Жалпы техникалық еңбек және кәсіби еңбек

Бұл кезең есту қабілеті зақымдалған оқушыларды еңбекке дайындауда өте маңызды рөл атқарады. Себебі, бұл кезеңде оқушылар жалпы техникалық дайындықтан өтеді, яғни өндірістегі әр түрлі техниканың түрлерімен кеңінен танысады. Оқу бағдарламасында жалпы техникалық дайындық екі дифференциалды оқытуды қарастырады, яғни ер балаларға техникалық еңбек, ал қыз балаларды қызмет көрсету еңбегін үйретуге оқыту.

Бұл кезеңде еңбекке оқытудың жалпы және арнайы міндеттері шешіледі. Оған оқушылардың материалды өңдеуде қарапайым элементтері техника мен технологиялық элементтерін өндіріс негізімен еңбекті ұйымдастырудың элементтері жатады.

Ер балаларға арналған бағдарламаға машина жүргізу, ағашты және ағаштан жасалған бұйымдарды технологиялық өңдеу, металдар қорытпаларды технологиялық өңдеу сондай-ақ электротехникалық жұмыстар кіреді. Ең үлкен бөлігі бұл материалды технологиялық өңдеу болып табылады. Әрбір тақырыпты өту барысыыда оқушылар нақты техникалық жұмысты орындайды.

Қыз балаларға арналған қызмет көрсету еңбегінің мазмұнына түрлі тағамдар әзірлеумен мата өңдеу, сонымен қатар электротехникалық жұмыстар кіреді. Ең негізгісі тігін машиналарын жүргізу, жүргізудің жұмыс тәсілдерін игеру, тігін бұйымдарын дайындау, матамен жұмыс істеу және материалды өңдеу болып табылады.

Практикалық жұмыс барысында оқушы қыздар сызбаны пайдалануға үйренеді, сызба құралдарымен танысып, өлшеп сызуға дағдыланады, содан кейін үлгіні жасауға және үлгінің нобайын жасауға үйренеді.

Бастапқыда оқушылар бұйымның үлгісімен технологиялық операцияның орындалу жолымен және оның жалғасымен танысады. Осыдан кейін технологиялық карта құрастырады.

Ең басты назар өлшеу дағдыларына сұлбаның негізін сызуда әр түрлі есептеу формулаларын қолдануға аударылады.

Матамен жұмыс жүргізу барысында оқушылар матаның түрлері жайлы нақты мәліметтер алады.

Екінші кезеңде еңбекке оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасының бірі сабақ болып табылады. Оны еңбек пәнінің мұғалімі өтеді. Бұл кезеңнің еңбек сабақтары мектептің шеберханасында өткізіледі.

Сурдопедагог есту қабілеті зақымдалған оқшыларды техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыруға және жеке басының гигиенасымен еңбек гигиенасын талап етуге көңіл бөлуге міндетті.

Жыл сайын еңбекке оқытуда қазіргі өндіріс орындарымен танысуға дайындық негізінде өндірістік экскурсиялар ұйымдастырылады.

Оқыту тәрбиелеу мазмұнының мақсатымен өндірістік экскурсиялар жеке техникалық немесе технологиялық объектілерді оқытумен тікелей байланыста өткізіледі. Кешенді экскурсия тақырыптың немесе оқу бағламасына жақын байланысқан сұрақтар шеңберін қамтуды ұсынады.

Әрбір оқу жылының соңында оқушылар қиын емес бұйымның жасалу жолымен кешенді жұмыс жасайды. Кешенді жұмыстың ең басты мақсаты бұл оқушыларды жыл бойы алған білімдері мен практикалық дағдыларын бекіту болып табылады.

Есту қабілеті зақымдалған балаларды еңбекке оқытудағы ең басты назар ол оқушылардың сөйлеу тілінің дамуына аударылады. Олардың сөздік қорына жаңа арнайы терминдер енгізіледі. Оқушылардың әр тақырыпта және әрбір еңбек әрекетінде игеруге тиіс сөздік жұмысы бағдарламада көрсетілген.

Еңбекке оқытудың бұл кезеңіне мыналар кіреді:

а) жалпы өндірістік принциптерді ашу;

ә) өз бетінше мамандық таңдау үшін оқушыларды еңбектің әртүрімен таныстыру;

б) оқушылардың жалпы техникалық және ауылшаруашылық білімдері мен дағдыларын қаруландыру;

г) оқушылардың еңбекке деген жағымды қарым-қатынасқа, достық сезімді қалыптастыруға тәрбиелеу;

Еңбек әрекеті оқушылардың білімдерінің нақтылығы мен оның тәжірибелік жұмыстар мен байланыстыруын білуді ұсынады.

Бұл кезеңнің соңында оқушылар нақты қандай мамандық таңдайтынына сенімді болады деуге болмайды.

Оқытудың бұл кезеңі есту қабілеті зақымдалған оқушыларды мамандыққа дайындайды. Мамандық таңдау бұл мемлекеттің үлкен маңызды жұмысы болып табылады. Мамандыққа бағдарлау-бүтін бір кешенді психология, педагогикалық, медициналық және ұйымдастырушылық шараларды ұйғарады. Ол мектеп түлектерінің мамандықты саналы таңдауын, яғни қоғамға мүдделі жауап беруін, халық шаруашылығын әлеуметтік - экономикалық пайдалануды, әрбір жеке мүмкіндіктердің максимальді дамуымен қамтамасыз етуді қарастырады. Оқушылардың саналы мамандық таңдауға дайындықтары әр түрлі факторларға байланысты болып табылады. Практика өндіріс мекемелерінде өткізіледі. Мамандыққа әзірлеуде оқушылардың жас ерекшеліктері, дене бітімі және психикалық ерекшеліктері ескеріледі. Есту қабілеті зақымдалған оқушыларға тіл қатынасының белсенділігін жоғарлату жағдайындағы және есту белсенділігі талап етілетін мамандықтар ұсынылады.

Есту қабілеті зақымдалған балалардың мамандық таңдауы жалпы мектептегі құрдастарына қарағанда өте қиын, себебі олар мектептен алған білімдерін ары қарай жалғастыруы мүмкін болмай отыр. Жоғары оқу орындарында оларға арналған бөлімдер жоқ. Сондықтан да бұл курсты оқу өте ұзақ уақытты алады. Мамандық таңдауда олардың алдында ерекше шектелу тап болады. Кәсіптік еңбекке баулуда тіл дамуының деңгейі және жалпы білімі, танымдық әрекеттерінің ерекшеліктері немесе кемшіліктері оларға шектелу болады.

Оқушыларды саналы да дұрыс кәсіптік әрекетке дайындауға себепші факторларға мыналар жатады:

· оқушылардың өздеріне көптен таныс еңбек түрлерінен хабардар болу;

· физикалық және психикалық мүмкіншілігі жағынан сол іс-әрекетті орындауда қойылатын білім талаптарын білуі;

· таңдаған мамндықтарын игеруде өзінің нағыз мүмкіншілігімен жеке санасын дұрыс бағалай білу;

Оқушыларды мектеп бітірген кейінгі саналы әрі шығармалық өнімді еңбекке дайындау барлық тәрбие жұмысында үлкен орын алады. Ол ғылым мен өндірістің жетістіктерімен, мектепте және мектептен тыс пайдалы еңбектің жетістіктерімен таныстыра отырып, өндіріс орнындағы озат жұмыскерлермен кездесу ұйымдастыру керек. Бұған еңбекке оқытуды ұйымдастыру процесінде кеңінен мүмкіндік беріледі.

Оқу жоспары мен бағдарламасына сәйкес V­VIII сыныптарда жалпы техникаық дайындықтың тапсырмалары шешіледі, ал IX сыныптан бастап мамандыққа оқыту басталады. Соңғы жылдары тағы да бір жаңа мамандық түрі енгізілді, ол - V­VIII cыныптарға арналған шеберлік жұмысқа негізделген автожөндеу жұмысы. Еңбек мұғалімдері оқыту процессін құрауда кең тәрбиелік мүмкіндіктерді пайдалануға ұмтылады.

Еңбекке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуді Н.И.Скоринова оқушылардың оқитын мамандықтарының қаншалықты маңызды екендігін көрсетуден бастайды, ол жақсы жұмыскерлердің жетістіктері туралы, егер олар өз мамандықтарына шынайы сүйіспеншілікпен қарапайым болса, оларда өндірістің алдыңғы озаттары болатыны туралы айтып береді.

Еңбек сабағының мұғалім Отанға деген сүйіспеншілікпен оның жетістіктеріне мақтануға тәрбиелеуде үлкен жұмыс атқарады.

Машинаға кіріспе сабақтарында мұғалім оқушыларға қазіргі тігін өндірісіндегі әр түрлі машиналардың жаңа түрлері мен қол машиналардың жаңа түрлері мен қол машиналардың орнын басушы механикалық машиналар және механизмдер кешені туралы айтып, баяндап отырады.

Маталарға кіріспе сабақтарында мұғалім оқушыларды матаның әр түрлерімен таныстырады.

Мектеп оқушылары өндірістің қарқынды дамуына өндірістегі еңбекті көтеріп, кеңейтумен тікелей байланысты екенін білуі керек. Сонымен қатар оқушыларды қажет жағдайға керек шеберханадағы жетіспейтін құрал жабдықтарды дайындауы керек, ал қандай да бір сұрақ туындаған жағдайда мұғалім оқушының жұмыс орнына өзі жақындайтын болады.

Техникалық карта оқушыны ойлануға, шығармашылық ойлауын кеңейтуге міндеттейді және өз бетінше жұмыс істеуге және өз күшіне сенуге тәрбиелейді.

Оқыту барысында мұғалім оқушыларды материалды үнемді пайдалануға тырысуға тәрбиелейді. Ол материалды қалай үнемді пайдалану керек екенін өздері ойланып көруді ұсынады.

Сабақ барысында тігін кәсіпорнында материалды үнемдеу барысында жоғарғы сапалы жоспарланған бұйымның өз бағасынан төмендейтіндігін айтып отырады. Мұғалім көрсетілген материалды газет журналдардан алады. Сақтық шаралары барлығынан бірдей талап етіледі: өз уақытында машинаны, үтікті, жарықты қосу мен өшіру және тағы басқалары. Инструменттерге сақтық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу болашақ еңбек әрекетінде үлкен маңызға ие болып табылады.

Бұйымның сапалы жақсы болуына бұйымның әрбір операциясы орындалған жағдайда қол жеткізуіне болады. Сондықтан да әрбір операциясы орындалған жағдайда қол жеткізуге болады. Сондықтан да әрбір операция тексерілген әрі бағаланған және жалпы бағалау әрбір оқушыны бағалауда мұғалім баланың шағын ғана жетістіктерін есепке алуға тырысу керек. Бұл олардың көңіл-күйлерін көтеруге және өз күштеріне сенуге мүмкіндік туғызады. Баланың нашар істеген жұмысына көтермелеп баға беру оны алдыңғы қатарлы оқушыларға қосылуына мүмкіндік береді.

Мұғалім оқушылардың ұжымдасуына тәрбиелеуде үздіксіз жұмыс жасайды. Жұмыс барысында кейбір жағдайда жолдастарының көмегі қажет болады, міне сол себепті мұғалім жақсы оқушылардың нашар оқушыға көмектесуін ұйымдастыруды және бүкіл топтың жетістіктеріне алаңдауға және топтағы оқушылардың артта қалуына уайымдай білу үшін жасалатын көмектің бұл түрлері оқушыларды ұжым болып қалыптасуына әкеледі.

«Мен үшін­дейді Н.И.Скоринова,-оқушылардың тек артта қалған оқушыға көмектесуі емес ең негізгі оларды ұжымдық сезімге тәрбиелеу ең маңыздысы болып табылады.

Наши рекомендации