Жоғары мектеп педагогикасының пәнін, міндеттері мен қызметтерін сипаттап беріңіз.

Педагогика-бұл ғылым және басқа ғылымдар сияқты, оның өз зерттеу пәні, салалары бар. Кез-келген ғылымның қалыптасуы мен дамуы әруақытта да қоғамның практикалық қажеттілігінен туындайды. Педагогиканың пайда болуы болашақ өсіп келе жатқан ұрпақты өмірге даярлауда қоғамның қажеттілігі болып табылады.

Тарихи тұрғыдан педагогика бала тәрбиесі туралы ғылым ретінде қалыптасты. Педагогика өз атауын гректің пайдагогос (пайд-бала, гогос-алып бару) деген екі сөзінен шыққан., балаларды алып барушы. Ертедегі Грецияда өз қожасының балаларын мектепке алып бару міндетін құлдар атқарған. Кейіннен педагогтардың қызметін бала оқыту және тәрбиелеу, тәлімгерлік жұмысын жалдамалы адамдар атқарған. Қазір ол кезеңмен салыстырғанда педагогтардың ролі мен атқаратын қызметі мүлде өзгерді. Бүгінде педагог, ұстаз, тәлімгер, белгілі кәсіби білімі бар, арнайы кәсіби-педагогикалық даярлықтан өткен білікті ұстаздарды, тәрбиешілерді айтамыз. Алғашқы бала тәрбиесі туралы білім негізі қазақ халқының халықтық педагогикасынан бастау алған.

Жоғары мектеп педагогикасы жас ғылым ретінде ХХ ғасырдың ортасында, педагогиканың бір саласы ретінде қалыптасты.

Жоғары мектеп педагогикасы қоғамдағы өзгерістер әсерімен теорияға, яғни өсіп келе жатқан тұлғаны дамыту мен тәрбиелеу туралы ғылымға айналды.Жоғары мектеп педагогикасының негізгі категориялары: тәрбие, оқыту, білім беру, жоғары мектептің педагогикалық процесі, әлеуметтену, іс-әрекет табыстылығы.

Жоғары мектеп педагогикасы пәні- студенттер бойында кәсіпке қажетті білім, дағды, сапаны қалыптастыруға бағытталған оқытушылар мен студенттердің арасындағы біріккен іс-әрекет. ЖМП пәнінің мақсаты- кәсіби білікті маман даярлауға, студенттердің қабілеттерін, дарындылығын көрсетуге, кәсіби біліктілікке жетуге жағымды жағдай жасау.

ЖМП-сының міндеттері:

- магистранттарды,студенттерді болашақ мамандықтың теориясы және технологиясымен танысуға бағыттау;

- магистранттарды, студенттерді жоғары мектеп педагогикасы саласындағы өзекті зерттеу мәселелерін анықтап, талқылауға жағдай туғызу;

- магистраттарды, студенттерді жоғары оқу орындары мен жалпы мектеп арасындағы байланысты жан-жақты зерттеуге баулу.

ЖМП-сының негізгі категориялары: тәрбие, білім беру, оқыту, педагогикалық процесс, тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, қалыптастыру, заңдылықтар, әдіснама.

Ғылыми білімнің қарқынды дамуына байланысты ЖМП-сының жоғары мектеп дидактикасы, жоғары оқу орнында тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі, жоғары мектеп менеджменті, жоғары мектеп технологиялары атты салалары бар.

ЖМП-ң функциялары теориялық және технологиялық болып бөлінеді:

Теориялық функциясына: озық тәжірибені оқыту ; педагогикалық құбылыстарды анықтау; тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Технологиялық функциясына:әдістемелік құралдар дайындау(жоспар, бағдарлама, стандарттар, әдістемелер), ғылымның жетістіктерін өндіріске ендіру; ғылыми зерттеулерді анализдеу.

Педагогика ғылымы туралы өткен уақытта да, қазіргі кезеңде де ғалымдардың арасында үш түрлі көзқарастар қалыптасқан. Бірінші көзқарастың өкілдерінің айтуынша, педагогика-адамзат білімінің пәнаралық саласын қамтиды деп дәлелдеген. Екінші көзқарас өкілдері педагогиканы қолданбалы пән ретінде қарастыра отырып, оның негізгі атқаратын қызметінен басқа ғылымдардан (психология, жаратылыстану, социология) енген, тәрбие саласында пайда болған міндеттерді шешуге арналған. Ғылым мен тәжірибе үшін профессор В.В.Краевскийдің айтуынша, үшінші көзқарас педагогика өзінің зерттеу нысаны мен пәні бар дербес ғылым ретінде қарастырады. Уақыт өте педагогика –адам қалыптастырудың арнайы ұйымдасқан, мақсатты және біржүйелі қызметі, тәрбиенің, білім берудің және оқытудың мазмұны, түрлері және әдістері туралы ғылым.

Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Тек шәкірттер ғана оқып, білім алып қоймайды, сонымен қатар ересектер де білім алады. Демек қазіргі педагогика ғылымы –бұл адам тәрбиесі туралы ғылым.

Педагогиканың объектісі мен пәні туралы, педагогика –бұл балалар мен ересектерді тәрбиелеу, оқыту және білім беру туралы ғылым деген қорытынды шығаруға болады.

2. Жоғары мектеп педагогикасының басқа ғылымдармен байланысын сипаттаңыз. Мысал келтіріңіз.

Педагогика ұзақ жылдар бойы ақпарат жинау барысында, педагогикалық ғылымдардың салалы жүйесіне айналды. Қазіргі заманғы ғылыми білім дифференциацияға, оқытудың бөліну аймағындағы тенденцияға енеді. Оқу орындарының оқу-тәрбие процесіндегі оқыту, тәрбиелеу заңдылықтарын қарастыратын ғылыми базалық пән- жалпы педагогика. Ол ірі төрт бөлімнен тұрады: педагогиканың жалпы негіздері; оқыту теориясы (дидактика); тәрбие теориясы; білім беру жүйесін басқару. Соңғы жылдары бұл бөлімдердің ауқымды кеңеюіне байланысты жеке ғылыми пәндер бөлініп шықты.

Білім және тәрбие алушылардың жас ерекшелігін ескеруге байланысты – жас ерекшелік педагогикасы қалыптасты. Оның құрамына: бүлдіршіндер, мектепке дейінгі, мектеп, жоғары мектеп педагогикасы жатады. Бүлдіршіндер педагогикасы үш жасқа дейінгі балалардың тәрбие мәселелерін қарастырады. Мектепке дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі балалардың жеке адам ретінде қалыптасу, даму, тәрбиелеу, оқыту заңдылықтарын зерттейді. Мектеп педагогикасы – мектеп оқушыларының білімі және тәрбиесі мәселесімен айналысады. Бұл кезең өте күрделі болып табылады. Жоғары мектеп педагогикасының ерекшелігі жоғары білім алуға байланысты оқу-тәрбие процесінің заңдылықтарын қарастырады. Сондай-ақ, ересектер педагогикасы немесе ангдрогогика бар. Андрогогика - қарт адамдармен жұмыс істеу туралы ілім.

Педагогикалық пәндер қатарына: әлеуметтік педагогика, арнайы педагогика, салыстырмалы педагогика, пенитенциарлық педагогика, этнопедагогика, педагогика тарихы және т.б. жатады.

Әлеуметтік педагогика өмір сүру ортасындағы тіршілік ететін тәрбиені оқытады, бәрінен бұрын, көмекке зәру және тәуекелге бел буған адамдарға: маскүнемдер балаларына, наркомандарға, қылмескерлерге, жалпы анти әлеуметтік ортадағы өсіп келе жатқан топтарды тәрбиелеу, оқытумен айналысады. Сонымен қатар арнайы - дефектологиялық педагогика белгілі бір кемістігі бар адамдар тәрбиесімен айналысатын саласы бар. Зағиптардың- көздері көрмейтін адамдармен-тифлопедагогика, есту кемістігі бар адамдармен-сурдопедагогика, ойлау қабілеті төмен адамдармен- олигофренопедагогика және тіл кемістігі бар адамдармен-логопедия айналысады. Салыстырмалы педагогика әртүрлі елдердегі білім беруді талдаумен айналысады. Пенитенциарлық педагогика бас бостандықтары шектеулі адамдардың тәрбиесі сұрақтарына жауап береді. Этнопедагогика- халықтық педагогиканы зерттейтін ғылыми пән. Педагогика тарихы- педагогикалық ойлардың қалыптасып, дамуын қарастырады. Педагогика ғылымының ішкі жүйесі, қоғам мен ғылымдардың дамуын зерттейтін жаңа бөлімдерінің дамуы қазіргі күнде осындай сипатта.

Ғылымның тарихы педагогикалық ойлардың алғашқы түпнұсқалары жалпыфилософиялық ілімнің шеңберінде дамығанына дәлел бола алады. Білім беру мен тәрбиелеу идеялары діни догматтарда, мемлекет туралы ілімде, заңдылықтық қисындарда, бұрынғы әдеби шығармаларда өз сипатын берген.

Ғылыми ілімнің тереңдеп, кеңеюіне байланысты іс-әрекеттердің шынайы сипаты, өзіндік жеке бөлімдегі педагогиканың безендірілген түрі, дифференциациялық ғылымның кезеңі туды. Ары қарай, біздің бұрын көргеніміз сияқты, ішкі ғылыми дифференциация мен көптеген жеке педагогикалық ғылымдардың безендірілуі мен олардың білім беру жүйесі жүріп жатты. Ақырында, ғылыми кіріспенің дәлелдеуі бойынша, ғылыми аралық синтез кезеңі туу үстінде. Адам мен табиғат туралы ғылыми дамудың жалпы тенденциялары осындай. Енді, педагогиканың ғылыми аралық байланыстары туралы қазіргі заманғы көзқарастарды қарастырайық және оларға қысқаша түрде тоқталып өтейік.

Ішкі бөлінулері мен байланыстары қатарында педагогика басқа ғылымдармен байланысады. Академик Б.М.Кедровтың жіктеуі бойынша, ол медицина мен техникалық біліммен бірге практикалық ғылым тобына кіреді.

Педагогика интегративтік және практикалық бағдарлық сипатқа ие. Ол басқа ғылымдардың адам, табиғат, қоғам туралы ілімдерін өзінің пәні –тәрбиені оқытуда пайдаланады.

Педагогикаға бәрінен жақыны психология. Екеуінің арасында бірнеше байланыс жіптері бар. Ең бастысы – осы ғылымдардың пәндері. Психология заңдардың дамуын, адамның психикасын оқытса, педагогика тұлғаны дамытудағы басқару заңдылықтарымен жұмыс жасайды. Тәрбие, ересектер мен балаларға білім беру мақсатты бағытталған (ойлау, іс-әрекет) психикалардың өзгеруі ретінде болмақ. Ол психологиялық білімдерді меңгермеген мамандарсыз жүзеге асуы мүмкін емес. Екінші байланыс жібі екі ғылым – оқытудың критерилері мен көрсеткіштері және тұлғаны тәрбиелеумен айналысады. Оқушылар білімінің жылдамдық деңгейі жадыларының өзгеруімен, білім қорларымен, практикалық мақсатта білімдерін оңтайлы қолдана білу арқылы тіркелінеді.

Философия табиғаттың, қоғамның, таным теориясының (гносиология) жалпы даму заңдары туралы білімді бере отырып, педагогиканың әдіснамалық іргесін құрады. Әлеуметтану педагогикаға әлеуметтік ортадағы тұлғаның қалыптасуы, қоғамдық топтар, әлеуметтік қатынастар туралы ілім береді.

Этика мен эстетика өнегелік және көркемдік тәрбиенің негізін құра отырып, мораль және табиғаттық эстетика туралы ілім береді. Экономика педагогиканы білім беруге әсер ететін өндірістік, экономикалық процесстер туралы іліммен сусындандырады. Физиология педагогика мен психологияның жаратылысты ғылыми қоры. Тұлғаны қалыптастыру үшін адамның ағзасын, өмірлік қамтитын жүйелерін, жоғары нервтік әрекеттерін білу қажет.

Кибернетика, күрделі динамикалық жүйелерімен бірге басқару теориясы, педагогиканың дамуында үлкен роль атқарады яғни, педагогикалық жүйелерді басқару үрдістері тұрғысынан талданады. Информатика, жинақтау, ақпараттарды өңдеу туралы ғылым, ол да педагогика үшін өте маңызды. Тіпті ақпаратты әдістер мен педагогикадағы технологияларды оқытатын педагогикалық информатика – атты ғылыми бағыт пайда болды.

3. Жоғары білім мазмұнын реттейтін нормативті құжаттарға сипаттама

беріңіз. Мысал келтіріңіз.

Қазақстандағы білім беру жүйесінің артықшылық жақтары: мемлекеттік білім стандарттары мен Мамандықтардың Классификаторлары бар.

· 1990ж Қазақстанда бірінші білім стандарттары бекітілді, 310 жоғары кәсіби білім берудегі мамандықтарға арналған.

· 1996 ж ҚР-ң жаңа 342 мамандықтарға арналған Классификаторы бекітілді.

· 2001ж Халықаралық білім беру стандарттары бойынша жаңа Классификатор енгізілді, оның 283 арнайы мамандықтар үшін, 70 магистрлік және 46 бакалавр бағыттарын дайындауға арналған.

· Қазақстанда кредиттік жүйе бойынша оқыту белсенді жүргізілуде. Атап айту керек, барлық білім саласында жүргізіліп жатқан қайта құрулар, жаңа дамулар, мемлекеттік саясатқа және халықаралық тенденцияларға қайшы келмейді.

Білім стандарты негізгі нормативтік құжат болып есептеледі. Білім стандарты саяси-әлеуметтік және мәдени мәнді білім кеңістігінің бірлігін қамтамасыз ететін республикада жалпы білім беретін мектептердің әрі қарай дамуына қолайлы жағдай туғызады. Қоғамдағы жеке тұлғаның қажетін өтеуге бағытталған, білім берудің мемлекеттік нормасы білім стандарты сапалы білімділік жүйесі арқылы түсіндіріледі. Білім стандартының объективті негізі оның мазмұны оқу жүктемесінің көлемі және оқушыларды дайындау деңгейінің көлемі болып табылады.

Әрбір объектіде белгіленген негізгі білімге қойылатын талап және норма білім сапасын анықтайтын эталон спеттес негізінен білім стандарты оқу процесіне қатысты іс-әрекетті ұйымдастыруды реттейтін жалпы орта білім сапасынынң белгіленген нормаға сәкес оған қойылатын талапқа сай бағытталуы тиіс.

Жалпы орта білім беру стандартына қойылатын талаптар:

Қажеттілігіне мүмкіндігіне сәйкес қызығушы жақтың әлеуметтік-мәдени жағдайын ескеру;

Соңғы нәтиженің нормаға сәйкес бағдарлы болуы;

Білім саласы бойынша стандарттың құзырлық келісімін сақтау;

Мектептің әрбір сатысында тұлғаның даму міндетін ескере отырып білім мазмұнының толықтығын қалыптастыруды қамтамасыз ету;

Білім мазмұнының бірлігін тиімді формада жазып көрсету;

Оқушылардың қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігн ескере отырып мектептің, аймақтың, мемлекеттің жетіп көзқарасымен сәйкестендіре көрсету;

Оқушылардың оқу жүктемесін шамадан тыс асып кетпеуін қарастыру;

Тексеру кезінде технолгиялық жағынан дайын болу.

Біздің Республика тәуелсіз тұтас бірліктегі мемлекет, республикадағы мектептер әртүрлі тілде оқыту мен қатар жалпы білім ьеру саясатын сақтай отрып мемелекеттің қызығушылығы негізінде дамуы тиіс. Осыған байланысты білім беру мазмұны барлық мектепке бірдей міндетті түрде қарастырылады. Міндетті оқылатын пәндер мазмұнында республиканың кейбір аймақтарының экономикалық және мәдени-тарихи жағдайы көрініс табады.

Кейбір арнайы курстарда «Туған өлкенің мәдениеті мен тарихы», «Регионның экономикасы және экологиясы» т.б. жоғарыда айтылған регионның ерекшеліктері білім мазмұнында ескеріледі. Оқу жоспарындағы жалпы білім мазмұнында көрініс табады. Базистік оқу жоспары білімнің сатылық жүйелі принципіне негізделіп құраған.

Базистік оқу жоспарында қарастырылған мәселелер:

Негізгі мектепте білімін логикалық жағынан тамамдағаннан кейін өз қалауы бойынша оқуды профильдік мектепте, гимназияда, әртүрлі орта, арнайы лицейлерде т.б. оқу орындарында жалғастыру;

Мектепті гуманитарландыруға байланысты міндетті оқу жүктемесін қысқарту;

Бір сағаттық эффектісі шамалы курстарды азайту;

Республикада тіл туралы заңға байланысты оқытуды мемлекеттік (қазақ тілі) және басқа тілдерді мектпетің барлық түрінде оқыту;

Жеке тұлғаның қажеттілігіне байланысты қоғамда үш бағытта ұйымдастырылған: ғылыми, жаратылыстану, гуманитарлық-эстетикалық және кәсібі-техникалық профильді-дифференциацияланған оқытуды енгізу

Білім беру мазмұнында көрсетілгендей жалпы білім беретін мектептердің барлық типтері мен түрлерінде міндетті түрде оқыту.

Базистік оқу жоспарының жобасы бойынша:

барлық пәндердің мазмұнына халық педагогикасындағы ұлттық мәдениет компоненттерін енгізу;

білім беруді гуманитарландыру;

білім беруде математика-жаратылыстану бойынша жалпы мәдени бағытты күшейту;

әр пәнді оқыту әдісінің жүйесі жаңарып отыруы тиіс;

оқу-әдістемелік комплексті әрбір курс бойынша құру.

Базистік оқу жоспары екі бөлімнен тұрады – инварианттық және вариативтік. Инварианттық оқу жүктемесінде білім беру мазмұны міндетті түрде барлық оқушылар үшін қордаланып берілген. Блоктық пәндер жинтығында білім берудің негізгі компоненттері (ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, коммуникативтік, эстетикалық дене) оқу жоспарына сәйкес білім берудің инварианттық мазмұнында блок түрінде беріледі, математика, жаратылыстану, қоғамтану, өнер, дене және еңбекке даярлау.

Вариативтік оқу жүктемесінде мазмұнын ата-аналардың және балалардың мүмкіндіктерімен күшіне сай қажетін ескере отырып мектеп қарастырады. Оқу жүктемесінің ішкі құрылысы баланың жасына тәуелді. Бастауыш сыныптарда вариативтік бөлігі әр сыныпта екі-үш сағаттан қосымша сабақ жүргізу арқылы оқу уақытымен жүзеге асады. Оларды өз таңдауы бойынша әр сабақтарды негізінен жалпы-мәдени іскерлік қалыптастыруға бағыттап қолдануға болады. Вариативтік бөлімінің екінші сатысы әр сыныпта бес сағаттан факультативтен тұрады. Таңдау бойынша мектепте вариативтік бөлімнің үшінші сатысы көпқырлы пәндер мен сәндік курстардан тұрады. Инварианттық және вариативтік бөлігі оқытудың әртүрлі бірдей емес.

Бастауш сыныпта инварианттық бөлігі 89% құраса барлық оқу жүктемесінің 11% вариативтік бөлігі құрайды.

Инварианттық және вариативтік бөлігі I-II сатыда 85% және 15%, 44,8% және 55,2%. Жалпы білім беретін мектептердің сатылық ерекшелігі базалық куспен анықталады, оқу жүктемесінің вариативтік және инварианттық қатынасы және мазмұндық құрылымы вариативтік бөлігін құрайды. Осы ерекшеліктер үш базистік оқу жоспарды мемлекеттік базистік жалпы орта білім беретін оқу жоспарын жеке қарастырады. Мектепті бітіргеннен кейін өз қызығушылығымен таңдауы бойынша оқуды (профильды) көпқырлы мектептің бірінде жалғастырады. Көпқырлы мектеп ғылыми-жаратылыстану (лицей бағдарламасы бойынша) гуманитарлық-эстетикалық (гимназия бағдарламасы) және кәсіби-техникалық багытта ұйымдастырылуы мүмкін. Көпқырлы мектептің мақсаты оқушыларға жағдай жасау, кейбір пәндерге оқушылардың қызығушылығын және қабілетін арттыруға кей пәндерге терең теориялық және тәжірибелік білім беруге бағытталған. Үшінші жалпы мектепті бітіру сатысы. Білім берудің алты компоненты бірдей жалпы білім беретін мектепті бітіру дайындығына бағытталған. Бұрын міндетті емес болып есептеліп келген (Өнер) блогы құрайды. Бұл блок «Өнертануға кіріспе» деп аталады.

Алтыншы білім беру блогына дәстүрлі дене шынықтыру, еңбек, бастауыш әскери дайындық курсы кіреді. Осыған байланысты әр блоктың ішкі құрылысын ашып көрсету қажет. әрбір блок уақыттың өте аз мөлшерін қажет етеді. Білім берудің вариативтік бөлішінің жоғарғы сатысы көпқырлы пәндерден, қолданбалы курс және әркімнің өз таңдауы бойынша курсатрдан тұрады. Көпқырлы пәндерге негізгі оқу пәні жатады, қолданбалы курсы негізгі пәндерден білімді тереңдетуге және тәжірибеге дайындайды. Таңдаған курсы бойынша тек факультатив қана емес, басқа да көпқырлы пәндердің нақты саласы бойынша басқа бағытта да қызығушылығына сәйкес білім беріледі. Жалпы білім беретін оқу орындары нақты оқу жоспарын әзірлеуде, сондай-ақ базистік оқу жоспары нормативтік комплексті анықтайды.

4. «Жоғары мектеп дидактикасы» ұғымына анықтама беріңіз. Жоғары мектеп

дидактикасының негізгі категорияларына сипаттама беріңіз.

Бұл ұғымды ғылымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635). Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның «Ұлы дидактика» (1632) кітабында оқытудың мақсат, принциптері, әдістері, сынып-сабақ жүйесі туралы баяндалған.

Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, оқу, оқу принциптері, оқыту процесі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, нәтижесі.

Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын терең зерттеуге, педагогикалық озат тәжірибені зерттеп жинақтауға және оны оқыту мен тәрбие процесіне енгізуге байланысты.

Дидактика сол сияқты, жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз білім беру жүйесі, т.б. мәселелерді зерттейді.

Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған, алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.

Оқытудың міндеті – оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру.

Оқытуда ғылым негіздерін оқып-үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістемелерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады. Оқушы дүниетануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдамаларды әрі қарай дамыта түседі.

Оқыту мазмұны– өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол – оқытудың нәтижесі бола алатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.

Құбылыстар мен процестер арасындағы дамуды сипаттайтын мәнді байланыс философияда – заңдылық деп аталады. Заңдылықтар ғылыми теориялардың негізгі бөлігі болып келеді.

Оқыту заңдылықтары:

1. Оқытудың қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы. Неғұрлым қоғамның экономикалық мүмкіншілігі ғылыми-техникалық үдеуге сәйкес дамып отырса, солғұрлым мектептің оқу-материалдық жағдайы жақсарады, педагогикалық процесс тиімді ұйымдастырылып, жеке адамның дамуына игі әсер етеді.

2. Оқыту, білім беру, дамудың өзара байланысзаңдылығы. Л.С.Выготский былай деген: «Оқыту дамудың алдына шығып отырса, ол бала дамуына «ең таяу даму зонасын» жасайды, баланы ізденуге талаптандырады және дамудың бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді».

3. Оқыту процесінде оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескеру.

4. Оқыту процесінің міндеттерінің, мазмұнының, формаларының, әдістерінің өзара байланысы, олардың жаңарып, толықтырылуы.

5. Жекезаңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөліктерін қамтиды.

5. Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасын түсіндіріңіз.

Ғылыми деректер жинақталып қалған кезде оларды ғылыми-зертеу әдістері арқылы талдау және теориялық ұстанымдарға негіздеп зерделеу, ғылымда-әдіснама деп аталады. Мемлекеттік тілдегі «әдіснама» термині көптеген әдебиеттерде «методология» түрінде жазылып келе жатқаны белгілі. Қалайда бұл терминнің нақты мәні – «әдіс туралы ғылым» деген ұғымдық түсінікті білдіреді. Өйткені қандай ғылым болмасын,оның негізгі белгілі бір теорияны. Ережені, тұжырымдаманы басшылыққа алатыны белгілі. Сол себепті педагогика ғылымының әдіснамалық негізі философия ілімінің жалпы заңдарына, танымдық әдістеріне сүйеніп, оны басшылыққа алады.

Әдіснама-ғылыми-танымдық іс-әрекеттерді құру ұстанымдары, формалары мен амалары туралы ғылым.

Э.Г.Юдин әдіснамалық білімдер құрылымын 4 деңгейге бөледі: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми, технологиялық.

Бірінші деңгей философиялық әдіснама ғылымның категориялық құрылымын және танымның жалпы қағидаларын құрайды. Бүкіл философиялық білім жүйесі әдіснамалық қызметті атқарады. Екінші деңгей-жалпы ғылыми әдіснама барлық немесе көптеген ғылыми пәндерде қолданылытын теориялық тұжырымдамалар болып табылады. Үшінші деңгей-нақты ғылыми әдіснама белгілі бір арнаулы ғылыми пәнде қолданылатын зерттеу әдістері мен принциптерінің жиынтығы. Төртінші деңгей- технологиялық әдіснамазерттеу әдістемесі мен техникасы, демек, дұрыс практикалық материалды алуды қамтамасыз ететін тәсілдердің жиынтығы болып табылады. Әдіснаманың барлық деңгейі күрделі жүйені құрайды.

Жалпы ғылыми әдіснама құбылыстар мен қоршаған шындық үрдістердің жалпылық байланысы мен өзара сабақтастығын бейнелейтін жүйелілік принципімен сипатталады. Жүйелілікпен қарау педагогикалық теорияны, экспериментті және практиканы бірлік принципінде іске асыруды қажет етеді. Әдіснаманы не үшін білу керек екені бірден-ақ көрініп тұр-әдіснамалық білімдерсіз педагогикалық және басқа керек зерттеуді жүргізу мүмкін емес.Әдіснамалық рефлексия (өзінің ғылыми қызметін талдау дағдысы), ғылыми негіздеме жасауға, белгілі бір тұжырымдамаларды, танымның, басқарудың, құрастырудың формалары мен әдістерін шығармашылықпен қолдана білу қабілеті енетін әдіснамалық мәдениетті меңгертеді. Мұғалім үшін әдіснамалық мәдениетті меңгеру дегеніміз-ол педагогиканың әдіснамасын білу және бұл білімді педагогикалық жағдаяттарды шешкенде пайдалана білу. Мәдениеттің бұл түрінің негізгі бөліктері: оқу-тәрбие үрдісін жобалау және құрастыру, педагогикалық міндеттерді сезіну, даярлау және шығармашылықпен шешу; әдістемелік рефлексия.

Алым мен мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті арасындағы айырмашылық- біріншісі ғылыми педагогикалық білімдерді алады, «жасайды», ал екіншісі оларды пайдаланады.

6. Кредиттік оқыту жүйесі, Болон үдерісін түсіндіріңіз.

Еліміздегі жоғары оқу орындарында эксперимент ретінде енгізілген КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ – заман талаптарына сәйкес болашақ маман бойында толыққанды білім қалыптастыруға, өздігінен жұмыс істеу және білім алу дағдыларын дамытуға жағдай жасайтын жаңа оқыту жүйесі.

Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру жүйесіне ену үрдісі 2003 жылдан бастап еліміздің оқу орындарында және магистратурасында кредиттік оқыту технологиясының ендірілуінен басталды.

Кредиттік оқыту жүйесінің дәстүрлі «сызықты» оқыту жүйесінен ерекшеліктері:

v дәстүрлі жүйеде оқытудың мақсаты ақпарат пен нақты білім беру болса, жаңа жүйеде нақты білімнің негізінде шешім қабылдай білу дағдыларын дамыту, яғни шығармашылық әрекет пен өздігінен танып-білуді және

v кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру;

v білім алушылардың оқу жоспарындағы пәндерді таңдаудағы көп еркіндігі, әр студенттің өз жеке оқу жоспарын жасауға тікелей өзі қатысуы, оқыту бағдарламасының икемділігі және таңдау курстарының көптігі;

v студенттердің оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;

v «студент-оқытушы» қарым-қатынасының «субъект-субъект» болып өзгеріп, оқытушының ұйымдастырушылық және қосалқы рөл атқаруы;

v студенттерге пән таңдауда, оқу траекториясын таңдауда көмектесетін академиялық консультанттардың енуі;

v оқу үрдісін ұйымдастыруда факультеттердің еркіндігі, оқу үрдісін қажетті әдістемелік материалдармен (баспа және электронды) қамтамасыз ету қажеттігі;

v әр студенттің эдвайзер көмегімен оқу пәндерін меңгеру үшін білім беру траекториясын таңдау арқылы оқытудың жекелендіруі;

v студенттің өздік жұмысының (СӨЖ) үлесінің артуы, оның оқытушы қатысуынсыз жүргізілетін СӨЖ және оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өздік жұмысы (ОСӨЖ) болып бөлінуі;

v игерген білім сапасының емтиханда бағаланып, сынақтың болмауы;

v оқу уәждемесінің артуы, шетелде оқу мүмкіндігі, академиялық мойындау кепілдігі;

v оқытуда интерактивті әдістердің кеңінен қолдану мүмкіндігі;

v білім деңгейінің нақтылығы, баға жүйесінде дәстүрлі бағалаудан өзгеше жинақталатын сынақтық жүйенің енгізілуі және дәстүрлі бағалау жүйесіне аудару механизмінің болуы, бағалау жатады .

Кредиттік жүйенің басты ерекшелігіне – әр пән бойынша студенттер мен оқытушылардың еңбегін бағалауға сынақ бірлігінің (немесе кредиттер жүйесінің) енгізілуі жатады. Оқу пәндерін студенттердің меңгеруін бағалау үшін міндетті түрде балдық-рейтингтік жүйе қолданылады.

А.Чучалин мен О.Боев кредиттік жүйенің мәнін білім беру бағдарламаларының мазмұнын сандық бағалау жүйесі ретінде, ал рейтингтік жүйені оны игерудің сапасын сандық бағалау жүйесі ретінде түсіндіреді.

Кредиттік оқыту жүйесі – даралану, білім беру траекториясының таңдамалылығы және білім ауқымын кредиттер түрінде есепке алу негізінде өз бетінше білім алу және білімді шығармашылықпен игеру деңгейін арттыруға бағытталған білім беру жүйесі.

Кредиттік оқыту жүйесі сабақты жекелей жоспарлау негізінде өздігінен білім алудың және жекелендіру арқылы білімді шығармашылықпен игеру арқылы оқу үрдісін ұйымдастырудың ерекше тәсілі болып табылады. Ол әлемдік стандартқа сай білім беруді қамтамасыз етуге, барынша сапалы білім беру арқылы біліктілігі жоғары және еңбек нарығында бәсекелестікке төтеп бере алатын мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

Әлемдегі жоғары оқу орындарында қолданылып жүрген кредиттік жүйенің үлгілері бірнеше типке бөлінеді:

1) кредиттерді жинақтауға бағдарланған кредиттік

жүйелер, мысалы USCS;

2) кредиттерді бір мезгілде ауыстыруға және

жинақтауға бағдарланған аралас типті кредиттік жүйелер,

мысалы CATS;

3) академиялық икемділікті қамтамасыз ету үшін

кредиттерді ауыстыруға бағытталған кредитік жүйелер,

мысалы ECTS.

Студенттің өзін-өзі басқару нысандарын дамыту жоо-дағы тәрбие жұмысының жүйесін құрудың басым міндеттерінің бірі болып табылады. Студенттің өзін-өзі басқару нысандарын дамыту Қазақстанның Болон процесіне қосылуымен байланысты өзекті сипат алады, ал студенттік өзін-өзі ұйымдастырудың осы түрінің болуы оның негізгі талаптарының бірі болып табылады.

Қазақстандық қоғамға, жұмыс берушілерге бүгінгі таңда белсенді өмірлік ұстанымы, көшбасшылық қасиетті бар, икемді танымға ие, халықаралық ынтымақтастыққа дайын құзыретті, иманды, іскер жас адамдар қажет. Осыған байланысты қазақстандық отаншылдықтың, жоғары білімі бар қазіргі заманғы қазақстандық маманның маңызды компонентінің проблемалары да өзекті сипат алады.

Кез келген жоо уақыт талабымен алға қойылған міндеттерді жеке басты дамытудың мазмұнын, әдістері мен нысандарын жаңарту, оқу орнының нақты жағдайлары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, тәрбие жұмысының жүйесін жаңғырту арқылы шешуде өз жолын іздестіруге тиіс.

7. Жоғары мектеп оқытушысы тұлғасы және оның құзыреттілігіне қойылатын қазіргі талаптарды жіктеп, негіздеңіз.

Оқытушылардың кәсіптік құзыреттілігі мен педагогикалық шеберлігінің деңгейі, олардың кәсібилігін пәндік тұрғыдан, сондай-ақ педагогикалық салада арттыру формалары мен әдістері жоғары мектепті модернизациялауды орталық проблемасы ретінде қарастырылады. Инновациялық стратегияларды енгізу мекеменің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге қабілетті құзыретті педагогикалық ресурстарға деген сұранысты арттыруға негізделген.

Бүгінгі таңда жоғары мектеп оқытушысына қойылатын талаптар артып қана қойған жоқ, түбегейлі өзгерді. Білім беруді модернизациялаудың объективті қажеттілігі мен оқытушы кадрлардың жағдай арасында, сондай-ақ оқытушыларды жаңа сапалы деңгейде даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру мен жоғары мектепте бұл даярлықтың бұрынғы жүйесі арасында қарама-қайшылық туындады. Шығармашылық және дамыған практикалық қызметті талап ететін объективті шарттары жоғары мектеп оқытушысына студенттерді кәсіби, диентологиялық, адамгершілік тәрбие берудің, оларда кәсіптік құзыреттілікті қалыптастырудың, ойлау мен тұлғалық сапаларды дамытудың жаңа формаларын табу жауапкершілігін жүктейді. Педагогтың қызметі оқу-тәрбие, оқу- әдістемелік, ұйымдастыру-басқарушылық қызмет түрлерінен құрылады, болашақ мамандарға нақты машықтарды берумен толықтырылады. Осы мәселелерді шешу процесінде адамның кәсіби қызметке деген дайындығы қалыптасады. Білімді реформалау мен модернизациялау, оны ізгілендіру, гуманитаризация және тұлғалық бағыттылық, сапаны тұрақты арттыру оқытушылардың жоғары кәсіби біліктілігін, жұмысқа, оқытатын пәніне кәсіби тұрғыдан қарауды қажет етеді және осы білім беру бағдарламасының өзектілігіне негізделеді.

Педагог білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни педагог шебер болу үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс.

Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, студенттермен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде студенттерге үлгі болуы керек.

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Шебер ұстаз дегенді шығармашыл ұстаз деп те атар едім. Шығармашыл ұстаз күнделікті әрбір сабағын түрлендіріп өткізуге тырысады. Студенттің білімін көтерудің ең басты шарты-оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, студен оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан студенттің білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Шебер мұғалім үнемі студенттің ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана ұстаз мақсатына жетеді.

Сабақты тартымды, қызықты етіп өткізу - мұғалімнің шеберлігі, білімділігі, таланты. Егер, мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда студенттерді ойландыруға, ізденуге, тәжірибе жасап, істеген жұмысын қортылындай білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға, ғылыми тілде сөйлей білуге назар аударса, келесі бір сабақтың тұрмыс, салт- сана көрінісіне, кәзіргі жеткіншек жете білмейтін ұғым- түсінігін бүгінгі өмір салтына жинастыра көңіл аударса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сөйте отырып, ұлттық дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгіліктілікке, ұлттық тәлім- тәбие беруге назар аударылады. Сабақ үрдісінде студенттер өзіне- өзі баға беруге, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға өзінің жетістігін жете білуге, өзбетімен іздене білуге дағдылары қалыптасады. Студенттер арасында ынтымақтастық, сенім ахуалы қалыптасып, өзара силастық орнайды. Міне, осыларды педагогикалық шеберлікті аша түсудің тағы бір қыры деп есептейміз.

Оқытушыға қойылатын талап – жауапкершілік, жүктелген үлкен міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан – жақты терең біліктілікті, аса педагогикалық шеберлікті, өте нәзік психологиялық қабілеттілікті талап етеді.

Оқытушының бір ғана сыры – оның мамандығы. Бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек оқытушыға ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам – кәсіби мамандығына құштар, оны жан – тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді.

1/Оқытушы адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры.

2/Кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ.
3/ Оқытушының тілді меңгеруі – тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі – өнер. Себебі, тіл – тәрбие құралы.

4/ Байқағыштық сезімі – көрегендігі.

5/ Әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы.

6/ Жан – жақты дарындылығы.

7/ Үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы.

8/ Үлгі-өнегесі, оқытушы мәдениеті немесе педагогикалық әдеп – этикасы деуге болар еді. Себебі, педагогтың келбеті – сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі.

Мұғалім – Ұстаз тұлғасы, оның іс-әрекетінің сан – қырлылығынан ұстаз беделі деген ұғым туындайды. Оқытушының беделді болуының алғы шарттары: бірінші: студентке үлгілі болуы, және үлгі көрсетуші болуы керек.

Шебер педагог көзі қырақты, құлағы сергек, көкірегі ояу, білім беру саласында атқарылып жатқан игі істердің куәсі болуы керек. Сонымен бірге жаныңды шуаққа бөлеп, үлкен үмітке жетелеуші- білім беру саласы мұғалімдік мамандықтың сыры мен қырын шебер меңгерген, сол кәсіптің ыстығы мен суығын өзі де басынан кешірген адам нағыз ұстаздар, шынайы бапкерлер осындай қасиеті бар жандардан шығады. Сыпайы әдебімен, тұнық мінезімен, терең білімділігімен көпке жақын адам.

Егемендік алғаннан кейін әр республика жоғары кәсіптік білім беруді дамытудың тұжырымдамасын жасау қажет болды. Қазақстан Республикасы Лиссабон Конвенциясының ұстанымдары мен критерийлеріне сәйкес өзінің тұжырымдамасын анықтады. Тұжырымдаманың негізі Халықаралық білім берудің біліктілік стандартының ұсыныстарына сүйенді. Жоғары кәсіптік білімді дамытудың қабылданған тұжырымдамасына сәйкес бакалавриат, магистратура стандарттары жасалды. Оларда алғаш рет «маман моделі» термині қолданылып, түйінді құзыретіліктеріне және кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптар» белгіленген.

Педагогикада модельдеу мынадай жағдайларда қолданылатынын байқадық: а) педагогикалық міндеттерді және педагогикалық жағдаяттарды моделдеу; б) оқыту, тәрбие, үйренушілерді дамыту үдерісін моделдеу; в) білім беру мекемелерін басқару жүйесі жағдайын моделдеу.

Кәсіби–педагогикалық мақсат пен міндеттердің мазмұны мен нормативтік көлемі педагогикалық жоғары оқу орнындағы дайындыққа қойылатын талаптар мен жоғары оқу орнынан кейінгі қызмет деңгейіне байланысты анықталады. Педагогтың дайындығы пән бойынша алатын білім, білік, дағдыдан, арнайы қабілет пен жеке бас сапасын (интеллектіні, мінез–құлық, темперамент, психика) дамытудан, жалпы білімділік пен икемділік (бейімделу мүмкіндіктері, қарым–қатынас сапалары), сонымен қатар оқушының болашақ педагогикалық мамандыққа оқуға, педагогтік кәсіби қызметке деген көзқарасынан, қызығушылығы мен ынтасынан тұрады.

Ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, қоғамның және студенттердің жеке ынтасы мен қызығушылығының үйлесімі мұғалімді кәсіби дайындаудың төмендегідей мақсаттары мен міндеттерін айқындайтынын байқадық:

1. Кәсіби маман дайындауда жоғары пәндік, педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік деңгейге жетудің критерийлері:

• оқылатын пәндерге байланысты базалық білім деңгейінің болуы (кәсіби деңгей);

• мамандыққа байланысты арнайы пәндерден академиялық білім деңгейінің болуы (іргелі білім деңгейі);

• оқылатын әр пәнді оқытуға қызығушылығының болуы (танымдық қызығушылық);

• әдістемелік және технологиялық біліктерінің базалық деңгейі.

2. Педагогикалық үдеріс барысында сынып мұғалімінің ұстаздық мамандыққа бейім тұлғасын қалыптастыру:

• бейімделу мүмкіндіктері (өзін - өзі кәсіби бағалау, қобалжу т.б.)

• қарым – қатынас, тіл табысу қасиеті;

• педагогикалық бағыттылығы, ынтасы, қызығушылығы;

• жалпы білім, білік, дағдысының даму деңгейі.

3. Шығармашылық белсенділігін қалыптастыру:

• мәселені шешуде қалыптан тыс тәсілдерді қолдана білуі;

• мәліметтер жинау (портфолио), ілгері жылжу және болжамды тексеру,

нәтиже (рефлексия);

• ғылыми ойлау амалдарын қалыптастыратын оқу және зерттеушілік

сипаттағы міндеттер тізбегі (анализ, синтез, модельдеу, фондық көрнекілік т.б.).

4. Кәсіби тұлғалық қасиеттерін дамыту:

• педагогикалық шеберлік;

• математикалық ойлау;

• қабылдау, ойлау, ес, сөйлеу, өзінің іс - әрекетіне өзі талдау жасау сияқты психиканың функционалдық тетіктері;

• ерік, жігер, темперамент, мінез, қабілет.

5. Оқуға психологиялық, педагогикалық, технологиялық тұрғыда жағдай жасау (тұлғалық – бағдарлы педагогика).

Мұғалімді кәсіби дайындаудың әр компоненті біртұтас педагогикалық үдеріс шеңберінде кәсіби дайындықтың сапасын бағалайтын өлшемдер мен эталондар, критерийлер сияқты базалық сипаттарының жиынтығымен айқындалуы керек.

Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, құзыреттіліктің құрамы төмендегідей: кәсіби дайындықтың әдіснамалық бағыттылығы; қоғамдық саяси пәндердің кәсіби-педагогикалық бағыттылығы; психологиялық –педагогикалық дайындықтың бағыттылығы; математикалық дайындықтың кәсіби бағыттылығы; әдістемелік дайындықтың ғылыми-теориялық және практикалық бағыттылығы; студенттердің үздіксіз педагогикалық практикасының ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру; мамандарды дайындауда тұлғалық - әрекеттік тұғырды жүзеге асыру; болашақ мамандарды қазіргі педагогикалық және ақпараттық технологиямен қаруландыру; студенттердің үздіксіз компьютерлік дайындығын жүзеге асыру; оқу-ғылыми-өндірістік-педагогикалық кешен жасау.

8. Оқытуды ұйымдастыру түрлері: дәріс және семинар сабақтары, практикалық жұмыстардың ролін айқындап, мәнін ашыңыз

Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны модернизациялау көзделеді. «Түрлері» деген ұғым латын тілінен аударғанда «fоrmа» сырқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық-белгілі орныққан тәртіп. Философия пәнінде «түрлері» ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген ұғыммен анықталады. Яғни «түрлері» ішкі байланысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен де сабақтастықта. Былайша айтқанда, оқытудың түрі-оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту түрі: әдіспен, амалдарға, құралдарга оқушылардың іс-әрекетіне тәуелді болады. Педагогтік іс-әрекет бір-бірімен, өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік, белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылармен мұғалімнің қарым-қатынасыі (Чередов И.М.). Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы-мұғалім қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-эрекетін басқару жэне оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оку материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудын сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.
Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап-мүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері негізінен былай жіктеледі. Оқушының саны мен құрамы,жұмыс орны, оқу жұмысының ұзақтығы. Осыған қарап оқытудың түрі былайша бөлінеді:
• жеке ( бір ғана оқушымен жұмыс істейді);
• жеке-жұптық ( оқушы — оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым- катынасы, қазіргі жағдайда оқушымен қарым-қатынасы жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметі мен айқындалады);
• жеке-топтық топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады (оқытудың бұл түрі орта ғасыр мектептерінде қолданылған).
• Өзара бірлесіп оқыту, (аталған оқыту жүйесі Англияда пайда болған, атауы-беланкастер жүйесі);
• Саралап оқыту, оқытудың бұл түрі оқушылардың қабілетіне карай өтіледі (Мангейм жүйесі);
• Бригадалық оқыту,тапсырманы бригада алады: бір сыныпта 5-6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші-бригадир оқытудың бұл түрі XX ғасырдың 20-жылдарына тән);
• Американдык «Винетка-жоспар», «Трампа-жоспар» және т.б.
• Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальді, ұжымдық жұмыс
және т.б.).
Оқыту түрлерінің сыныптық-сабақ жүйесі ХҮІІ ғасырда туысқан тәуелсіз мемлекеттердің Богемия, Украина, Белоруссия елдерінің мектептерінде
ең көп тараған жэне үш жүзжылдық уақыт бойы элі дамып келе жатыр. Сынып дегеніміз-жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімінің тапсырмасын сабақ барысында жэне үйге берілген тапсырманы орындайды. Оқытудың бұл жүйесінің теориялық тағылымын ХҮІІ ғасырда — атақты чех педагогы Ян Амос Коменский жасаған. Басқа оқытудың түрлерімен
салыстырғанда, сыныпты-сабақ жүйесінің көптеген ұтымды тұстарын атап өтуге болады; сабақ құрылымын тиімді етіп құру, барлық оқу тәрбие үрдісін тәртіптеуді қамтамасыз ету, оны қарапайым дәрежеде басқару, оқу мәселесін талқылағанда, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін пайдалану, белгілі міндеттерді шешу барысында ұжымдық ізденіс жасау, уақыт үнемдеу, сабақ үстінде әр оқушының рухани санасын арттыруға құлшынысының бәсекеге түсуі, жүйелілікті және кезеңдік реттілікті жүзеге асырып, оның одан әрі дамуына, білімсіздіктен білімділікке жетіліп отыруына ұмтылу. Бұл оқытудың түрінде де кемшіліктер кездеседі: сыныптық-сабақ жүйесі үлгерімі орташа деңгейдегі оқушыға бағытталған, сөйтіп, бір жағынан үлгерімі нашар деңгейдегі оқушының қабілеті жетпейтін күрделі тапсырмалар келсе, екінші жағынан өте талапты оқушылар үшін ыңғайланған оқу объектісі болмайды, әр оқушының жеке қабілеті ескерілмейді, нәтижесінде, мұғалім осы үш түрлі деңгейге жекелеген жұмысты ұйымдастыру амалын қарастыруы көзделеді және оқытудың әдістері мен қарқын мөлшерін дәл межелей алу шеберлігі болуы талап етіледі.
Бәрін есептей келгенде, әрине сыныптық- сабақ жүйесі тұрақталып, жаппай озық іс-тәжірибелер жинақталады деуге дәлеліміз бар. Жастары бір шамадағы сынып оқушыларын бірге оқуының тағы бір жағымды тұсы- ол оқушылардың ұйымдасқан анықтықты және үзіліссіз оқу жұмысын, сонымен қатар міндетті оқу мен сабақтан тыс жұмысты қамтамасыз етеді.

Наши рекомендации