшын тілі» пәні көрсетілмеген.

3. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдардағы жетістіктерін насихаттау, қазақстандық патриотизм мен азаматтылықты қалыптастыру, жастар арасында Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарында қызмет етуді насихаттау мақсатында Базистік оқу жоспарының вариативтік бөлімі есебінен 10-сыныптарда 1 сағат көлемінде «Жас патриот» факультативтік курсы енгізілді.

4. «Іс жүргізудегі ақпараттық технологиялар» курсытүрлі қызмет саласында кәсіби мансаптың аралық кезеңі ретінде қарастырылуы мүмкін. Іскерлік құжаттардың түрлері мен құрылымдарын білу, оларды компьютердің көмегімен рәсімдей білу, құжаттарды рәсімдеу барысында графиканы пайдалана білу оқушыларға шынай кәсіби қызмет жағдайына тез бейімделуіне ықпалын тигізеді. Курс 8 және 11 сыныптарда апталық 1 сағат көлемінде Базистік оқу жоспарының вариативтік бөлімі есебінен енгізілді.

5. Оқушылардың мәдени және тіларалық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, ақпарат алу және алмасудағы коммуникативтік дағдыларын дамыту, өзіндік бақылау, талдау стратегияларын меңгерту, сондай-ақ кәсіби таңдау жасай білуге үйрету мақсатында Базистік оқу жоспарының вариативтік бөлімі есебінен аптасына 1 сағат көлемінде «Сөз мәдениеті негіздері» 10-сыныптарға факультативтік курсы енгізілді.

6. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленіп ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген «Абайтану» факультатив курсы еңгізілді.

7. «Интенсивті (қарқынды ) орыс тілі сұрақтар мен жауаптарда» факультативтік курсы пән бойынша практикалық білік пен дағдыны кеңейту және жүйелеу, мектеп бітіруші түлектердің білімдерін толықтырып, оларды қорытынды аттестаттауға дайындау мақсатында Базистік оқу жоспарының вариативтік бөлімі есебінен аптасына 1 сағат көлемінде 9 және 11 сыныптарда енгізілді.

8. «Әлемдік діндер тарихы» курсының бағдарламасы Базистік оқу жоспарының вариативтік бөлімінің есебінен апталық 1 сағат көлемінде 10-11 сынып оқушыларына арналған. Әлемдегі қоғамдық өмірдің діни факторына деген қызығушылық қарқындап өсуде. Әлем тарихындағы діндер үлесін зерттеудің маңызы мектептің жалпы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру мазмұнының жаңаруымен және тәрбиелік міндетінің жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайға бейімделуімен анықталады. Оқушыларды дәстүрлі діни конфессиялардың рухани және мәдени құндылықтарына баулуды өскелен ұрпақты әлеуметтендіру міндеттерінің аясында қарастыру қажет.

№ 39 кешкі (ауысымды) мектебінің

Наши рекомендации