Оқу-әдістемелік жұмыстардың есебі

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің колледжі» ЖШС

2016-2017 оқу жылының

І жарты жылдығы бойынша

оқу-әдістемелік жұмыстардың

ЕСЕБІ

Ақтөбе, 2017

Оқу жылының ІІ жарты жылдығы бойынша

оқу-әдістемелік жұмыстардың есебі

Қазіргі кезеңде білім беруді реформалау оқытушының кәсіби қызметі білімін жетілдіріп, шыңдап отыруы - техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі тұлға мүдделерін, еңбек нарығының сұраныстарын, экономика мен әлеуметтік саланы дамытуда маңызды рөл атқарады. Елімізде өзінің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға жақындататын білім берудің ұлттық моделі қалыптасуда. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің «Қазақстан Стратегиясы – 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси курсы» атты Қазақстан Халқына Жолдауында «кәсіптік-техникалық білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет» деп анық көрсетті. Қазақстандық білім беру жүйесінде оқу үдерісінің тәжірибелік жағына және білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне көңіл бөліп, теория мен практиканы ұштастыра отырып кәсіби білім беру жүзеге асырылуда.

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті колледжінде де оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту, ғылыми – әдістемелік жұмыстарды жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда инновациялық технологиялар негізінде білім бере алатын алатын педагогтердің кәсіби біліктіліктерін арттыру оқу орнының негізгі мақсаттарының бірі. Оқу - тәрбие жұмысын басқару, оқытушыларды жоғары әдістемелік мәдени рухта тәрбиелеу, өз еңбегінің сапасы мен нәтижесіне талап қоя білуі, оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді әдістерді шығармашылықпен игеруі, білім алушылардың ғылыми- танымдық, ойлау қызметін жандандырып, терең, берік білімді болуына ықпал жасау,іскерлік пен дағдыны қалыптастыру – әдістемелік жұмыстың маңызды бағыттары.

Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру ережесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-бабы 25-ші тармақшасына сәйкес және білім беру ұйымдары мен тиісті инфрақұрылымдарда оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру үшін әзірленген. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті колледжінде оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша әдістемелік кабинет жұмыс жасап келеді. 2016 - 2017 оқу жылына арнайы жұмыс жоспары құрылып, колледж директорымен бекітілді.

Колледждің педагогикалық кадрлар құрамы «Колледж білім алушыларының жоғары теориялық білімі мен кәсіби біліктіліктерін қалыптастыруда заманауи технологияларды жетік меңгеру және іс-тәжірибеде тиімді қолдана білу» әдістемелік мәселесі бойынша жұмыс атқаруда.

Педагог қызметкерлердің жеке және кәсіби деңгейін көтеру және білім сапасын арттыру мақсатында әдістемелік жұмыстың төмендегідей құрылымы бекітілген:

1. Әдістемелік кеңес

2. Жас оқытушылар мектебі

3. Оқытудың жаңа ақпараттық-технологияларын меңгерту мен қолдану үшін шығармашылықпен айналысатын озат оқытушылар тобы

4. «Жас зерттеуші» білім алушылардың ғылыми – зерттеу орталығы.

Қазіргі таңда колледждің инженер-педагогтардың құрамы 93 адамды құрайды, бүгінгі таңда оның 12-сі жүктілікке байланысты демалыста отыр.Штаттық кесте бойынша - 81, қос қызметтілік негізінде – 2 оқытушы жұмыс жасайды.

Оқытушылардың барлығы – жоғары білімді. Ғылыми дәрежесі және біліктілік деңгейі бойынша - ғылым кандидаты – 1,магистрлер саны – 17,жоғары санатты - 20 ,бірінші санатты - 26, екінші санатты –19 оқытушы, санаты жоқ оқытушылар саны -28. Жалпы сапа - 49 % құрап отыр.

Нәтижеге бағытталған біртұтас педагогикалық үдеріс – оқытушының зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың өзегі.Педагог кадрлардың ғылыми дәрежесін,біліктілік санаттарын көтеру үшін колледжде жағдай жасалған. Оқытушылар ғылыми – зерттеу жұмыстарының нәтижелерін оқу үрдісінде іске асырып жүр.

Ғылыми дәрежесі бар оқытушылар саны – 18. Ғылым кандидаты -1, колледж директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты - Кульбаева Б.С.,магистрлер саны – 17. Олар - Айтбаганбетов А.С , Альситова А.Б, Абдукаримов Н.К., Абилова А.Б., Сагындыкова Л.С, Есмаганбетова А.А., Өтеулиева К.С., Байдекенова М.Н., Дүйсалиева Л.Ө., Курмантаева А.Т., Сарсенгалиева Л.М., Қолғанатова М.Ж., Шагалаев Ж.Ш., Уббиниязова А.А., (Бағындық Ж.Ә.,Бакажанова А.К.,Қабдиллаева Г.Е. - жүктілікке байланысты демалыста).

Педагогикалық ұжымда оқытушының әдістемелік деңгейі мен шеберлігін көтеру мақсатында «Жас мамандар» мектебі құрылған. Қазіргі уақытта колледжде 10 жас маман қызмет етуде. «Жас мамандар мектебінің» жылдық жұмыс жоспары бекітілді, оның жетекшісі болып жоғары санатты оқытушы – Уразбаева С.А тағайындалды. Биылғы оқу жылында жас мамандар қатары 3 жас маманмен - Бекжанова Д., Акпакова А.Қ,Мамбетырзаева С.Б.толықты. Жас оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында ай сайын отырыстар өткізіліп отырады.

Жас мамандарға кәсіптік шеберлігін арттыруда,оқытуда ақпараттық технологияны қолданудағы ізденістерін, бүгінгі білім беру талабына сай ақпараттық құзырлығын жетілдіру мақсатында әдістемелік көмектер көрсетіліп, озат оқытушылардың іс – тәжірибелерімен таныстырылып отырады.

Штаттық кестеге сәйкес әкімшілік-басқару аппаратының құрамы 16 адам: директор, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, директордың ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары, бас есепші, кадр инспекторы, оқу бөлімінің меңгерушісі, сырттай бөлім әдіскері, тәжірибе меңгерушісі, 3 бөлім меңгерушілері, 4 ПЦК төрайымдары.

«С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің колледжі» ЖШС-нің

Наши рекомендации