Зін-өзі тану туралы ғалымдардың педагогикалық-психологиялық ой-пікірлері.

Зін-өзі тану пәнінің ғылым ретіндегі жалпы түсінігі.

Өзін-өзі тану – нағыз адам болудың сыры мен қырын үйрететін пән. Нағыз адам болу - Отан алдындағы борышыңды өтеу, адами қарым-қатынасың, қоршаған ортамен үйлесімділігің. Пәннің мақсаты - білім алушының өзін дұрыс түсінуіне, дарындылығы мен қабілеттерін дамытуға, өмірдің мәнін ұғынуға және өмірден өз орнын таба білуге көмектесу. Өзін-өзі тану адамның бойында өзін сыйлай білуін, ойын еркін жеткізуін, өмірдің қиын жағдайында дұрыс жол табуға, жеке шешім қабылдауға және өз тағдырына жауапкершілікпен қарауға үйретеді.

Э. Хемингуэй: «Әрбір адам қандай да бір іс үшін туады. Жер басып жүрген әрбір адамның өмірде өз міндеттері бар» деп айтқандай, әрбір адам өмірге келгеннен кейін оны артында ізі қалардай мәнді өткізе білуі қажет. Сондықтан да адамның танымы неғұрлым биіктей берген сайын, дүниенің көкжиегі де соғұрлым кеңейе бермек.

Өзіңді-өзің тану деген - өзіңді қоғамдық, әдептілік тұлға ретінде қарастыру арқылы барлық адамдарға тән негізгі қасиеттер төңірегінде этикалық ұғымдар қалыптастыру. Өзіңді білу, бұл - өз тарихыңды, дәстүріңді, ата-бабаларыңның игі жақсылығын біліп, үйрену .

Өзін-өзі тану бастауыш буында оқитын жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамытуда, оның бойында жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруда ең маңызды орын алады, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарым-қатынас жасау мен дүниетанудың құралы, баланың зердесі мен шығармашылығын дамытудың арнасы. Ол арқылы оқушы қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, дүниетанымды сезіне бастайды, өзіндік пікірі қалыптасады, өзін-өзі танудың қарапайым қадамдарын жасай алады.

Өзін-өзі тану әңгімелесуге, шындықты бірлесе іздестіруге, білімді бірге игеруге, өздік шығармашылықты, ішкі белсенділікті оятуға бағытталған. Жеке тұлғаның бойында жақсы көру, бейбітшілік, әдептілік, шыншылдық, аяушылық, адалдық, имандылық, сыйластық, достық, сүйіспеншілік, кішіпейілділік, жанашырлық, жақсылық жасау, әділеттілік, елжандылық, ізеттілік, сенім, махаббат, қайырымдылық, қамқорлық жасау сияқты құндылықтарды қалыптастыру көзделген.

Зін-өзі тану ілімінің тарихи даму аспектілері.

Қазақстан Республикасында 2001 жылдың 12 шілдесінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің №566 бұйрығымен бекітілген «Өзін-өзі тану» курсының жобасын әзірлеу мен сынамалау бойынша өткізілген тәжірибе табысты түрде жүзеге асырылуда. «Өзін-өзі тану» курсы жеті жылдық сынамалаудан кейін республиканың барлық аймақтарында ата-аналар мен педагогтар қоғамының белсенді қолдауына ие болды.

Тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін -өзі түсінуі терминологиялық статусқа Е.М. Боброваның, Н.И. Кузьминнің, Ю.Н.Кулюткиннің, В.Н. Козиевтің, С.В. Васильковскаяның, Л.М. Митинаның, А.К. Маркованың, В.А. Якуниннің еңбектерінде ие болды.

Мысалы, Е.М. Боброва өзін-өзі түсінуді, яғни студенттің болашақ педагогикалық қабілет дағдыларды игеру деңгейін тұлғаның өз бойында бар білім мен тәжірибені педагогикалық үрдісте мақсаттарына жету үшін пайдаланады деп түсіндіреді.

В.Н. Козиев болашақ педагог тұлғасының өзін-өзі түсінуін ол тұлға өзін ұғына отырып, өз ісін белгілі бір жүйеге бағыттап отырады деп қарастырады. Бұл іс-әрекетінің арқасында студент тұлғасының бойында белсенді түрде өзіндік жетілу, өз бойында саналы түрде жеке тұлғаның маңызды қасиеттері мен өз шеберлігін қалыптастыру процесі жүреді.

зін-өзі тану туралы ғалымдардың педагогикалық-психологиялық ой-пікірлері.

Бүгінгі таңда он жылдан астам ғана тарихы бар «Өзін-өзі тану» пәні адамның өзін-өзі тану үдерісіндегі шетелдік ғалымдардың ой-пікірлерін зерделей отырып, отандық ғалымдардың зерттеулері мен тұжырымдарының негізінде пән ретінде қалыптасты. «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұндық-құрылымдық жүйесін теориялық тұрғыдан дәйектеген Қазақстандық ғалымдар А.Н.Нысанбаев және Г.Г.Соловьева рухани-адамгершілік білімнің философиялық тұрғысын, К.Ж.Қожахметова педагогикалық және этнопедагогикалық тұрғысын, М.Х.Балтабаев оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі мәденилік тұрғысын, Х.Т.Шерьязданова рухани-адамгершілік білім берудегі психологиялық тұрғысын зерттеді. М.Ш Хасанов, Б.К.Дамитов, Б.А. Әлмұхамбетов т.б өзін-өзі тану курсының концептуалды-теориялық негіздерін және оны білім беру жүйесіндегі реформаларға сәйкес тәжірибеге енгізудің жолдарын қарастырса, М.Ж.Жадрина, Ғ.З.Байжасарова, Б.А.Әрінова,Ұ.Әбдіғаппарова, Б.К. Құдышева, Г.И. Қалиева, С.Сейтақов, Р.О. Ізғұттынова, Ж.Ж.Әкімбаева, Ж.Қажығалиева т.б. осы пәнді білім беру ұйымдарына енгізуде оны жалпы мемлекеттік стандарттарын нормативтік–құқықтық негіздерін жасап, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен бастап, бағдарлы мектеп аралығындағы оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындады. Ал 2010 жылы аталған пән еліміздің білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріне жаппай ендірілді.

Наши рекомендации