Етістіктің сөйлемдегі қызметі
1. Баяндауыш.Сыздық қалаға бір барып қайтқан соң, Жәмила Сүлеймендікіне барып, қызын көріп келді.
2. Бастауыш.Күздігүні бұл жігіттердің көргені - Жұмақанның өз қызы емес, жанындағы малшысының қызы.
3. Анықтауыш.Аяғында қыз көретін жігіттер атқа мініп, кетуге дайындылған еді.
4. Пысықтауыш.Теңгедей бұлты жоқ таза аспанда таласып жымыңдаған жұлдыздар тұңғиық аспаннан елбіреп қараған от көздеріндей.
5. Толықтауыш.Жүргіншілер Ісләмдә үш сағаттай тосыпжүргендерін айтты.
№18
Шақ категориясы
1. Өткен шақ-сөйлеу кезінен бұрын болған я істеліп тынған амал-әрекетті білдіретін етістік формаларын айтамыз.
Өткен шақ
анық танық неғайбыл
-ды... -ып... -мақ + еді
-ған... -ған...
-атын... -а + ды екен
-ған
-ып
-ушы
-тұр + еді
-жүр,отыр
- жатыр
2. Осы шақдеп амалдың сөйлеп отырған уақыт бойында болатын я болып жатқанын білдіретін формаларды айтамыз.
Осы шақ
жалпы нақ неғайбыл
-а, -е, -й -а, -е, -й -ғалы
-ып..... -йын деп
тұр, жүр, отыр, жатыр
3. Келер шақдепамал-әрекеттің алдағы уақытта я сөйлеп отырған кезден кейін жүзеге асатыны-аспайтыны туралы түсінік беретін формаларды айтамыз.
Келер шақ
жалпы болжалды мақсатты
-а, -е, -й -ар, -ер, -р -мақ + (шы)
№19
Рай категориясы
Райдың түрлері | Анықтама | Жұрнақтар | |
Ашық рай(индикатив) | амал-әрекеттің өткенде, қазірде және келешекте болу я болмауын білдіреді | ------------------ | |
Неғайбыл рай(ирреалды) | Бұйрық (императив) | іске қосу, амалды істеуге қозғау салу, тілек айту, өтіну, жалыну, талап ету, т. б. білдіреді | -йын, -йық, -лық, -айын, -сын, -алық |
Қалау | ерікті | сөйлеушініңбірамалдыжүзегеасыруғабағыттылғанниетінынтатілегінүмітарманынбілдіреді | -са игі еді, екен -ғай еді |
тілекті | -ғы(м, ң)сы кел | ||
Шартты | амалдың я істің жүзеге асу-аспау шартын білдіреді | -са, -се |
№20
Етістер
Етіс категориясыдеп етістіктен етістік тудыратын, өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары басқашалау болып келетін, бір алуан жұрнақтардың жүйесін айтамыз.
№ | Етістер | Анықтама | Жұрнақтар | Мысалдар |
Негізгі | өзге етіс формаларына таяныш-негіз болатын, солардың түрлерін, мағыналарын, қызметтерін салыстырып айқындайтын форма | ********** | бар, кел, сөйле, қуан, ән сал, оян, т. б. | |
Ортақ | бірнеше субъектінің қатысы арқылы жүзеге асатын амалды білдіреді | -ыс, -іс, -с | тартыс, көріс, әкеліс, қарас, таныс, т. б. | |
Өздік | амалдың шарпуын я нәтижесі оны жасаушы субъектінің өзіне тиетінін білдіреді | -ын, -ін, -н | таран, жуын, оран, киін, сұран, т. б. | |
Өзгелік | амалдың басқа бір бөгде адам арқылы істелуін білдіреді | -т, -тыр, -қыз | оқыт, жинат, білдір, айттыр, қойғыз, сепкіз | |
Ырықсыз | амал өздігінен орындалатынын білдіреді | -ыл, -іл, -л (...л+ын,ін,н) | шешілді, жуылды, қамалды, ілінді, т. б. |
№21
Есімше.
Есімше категориясыдеп өзіндік морфологиялық және синтаксистік сипаттары бар, амал-әрекеттің атауы болу, семантикасы мен шақтық ұғымды білдіру қабілеттері бар телі формаларды айтамыз.
Есімше
өткен шақ осы шақ келер шақ
-ған, -ген -атын -мақ, -мек
-атын, -етін.. -ар, -ер
Көсемше
Көсемше категориясыдеп етістік негіздерінен арнаулы қосымшалар арқылы жасалып, тиісті дәрежеде шақтық, модальдік және басқа мәндерді білдіретін ерекше формаларды айтамыз.
Көсемше
өткен шақ осы шақ келер шақ
-ып, -іп, -п -а, -е, -й -а, -е, -й
-ғалы... -ғалы...
-ғанша -ғанша
№22
Стеу
Үстеу сөздердеп морфологиялық жағынан түрленбейтін, лексикалық-семантикалық жағынан өз алдына топ болып қалыптасып, сөйлемде пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздерді айтамыз.
Үстеу сөздер(құрамына қарай)
негізгі туынды күрделі
Негізгі үстеулердеп қазіргі кезде морфемаларға бөлшектеуге келмейтін, тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз. Мысалы, бұрын, әдейі, жорта, тек, әрең, т. б.
Туынды үстеулердеп басқа сөз таптарынан түрлі қосымшалар арқылы, сөздердің бірігуі және қосарлануы, тіркесуі арқылы, сондай-ақ, кейбір сөз тіркестерінің тұрақталуы арқылы жасалған үстеулерді айтамыз.
Туынды үстеулердің жасалу жолдары
№ | Жұрнақтар | Мысалдар |
-ша, -ше | адамша, жылқыша, қысқаша, өзінше | |
-шалық, -шама | соншалық, соншама, осыншалық | |
-шылап, -шілеп | жылқышылап, Бейсеншілеп | |
-лап, -леп | жаяулап, отыздап, темірлеп | |
-лай, -лей | осылай, күздей, жастай | |
-қары, -кері | тысқары, сыртқары, ішкері | |
-дайын, -дейін | түлкідейін, жорғадайын | |
-ын, -ін, -сын, -сін | ертеңгісін, кешкісін, жасырын |
Күрделі үстеулер.
1. Біріккен.бұл + күн - бүгін, бұл + жыл - биыл, жаздыгүні, әлдеқайда, т. б.
2. Қосарланған. әрең-әрең, рет-ретімен, т. б.
Тіркескен.
а) грамматикаланған, лексикаланған тіркестер келе сала, ала жаздай, оқи келе, күні кеше, т. б.
б) идиомаланған тіркестерқас пен көздің арасында, аяқ астынан, қаннен қаперсіз, т. б.