Ыналардың көбеюі

Қыналар өсімді жолмен көбейеді. Оның денесінде көптеген балдырлар мен саңырауқұлақ жіпшелерінің бөліктері қынаның қабықшасын жарып сыртқа шашылады. Әрбір бөліктен және денелерінен бөлініп түскен бөлшектерінен де қына өсіп жетіледі. Қыналар жынысты көбейгенде саңырауқұлақтардағы сияқты жемісті дене пайда болады. Оның ішінде 6жыныс жасушаларының қосылуы нәтижесінде зигота түзіледі. Зиготаның ядросы үш рет бөлініп, сегіз спора, ал зиготаның қабығынан қалта пайда болады. Споралар шашылып, қолайлы жағдайда өнеді де, балдырлармен кездескенде ғана қына жетіледі. Қыналар өте баяу өседі. Қабыршақты қыналар жылына 1-8 мм, ал бұта тәрізді қыналар 1-35 мм өседі.

Қына құрамындағы жасушаларда жарықта фотосинтез жүреді. Сондықтан қыналар тек жарық жерде өседі, қараңғыда денесі ыдырап кетеді. Қыналарға ең қажетті жағдай – оттекке бай таза ауа. Қалалардың лас ауасында өсе алмайды. Сол себепті қыналарды сыртқы орта тазалығының көрсеткіші есебінде пайдалануға болады.

Қыналардың 20000-дай түрі бар. Қыналарды жіктегенде құрамындағы саңырауқұлақтар мен балдырлардың жіктелуі ескеріледі.

Бұғы қынасы (кладония) солтүстік өңірде, қарағайлы орманда өседі. Оның денесі (таллом) – тақта, біз, бокал тәрізді, тік өседі. Кейде бұта тәрізді түрі де кездеседі.

ыналардың көбеюі - student2.ru Қыналардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы

Қыналардың шаруашылықтағы маңызы өте зор. Олардың топырақта қоректенуі нашар жүреді. Тастардың бетіне, суыған лавалардың бетіне алғаш «қоныстанатын» да осы қаналар. Олар өсіп тұрған жеріне қына қышқылын бөліп, тасты үгіте бастайды. Біртіндеп сол жерде топырақ пайда болады. Оған басқа өсімдіктер орнығады да, жануарлардың мекеніне айналады.

Бұдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын ақын Иса Байназаров

Арқада ел орнаған Абыралы,

Бойынан барлық дәулет табылады.

Дегелең, Мыржық, Тайлан, Көкшетауым

Көрген жан құмарланып сағынады.

Бас Қайнар, Орта Қайнар, Аяқ Қайнар,

Семірген қына тасын жалап қой мал.

Шөбі сүт, бүрі шекер, суы қандай,

Ақынға шабыт беріп, қанат байлар, – деп төгілте жырлаған. Бұдан қазақтар қынаны мал азығы ретінде пайдаланғанын байқаймыз.

Бұғы қынасы деп аталатын қынаның бірнеше түрі тундра, тайгада қыс кезінде бұғылардың негізгі азығы болып табылады.

ыналардың көбеюі - student2.ru Этнографиялық ақпарат жинақтау барысында, білгеніміз ата-бабаларымыз қынамен киіз үй сүйектерін, теріден жасалған ыдастарды, қыз-келіншектер тырнақ көбесін, шаштарын, сонымен қатар асықты бояғанын т.б. тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланғанын білдік. Түстері ақшыл қызғылттан бастап шымқай шие түске бейін болады екен.

Қыналардың емдік қасиеті де бар. Ағаштың діңдерінде өсетін жер – қынаны қайнатып, дизентерия ауруын емдеуге пайдаланады. Сонымен бірге асқазан, тыныс жолдарыауруларына дәрілер жасалады. Қынадан қант, спирт, бояу, лакмус алынады. Қынаның кейбір түрлерін тәтті тағамдар өнеркәсібінде қолданады.

Орытынды

Осы зерттеу жұмысын жүргізу барысында қол жеткізген нәтижелеріміз:

· Қынаның барлық тасқа бірдей өсе бермейтіндігі;

· Қынаның түрлі-түсті болып өсетіндігі;

· Қынаның мал азығы болатыны;

· Қынаны тастан ажыратып алып, химиялық зерттеу арқылы, оның пайдалануға болатындығы анықталды;

Қынаның табиғаттағы пайдасы, қына – «таза ауа индикаторы», яғни ауасы ластанбаған жерде өсетіндігін білдік және қазіргі кезде де қынадан бояу алып, пайдалануға болады

Дебиеттер тізімі

1. Жалпы және қолданбалы химия бойынша ХVІІІ Менделеев съезі. Баяндамалар тезисі. - М, 2007.

2. Шилов В. П. Координациялық химия. - М, 1981.

3. Шәкәрім. Иманым, А.: Арыс, 2000.

4. Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шығармалары. ІІ том. – А.: «Ел-шежіре», 2008.

5. Глинка Н. Л. Жалпы химия. – М, 1978.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі

   
Көп жасушалы жасыл балдырлар
   
Биология пәнінен тест сұрақтары
   
Көпжасушалы жасыл балдырлар
   
Саңырауқұлақтар дүниесі тарауын қорытындылау
   
Балдырлар Көп жасушалы жасыл балдырлар
   
Қына-ерекше тірі ағза
   
Теңіз балдырлары
   
Топырақтың маңызы
   
Көп жасушалы жасыл балдырлар
   
ТАСТАҒЫ ҚЫНАНЫҢ ҚАСИЕТІ

Бөлім: Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 1752 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер

История открытые уроки по истории
Педагогика открытые уроки по педагогике
Биология открытые уроки по биологии
Информатика открытые уроки по информатике
Математика открытые уроки по математике
Физика открытые уроки по физике
Химия открытые уроки по химии
Разное открытые уроки
География Открытые уроки по географии
русский язык

Жаңалықтар

   
ыналардың көбеюі - student2.ru Ұстаз құрамына қосыл сайт ұстазы дәрежесін ал

II. Үй тапсырмасын сұрау:

« Ия,жоқ »ойыны

1. Күздік бидай,қара бидай,арпада көбіне сабақтарын да жапырақтарында ол мақта сияқты болып көрінеді. (ия)

2. Егістікті аралап жүргенде бидай масағынан сәл иіліп келген қара түсті қастауышты көруге болады. Ол ақұнтақ саңырауқұлағы. (жоқ )

3. Ағаштардың сабағында өсетін діңқұлақ саңырауқұлағының пішіні малдың тұяғына ұқсас. (ия)

4. Тат саңырауқұлағы дәнді дақылдарды қамысты және басқа да өсімдіктерді зақымдайды.

5. Паразит саңырауқұлақтарымен күресуде улы химикатткр пайдаланады. (ия)

6. Зақымдалған дәнді қайта сепкенде,одан ауру өскін пайда болады. (ия)

7. Жер бетінде бидай түсімі жылына 15 % -ға жоғарлайды. (жоқ)

III. Жаңа сабақты түсіндіру:

Бактериялар мен топырақта болатын басқа да майда саңырауқұлақтар бірлесіп,өсімдіктер мен жануарлардың, саңырауқұлақ қалдықтарын ыдыратып, шірітеді. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын ыдырамай, өңделмей, топырақта жата берсе, әр түрлі жұқпалы аурулардың таралуына себепші болар еді. Саңырауқұлақтардың құрамы ферменттерге бай.

Ферменттерді әр түрлі салаға пайдаланады:

жеміс шырынының түсін өзгертеді

шикі заттарды өңдейді

нәруызды,крахмалды сұйылтады.

Зең саңырауқұлағынан пенециллен антибиотигі алынады.

Жеуге жарамды тағамға пайдаланылады

Саңырауқұлақтардың 250-ге жуық түрлері қағаздарды, суреттерді, темір жолға төселген, шахтадағы тірекке қойылған ағаштарды бүлдіреді. Аспергилл саңырауқұлағы құстардың өкпесінде аспергиллез ауруын туғызады. Адамдардың құлағын, кеңсірігін, көзін, терісін, шашының түбін, тырнағын зақымдайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жер бетінде әрбір 5 адам саңырауқұлақ ауруымен ауырады. Әрбір екінші адамның тырнағы зақымдалған. Бұрын тырнақты алып тастап емдейтін. Қазір орунгал деген дәріні ішу арқылы емдейді. Тутанхомон фаронының қорымын ашуға қатысқан 21 адам аспергилл саңырауқұлағының споралары өкпені зақымданғандықтан, өмірден озды.

Саңырауқұлақтар мен бактериялар топырақ құрамындағы кейбір зиянды бактериялардың көбейіп кетпеуіне ықпал етеді. Өздерінен арнайы зат бөліп, зиянды бактериялардың өсуін тежейді. Оларды антибиотиктер деп атайды. Ондай антибиотиктерге бактериялардан бөлінетін стрептомицин, тетрациклин және саңырауқұлақтардын алынатын пенециллин жатады. Адам баласы бұл дәрілерді күнделікті пайдаланады. Соңғы кезде медицинада жүректі, бүйректі операция жасап ауыстырғанд пайдалантын дәрі топырақтағы саңырауқұлақтан бөлініп алынады. Өсімдіктерді тез өсіретін белсенді зат – гибереллин, зиянды бунақденелілерге қарсы қолданылатын боверин де саңырауқұлақтардан алынады. Саңырауқұлақтарды тек дәрі алу үшін ғана емес, тамаққа пайдалану үшін де өсіреді. Арнайы орындарда қарашірік топыраққа жылқы тезегін қосып, қозықұйрықтың спораларын себеді. Қазір 70 елде қозықұйрық, жазғы түбіртек егу жолға қойылған. Одан жылына 14 млрд доллар қосымша табыс түседі. Қазақстанда да қозықұйрық пен жазғы түбіртекті қолдан өсіру жүзеге асырылуда.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

Сөзжұмбақ

Саңырауқұлақтар тайгада, тундрада, далалы жерлерде, тау ормандарында, шалғындықта, батпақта, қоймаларда, құрылыстарда кездеседі. Сөйтіп табиғатта зат айналымына қатысады. Бактериялар мен топырақта болатын басқа да майда саңырауқұлақтар бірлесіп, өсімдіктер мен жануарлардың, саңырауқұлақ қалдықтарын (өсімдіктің қураған тамырлары, сабақтары, жапырақтары, сылынып түскен қабықтары, қураған бұтақтары, жануарлардың өлекселері, жүндері, сынып түскен мүйіздері, тұяқтары, сүйектері, майда бунақденелілердің өлекселері) ыдыратып, шірітеді. Сөйтіп топырақты ағзалық заттармен байытып, құнарлылығын арттырады.

Қалың ағашты ормандардың жапырақтары жыл сайын жаппай түсетіні белгілі. Ағаштардың түбінде өсетін қалпақшалы саңырауқұлақтар жапырақтарды ыдыратып, оларға бактериялар қоңыстанады да, қара топыраққа айналдырады, сондықтан орман арасындағы топырақтың құрамы өсімдіктерге қажетті минералды тұздарға өте бай болады.

Сазды-батпақты жерлерде шымтезек мүгі қалың болып өседі. Ағзалық заттармен қоректенетін қалпақшалы саңырауқұлақтар тобының да қатысуымен батпақ кепкен кезде шымтезек қабаты құнарлы топыраққа айналады. Саңырауқұлақтардың құрамы ферменттерге бай. Ферменттерді әр түрлі салаға пайдаланады, олар: жеміс шырынының түсін өзгертеді; шикізаттарды (мал азығын, қағаз қалдықтарын) өңдейді; нәруыздарды, крахмалды сұйылтады. Зең саңырауқұлағынан пенициллин антибиотигі алынады. Аспергилден – лимон қышқылы өндіріліп, медицинада, өнеркәсіпте кеңінен қолданылады.

Жеуге жарамды қалпақшалы саңырауқұлақтар мен ашытқы саңырауқұлақтары тағамға пайдаланылады.

Саңырауқұлақтың 250-ге жуық түрлері қағаздарды, суреттерді, темір жолға төселген, шахтадағы тірекке қойылған ағаштарды бүлдіреді. Сонымен бірге ағаш үйлерді, металды зақымдап, құрамындағы заттармен қоректеніп, оларды бұзады.

Аспергилл саңырауқұлағы құстардың өкпесінде аспергиллез ауруын туғызады. Адамдардың құлағын, кеңсірігін, көзін, терісін, шашының түбін, тырнағын зақымдайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жер бетінде әрбір 5 адам саңырауқұлақ ауруымен ауырады. Әрбір екінші адамның тырнағы зақымдалған. Бұрын тырнақты алып тастап емдейтін. Қазір орунгал деген дәріні ішу арқылы емдейді.

Египет фараондары туралы естіген боларсыңдар. Тутанхомон фараонының қорымын ашуға қатысқан 21 адам аспергилл саңырауқұлағының споралары өкпені зақымдағандықтан, өмірден озды. Оны кейін басқа египет қорымдарындағы адам мүрделеріне қаптап өскен аспергилдер арқылы анықтаған.

Саңырауқұлақтар мен бактериялар топырақ құрамындағы кейбір зиянды бактериялардың көбейіп кетпеуіне ықпал етеді. Өздерінен арнайы зат бөліп, зиянды бактериялардың өсуін тежейді. Оларды антибиотиктер деп атайды. Ондай антибиотиктерге бактериялардан бөлінетін стрептомицин, тетрациклин және саңырауқұлақтардан алынатын пенициллин жатады. Бұл антибиотиктерді өндірісте қолдан алу жолға қойылған. Адам баласы бұл дәрілерді күнделікті пайдаланады. Соңғы кезде медицинада жүректі, бүйректі операция жасап ауыстырғанда пайдаланылатын дәрі топырақтағы саңырауқұлақтан бөлініп алынады. Өсімдіктерді тез өсіретін белсенді зат – гибереллин, зиянды бунақденелілерге қарсы қолданыла тын боверинде саңырауқұлақтардан алынады. Саңырауқұлақтардың пайдалы жақтары толық анықтауды қажет етеді.

ыналардың көбеюі - student2.ru ыналардың көбеюі - student2.ru ыналардың көбеюі - student2.ru ыналардың көбеюі - student2.ru ыналардың көбеюі - student2.ru ыналардың көбеюі - student2.ru ыналардың көбеюі - student2.ru ыналардың көбеюі - student2.ru ыналардың көбеюі - student2.ru ыналардың көбеюі - student2.ru

Наши рекомендации