Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық тәрбиесінің мәні

Баланың сенсорлық дамуы – бұл заттардың сыртқы қасиеттері туралы ойларының қалыптасуы және оны қабылдай білуі: олардың пішіні, түсі, көлемі, кеңістіктегі орналасуы, сонымен қатар иісі, дәмі т.б. мектепке дейінгі жаста сенсорлық дамудың мәнін бағалау қиын.
Дәл осы жаста сезім мүшелерінің әрекетін жетілдіру, қоршаған орта туралы білімін жинақтауға қолайлы кез. Мектепке дейінгі педагогика саласындағы атақты шетелдік ғалымдар (Ф.Фребель, М.Монтессори, О.Декроли), сонымен қатар педагогика мен психологияның атақты Ресейлік өкілдері (Е.И.Тихеева, А.В.Запорожец, А.П.Усова, Н.П.Сакулина т.б.) толыққанды сенсорлық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған сенсорлық тәрбие мектепке дейінгі тәрбиелеудің негізгі жағы болып саналатынын айтқан.

Сенсорлық даму, бір жағынан баланың жалпы ақыл-ойының дамуының іргетасын құрайды, бір жағынан өзіндік мәні бар, өйткені толыққанды қабылдау баланы балабақшада, мектепте оқыту үшін қажет. Қоршаған орта құбылыстары мен заттарын қабылдаудан тану басталады. Танудың басқа түрлері – есте сақтау, ойлау, елестету – қабылдау негізінде құралады. Сондықтан қалыпты ақыл-ойдың дамуы толыққанды қабылдауға сүйенусіз мүмкін емес.

Балабақшада бала сурет салуға, жабыстыруға, құрастыруға үйренеді, табиғат құбылыстарымен танысады, математика мен жазу негіздерін меңгере бастайды. Суретте бейнеленген затпен ұқсастықты алу үшін бала оның пішіні, түсінің ерекшеліктерін нақты меңгеруі тиіс. Құрастыру заттың пішінін, оның құрылымын зерттеуді қажет етеді. Бала бөлшектердің ара-қатынасын кеңістікте анықтайды және үлгінің қасиеттерін қолдағы матеиалдың қасиеттерімен сәйкестендіреді. Заттардың сыртқы қасиеттеріне ұдайы бағдарсыз табиғаттың тірі және өлі құбылыстары туралы нақты ақпарат алу мүмкін емес. Қарапайым математикалық элементтердің қалыптасуы геометриялық пішіндермен танысудан, көлемі бойынша заттарды салыстырудан басталады.

Баланың мектепте оқуға дайындығы оның сенсорлық дамуына байланысты болады. Кеңестік психологтармен жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, бастапқы оқу (әсіресе 1 сыныпта) барысында балаларда туындайтын қиындықтар қабылдау дәлдігінің жеткіліксіздігіне байланысты. Нәтижесінде әріптерді жазуда, суретті салуда қисықтық, еңбек сабағында жасаған заттарында дәлдік жоқ болады. Кейде бала ден шынықтыру сабағындағы қимылдарды қайталай алмайтын жағдай болады. Бірақ мәселе тек мұнда емес. Музыкант, суретші, сәулетші, жазушы, құрастырушының табысын қамтамасыз ететін ерекшеліктерінің қатарында сенсорлық қабілеттер маңызды орын алады. Сенсорлық қабілеттің бастауында ерте жаста жежетін сенсорлық дамудың жалпы деңгейі жатыр. Сенсорлық тәрбиелеудің басты бағыты -баланы сенсорлық мәдениетпен азықтандырудан тұрады.

«Сенсорлық мәдениет» ұғымы мектепке дейінгі педагогикаға М.Монтессоридің жұмыстарының арқасында енді. Бірақ, ол мұндай мәдениетке қол жеткізу үшін баланың сезім мүшелерін заттардың түсін, көлемін, пішінін ажыра білуге жаттықтырып отыру жеткілікті деп санаған. Мұндай көзқарас қате еді, ол баланың дамуы түбегейлі жануарлар

баласының дамуынан айырмашылығы барын ескермеді. Баланың сенсорлық мәдениеті – адамзат жасаған (заттардың түсі, пішіні туралы жалпыға ортақ қабылдаулар) сенсорлық мәдениетті меңгеру нәтижесі.

Бала өмірде де заттардың алуан түрлі пішіндері, түстері және басқа қасиеттерімен, әсіресе ойыншықтар және тұрмыстық заттармен кездеседі. Ол өнер туындыларымен де танысады: музыка, жазба өнері, скульптура. Әр бала мақсатты бағытталған тәрбиелеусіз осының бәрін қабылдайды. Бірақ егер меңгеру ересектердің педагогикалық басшылығынсыз өзінен өзі болса, ол үстіртін, толыққанды емес болады. Мұнда адамзаттың сенсорлық

мәдениетімен жоспарлы таныстыратын сенсорлық тәрбиелеу көмекке келеді.

Сенсорлық тәрбиелеу кезінде балаларда сенсорлық этоландары туралы –заттардың сыртқы қасиетінің жалпыға ортақ үлгілерінің қалыптасуы үлкен мәнге ие. Сенсорлық үлгілер ретінде қанықтығы бойынша орналасқан жеті түс пайдаланылады.

Сенсорлық үлгілерді меңгеру – ұзақ және қиын процесс. Бұл қандай да бір затты дұрыс атауға үйрену деген сөз емес. Әр қасиет туралы дәл нақты білу керек, және ең бастысы оны әртүрлі заттардың қасиетін әртүрлі жағдайда пайдалана білу қажет. Басқа сөзбен айтқанда, сенсорлық үлгілерді меңгеру – бұл оларды заттардың қасиеттерін бағалау кезінде «өлшем бірлік» ретінде қолдану.

Осы оқулықта пішін, көлем және түсті қабылдау аясында балаларды сенсорлық тәрбиелеу туралы сөз болмақ. Осы қасиеттермен таныстыру балабақшадағы сенсорлық тәрбиелеудің негізгі мазмұнын құрайды. Бұл түсінікті, өйткені дәл пішін, көлем және түс заттар мен құбылыстар туралы көруді қалыптастыру үшін маңызы зор. Пішін, көлем және түсті дұрыс қабылдай білу мектептегі көптеген пәндерді меңгеруге қажет.

Әр жаста сенсорлық тәрбиелеу алдында өзіндік мақсаттар тұрады, сенсорлық мәдениеттің белгілі бір бөлігі қалыптасады.

Бір жас кезінде негізгі міндет балаға заттардсырың қасиеттеріне назар аударуын дамыту, жеткілікті байлықты және сыртқы ортаның алуан түрлілігін ұсыну болып табылады. Балада ұстау қимылдары қалыптаса бастағанда , бұл мақсатқа тағы бірі қосылады- балаға заттың пішіні, көлемі және кеңістікте орналасуына ұмтылу қимылдарын дағдыландыру қажет. Ақырындап мұндай дағдылар бала үшін нақты мән бере бастайды («кішкентай»-бұл бір қолмен ұстауға болатын нәрсе, «үлкен»- екі қолмен, «домалақ»- толықтай алақанмен ұсталады, «төртбұрыш» — затты саусақпен екі жағынан ұстайтын нәрсе т.б.).

Осы кездегі сенсорлық тәрбиелеу – жалпы тәрбиелеудің негізгі түрі. Барлық жаңа әсерлер түсімін қамтамасыз ете отырып, ол тек сезім мүшелерінің дамуына ғана емес, баланың қалыпты тұлғалық және психикалық дамуы үшін өте қажет. Әсерлер түсімі шектеулі болса, балалар жалпы дамуын кідіртетін «сенсорлық ашығуға» тап болатыны белгілі.

Екі-үш жасқа келгенде сенсорлық тәрбиелеудің міндеттері күрделене бастайды. Жас баланың сенсорлық эталондарды меңгеруге дайын емес болса да, онда заттардың түсі, көлемі, пішіні туралы ақпараттар қорлана бастайды. Бұл ұғымдардың әр алуан болғаны маңызды. Бұл дегеніміз-баланы қасиеттердің барлық негізгі түрлерімен – алты түспен (көгілдір түсті алып тастаған жөн, өйткені балалар оны көк түспен шатастырады) , ақ және қара түспен, шеңбер, төртбұрыш, сопақ, тіктөртбұрыш сияқты пішіндермен таныстыру деген сөз.

Жым -тәрбие құралы

Ұжым [ лат. collektivus - жинақ ] – ортақ қоғамдық мақсаттар мен міндеттер біріктірген адамдар тобы. Мұндай топқа жоғары деңгейде дамыған бірлескен қызмет барысында қол жеткізіледі.
2.(nam.collectivus - жинақтаушы деген сөзінен) - бір-біріне әсер ететін, өзара әлеуметтік негізделген мақсаттармен, мүдделермен, өзін ұстаудың нормалары мен талаптарының қажеттілігімен, бірге атқарылатын қызметпен, қызмет құралдарының ортактығымен, басшылық білдіретін еріктің ортақ болуымен біріккен адамдар тобы. Ұжым жай топқа қарағанда дамуы жағынан жоғары. Ұжым белгілеріне адамдардың саналы түрде бірігуі, оның тұрақтылығы, анық белгіленген ұйымдастыру құрылымдары, қызметті реттейтін органдардың болуы жатады.[1]

Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.

Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.

Ізгілік тәрбиесі

Ізгілік тәрбиесі - жеке тұлғаның моральдық қасиеттерінің, көзқарастары мен сенімдерінің қалыптасу үрдісі. Ізгілікті деп жалпы адамзаттық моральдың ережелері мен талаптарын, нормаларын өз көзқарасы мен сенімі ретінде, мінез-құлығының үйреншікті формасы ретінде көрсететін адамды есептеуге болады.[1]

  • Адамға ғылымнан бұрын тәрбие беру керек. Тәрбиесіз ғылым зұлымдыққа апарады.
  • Тәрбие - адамға сапалы өмір сүргізеді.
  • Тәрбие - адамның жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнері мен мәнін, ой өрісін қамтиды, адамға оң мен солды, жақсы мен жаманды танытады.
  • Адам дүниеге келгеннен бастап өмір сүруге, дүние тануға құқылы. Адамның ерік-тілектері, іс-әрекеттері басқа адамның құқығын бұзбауы тиіс.

· 53, Мектеп жасына дейінгі балалар ойыныныңжіктелуі және оныңтарихи жүйеленуі

Ойын – оқуүрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретіндедербес дидактикалық категория. Сонымен біргеойынды мұғаліммен оқушылардың бірлескен оқуәрекетінің өзарабайланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақтілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаныда қолданудың маңызы өтезор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгіәрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Олсабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылыжүзеге асады. Ойын- қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің біртүрі, яғнитәртіпті, өзін-өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесіндегі кең тарағандамыту ойынының қызметі:ойынғатарту, рақатберу, демалдыру, қызығушылығын тудыру. Заманталабы екітілде сөйлеуді одан әріорнықтыру, қазақ тілінүйренгісі келетінбасқа ұлтөкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту, сондықтан балабақшамызда қазақтілін оқытудың сапасын жақсартудың міндеттерін қойдық.
Ойынның мақсаты - Ойын технологиясы арқылы 5-6 жастағы балалардың сөйлеутілін дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру .
Міндеті - баланың қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерінарттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейдіжәне нақты міндетті шешеді.
Ойын сабақтың басында – өткен сабақты ескетүсіреді.
Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді,ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.
Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақтаалған білімді жинақтау мақсатын көздейді.
Ойын –оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық
сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға
пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп
отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ,
сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенгені дұрыс.
Олай болса, ойынды пайдаланудың маңызы зор. Мұндай ойынның көптеген түрлері
бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың
тақырыптарына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын
іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға
ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи
бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды.


Мысалы, дайындық сыныптарда сан санауға заттарды санап және олардың екі тобын
салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету
мақсатында түрлі ойындарды ойнатуға болады. Ойын да халық педагогикасының
құрамдас бір бөлігі болып келеді. Ұлттық ойындар халықтың
әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының
ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді. Халық ойындарын сабақтарда
пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыруға қолайлы.
Ойын –бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын – өмір сүрудің белсенді
формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін,
қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік
нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады.
Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері,тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау
белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен
қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген
сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, мұғалім сабағын баланың
қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек.
Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.
Оқушылардың ойын кезіндегі белсенділігі көбінесежарыс нәтижесін дұрыс есепке алуға байланысты. Міне осы
жағдайларды ескере отырып, ойын түрлерін төмендегідей жүйеленеді:
1. Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша,мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол,
теңізшілер;
2. Қимыл қозғалыс ойындары: «ақ серек, көксерек», «ұшты-ұшты», «аңшылар», «сиқырлы таяқ», «мысық пен торғайлар», «бақташы
мен қозылар», «соқыр теке», мысық пен тышқан, .
3. Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта,қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке
келтір, көршілер, аралар, дүкен, сен жалғастыр, дәл тауып айт, т.б.
4. Құрылыс ойындары: лото, және басқа констукторлардыпайдалану.
5. Рөлді-сюжетті ойындар: ертегі, әңгімелердіролдерге бөле отырып орындау, сахналық көрініс көрсету.

Наши рекомендации