Келіссөздерді жүргізу барысында қысым көрсету тактикасы қолданылуы мүмкін.

· Келіссөздерді жүргізуден бас тарту;

· Талаптарды тым жоғарылату;

· Келіссөздерді жүргізу барысында талаптарды бірте-бірте жоғарылату;

· Үшінші жақтың ырыққа көнбеушілігі;

· Келіссөздерді жүргізу уақытын тым созуды түсінеміз.

· Қысым көрсету тактикасы тек кейбір жағдайларда ғана оңтайлы

Келіссөздердің оңтайлы нәтижелілігін келесі жағдайлар қамтамасыз етеді:

· Қарсыласыңның адам ретінде және талқыланып жатқан мәселе арасындағы позитивтілікті бағалау

· Жеке адамның позициясына емес, сол адамның немесе сол нысанның тарапынада шешілуі керек

· Баламалы жағдайларды қарсылас тараппен бірге белгілеу;

· Проблеманы шешудің объективті жолын іздеу.

· Келісімге келу үшін әр тарапқа келесідей талаптар қойылады:

· Өз позицияңды нақты тұжырымдау; \

· Қарсыласыңның жағдайға көзқарасы қандай екенін сипаттауға мүмкіндік беру

· Шешімдерді ұсыну;

· Келіссөздерге қатысатын басқа да қатысушылардың шешімдерін тыңдау;

· Ұсынылған шешімдерді талқылау

· Келіссөздер жүріп жатқан тілді жақсы білу немесе аудармашымен тікелей жұмыс жасау

35. «Сөйлеу этикасы қазіргі мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің құрамдас бөлігі» тақырыбына мини-эссе жазыңыз

Педагогикалық қарым- қатынас тиімділігі көбінесе оқытушының тұлғалық сапаларымен анықталады. Олардың ішінен төрт топты атап көрсетуге болады:

· Коммуникативтік жоспар көрсеткіштері;

· Жеке-тұлғалық жоспар көрсеткіштері;

· Жалпы әлеуметтік-психологиялық жоспар көрсеткіштері;

· Моральді-этикалық жоспар көрсеткіштері,

Тұлғалық жоспар көрсеткіштерінің ішінде маңызды орын коммуникативті икемділіктер, білім, қасиеттер, қарым-қатынастағы қабілеттер алады. Сөзсіз, педогогикалық қарым-қатынас нәтижелігіне одан басқа, мынадай көрсеткіштер әсер етеді:

Қызығушылық, икемділік, дайындық деңгейі, оқытушы немесе оқушы әдеті ретіндегі жеке-тұлғалық жоспар көрсеткіштері әсер етеді. Кейбір зерттеулерде, оқушы тұлғасын тиімді тану мен педагогтың жеке-психологиялық ерекшеліктері арасында байланыс байқалады, мысалы,

Зерттеулер көрсеткендей, интроверсиялық типтегі педагогтар экстраверсиялық типтегілермен салыстырғанда, оқушы тұлғасын толығырақ әрі әділетті көрсетеді. А.А. Реанның зерттеулері қызықты ерекшеліктерді анықтады: өзінің кәсіби шыңдалуын өзіне сенімділікпен байланыстырмайтын (керісінше, өз кәсібилігінің идеалына жақындай түсіп,өзіне сенімін азайтуға тырысады) педагогтар оқушы тұлғасына оңшыл баға береді және керісінше, педагог өзінің кәсіби шыңдалуын өзіне сенімділігімен байланыстырған сайын, ол оқушы тұлғасына жиі жағымсыз баға береді.

Психологиялық-педогогикалық әдебиеттерде қарым-қатынас үшін маңызды педагог тұлғасының қасиеттерінің басқа да түрлері көрсетілді. Олардың арасында келесілерін айтуға болады.:

· Фасцинация (әдемілік негізі)

· Тіке және өткір көзқарас, тембірлік жағына бай дауыс.

· Импровизациялық ақыл.

· Эмпатия (басқаның орына өзін қоя білу қабілеті)

· Мейірімділік.

· Аутентикалық (өз-өзімен бола білу).

· Қарым-қатынастағы бастамашылдық.

· Тікелей.

· Өзін және басқаларды қорқынышсыз қабылдау.

· Өзін-өзі тануға ұмтылу.

Сондай-ақ, аудиториямен қарым-қатынас үшін қажетті педагогтың кәсіби маңызды қасиеттерін де бөліп көрсетуге болады.

Коммуникативтік қабілеттер және олардың сипаттамасы. Педагогтың маңызды қасиеттерінің бірі оның оқушыларына ұзақ әрі тиімді қарым-қатынасын ұйымдастыра алу қабілеті болып табылады. Аталған қабілетті, әдетте, педагогтың коммуникативтік қабілеттерімен байланысты. Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынасты меңгеру – педогог тұлғасына тұлғаралық қарым-қатынасына қатысты тұрғыда маңызды талап.

педогогикалық қарым-қатынаста көрінетін коммуникативтік қабілеттер – бұл балаларды оқыту мен тәрбиелеумен байланысты педогогикалық қарым-қатынас саласында спецификалық түрде көрініс табатын қарым-қатынас жасау қабілеттері. Бұдан, кемдегенде екі пайдалы қорытынды жасауға болады:

3. Педогогикалық қарым-қатынас туралы әңгіме адам қарым-қатынасы барлық салаларында көрініс табатын жалпы коммуникативтік қабілеттерді талқылаудан тәуелсіз жүргізілмейді.

4. Педогикалық қарым-қатынас туралы сөз қозғалғанда, жалпы коммуникативтік қабілеттер туралы талқылаумен шектеуге болмайды. Біріншіден, коммуникативтік қабілеттердің барлығында бірдей сипатта және деңгейде педогогқа қажет деп айта алмаймыз. Екіншіден, педогог міндетті түрде игеру тиіс бірнеше арнайы коммуникативтік қабілеттер бар, оларды басқа мамандарға азырақ қажеттігі болуы мүмкін. Жеке тұрғыда, адамның басқа адамдарды тануы, өзін-өзі тануы, қарым-қатынас жағдайын дұрыс қабылдау және бағалау, адамдарға қатысты өзін дұрыс ұстау адамның өзіне қатысты жасайтын әрекеттері болып табылады.

Қарым-қатынастың үш жағын айта отырып (коммуникативтік, перцептивтік, интерактивтік) педогогтың негізгі коммуникативтік қабілеттерінің үш тобын бөліп көрсетуге болады:

4. Тұлғааралық коммуникация қабілеттері.

5. Бір-бірін қабылдау және түсіну қабілеттері.

6. Тұлғааралық бірлескен әрекет қабілеттер.

36. Педагогикалық этика ұғымы және негізгі категорияларын ссызба арқылы бейнелеңіз

Педагогикалық тәртіп -мұғалімнің қызметінде оның ойы мен әрекеті ұштасып жататынпедагогикалық моральді іске асыру түрі. Тәртіп – іс-қимылдың барлық обьективтік әсері мен оның субьективтік қабылдануын алдын ала көре білуді көздейтін адамгершілік тәртіп. Осы арқылы мақсатқа жетудегі барынша жеңіл және мейлінше жағымсыз түрде жету ізденісі көрінеді. Педагогикалық тәртіп – үнемі шығармашылықта және ізденісте болу деген сөз
Мұғалімнің педагогикалық беделі- оның оқушылар мен мұғалімдер және әріптестер ұжымындағы моральдік статусы , бұл құрмет пен қошаметке ие болып жүрген беделді де, құрметті ұстаздың тәрбиеленушілердің тәртібі мен нанымдарына әсер ететін өзіндік тәртіп түрі. Педагогикалық бедел мұғалімнің осыған дейінгі алған моральдік-этикалық және психологиялық-педагогикалық даярлығына байланысты. Оның деңгейі білімнің , зеректіктіктің , шеберліктің тереңдігімен және өз еңбегіне деген ерекше қатынасымен т.б. анықталады.
Кәсіби ар-намыс –бұл педагогикада мұғалімнің өз маңыздылығын түсініп қана қою емес, сонымен қатар оның қоғаммен танылуы және моральдік сипаты мен сіңірген еңбегіне деген қоғамның құрметі деген түсінікті білдіреді. Педагог мамандығында жеке бастың ар-намысы мен қасиетін түсіну сезімі ерекше байқалып тұрады. Егер мұғалім өз мінез –құлқында және тұлғалармен ара –қатынас барысында педагог идеалына қойылатын талаптарды бұзған болса, осыған сәйкес кәсіби ар-намысқа, педагогтың адамгершілік сипатына немқұрайлы қарау әрекеті демонстарцияланады. Мұғалімнің ар-намысы – оның кәсіби борышын орындау барысында көрінетін нақты кәсіби ар-намысына қоғамдық баға беру.
педагогикалық борыш – педагогикалық әдептің ең маңызды санаттарының бірі. Өзінің еңбегіне деген шығармашыл көзқарас, өз-өзіне қатаң талап қою, кәсіби білім-білігі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға деген құлшыныс, оқушыға , оның ата-анасына деген құрмет көрсету және талап қою қажеттілігі, мектеп өмірінде кездесетін қиын да, күрделі шиеленістерді шеше білу тәрізді өзгеше іс –қимыл педагогтың кәсіби борышына жатады.
Педагогикалық әдеп

37. «тұлғааралық коммуникация педагогикасы мен психологиясы» курсы бойынша глоссарий құрастырыңыз (5 ұғымнан кем емес)

1.Коммуникация -деген сөз латын тілінен аударғанда (лат.«communicare»-біреумен кеңесу) байланыс дегенді білдіреді. Ол «ортақ етемін, байланыстырамын, сөйлесіп-пікірлесемін, қарым-қатынас жолы, бір орынның екінші жақпен байланысы; сөйлесу, ақпарат беру» дегенді білдіреді.

2. Адам - бұл әлеумет, осыған орай қарым-қатынас әлеуметтік бағытта жүреді, сондықтан қоғамдағы жағдай қазіргі заманғы жасөспірімдердің қызығушылықтарының мотивациялық құрылымдарының өзгерістеріне тәуелді, осыған орай қазіргі жасөспірімдердің қарым-қатынас ерекшеліктерін игеру өте өзекті мәселе болып отыр. Жасөспірімдік кезең тәрбиелік жұмыстардағы ең күрделі кезең болып табылады және жасөспірімдік кезеңнің қиындықтары жыныстық пісіп-жетілумен байланысты.

3.Жасөспірімдердің құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауы – ақпарат алудың ең басты спецификалық каналы (жынысқа қатысты ақпаратты жасөспірім көбіне құрбыларынан жинақтайды, ал оның болмауы жасөспірімнің психосексуалды дамуын кешіктіруі мүмкін немесе оған дені сау емес мінез-құлық берілуі мүмкін). Бұл тұлғааралық қарым-қатынастың спецификалық түрі, жасөспірімдік кезеңнің басында болатын қозғалыстар жасөспірімдегі жаңа қажеттіліктердің, ұмтылыстардың, ересектерге деген талаптарының ұқсастығын анықтайды. Жасөспірімде ересектерге қарағанда өз құрбысына деген түсінікті құндылықтар қалыптаса бастайды. Ересектермен қарым-қатынас жасау толығымен өз құрбыларымен қарым-қатынасқа түсуді ауыстыра алмайды.

4.Вербалды коммуникация – белгiлiк жүйе ретiнде адам сөзiн қолданады, тiл арқылы табиғи дыбыс шығару.Екi принциптi қосатын фонетикалық белгi жүйесiн лексикалық және синтаксикалық сөз коммуникациясының ең әмбебап құралы болып табылад. Коммуникативтiк процеске қатысушылардың бiр мәселеге байланысты жағыдайды түсiнiп белсендi түде қатысуы үлкен рөл атқарады.Сөз арқылы алынған ақпараттың кодированиясы немесе декодированиясы жүзеге асырылады.

5.Кері байланыс дегеніміз- коммуникатордыңәрекетіне реципиенттің реакциясы туралы берілетін ақпарат. Кері байланыстың мақсаты – ортақтасу серігіне оның мінез құлықтары өзгелер жағынан қалай қабылданып, сезіліп тұрғанын түсінуге көмектесу болып табылады.

6.Кері байланыстың жанама түрі- психологиялық ақпараты ортақтасу серігіне жасырын, астыртын жеткізу жолы. Олүшін неше түрлі риторикалық сұрақтар, кекетулер, қатынас серігі күтпеген эмоциялық реакциялар пайдаланылады. Коммуникатор реципенттіңөзіне қарасты әсері, қатынастың шынайы сипаты туралы өзі ойлап жетуі керек. Сөйлеушінің ойлаған сезімдері мен пікірлері үнемі дұрыс бола бермегендіктен ортақтасу барысы да, ақпарат алысу да белгілі дәреже де күрделене түседі.

7.Тікелей кері байланыс кезінде-реципенттің сөйлеушініңқұлқына реакциясы ашық түрде көрініс алады. Мысалы, тікелей сөйлемдер «Сен айтып тұрған нәрсе маған ұнамайды», «Не деп тұрсың , түк те түсінбей жатырмын». Не болмаса , тікелей қуаныш , ашу, ыза, мұң сезімдерін айқын көрсететін ым- ишаралар. Тікелей кері байланыс реципенті коммуникатор түсінуі үшін қолайлы жағдай жасап, ортақтасуды тиімді және нәтижелі етеді.

8.Коммуникациялық кедергілердің түрлері: түсініспеушілік кедергісі, әлеуметтік мәдени айырмашылық кедергілері, қатынас кедергілері.

9.Түсініспеушілік кедергілері: фонетикалық, семантикалық, стильдік, логикалық.

10.Фонетикалық кедергі -адамдар әр түрлі тілде, диалектте, не сақауланыпсөйлегенде пайда болады. Сөйлеушінің тілі реңкі жоқ, тез, жаңылтпаш , қажетсіз сөздерге толы болған кезде де , түсніспеушілік кедергісі туындайды.

11.Семантикалық кедергілер жаргон және слэнг мәселесімен тығыз байланысты. Ортақтасуға қатысушылардыңөзіндік шағын мәдениеттеріндеұғымдармен құбылыстардың ерекше мән-мағынасы болады.

12.Тұлғааралық коммуникацияны нәтижесіз, тиімсіз етеін кедергінің келесісі- стильдік тосқауыл. Стильдік кедергі – коммуникатор мен реципиенттің тілдік стильдері бір-біріне не тілдің стилі ортақтасу жағдайына, реципиенттің көңіл-күйіне сәйкес келмеуі. Мысалы, балаларға, аспиранттарға лекция оқығанда бірдей тақырып болсада, екі түрлі тіл стилі қажет болады. Қайғырып не қуанып тұрған адамға бір ақпаратты әр түрлі мәнерде айтуға тура келеді. Коммуникатор неғұрлым сезімтал болса, реципиенттің ахуалын, ортақтасу жағдайын ұқыпты назарға алса, соғұрлым оның мәлімдемесі реципиентке дұрыс дәрежеде жетеді.

Тұлғааралық коммуникацияның тағы да бір ерекше сипаты оның екідеңгейлі құрылымы. Қарым-қатынас барысында ақпарат алмасу сөздік және бейсөздік деңгейлерде өткізіледі.

Сөз деңгейінде ақпарат алысудың негізгі құралы –сөз, тіл болса, бейсөздік деңгейде сөзден басқа коммуникация белгілері қызмет етеді.

Бейсөз тәсілдер адамның эмоциялық реакцияларының айнасы ретінде оның ортақтасу барысындағы көңіл-күйін түсінуге жәрдемдеседі.Бейсөз құралдарға оптикалық –кинестикалық жүйе , оны адамныңқолының (ишара-жест), бетінің (ым-мимика), денесінің (пантоммимика) қимылдары құрайды. Арнайы зерттеулер нәтижесінде беттің 20000 қимылы анықталған екен. Сонда адами бетін үш салаға бөліп: қас пен көз, ауыз бен ерін, олардыңқимылына байланысты адамның негізгі алты сезімін білдіруге болатыны анықталған.Бейсөз жүйенің ішінде коммуникацияның кеңістігі мен уақытын ұйымдастыру (проксемика- кеңістік психологиясы) да үлкен рол атқарады.

14.Нәтижелі тұлғааралық коммуникацияның тағы бір психологиялық шарты –ортақтасу серіктерінің тиімді тыңдау техникасын меңгеруі. Бір қарағанда өзара жақын «есту», «тыңдау» ұғымдары қарым-қатынас кезінде мағынасының айырмасын білдіреді. Адамдар бірін-бірі естіп тұрып тыңдамайды. Сондықтан ғылыми тұрғыдан тиімді және тиімсіз тыңдау туралы айтуға әбден болады.

38. «педагогикалық коммуникация түрлері» тақырыбына арналған семинар сабағының жоспарын құрыңыз

Апта Тақырыптар Сағат саны
  Педагогикалық коммуникацияның негізгі түрлері  
 
Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас құрылымы және кезеңдері
. Педагогикалық қатынас, немесе Педагогикалық қарым-қатынас стильдері
Педагогикалық қарым-қатынастағы кедергілер
Педагогикалық процессте туындаған кикілжіңдер
Педагогикалық үдерістегі конфликт түрлері және оларды шешу стратегиялары
Іскерлік қарым-қатынас және келіссөздер жүргізу этикасы
Педагогтың коммуникативтік мәдениеті

39. Педагогтің кәсіби коммуникативті мәдениетінің моделін құрыңыз

Коммуникативті мәдениеті қалыптасқан педагог:

- этикалық, шыншылдық, шынайы және сенімділік қарым-қатынас орната алады;

- адамға деген сенім, балаға деген махаббат пен сыйластық жақсықалыптасқан

- бірлескен іс-әрекет атқаруға қабілеті, ұжыммен жұмыс істей білуі, оқушының ата-анасымен дұрыс қарым-қатынас жасай алады.

- таңдаған мамандығына деген тұрақты қызығушылығы бар

- оқу- тәрбиелеудегі әдіс-тәсілді дұрыс қолдана алады

- баланың психологиясын жетік біледі

- өз пәнін жетік біледі

- , эрудиция, дауыс пен ым және базынасы бар

- педагогикалық ойлау, қиялдау, бақылау, ерік-жігер, сабақ берудегі қызығушылығы, шығармашылығы, уайымдау қабілеті, оқушының жеке тұлғасына қатысты іс-әрекеттің нақтылығы бар.

40. Педагогикалық үдерістегі конфликт және олардың шешу жолдарын көрсетіңіз

Педагогикалық үдерісте тұлғааралық конфликттің мына түрлері жиі кездеседі:

§ Оқушы-оқушы

§ Педагог – оқушы

§ Педагог – мектеп ұжымы.

Оқушы-оқушы арасындағы конфликт, оқушылар арасындағы конфликттің көптеген бөлігі микрогруппадағы идер болуға таластан басталады. Тұлғааралық конфликт сонымен қатар бұрынғы лдидер мен жаңадан мәртебе жинап келе жатқан идердің арасында да туындауы мүмкін. Оқушы-оқушы арасындағы конфликттердің себептері:

§ Әлсіздік, көре алмайшылық.

§ Бір-бірімен ынтымақтассыздығы.

§ Құндылықтарды әр түрлі бағалау.

§ Бағалай мен өзіндік бағалаудың адекватты еместігі.

§ Лидер болуға талас.

§ Сабаққа байланысты өзара түсініспеушліктер.

§ Ортақ заттарды бөлісе алмау,т.б.

Оқушы мен оқытушы арасындағы конфликттер көбінесе жоарғы сыныпта туындайды. негізгі себептері;

§ Оқытушы мен студенттер арасында жанжалдар салдары әділетсіз бағалауға байланысты туындауы мүмкін.

§ Оқуға байланысты кеісе алмайшылықтар.

§ Нақты талаптарды орындамау.

§ Сабақ уақытысына, тапсырманы орындауа кешігу, уақытты дұрыс ұйымдастыра алмау.

§ Оқуға еріну немесе мүлде оқымау, оқуды қаламау.

Оқытушы –мектеп ұжымы арасындағы конфликт. Мұғалымдер арасындаға конфликт себебі темперамент және сипаттағы ерекшелігі ғана емес, тұлғалық даму деңгейі төмен жағдайларда туындауы мүмкін. Оқытушы мен мектеп ұджымынының арасындағы конфликттің бірнеше себептері:

§ мұғалімдер арасындағы бәсекелестік, тек кәсіби қызметтің жоғары деңгейін жету, бұрын танылған билік.

§ мінез-құлық, жастарға тәжірибелі оқытушылар дәрежесін пайдаланып сес көрсетеді: олардың ойларымен, сабақ өту техникаларымен келіспейғ қарсы шығып, өздерінің әдістерін ұсынады, үйреткісі келіп тұрады.

§ Өзін көрсету үшін сабақты қолданбайды, бейресми шараларды қолданады мерекелерді, мысалға жарыстарға, мерекелік шараларға қатысу, осы жағдайда конфликт туындаы мүмкін туындауы мүмкін.

§ Көзқарастардың әртүрлігі немесе бір-бірінің әдістерімен келіспеген кезде.

§ Оқушыларын қорғау мақсатында да конфликтке түсуі мүмкін.

Шешудің бернеше жолы:

6. Конфликтен кету. Өз мүдделерін қорғағысы келмейтін кезде, шешім табу үшін бүрлескісі келмесе, өзінің позициясы жайлы айтудан қашса қолданылады. Бұл шешім жолы конфликттің нәтежиесі аса маңызды емес болғанда және немес жағдай тым ауыр болғанда, конф.шешу көп күшті қажет еткен жағдайда колданылады.

7. Бақталастық. Екі жақта өз мүдделері үшін күреседі. Қойған мақсатына жету үшін мүмкін болған заңды және заңсыз құралдардың бәрін қолданады, басқа қатысушылардың оған бағынышты екенінде пайдаланады.

8. Бейімделу. Оқушы өзінің қызығушылықтары мен мүдделерін құрбан ету арқылы оқытушысының қойған талабымен келіседі. Бұл жағдай конфликттің шешілуі оқушыға қарағанда мұғаімге маңызды болғанда, оқушы қар-қат сақтап қалғысы келген жағдайда қолданылады.

9. Серіктестік. Оқушы мен оқытушыны мүддеері ескерііп, екі жақ бірлесе отырып шешімге келеді. Шешім қабылдауда екі жақтыңкүші және үлесі тең болады.

10. Компромис. Конфликтіге қатысушылар екі жаққа да тиімді жолды дейді. Аралық шарт жасайды, мысалға бегілі бір уақыт аралығына дейін жасалынатын шарт. Сонымен қатар оқушының қойған шарттын қабылдау арқылы, оқытушы өзінің шарттарын қабылдатады.

41. Қарым-қатынастың типтері, сипаттамасы және айырмашылықтарын кесте түрінде көрсетіңіз

Түрлері Сипаттамасы Айырмашылығы немесе ерекшелігі
Тікелей қарым-қатынас табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы
Жанама қарым-қатынас Қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялык контакт..   Хат жазу, кітап шығару, радиодан сейлеу т.с. адами қарым-қатынасды күрделеңдіріп жіберді
Тұлғааралық қарым-қатынас     екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары.. Тұлғааралық қарым-қатынастың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірігіп күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі
Іскерлік қарым-қатынас Адамдардың қызметтік ортада жүзеге асатын көп жоспарлы күрделі даму процесі Ресми қарым-қатынасқа негізделеді.
       
       

42. «Тұлғааралық коммуникация педагогикасы мен психологиясы» арнайы курсынан «Мен қызықты не білдім» тақырыбына өзіндік рефлексиялық қорытынды жазыңыз

Тұлғааралық қарым-қатынас адамдар болмысының қажетті шарты болып табылады. Қарым-қатынассыз адамның жекелеген психикалық қызметтерінің, үдерістер мен ерекшеліктерінің, жеке тұлғаның және тұтас қоғамның толыққанды қалыптасуы мүмкін емес. Тұлғааралық қарым-қатынастар, яғни бір адамның екінші адаммен қарым-қатынасы. Тұлғааралық қарым-қатынасқа адамзат аралық ақпарат алмасу жатады, бұл қарым-қатынастың бірінші коммуникативтік жағы ретінде сипатталады. Тұлғааралық қарым-қатынастың екінші жағы – қарым-қатынас жасаушылардың өзара әрекеттестігі – тек сөйлесу үдерісі арқылы ғана емес, істері мен әрекеттері арқылы да қарым-қатынас жасау. Қарым-қатынастың үшінші жағы қатынас жасаушылардың бірін-бірі қабылдауы болып табылады. Ал оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынас дегеніміз – оқытушының ықпалымен студенттердің топтық іс-әрекетін реттеуші, вербалды, бейвербалды қарым-қатынасқа түсу ерекшелігі, оқыту үдерісіндегі шиеленістерді шешудің, мінез-құлықтың топтық нормаларын қалыптастырудың құралы және болашақ маман тұлғасының қалыптасуының бір факторы болып табылады.

Оқыту үдерісінде тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетінің болмауы немесе төмен деңгейде болуы көп жағдайда келіспеушілік пен келеңсіз оқиғаларға, сондай-ақ оқытушының студентпен немесе бүкіл топпен байланысының нашарлауына себеп болуы мүмкін. Мұндай келеңсіз жағдайды табысты әрі шебер түрде реттей білу оқытушының қарым-қатынас мәдениетіне тікелей байланысты.

Оқытушы мен студент арасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың негізгі моральдық нормалары бар, олар – өзінің тыңдаушыларының әрқайсысының қадір-қасиетін құрметтеу, ішкі дүниесіне ықыласпен және сеніммен қарым-қатынас жасау, қайырымдылық пен мейірбандық таныту.

Вербалды емес белгілерді ажырата білген жөн. Олар:

Біріншіден, сөздер арқылы тек фактілі білімді айта аламыз, ал сезімдерді жеткізу үшін сөздер аз болып жатады. Кейде біз «қалай жеткізсем екен...» деп өзіміздегі сезімнің тереңдігі мен күрделілігін сипаттау үшін сөз таба алмай жатамыз. Қалай болғанда да кейбір сезімдер сөздік сипатта берілмей, вербалды емес құралдар арқылы жеткізіледі.

Екіншіден, осы вербалды емес тілдерді (язык тела) білу арқылы өз-өзімізді ұстауға үйренеміз. Егер әңгімелесуші өзінің ашуын басқара алмаса, ол айқайлауды, бұрылады немесе одан асар жарасымсыз қылықтарды жасайды. Вербалды емес каналдар адамдардың біз жайлы не ойлайтынын түсінуге мүмкіндік береді.

43. Қарым-қатынас құрылымын сызба арқылы көрсетіңіз

Келіссөздерді жүргізу барысында қысым көрсету тактикасы қолданылуы мүмкін. - student2.ru

44. Педагогикалық іс-әрекет қызметі және педагог тұлғасына қойылатын талаптарды атаңыз

Педагогикалық іс-әрекет -педагогикалық процесте жас ұрпақты оқытып,тәрбиелеп,дамытуға,өздерін өздері іске асыруға және еркін шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуларына қолайлы жағдай жасауға бағытталған кәсіби іс-әрекет.Педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы тұрмыстық бақылауларды жалпылауға, тәрбие мәселесіне байланысты әр-түрлі пікірлердің жүйеленуіне негізделеді. Бұл қауымдық құрылыста үлкендердің әлеуметтік тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу еңбек іс-әрекетімен тығыз байланысты еңбек құралдары да өзгере түсті.Педагог педагогикалық іс-әрекетке немқұрайлы қарайтын болса оның жұмысында сәтсіздікке ұшырататын көптеген қателіктер мен кемшіліктер кездесуі мүмкін. Педагог тұлғасына қойылатын талаптар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайларына байланысты өзгеріп отырған.Ұстаз тұлғасына, тәрбиешілерге, тәлімгерлерге қойылатын талаптар тіпті Ежелгі Греция, Ежелті Мысыр, Ежелгі Рим философтары Демокрит, Аристотель, Сократ, Марк Фабий Квинтилиан т.б. еңбектері мен идеяларында көрініс табады.

Мұғалімдердің моральдық-психологиялық, этикалық сапалары туралы ойлар шығыс философы Әбу Насыр әл-Фараби еңбектеріндегі айырықша көңіл аударылған мәселелердің бірі болған. Ол мұғалім бойында шыншылдык, шәкірттеріне де, өзіне де талап қоя алушылык, ықыластылық, қаталдық, күш-жігер және педагогикалық такт сияқты қаситеттердің сақталуын қажет деп санаған. Әл-Фараби ұстаздың мінез-кұлық нормасы қаңдай болуы жайлы былай деп жазады: «..ол тым қатал да болмауга тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру - ұстаздық қадірін кетіреді. Оның берген сабағы мен ғылымға шәкірті селқос қарайтын болады».

Педагогика ғылымының негізін қалаушы Я.А.Коменский (XVII ғ.) мұғалімдерге «ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған еш нәрсе жоқ» - дей отырып балаларды оқыту-тәрбиелеу барысында мұғалімдерден табиғатқа сәйкестілік және дидактикалық принциптердің орындалуын талап еткен.

Педагогика тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар А.Дистерверг, К.А.Гельвеций, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, А.С.Макаренко, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, В.А.Сухомлинский сынды белгілі педагогтар еңбектерінде ерекше қарастырылады П.Ф.Каптерев мұғалімдердің адамгершілік қадір-қасиеттерінің маңыздылығына көңіл бөле отырып, окыту мен тәрбиелеу процестерінің тұтас жүргізілуі барысында «оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту» кағидасының сақталуын талап етеді.

Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптардың өсіп, күрделеніп отыруы нәтижесінде педагогикалық теорияда профессиографиялық тұрғыдан зерттеулер орын ала бастады. Осы бағытта арнайы зерттеулермен айналысқан ғалымдар Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, А.И.Щербаков, В.А.Сластенин, Ю.С.Алферов, Е.И.Антипова т.б. болды.

Жалпылап қарастырғанда қазіргі кезде мұғалім профессиограммасын құруда үлкен тәжірибе жинақталған. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды үш үлкен кешенге бөліп қарастыруға болады:

- жалпы адамзаттық қасиеттері;

- кәсіби-педагогикалық касиетгері;

- арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары

45. Коммуникативті педагог моделін құрастырыңыз

Коммуникативті мәдениеті қалыптасқан педагог:

- этикалық, шыншылдық, шынайы және сенімділік қарым-қатынас орната алады;

- адамға деген сенім, балаға деген махаббат пен сыйластық жақсықалыптасқан

- бірлескен іс-әрекет атқаруға қабілеті, ұжыммен жұмыс істей білуі, оқушының ата-анасымен дұрыс қарым-қатынас жасай алады.

- таңдаған мамандығына деген тұрақты қызығушылығы бар

- оқу- тәрбиелеудегі әдіс-тәсілді дұрыс қолдана алады

- баланың психологиясын жетік біледі

- өз пәнін жетік біледі

- , эрудиция, дауыс пен ым және базынасы бар

- педагогикалық ойлау, қиялдау, бақылау, ерік-жігер, сабақ берудегі қызығушылығы, шығармашылығы, уайымдау қабілеті, оқушының жеке тұлғасына қатысты іс-әрекеттің нақтылығы бар.

46. «Қазіргі мектептегі қарым-қатынас мәселесінің жай-күйіне» аналитикалық талдау жасаңыз

Жасөспірімдер мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау мәселесі-психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жасөспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті. Міне, мұндай мәселедегі елеулі жәйттің бірі-мұғалім мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас жасауда әрқилы қиыншылықтардың үнемі кездесіп отыратындығы.
Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл-қозғалысына, іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл кеңесіне, өзге адамдармен қарым-қатынасына, шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды. Осы мәселені анықтау бағытында арнайы жүргізілген психологиялық және педагогикалық зерттеулер төменгі сынып оқушыларынан гөрі ересек оқушылар арасында үлкендердің айтқан сөздеріне құлақ аспау және айтқанынан қайтпайтын мінез көріністерінде әрқилы кедергілер мен себептер болатындығын анықтады. Әрине, мұндай мәселенің түпкі себептерін психологиялық жағынан тереңірек зерттеу-тәлім-тәрбие ісінде маңызды мәселе болып саналады.

Бізде, атап айтқанда, Қазақстанда, әсіресе қазақ мектептері мен арнаулы білім беретін орта дәрежелі оқу орындарында ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас орнату, олардың арасында кездесіп қалатын қиыншылықтар психологиялық тұрғыдан әлі де қызу қолға алынып, тиянақты іздестірілмеген мәселелердің қатарына жатады. Ал, мұғалім мен шәкірттер арасындағы қатынасты іздестірудегі ғылыми-педагогикалық бірең-сараң әдебиет пен мақалаларда тек ұстазға қажетті сапаларды сөз етумен шектеледі. Осы кезде тәлім-тәрбие ісіндегі жасөспірімдермен қарым-қатынас жасауда мұғалімнің өзіндік сапа ерекшеліктерімен қатар, оның өзге адамдармен, әсіресе шәкірттердің даралық ерекшеліктерімен санасып отыру қажеттігіне баса мән беріледі. Осындай талапты анықтап оны жүзеге асыру жолында мұғалімнің бойында өзіндік сапа, ұстаздық қасиет және арнайы білімі болу керек деген міндет қойылады.Ұстаздар мен шәкірттер арасында дұрыс қалыптаспаған қарым-қатынастар тәлім-тәрбие істерінің жемісті жүргізілуіне елеулі нұқсан келтіреді. Мұндай жәйттер арнайы іздестірілген тәжірибелер арқылы анықталды. Біріншіден, бір кластағы оқушылардың жеке пән мұғалімдеріне қатынасы; екіншіден, сабақ жүргізген пән мұғалімдерінің ерекшеліктері; үшіншіден, оқушылардың жеке пәндерге деген ықылас-ынтасы;төртіншіден,мұғалімдердің класс ұжымымен қарым-қатынасының сипат Мұғалім мен оқушылар арасындағы кездесіп отыратын наразылық пен дау-дамайдың туындау себептерін психологиялық тұрғыдан ашып көрсетудің маңызды екендігіне жете түсініп, мектеп тәжірибесінен жинақталған материалдарды топтастыра отырып іздестірілді

47. Коммуниканттың негізгі түрлеріне сызба түрінде сипаттама беріңіз

Келіссөздерді жүргізу барысында қысым көрсету тактикасы қолданылуы мүмкін. - student2.ru

48. «Кәсіби –педагогикалық қарым-қатынас» ұғымына түсіндірмелік кесте құрастырыңыз

Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас Мәні Мазмұны мақсаты
Педагогтың білім беру процесінде оқушыларға білім, икем, жалпы адамзаттық мәдениет, құндылықтар, адамгершілі тәрбиелерді меңгерте отырып, әр бір оқушымен кәсіби деңгейде тұлға ретінде қарым-қатынас жасауы. Тұлға қалыптастыру барысында білім бере отырып, әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарап, жоғары деңгейде қарым-қатынас жасау Білім беру процессінде педагогтың ұжыммен, оқушылармен, ата-аналармен жоғары кәсіби деңгейде қарым-қатынас жасауы. - Кәсіби деңгейде қарым-қатынас жасау - Оқушы бойында сенімділік қалыптастыру - Әр оқушымен жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасау - Ұжыммен, ата-аналармен тиімді қарым –қатынас жасай алу - Үнемі қарым-қатынасқа икемділігін дамыту
      -

49. Оқушылардың конфликтілік мінез-құлқының алдын алу жолдарын көрсетіңіз

Оқушының конфликтілі мінез-құлығы байқалуы мүмкін жағдайлар:

- сабақ үлгеріміне байланысты. Бағалаудың дұрыс болмауы, педагог тарапынан әділ емес қатынас, сабақты үлгере алиаушылық.

- Отбасылық жағдайына байланысты туындаған мәселелер. Ата-анасының жанжалы, баланы түсінбеуі, бала қызығушылықтары мен мүдделерін есепке алмау, ата-ана ажырасуы немесе сырқатқа ұшырауы және т.б.

- Достар ортасындағы қиындықтар. Достарымен келіспеушілік, жаңа достар және т.б.

- Оқушының бейімделе алмауына байланысты қиындықтар – жаңа мектепке орналасу кезіндегі, бір сыныптан келесі сыныпқа көшу.

- Жас ерекшелігіне орай – жасөспірімдік шақтағы физиологиялық, психологиялық өзгерістерге байланысты туындайтын конфликтілі мінез-құлық.

Аталған жағдайларға байланысты конфликтілі мінез-құлықтың алдын алу жолдарын құрастыру қажет. Оқушының конфликтілі мінез-құлығының алдын алу сыныптық және сыныптан тыс формада жүзеге асырылады. Сондай–ақ, мұндай шараға ата-аналар да қатыстырылуы мүмкін. Өйткені, бала мінез-құлығын түзеу тек бір жақты жүргізілетін болса, оның тиімділігі төмен болуы мүмкін. Оқушының конфликтілі мінез-құлығының алдын алу жолдары:

1. Педагогтың бастапқы кезеңнен бастап жылы шырайлы қалыпты ұстануға тырысу. Педагог тарапынан жылы шырай танытылуы оқушының эмоционалдық, психологиялық күйінің бірқалыпты дұрыс қалыпта болуына ықпал жасайды. Өзін жайлы атмосферада сезінген оқушы тарапынан конфликтілі мінез-құлық орын алмасы анық.

2. Қарым-қатынас барысынды оқушының жас, физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып жұмыс жасау.

3. Конфликтілі мінез-құлықтан аулақ болуға үйрету мақсатында өнегелілік әңгімелерді айту, теріс мінез-құлықтың жағымсыз салдарларын мысал ретінде әңгімелеу.

4. Агрессивті мінез-құлықтың алдын алушы тренинг-жаттығулар жүргізу, ойын формасындағы жаттығулар арқылы бала бойындағы артық энергияны шығару.

5. Оқушының теріс мінез-құлығына сабырмен қарау.

6. Ата-анамен тығыз қатынаста жұмыс жасау.

7. Егер оқушы сұраққа жауап беруде қателессе, оны қатал сынға алмау. Байсалды қалыппен «Жақсы» немесе «Болдыңыз, рахмет» деп айту жеткілікті болады. Дұрыс жауап беруге тырысқаны үшін оны мақтап қойған дұрыс.

8. Оқушы тұлғасына құрметпен қарау, жауап беріп отырған кезде оның сөзін бөлмеу қажет, өзіндік ойы мен көзқарасымен санасып отыру.

9. Әрбір оқушыға индивидуалды қатынас жасау. Аты-жөнін атап, «сіз» деп сөйлеу қажет, бұл тәсіл арадағы қатынастың мәденилігін көрсетеді. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мынадай негізгі ойды тұжырымдауға болады: оқушыға әрдайым сыйластық көзқараспен қарау қажет.

10. Әрбір оқушыға өз эмоциялары мен олардың себебін түсінуге мүмкіндік беру,

11. Оқушыға өзін және сезімдерін, мінезін басқаруды, бақылауды үйрету.

12. Дұрыс мінез-құлық моделін жасау.

13. Конфликт ұғымы туралы нақты түсініктеме беру.

50. Тұлғаның коммуникативтік қасиеттерін анықтау әдістеріне сызба келтіріңіз

Келіссөздерді жүргізу барысында қысым көрсету тактикасы қолданылуы мүмкін. - student2.ru

1. «Калифорниялық тұлғалық сауалнама» Автор - Н. Г. Гоф. Сауалнама 1951 жылы жарияланған және табысты өзара іс-қимыл және байланыс үшін қажетті сипаттамалары және жеке қасиеттер өлшейді , сонымен қатар жаңа жағдайлар мен мәдениетте тұлғалардың мінез-құлық ерекшеліктерін өлшейді. Бұл әдіс негізен тұлғаның жағымды және қажет емес қасиеттерін өлшеуге арналған. Сауалнамада 480 (178 ММРГ сауалнамасынан алынған)оң талаптарды қажет ететін пайымдаулар бар, 12 пайымдаулар өңдеуді жеңілдету үшін қойылады.ол сізге 20 шала негізінде стандартты 18 балл жинауға мүмкіндік береді, интерпретация қа,идасына сәйкес 5 топқа бөлінген. Айта кететін жайт, топтарға бөлгендегі логика қасиеттерді сипаттайды. Сауалнаманың класстарына мыналар кіреді:

1) Жалпы тұлғааралық адекваттылыққа бағыттылық және тұлғаның рөлдік жетістіктері (6 қасиеттер тобы, адалдылық, сенімділік, әдістемелік, өзін қалай ұстайтынын, қоғамдық «тұлға», мақтанышымыз, т.б.)

2) Әлеуметтік нормалар мен құндылықтар: өтеу мерзімі және әлеуметтендіру, құндылықтардың ішкі құрылымы мен жауапкершілік (қасиеттердің 6 тобы, жауапкершілік, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бақылау, әлеуметтік өтеу дәрежесі, төзімділік, тәуелділік, және т.б.)

3) Зияткерлік және академиялық тиімділігі, мақсатқа жету әлеуетті (қасиеттердің 3 тобы, сәйкестік, барлау, прогрессивті арқылы, керісінше, ештеңеге арқылы тәуелсіздігін қол жеткізу)

4) Зияткерлік және мотивацияға бағытталғандылық (қасиеттердің 3 тобы - психологиялық бағдар, түсіну, бейімделуін және икемділігін, еркектік -нәзіктік)

5) Екі қосымша шкала (басқарушылық қабілеті, жұмысқа баса назар аударуы).

Уақыт толтырыңыз - 45 минуттан бастап 1 сағат

2. Фрайбургтық тұлғалық сауалнама. Н.Г. Колызаеваның басқарумен зерттеушілік практикалық жұмыстар жүргізілді, 1983 жылы аударылып бітті. 1989 жы К.Н.Колызаева сауалнаманы студенттердің бейімделгендігі анықтау үшін қолданды, одан әрі қарай сауалнаманың кешені бейімлуі СПбГУ – дың психология фак-те жүзеге асты. Алдынғы сауалнамаға қарағанда тұлғаның көптеген жағымды қасиеттерін ғана емес, қарым-қатынасқа түскендегі жағымсыз қасиеттерін: психосоматикалық бұзылулар, және т.б. байланысты өзара іс-қимыл ерекшелігі, агрессияшылдық, эмоционалдық шикілік, өзін-өзі бағдарланушылық анықтауға мүмкіндік береді. Сауалнама 212 пайымдаулардан тұрады және келесідей қасиеттер бойынша бағаланады. Негізгі шкалалар:

1) Нервозность - тұрақтылық (психосоматикалық бұзылыстар).

2) Эмоционалдық шикілік, риясыз агрессия (импульсивность, еркіндік, аффективтік жауап, агрессия, дене ауызша және мнимых актілер, азапқа ниет және шабуыл)

3) депрессиялық (мұң, депрессия, жалғыздықтан және енжарлығымыз, ішкі қуыстарына, қажетсіз ойларымен шамадан өзін-өзі қарсы айғақ бермеуге қақысы үрдісі, арман).

4) Бұзылулар, алаңдаушылық (шиеленіс, кедей бөгетке, төзімсіздік, шыдамсыздық, адамоңай ашуға бой алдыруы)

5) Байланыс орната алу қасиеті (контактілер үшін қажеттілігі, тез достары мен таныстарының алып қабілеті, кәсіпкерлік қызмет).

6) Тыныш, өзіне деген сенімділік, сенім, консистенциясы, тыныштық, сенімділік, оптимизм меншешім қабылдағыштығы.

7) Ұялшақтық (белгілі бір жағдайларда қатты психофизиологиялық көріністермен көрінетін ұялшақтық, сенімсіздік)

8) Ашықтық/тұйықтық (өзін-өзі сынауы, кейде ұқыпсыздығы, арнайы жақсы әсер жасауға немесе шағын әлсіз жақтарын жасыру үшін ұмтылысының жеткіліксіздігі).

3. «Тұлғааралық қар-қатынастағы өзін реттеу мен табыстылық» сауанамасы 1985-90 жылдар аралығында В.Н.Куницына дамытқан. Сауанаманның толық нұсқасы 1991 жылы дайын болды, белгілі психологиялық тұлғалық сауалнамалармен- Кеттелла, Айзенка, MMPI, Элерса тығыз байланысты екені анықталған. СУМО әдісі тұлғаралық сенімдің бейресми қар-қат-тағы тұлғаның ерекшеліктері мен коммуникативтілігін анықтайға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осы коммуникативті дағдылар мен қабілеттерді игеру деңгейін, қар-қат қиындықты, қар-қат стилін, байланыс орнату деңгейін, коммуникативті үйлесіділікті, жалпы әлеуметтік зияткерлік деңгейі мен тұлғаның комминикативті потенциалын анықтайды.

Сауалнама 18 негізгі және 18 қосымша шкала кіреді. Әрбір шкаа 6 пайымдаулардан тұрады. (жалпы 108); қасиеттердің көрінуі 1 баллдан 12 балл аралығында бағаланады. Негізгі шкалалар:

1) 1 топ - байланыс жеңілдету қасиеттері:

§ Қар-қат жеңіл сезіну, байланысдағы инициатива, өзін реттеу, сезімдерінғ ниеттері мен жағдайын басқару;

§ Қар-қат дағдылары, байланыс орната алуы, әңімегеге кіріп кетуі.

§ Эмпатия, әңгімелесушіні эмоционалды түсіну;

§ өзін-өзі құрметтеу, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі қабылдау деңгейі; түсіну, адам түсіну қабілеті, сенім түйсігі; , әсер оның жағына көндіру ықпалды қабілеті;

§ серіктестік-үйлесімді қар-қат стилі;

§ байланыстан қанағаттану және тығыз шеңбер қарым-қатынастар.

2) 2 тобы - байланыс кедергі қасиеттері

§ Аутист болу, көзбен контакт орнатудан қашу.

§ шаршау, қабілетсіздігі; әлеуметтік қатынастар иеліктен шығару, қысқарту;

§ берген сұхбатында өзімшіл өзін-өзі аяу;

§ шешілмеген дербес проблемалар; жалғыздық,уялшақтық;

§ агрессияшылдық, , қозғыштығы;

§ «Менің қателіктер» өзін-өзі сынау (өтірік шкаласы).

51. Әр кезеңдегі саяси, әлеуметтік экономикалық жағдаяттардың тұлңааралық коммуникацияға ықпалына мысал кетіріңіз

52. Тәртіп бұзған оқушыен ата –анасының әңгімелесу жоспарын түзіңіз

Қазіргі кездегі педагогикалық өзекті және күрделі мәселелердің бірі – «қиын балалар» мәселесі. Соңғы уақыттағы статистика мәліметтеріне сүйенсек, оқушылар арасындағы нашақорлық, алкогольді пайдалану, адам өлтіру, ұрлық сияқты жағымсыз іс-әрекеттері жылдан-жылға күрт өсуде. Осыған байланысты коғамдық ақпарат құралдарында мақалалар жазылып, педагогикалық ғылыми-зерттеулер жүргізіліп жатсада, «қиын бала» мәселесі әліде күн тәртібінен түспей келеді.Ал, бұндай топтағы балалар тобымен жұмыс жасау тікелей әлеуметтік педагогтың міндеті болып табылады.

Тәртібі қиын баланың ата-анасымен танысуда әлеуметтік педагог мынадай мәселелерге басты назарда ұстау керек:

-ата-ана өзін зерттеу объектісі ретінде сезінбеуі керек.

-баласына немесе өзінің дәрежесін төмендетін деңгейде әңгіменің болмауын қадағалау;

-қойылатын сұрақтар нақты және ой елегінен өткен сұрақтар болуы тиіс. Т.б.

Және де қойылатын сұрақтар тізімі мына төмендегідей формада болуы тиіс.

1. Отбасынызда неше бала?

2.сіз немен айналысасыз?

3. Балаларыңыздың тәрбиесіне каншалықты деңгейде көңіл бөлесіз?

4. Балаңыздың бос уакытын қалай ұйымдастырасыз?т.б.

53. «отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынас» атты ата-аналар жиналысының жоспарын құрастырыңыз

Ата-аналар жиналысы

1. Ата-аналарға жиналыс болатыны жөнінде хабарлау

2. Жиналыстың өзекті мәселесі етіп , әр баланың отбасындағы ата-аналарымен, бауырларымен қарым-қатынасы жай-күйін алу

3. Әрбір ата-ананың алдымен пікірін тыңдау

4. Отбасындағы қарым-қатынаста маңызды деп нені санайтындығын сұрау

5. Шағын сауалнама толтыру

6. Отбасындағы қарым-қатынастың маңыздыллығын терең түсіндіру, т.б

54. «Бұқаралық коммуникацияның даму тарихы» атты хронологиялық кесте құрастырыыңыз

Кесте №

Сипаттамасы Хронология
Ауызша комуникация кезеңі Сөйлеудің пайда болуымен
Баспа құралдарының кезеңі Орта ғасыр
Электронды коммуникация ХХ ғ. Ортасынан бастап

Кесте №2

Сипаттамасы Хронология
Ауызша фаза Сөздің дамуы адамдардың бір-біріне хабарлауына мүмкіндік берді Тіл пайда болғаннан бастап))   Б.э.д ҮІ ғ  
Жазу фазасы Гуттенбергтің станогы- кітап басып шығару кезеңі   Бірінші даталы «Апостол» кітабы басылып шықты   1440-1450   1563-1564.  
Компьютерлік кезең Қазіргі заман

55. Коммуникациядағы Шеннон- Уивер моделінің ерекшеліктерін сызба арқылы түсіндіріңіз

Клод Шеннон коммуникацияның 3 деңгейін бөліп көрсетеді.
Ақпарат көзі
Жіберуші құрал
Қабылдаушы
Белгіленген орын
Шуылдың көзі
Техникалық
Семантикалық
Әсерлілік
Техникалық – техникалық проблемалар. Жіберушіден қабылдаушыға берілген ақпараттың нақтылығына байланысты.
Семантикалық – семантикалық проблемалар, қабылдаушының ақпаратты жіберуші мен жіберілген ақпараттың мағынасымен салыстырғандағы интерпретациялауы.
Әсерлілік деңгейі – әсерлілік проблемалары.
Сигнал
Қабылданған сигнал

56. Коммуникация формаларына тірек-сызба құрастырыңыз

Наши рекомендации