А. Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары. Қазақстандағы мектеп пен педагогика (20-30жж.).

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен бірге ұлы ойшыл педагогы.Оның поэтикалық шығармалары мен “ғақлия” сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы Ол қазақ халқының саяси-экономикалық және мәдени жағынан артта қалушылығы – оның феодалдық-патриархалдық қатынасынан, рулық талас-тартыс етек алған көшпелі тұрмысынан деп қарайды. “Күнде ұрлық, күнде төбелеспен күн кешкен” алты бақан алауыз елінің “жақсыларына” налыған Абай “малыңды жауға, басыңды дауға” салып, өміріңді қор қылмай татулас, бірлесіп ел боп “егіннің ебін, сауданың тегін” үйрен, “жан аямай кәсіп қыл” деп өсиет айтты. Ол қазақ ауылындағы тап тартысын көре білді, сол таптық қанаудан құтылудың жалғыз жолы оқу, ағарту мәселесі деп қарады.. Ол оқудағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп ұқты. Жастарды білім-ғылымды меңгеруге шақырды. Ел болу үшін қала салып отырықшы болу керек, егіншілікті кәсіп ету, мектеп салып, оқу оқып, білім алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салады. Өнер-білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін емес екендігін терең түсінген ол: “Барыңды салсаң да балаңа орыстың ғылымын үйрет… өнер де, ғылым да орыста тұр. Орыстың ғылымы, өнері дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі…” – деп озық мәдениетті орыс халқын өнеге етті. Абай бас қатыратын жаттамалы діни оқуға қарсы болды. Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келе, өзінің он тоғызыншы қарасөзінде “Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді”, – деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Абай “сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді” дейтін теріс көзқарасты әшкерелеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған әлеуметтік орта әсерінен өзгеріске енеді, ол іс-әрекет арқылы көрінеді деген тұжырым жасайды. Абай жастардың белгілі бір мамандықты игеруін қуаттайды.. Ұлы ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана “Атаның баласы болма, адамның баласы бол… жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін” деген гуманистік ой-пікірді қуаттауы еді. Қазақстандағы мектептер.1744 жылы Орынборда татар мектебі ашылды, онда әскери лауазымды адамдардың балалары оқыды. Бұл мектепті бітіргеннен кейін кеңсе қызметкерлері, кеден ісі чиновниктері және аудармашылар мамандықтары бойынша қызмет атқарады. Осы мақсатта 1786 жылы Омбыда «азиялық мектептің» негізі қаланды. 1836 жылы «азиялық мектеп» жабылып қазақ балалары үшін мұсылман мектебі ашылды. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан қалаларында әскери училищелер ұйымдасты, оған қазақ ақсүйектері мен байларының балалары қабылданды. 1813 жылы Омбыда Сібір казактарының әскери училищесі ашылды, ал 1927 жылы Орынборда-Неплюев әскери училищесі жұмыс істеді. Орынбордағы Неплюев атындағы кадет корпусы 1844 жылы ашылса, Омбы кадет корпусы 1847 жылы ашылған болатын-ды.

ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыс. Ұлттық мәдениет және ана тілде оқытатын мектептер ашу туралы ойлар Білім беру мен тәрбиелеу мәселелерін баспасөз беттерінде талқылау. Этнопедагогика және этнопсихология мәселелерін қарастыру.

1920-1930 ж.ж. еліміздің экономикалық және мәдени-әлеуметтік өмірінде болған ұлы өзгерістер мен ілгерілеулер ғылым мен мәдениеттің, оқу-ағарту ісінің өркен жаюына мүмкіндік туғызды. Көптеген арнаулы орта және жоғары оқу орындары ашылып, ғылым мен мәдениеттің әр саласынан білікті маман кадрлар көбейді. Ғылымның сан-саласын қамтитын ғылыми-зерттеу институттары ашылып, оларға басшылық жасайтын орталық – Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы құрылды. Академцентрдің жұмысын қазақтың көрнекті педагогі Ахмет Байтұрсынов басқарады. Олар жаңа құрылған Кеңестік мектептерге оқу-әдістемелік құралдары мен пән бағдарламаларын жасау ісімен айналысты. Бұл іске Қ.Жұбанов, Т.Шонанов, С.Аманжолов сияқты тілшілер, М.Әуезов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, Б.Майлин сияқты әдебиетшілер, С.Аспендияров сияқты тарихшылар, Ғ.Қарашев, Ш.Әлжанов, Ә.Сыдықов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, Н.Құлжанова сияқты педагог ғалымдар тартылды. 1933 ж. Академцентрдің негізінде ҚСРО Халық ағарту комиссариаты жанынан педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институты құрылды. Оның тұңғыш директоры болып ҚазПИ-дің профессоры Ш.Әлжанов тағайындалды..Біраз жылдық тоқыраудан кейін 1950-80 жылдар аралығында Ә.Сыдықов, Р.Г.Лемберг, А.П.Нечаев, Т.Тәжібаев, Е.Бекмаханов, Ә.Сембаев, Ә.Қоңыратбаев, Ш.Кәрібаев, С.Қожахметов, М.Ғабдуллин, Б.Мадин, Т.Сабиров, М.Мұқанов, Е.Суфиев, С.Балаубаев, А.Темірбеков, Қ.Жарықбаев т.б. ондаған көрнекті педагог ғалымдар педагогика, психология саласында қомақты еңбектер жазып қалдырды. Сөйтіп, қазақстандық төл педагогика, психология ғылымдары қалыптасты.Солардың ішінде тұңғыш педагогика, психология және әдістеме ғылымдарына сүбелі үлес қосқан А.Байтұрсынов, Н.Құлжанова, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов еңбектеріне арнайы тоқталуға тура келеді.Этнопедагогика (ұлттық дәстүр)Әр халықтың ғасырлар бойы мысқылдап жиналып, бейне бір арнасы кең өзендей асқар таудай болып қалыптасқан өзіне тән салт-сана, дәстүрлері болады. Бұл салт-сана, достүрлер сол халқықтың адам тәрбиесі, адамгершілік дүниеге, өмірге көзқарасы мен рухани күйінен туған. Сол үшін де ол халықтың жан дүниесінің айнасы, ұрпақтарының кәдір тұтар мұрасы болып қалады.Этнопсихология- әрбір халықтың рухани әрекетінің ( миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет-ғұрып, дін, т.б. ) жемісін сол халықтың психологиясын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдерін, әртүрлі этникалық қауымдастыққа жататын адамдардың психологиялық өзіндік бейнеленуі туралы ғылым. Этнопсихология жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінрек Батыс Еуропа елдерінде ( Лацариус, Штейнталь, Вундт т.б.) пайда болды.«Этнос» гректің – etnos – тайпа, халық деген сөзінен шыққан. Ғылымда «халық» терминінің орнына «этнос» термині орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негізгі тарихи түрі – «тайпа», «ұлыс» (народность), «ұлт» ұғымын түгел қамтиды.

А. Байтұрсыновтың қоғамдық, ұйымдастырушылық және ғылыми-педагогикалық қызметі. Ана тілде оқытатын бастауыш мектептер туралы идеялар. Оқыту мәселелері, ұлттық рухани мәдениет және мектеп қажеттері.

Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 ж.) өмір сүрген белгілі қоғам қайраткері, ғұлама түрколог, жазушы, публицист, ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Ақкөл жағасындағы Сарытүбек деген жерде басталып, қазақ шаруасының әулетінен дүниеге келеді. Ахмет Байтұрсынов өзінің барлық саналы өмірін қазақ қоғамында білім – ғылымның дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады.А.Байтұрсыновтың алғаш ағартушылық ой-пікірлері сонау 1913-1917 жылдары Орынборда шыққан «Қазақ» газетінде (Байтұрсынов 5 жыл бойы осы газеттің жауапты редакторы болған) жарияланған мақалаларынан айқын көріне бастайды. А.Байтұрсынов - қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп күш жұмсады. Әрі қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол – қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Әмбебеп ағартушының артына қалдырған рухани мұрасында кешегі көшпелі қазақ елінің әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, жол-жоралғысы, тәлім-тәрбиесімен, үлгі-өнегесі, өзіне тән этикалық, эстетикалық ұнам-талғамдары ұлттық колоритке толы сан алуан нақты деректермен безендіріле баяндалған. Ұстазы Ыбырай Алтансариннің оқу ағарту мәселесіне байланысты идеяларын әрмен қарай дамыта келіп, ол да А.Байтұрсыноа сияқты оқу-тәрбие мәселесіне ғылыми тұрғыдан қарауға, атап айтқанда оқытудың жаңа тәсілдеріне, шәкірттердің жаңа бағдарламалар арқылы білім алуына, ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуге ерекше мән береді.Табиғатынан тәлімгерлік қасиеті мол жазушы қазақ арасында көбінде көзге түспей, түссе де еленбей жүрген ғылым-білімге, өнерге, зерек, дарынды балаларды оқытып-тәрбиелеудің мәні жайында сөз ете келіп, дарындылықтың кейбір психологиялық астарларына үңіледі. Кімде-кім өзінің табиғатынан не нәрсеге шеберлік барлығын сезіп, өз жолына түссе ғана, көзге көрінеді.Халқымыз егемдікті аңсап жатқан қарбалас шақта жас өркендерді жерге шырылдап түскен кезден есейіп, есі кіріп болғанға дейінгі аралықта ана тілінің уызына жарып қана қоймай, олардың ұлттық рухен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптан мейлінше сусындауына ерекше көңіл аударуымыз қажет.А.Байтұрсынов - қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп күш жұмсады. Әрі қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол – қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Алаш өкіметі мен партиясының басшыларының бірі болғаны белгілі. Ол 1920 жылдардан бастап жаңа өкіметке де аянбай қызмет істейді. 1922-1926 жылдары Орынбордағы қазақтың ағарту институтында оқытушы болады.

М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары. Тәрбие мақсатын, тәрбие процесінің құрылымын жасау, тәрбиенің негізгі бағыттарын анықтау, педагогика пәнін және оның негізгі категорияларын қалыптастыру. Тәрбиені гумандандыру идеясы және гуманды тұлғаны қалыптастыру. Дене тәрбиесі мәселелері.

Мағжан Жұмабаев - қазақ поэзиясының ірі өкілдерінің бірі. 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл деген жерде туған.Мағжан Жұмабаевтың ақындық өнерді өзінің қысқа өмірінде асқан шабытпен жырлап нағыз поэзия биігіне самғаған, оның асқан асуларынан өлшеусіз нәр алған бір туар әмбебап зиялы қайраткер болды. Оның қаламынан сондай-ақ көптеген әңгімелер мен мақалалар, оқу құралдары мен оқулықтар мен («Бастауыш мектепте ана тілі» - 1923, «Сауатты бол» - 1926), зерттеу еңбектері туды. Мағжан 1922 жылы «Педагогика» атты (Ташкент, Орынбор) ғылыми еңбек жазды. Бұл еңбек – Қазақстанда алғаш рет ана тілінде жарық көрген оқу құралы. Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Оның пікірінше тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі. “Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны. Бала берiк денелi болса, түзiк ойлайтын, дұрыс шешетiн, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемi түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиренiп, жақсылықты жаны тiлеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы… Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиенi дұрыс орындасын…”– деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап бередi. Педагогика пәнін М.Жұмабаев 5-ке бөледі: 1. Жалпы педагогика. Адамның дене һәм жан күштерін тәрбие қылу жолдарын көрсетеді. 2. Дидактика. Оқытудың негізгі жолдарын көрсетеді. 3. Методика. Оқытудың негізгі жолдарына негіздеп, белгілі бір пәнді қалай оқыту жолдарын көрстеді. Мысалы, мектепте қазақ тілі пәнін қалай оқыту керек екендігін үйрететін пән -қазақ тілінің методикасы деп аталады. 4. Мектепті басқару. Бұл пән мектеп қалай салынуға, қалай басқарылуға тиісті, сынақтарға шәкірттерді қалай бөлу керек, оқу уақытын қалай белгілеу керек. Міне осылар сықылды мектеп құрлысы жолдарын көрсетеді. 5. Педогогика тарихы. Түрлі заманда түрлі тәрбиеге адамзат қалай қараған, қандай жолдармен жүрген, тәрбие дүниесінде қандай білімпаздар өткен, олар қандай жаңа жолдар тапқан. Педогогика тарихы осыларды баяндайды.

Ж.Аймауытовтың педагогикалық іс-әрекеттері. Ж. Аймауытовтың еңбектеріндегі жалпыадамзаттық тәрбие және кәсіби білім беру, бастауыш мектептер үшін оқу пәндерін таңдап алу, оқушыларды артық жүктемеден арылту мәселелері. Негізгі педагогикалық түсініктер мен дидактикалық категориялар, әдеттер мен дағдылардың мінез-құлықтың қалыптасуына әсері, оқушылардың ойын, санасын және қабілеттерін дамыту. Интернационалдық тәрбие мәселелері.

Ұзақ жылдар бойы « Ұлтшыл әдебиет өкілі» деген айып тағылып, жазықсыз жапа шеккен, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі Ж.Аймауытов жазушылығымен қоса, қазақ топырағында тұңғыш педагогика, психология, көркемөнер ғылымдарының саласында қалам тартып, құнды-құнды ғылыми зерттеу еңбектерін жазумен, бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы болуымен дараланған тұлға. Оның туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Ж.Аймауытов «адам мінезінің, ақыл-қайратының әр түрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан... Адам баласының ұрлық істеуі, өтірік айтуы, кісі тонауы, өлтіруі сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен» дейді. Ол тәрбиенің екі түрлі болатынын: дене тәрбиесі және жан (рух) тәрбиесі болып бөлінетіндігін атап көрсетеді. Аймауытов балаға әсер ететін нәрсе медресе (мектеп) және тәрбиеші (мұғалім) деп санайды.

Ж.Аймауытовтың педагогика ғылымы саласындағы жүйелі ой-пікірлері оның 1924 жылы Орынборда басылған “Тәрбиеші жетекші” атты еңбегінен жақсы байқалады. Бұл еңбекте Аймауытов “Баланы оқытудың белгілі ереже заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогиканың негізгі бөлімі – дидактикаға ғылыми анықтама берген. Ж.Аймауытов білім негіздерінің ана тілі арқылы меңгерілетінін айта келе: “Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Оның “Психология” , “Жан жүйесі және өнер таңдау” “Тәрбиеге жетекші” (1924), “Комплексті оқыту жолдары”, “Жаңа ауыл” дейтін еңбектері бар.

С. Көбеевтің педагогикалық мұрасы. Отбасындағы бала тәрбиесі. Білім беру мен тәрбиелеу процесіндегі практикалық дағдылар, балалардың оқуға қызығушылығын қалыптастыру. Еңбек тәрбиесі мәселелері.

Спандияр Көбеев (1878 — 1956) — қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. 1878 жылы бұрынғы Торғай облысы, Обаған болысына қарасты нөмiр үшiншi ауылда — қазiргi Ақсуат ауылында дүниеге келген. 1912 жылы Спандиярдың «Үлгілі бала» атты кітабы шықты. Бұл – бастауыш мектептегі қазақ балаларына арналған оқу кітабы еді. Ұлы ұстазы Ыбырай үлгісін пайдалана отырып ол бұл кітапқа өзі аударған Крылов мысалдарын, орыс классиктерінің балаларға арналған шығармаларын, қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін, табиғаттың түрлі құбылыстарымен таныстыратын, өсімдік, жануарлар әлемі туралы білім беретін әр алуан қызықты қысқа әңгімелер кіргізді. С. Көбеев баланың өз Отаны үшін қажетті азамат болып қалыптасуында ата-ананың алатын орны мен атқаратын мәнін зор бағалап, отансүйгіштік тәрбие негізі ана тілі екенін терең түсіндіре білді. Оның пікірінше, жас ұрпаққа білім беру өз ана тілінде жүргізілуі керек.С.Көбеев жасөспірімдерді оқыту, тәрбиелеу процесінде мұғалімнің басшы рөл атқарады деді. Оның ойынша, халық мұғалімі бүқара арасына тек білімді ғана таратып қана қоймай, сонымен қатар қоғамның ынтасын сол өнер-білімге аударуға міндетті. Білім берудің сапалы болуы,-деп жаздыС.Көбеев оқытудың мазмұны,мұғалімнің әр балаға жеке-жеке дұрыс қарап, әрекет ете білуінде. Баланы тани білу, оның бейімділігін, еркін білу, балалар дүниесімен тығызараласу, оны жаңа дүние үшін күреске қажетті сапаларымен, біліммен қаруландыру-осы қасиеттердің барлығын мұғалім меңгеругетиісті. С.Көбеев оқыту мен тәрбие процесін диалектикалық бірлікте қарады. Адамды тәрбиелеуде С.Көбеев еңбекке үлкен мән берді. Ол еңбекпен ғана өмір сүру үшін ғана қажетті құбылыс емес, сонымен бірге аса пәрменді тәрбие құралы деп

.

Н.Құлжановтың мектепке дейінгі бала тәрбие теориясы мәселелері. Мектепке дейінгі бала тәрбиесінің мақсаты мен мазмұны, балалардың жас ерекшелігін ескеру. Тәрбиенің табиғилық принципін, көзқарасын қалыптастыру. Мінез-құлықтың, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек тәрбиесі, рухани және дене тазалығы.

Қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданында көшпелі қазақ отбасында дүниеге келген. (1887-1934). Ол журналист-публицист, педагог-тәлімгер, екі тілде бірдей жазатын аудармашы.Н.Құлжанованың белсене араласуымен 1924 жылы Орынборда “Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу” атты педагогикалық жинақ, нұсқау кітабы жарық көрді. Кейіннен “Әйел теңдігі” журналында осы ізгілікті іс әрмен қарай жалғастырылды. Журнал беттерінде қазақ бала бақшаларының озат тәжірибелері, онда жүргізіліп жатқан түрлі тәрбие жұмыстарының жай-жапсары, мақсат-міндеттері жайлы көптеген мақалалар жарияланды. Осы журналдың мектепке дейінгі тәрбие бөлімін басқарған Н.Құлжанова осынау көшпелі қазақ елінде бұрын-соңды болып көрмеген бала тәрбиесінің жаңа түрін аяғынан тәй тұрғызуға себепші болды. Нәзипаның тәлім-тәрбиелік пікірлері медицина ғылымымен сабақтасып жатады. Автордың “Бала күтімі”, “Баланың өміріне күннің сәулесі, таза ауа аса қажет”, “Баланың аурулары” т.б. мақалаларында тәрбиені бала жөргегінен бастауды ұсынады.

Н.Құлжанова мектепке дейінгі тәрбиенің басты бағыттарын “Тән саулығы”, “Баланың сырт сезімдерінің дамуы”, “Нәрсенің түр-түсін тану”, “Дененің қимылын түзету”, “Шеберлігін көтеру”, “Баланың білімін арттыру”, “Бала тілінің шеберленуі”, “Еңбекке машықтандыру”, “Көпшілдік және еңбек”, – деп бұлардың әрқайсысына жеке-жеке сипаттама берді. Ол ересектер мен сәби, бөбектер арасындағы қарым-қатынас мәселесіне де ерекше көңіл бөледі: “Балаға сусындай керегінің бірі – сөйлеу. Түрлі білімнің түбірі, негізі – баланың сөйлеуі, білуге құмарлығы. Сұрағына жауап бермей “мазамды алма” деп, үнемі баланың бетін қайтару арқылы білуге құмарлығының негізін жоғалтып жіберуге болады”, – дей келе, автор бала ойынының айналаны тани-білу құмарлығымен ұштасып жататындығын ескертеді.

Тәрбие әдістерін жасау. ХХ ғасырдың 40-60 жылдарында Қазақстандағы педагогикалық теорияның дамуының негізгі мәселелері.

1. Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі.Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалык; өзгерістерге байланысты тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік, ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ.Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.

Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:

• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.

• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер. А.П.Пинкевич тәрбиені екі топқабөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі-бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі.

Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина жәнеВ.С.Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылады.

Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:

• Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.

• Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.

• Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер.

• Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.

Р.Г. Лембергтің ғылыми мұрасындағы педагогика мәселелері. Р.Г. Лембергтің дидактикалық мұрасындағы білім берудің мазмұны, сабақ құрылымы мәселелері. Р.Г. Лемберг еңбектеріндегі оқыту әдістері, оқушылардың өзбетіндік-танымдық оқу іс-әрекеті және педагогика тарихы мәселелері.

Р.Г. Лембергтің дидактикалық мұрасындағы білім берудің мазмұны, сабақ құрылымы мәселелері. Р.Г. Лемберг еңбектеріндегі оқыту әдістері, оқушылардың өзбетіндік-танымдық оқу іс-әрекеті және педагогика тарихы мәселелері.Лемберг Раиса Григорьевна (1888-1975) - ғалым-педагог. профессор (1925), Қазақстан ғылымының еңбегі сіңірген қайраткері (1957). 1937 ж. бастап өмір бойы Қазақстанда қызмет етті. 1938 ж. бастап ғылыми-педагогикалық іс-әрекетін Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында жүргізді. Лемберг Раиса Григорьевна - Қазақстандағы бірінші профессор-әйел.Оның негізгі еңбектері дидактика мәселелеріне, оқыту әдістеріне, ұй тапсырмаларын ұйымдастыру әдістемесіне, оқушылардың дербес жұмысының ерекшеліктеріне арналған. Оқыту және тәрбие процесінің бірлігіне зор мән берді, педагогиканың теориясы мен тарихы мәселелерін зерттеді. Р. Г. Лембергтің тұжырымдауы бойынша, егер сабақты өткен оқу материалын ұзақ уақыт сұраудан бастаса, оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдау, түсіну белсенділігі төмендейді. Сол үшін жаңа оқу материалын сабақтың бастапқы кезеңінде, демек, оқушылардың таным қабілеттерінің белсенділігі жоғары жағдайында, шаршамай, тың отырған уақытында өту ұсынылады. Бұл құптарлық ұсыныс. Осы үлгіні әсіресе, жоғары сыныптарда кеңірек қолданған дұрыс болар. Себебі, оқушылардың оқу жұмысы жоғары сыныптарда күрделі болып келеді. Сөйтіп, олардың оқу материалын тиянақты меңгеруінде түсіндіру және оны пысықтау, бекіту жұмыстарына айрықша мән берген жөн болар. Сабақта жаңа оқу материалын жақсы меңгерген оқушы әрине үй тапсырмасын дұрыс өз дәрежесінде орындап келуіне ешкім-нің де шүбәсі болмас деп ойлаймыз. Мұндай жағдайда үй жұмысын тексеруде арнайы уақыт бөлу, мүмкін қажет емес болуы шарт, оны басқадай жолдармен немесе оқушылардың өздеріне тапсыруды да қарастырған жөн болмақ. Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағды-ларын тексеру, бақылау сабағының құрылымы 1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақ-тың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу. Тексеру, бақылау жұмыстарын ұйымдастыру. Оқушылардың өзіндік жұмыстары. Оқушылар білімдері, іскерліктері мен дағдыларын бағалау. Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.

А.И.Сембаевтың мектептің тұтас тарихы және кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы педагогиканы жасауы. Қазақ-ұйғыр, орыс-қазақ мектептерінің даму тарихы. Мектепті құру кезеңдері, олардағы білім беру мазмұны және мұғалім кадрларды даярлау мәселесі.

Сембаев Ібнияұлы қазақ мектебінің тарихын тұңғыш зерттеген ғалым (1905-1989).1905 жылы Жезқазған облысы, Шет ауданында Қарабұлақ аулында туған. 1931 жылы Абай атындағы Қазақтың Мемлекеттік Педагогикалық институтының химия факультетін бітірді. Педагогикалық жұмысты 1925 жылы мектепте мұғалімдіктен бастады. Одан кейінгі жылдары қазақ ССР Оқу Министрлігінің әдіскері, Қазақтың ауыл шаруашылық институтының оқытушысы, әрі директоры болды. Қазақ ССР-ы Оқу Министрі, әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі және проректоры, қызметін атқарды. Қазақ ССР Оқу Министрлігі жанындағы Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының директоры және институт жанындағы үйлестіру Кеңесінің меңгерушісі болды.1966 жылы Ғылым докторы дәрежесін, 1967 жылы профессор атағын алды. Ол ССР Педагогикалық ғылымдар академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды. Сембаев Ә. I. Қазақ Совет мектебінің қалыптасуын зерттеуге үлкен еңбек сіңірген ғалым. Оның 30-дан астам ғылыми еңбегі жарық көрді.Ол үлкен қоғам қайраткерлері бола жүріп, Қазақ-стандағы педагогика ғылымының өркендеп өсуіне қазақ-ұйғыр, орыс-қазақ мектептеріне байланысты К. Д. Ушин-скийдің, Н. К. Крупскаяның педагогикалық мұраларын жан-жақты зерттеген ғалым.

Наши рекомендации