Сабақтан тыс уақытта және күнделікті өмірде грамматикалық нормада дұрыс сөйлеуге үйрету әдістемесі.

Оқу-тәрбие жұмысы топтарда жүргізілетін грамматикалық құрылымдар 3-4 сөздерден құрылатын сөйлемдерді құрайтын сөз тіркестерінен тұрады. Кез-келген сөз тіркесіне тірек болатын зат есім төрт түрлі тұлғада – көптелуі, жіктелуі, тәуелденуі, септелуі арқылы көрінетіні белгілі. Балабақша жасындағы балаларға лайықты тақырыптар төңірегінде осы тұлғалардың бірнеше түрі ғана меңгертіледі. олар:

1.Көптік жалғаулар/ бала-балалар, жеміс- жемістер, көше- көшелер/

2.Жіктік жалғаулар / Мен Олямын. Мен Айдоспын. Менің добым.Менің ойыншығым./

3.Тәуелдік жалғаулары / Менің атым Айым. Мынау менің Барбиім./

4.Септік жалғаулары. / Аулада нелер бар? Аулада ит, мысық бар. Терезені аш. Еданді жу./

Балаларды қазақ тіліне сөйлеуге баулу үшін жиі қолданатын қажетті, еске ұстауға жеңіл мынадай сөз тіркестерін іріктеп беру керек:

Сан есім мен сан ,сімнен жасалатын сөз тіркестері. / екі алма, бір бала, үш үйрек./

Сын есім мен зат есімнен жасалатын сөз тіркестері / әдемі қуыршақ, үлкен үй, кішкентай бала/

Үстеу мен бұйрық райды етістіктен жасалған тіркестері / тез жүгір, дұрыс айт, әдемі жаз/

Үстеу мен жіктік жалғау етістіктен жасалған тіркестер / мен айттым, тез келдік, кеше бардық/

Ілік септігіндегі зат есім сөздер мен ІІІ жақтағы тәуелді үстеулерден жасалатын тіркестер / Үйдің іші.Ваняның анасы/

Септік жалғауындағы сөз тіркестерін меңгерту - өте күрделі процесс. Бұл үшін балаларға бірнеше ойыншықтарды, киім-кешек, қуыршақтарды таратып, «Кімнің көйлегі бар?», «Кімнің добы бар?», деп сұрақ ққойып ілік септігін бекітеміз. Балаларды топтарға жарыстыру- балаларды белгілі бір формаларды бірнеше рет қайталатып, бекітудің ұтымды жолы. 2-3 сөзден тұратын тіркестерді мазмұны ұқсас егіз суреттерді қолдана отырып құрастыру тиімді. Мысалы, Мұнда бір алма, мұнда үш алма, мынау үлкен үй, мынау кішкентай үй. Осындай жолмен сөйлем құрылымдарын да бекітуге болады. Олар:

Бар, жоқ сөздерімен құрылатын сөйлемдар. Мысалы, «Небар?», «Кім жоқ?», «Не жетіспейді?» сұрақтарына жауап бергізу.

а/ Үйде кім бар? , Кім жоқ?. Бақта не бар?, Не жоқ?, Бақта алма бар.

б/ Үйде кім бар? Кім жоқ? Маратта шар бар, Оляда шар жоқ.

1.Аз, көп сөз. Өздерінің қатысымен жасалатын сөйлем құрылымдары Менде қарындаш аз, сендерде қарындаш көп.

1. Отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерінің қатысымен жасалатын сөйлем құрылымдары: қуыршақ отыр, аю жатыр, қоян секірді.

2. Жоқ, иә,.емес сөздерінің қатысымен жасалатын сөйлем құрылымдары: Әкең үйде ме? Иә, үйде. Жоқ, үйде емес, жұмыста. Мынау сенікі ме? Жоқ менікі емес. Иә, менікі.

3. Үш- төрт және одан да көп сөздерден тұратын жайылма сөйлем құрылымдары: Болат гүлге су құйды. Салтанат кітапты сөреге қойды.

4. Қарапайым құрмалас сөйлем құрылымдары: Үстел биік, орындық аласа. Миша сурет салды.Маратта сурет салды.

5. Біріңғай мүшелер қатысатын сөйлем құрылымдары.: Алма, алмұрт, өрік – жемістер. Үй жануарлары – қой, ешкі, ит, мысық, сиыр, жылқы.

Балалардың сөздік қорын дамыту, грамматикалық дағдыларды қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айта білуге қабілеттерін дамыту – осылардың барлығы байланыстырып сөйлеуге үйретудің алғышарттары болып табылады. Бағдарламада көрсетілгендей негізгі мақсат- балалардың өз бетінше байланыстырып сөйлеу болғандықтан, бұл кезеңде мектепке даярлық тобындағы балалардың өз бетінше әңгімелесе алуға, үш-төрт сөйлемнен сипаттама әңгімелер құрастыруды үйрене бастайды. Балалардың өздңігінен байланыстырып сөйлеуі олардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттырады. Бала бастапқы кезде бір-екі сөз арқылы өз ойларын жеткізбек болады. Ым-ишаратпен, бет әлпетін өзгерту, қолымен әр-түрлі қозғалыстар жасау олардың белгілі бір түсініктерді жеткізу шаралары іспетте болады. Академик Л.В.Щербаның анықтауы бойынша, балалардың екі сөздің басын құрап ойын білдіруі бастапқы байланыстырып сөйлеу қабілеті түрінде көрінеді. Ондай сөйлемдер синтагмалар деп аталады. Жекелеген грамматикалық дағдылар қалыптасқаннан кейін балалар әр-түрлі ситуативті жағдайлар туралы қысқа сипаттама әңгімелер құрастыра бастайды. Қазақ тіліне оқытудың соңғы кезеңінде мектепке даярлық тобына балалар мынадай сөйлем дағдыларын игеру тиіс:

1. Өздеріне қаратыла айтылған сөзді толық түсіну.

2. Бір немес бірнеше адамдарға толық өзінің ұсынысын айта білу.

3. Өтініш, алғыс айтудың сыпайы түрлерін қолдана білу.

4. Жекелеген заттарға сипаттама беру.

5. Өз әрекеттерін немесе жолдастарының жасап отырған жұмыс туралы сипаттау.

6. Өзі және жанұясы туралы әңгімелей білу.

7. Жыл мезгілдерін сипаттай білу.

Балаларға берілетін барлық тілдік материалдарды қорыта келіп төмендегідей әңгімелердің түрлерін ұсынуға болады.

1. Балабақша туралы сурет бойынша қарастыралатын әңгімелер:

Мынау балабақша. Балабақшада балалар көп. Балабақша үлкен және әдемі.

Мынау сөре. Сөреде ойыншықтар бар. Мынау доп. Мынау – қонжық, мынау қоян т.б.

Біз бақшаға келдік. Анам екеуіміз сәбіз ектік. Болат ағаштарға су құйды.

Мынау аула. Аулада балалар келе жатыр. Гүлнәр қуыршақ әкеле жатыр. Маратта машина бар. Машинада қонжық отыр.

2. Балалардың ойындары, режимдік сәттерге байланысты әрекеттері бейнеленген суреттер бойынша әңгіме құрату:

Балалар сурет салды. Болат үй салды. Гүлнәр қызыл, көк, сары шарлар салды. Бұл хайуанаттар паркі. Онда көп аңдар бар. Мынау қасқыр. Мынау аю т.б.

Мынау бала. Ол сағат жетіде тұрды. Тамақ ішті. Сағат сегізде балабақшаға келді т.б.

1. Анықтауыш мүшелер мен анықталушы сөздердің /заттардың санын, сынын, түр-түсінбілдіретін сөздер / арасында грамматикалық байланыс болмайды.,олар орын тәртібіне қатысты байланыста болады./бір қыз,бір ұл, жақсы оқушы/

2. «Бар», «жоқ», «емес» формасында берілетін болымды, болымсыз етістік сияқты барлық бұйрық райды етістіктер сөйлемнің соңында қолданылады. /Қоян бар. Қонжық жоқ.Әсем отыр. Тақтаға бар. /

3. «Кім?», «Не?», «Қандай?», «Қанша?» сұраулық шылаулар сөйлемнің соңында қолданылса, оған берілетін жауап та сөйлем соңында келіп, баяндауыштың қызметін атқарады. Мынау кім?-Ол бала. Бала қандай? – Бала әдемі. Сағат неше?- Сағат бес.

4. «Кім?», «Не?», «Қандай?», «Қанша?» сұраулық шылаулар сөйлемнің басында қимыл етістіктерімен қолданылса, бастауыш қызметін атқарады да, оған берілетін жауап та сөз басында, кейін , келесі етістікпен жалғасып қолданылады.

5. «Кім?», «Кімде?» сұраулық шылаулары адамға және адам кейіпіндегі ойыншықтарға қойылады. «Не?», «Нелер?» сұрақтары жансыз дүниеге, жан-жануарлар, құстарға байланысты қойылады. Ескерту: ертегі персонаждарында жан-жануар , жәндіктерге «кім?» сұрағы қойыла береді.

6. «Қандай?», «Нешеу?» сұраулық шылаулары сөйлем соңында қойылса, оған берілетін жауап та сөйлем соңында келіп, -ау, -еу, -у жұрнағы арқылы топтау сан есім формасында айтылады. /Алма нешеу?, Алма бесеу. Дәптерің қанша?Дәптерім екеу/

7. «Қайда?» «Неде?» сұраулық шылаулар сөйлемнің қай тұсында қойылса, оған берілетін есім сөздерге –да,-де, -та, -те жалғаулары жалғанып, пысықтауыш қызметін атқарады. /Бала қайда? Бала балабақшада. Кітап қайда жатыр? – Кітап сөреде жатыр./

Байланыстырып сөйлеуге төселу жоғарыда берілген ережелерді балалардың, үйретуші педагогтың естеріне ұстаумен ғана шектелмейді. Мектеп жасына дейіенгі басқа ұлт балаларына тілді меңгере бастауы әлеуметтік ортада, оқыту процесінде жайлы жағдайлар тудырылуына, сол тілді қолдану қажеттілігінің пайда болуына, сонымен қатар баланың қабілетіне тіл белсенділігіне, сабаққа, ортадағы әңгімеге өз бетінше талданып, қызыға араласуына байланысты.

Дәріс №15

Тақырып:Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту әдістемесі

Мақсаты: Баланың сөздік қорын дамытудың мазмұнымен таныстыру, оларды меңгерту. Баланың сөздік қорының дамуының міндеттерінің бағыттарын айқындау.

Мазмұны:

· Баланың сөздік қорын дамытудың мазмұны.

· Бала тіліндегі актив және пассив сөздер.

1. Шолу дәріс. Балабақшадағы сөздік жұмысы балаларға жаңа сөздер үйрету арқылы олардың активті сөздік қорын толықтыру деген сөз. Әрине, балалардың сөздік қорын дамыту оларды айнала қоршаған ортамен таныстырумен қатар жүреді.

Сөз — ұғымды, түсінікті білдіретін негізгі лексикалық единица. Әрбір сөздің өзіндік мағынасы, дыбыстық таңбасы және морфологиялық құрылысы болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытуда сөздің осындай ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Өйткені, жасы өскен сайын балада заттар, құбылыстар туралы ұғымы кеңейіп, тілі мен ойлауы күрделене түседі, жеке сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерді қатесіз айта бастайды.

Сөйтіп, бала тіліндегі сөздер актив және пассив сөздер болып, топқа бөлінеді. Актив сөздерге бала түсінетін және сөйлегенде қолданатын сөздер жатады. Актив сөздерінен бала тілінің байлығы байқалады.

Бала тілінің активті қорына оның тұрған жерінің ерекшелігі, ата – анасының кәсібі де әсер етуі мүмкін. Мысалы, шопан ауылында тұратын баланың сөздік қорына мал шаруашылығына байланысты сөздер жиі кездеседі. Сөндықтан тәрбиеші өз тобындағы балалардың сөздік қорларын дамытуда бала айналасындағылардың тіл ерекшеліктеріне көңіл бөлуі тиіс.

Ал пассив сөздерге бала мағынасын түсінетін, бірақ өз бетімен сөйлегенде пайдаланбайтын сөздері жатады. Зерттеулердің көрсетуінше, бала тіліндегі пассив сөздер актив сөздерге қарағанда саны жағынан көп болады. Бала тіліндегі пассив сөздері күнделікті тілдік қарым-қатынаста пайдалануға дағдыландыру оңай жұмыс емес, өйткені бала сөздерінің мағынасын ажыратуда, айтуда қиналуы мүмкін. Сондықтан тәрбиеші сөздік жұмысын жүргізгенде төмендегі принциптерді басшылыққа алады:

а) жаңа сөздер балаға айнала қоршаған ортамен таныстыру барысында үйретілуі керек.

ә) сөздік қорды молайту психикалық процестер мен адамгершілік қабілеттідамытуға да әсер етеді.

б) сөздік жұмыстары жүйелі, бірізділікпен жүргізілсе ғана нәтижелі болады.

Студенттерге берілетін тапсырма:

· «Сөз», «Сөздік қор» ұғымдарына түсінік

· Бала тіліндегі сөздердің тобы.

· Тәрбиеші басшылыққа алатын принциптер.

ІІ. Студенттер мен оқытушылардың бірлесіп атқаратын жұмыстары:

1.Тапсырма сұрақтары бойынша оқытушы мен студенттер пікір алысады.

Сөз __________________________________________

2. Актив сөздер ……………….

3. Пассив сөздер ……………..

4. Сөздік жұмысын жүргізгенде басшылыққа алынатын принциптер:

Наши рекомендации