Лекция. Сынып жетекшісі – сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы

Жоспар:

1. Сынып жетекшісінің міндеттері. Тәрбие жүйесі.

2. Оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру.

3. Мектептегі сынып жетекшісінің атқаратын жұмыс бағыттары.

4. Сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.

Негізгі ұғымдар:тәрбие, тәрбие жүйесі, қызмет, сынып жетекшісі, қатынастар, іс-әрекет.

Мектептерде тәрбие жүйелері ұжымдық шығармашылық жұмыстар, қоғамдық-пайдалы және өндірістік еңбек, жұмысты ұйымдастырудың әртүрлі формаларын енгізу (әртүрлі орталықтар, театрлар, т.б.), ұлттық салт-дәстүрлер; оқыту процесін ұйымдастыру негізінде қалыптастырады. Тәрбие жүйесі мақсаттар жиынтығынан, тәрбие жұмысының ұйытқысы ретінде ұжым, ұжымдық қатынастар мен қоршаған ортаға деген жүйенің бірлігінен тұрады. Басқаша айтқанда оқушылардың тәрбие жүйесі бірнеше кезеңнен тұрады:

- Тәрбие жүйесінің құрылымы.

- Тәртіп бойынша жүйені қалыптастыру жолдары және оның дәстүр сақтауы.

- Ұжым іс-әрекетінің мазмұны және бағыттары.

Тәрбие мақсаттары мәселесін шешпей, тәрбие басқа саладағы сияқты, мақсат пен міндеттер арқылы анықталады. Өйткені оны шешпей жүйе болмайды. Осы мәселе бойынша қазіргі күнге дейін еш нәрсе анық болмаса да, бұл әдістеме біршама нәтижелі, өйткені ол ұлттық және дүниежүзілік мәдениеттегі тарихи қалыптасқан рухани құндылықтарға сүйенеді.

Оқытушылар ұжымында ортақ мақсат болған жағдайда ғана, әрқайсысы оған жету үшін іс-әрекетке белсенді кіріскен кезде ғана үлкен нәтижеге жету мүмкіндігі бар. Оқушылардың жеке тұлғасының қалыптасуы ұлттық мәдениет тәсілдерімен жүзеге асады, және ол ұлттық мәдениет құралдары арқылы жеке басты қалыптастыру төмендегі қалыптастыру жүйесін анықтайды:

1. Өзінің ана тілін жете білу.

2. Мәдениеттану сипатындағы оқу пәндері арқылы меңгеру

3. Ұлттық мәдениетті базистік оқу бағдарламасындағы басқа да пәндерде меңгеру.

4. Мектепті ұлттық мәдениет элементтерімен толықтыру.

5. Халықтық мәдениетті меңгеруге арналған оқушылардың зерттеу іс-әрекеті.

6. Ұлттық мәдениетке арналған арнайы курстар, факультативтер.

7. Ұлттық мәдениетті меңгеруді мақсат еткен үйірмелер мен клубтардың жұмысын ұйымдастыру.

Мұғалімдер ұлттың мәдени негізінің қалыптасуына ықпал етеді. Ол мектеп бітірушінің білім мазмұнын, жеке тұлғаның өзін өзі ары қарай дамыту факторы. Қойылған мақсат тәрбиелік міндеттер арқылы жүзеге асады. Оны анықтаудың әртүрлі әдістемелері бар. Оған жататындар:

а) Дамыту мен ұйымдастыру әдісі.

ә) Дамыту және тәрбиелеу іс-әрекеттерді ұйымдастыру әдістері.

б) Жеке тұлға қалыптасуына көмектесу, оның ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі, мақсат-мүдделері мен қабілеттерінің көрінуі.

Сынып жетекшілерінің іс-әрекетін төменгі топтарға бөлеміз.

1. Әлеуметтік міндеттер

2. Адамгершілік міндеттер.

3. Диагностикалық міндеттер. (Сыныпппен жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін оқушының жеке тұлғасы мен ұжымның даму диагностикасы).

4. Даралық сипаттағы міндеттер.

5. Денсаулық пен салауатты өмір салтын тәрбиелеу.

6. Баланың өнегелілік мінез-құндылықтарын қалыптастыру.

7. Баланың бойына біткен қабілетілігі мен мақсат-мүдделерін жаңаша дамыту.

Қатынастар жүйесіне әртүрлі компонентерді кіргізуге болады. Әрбір қатынас белгілі бір білімдерді игеру дегенді білдіреді, алайда бұндағы ең бастысы бұл білімдерді өнегелілік түрде түсіну, сезіну болып табылады. Жеке тұлғаның қасиеттерін құндылық қатынастардың қалыптасу нәтижесі деп түсіндіреді. Басқа адамға деген құндылық қатынастың нәтижесі – гуманизм, өз өзіне – қадір-қасиет, еңбекке – еңбексүйгіштік, еңбекқорлық болып табылады.

Тұлғаның ең басты қасиеттерін бөлу өте маңызды, өйткені, қоршаған ортаға, адамға, материалдық және рухани дүниеге деген қатынастың қалыптасуы барысында адамгершіліктіңбарлық жақтарын қамту мүмкін емес.

Оқушылардың тәрбиелік нәтижелерін анықтау қажет. Оларға мыналарды алуға болады:

1. Еліне деген қатынас – отансүйгіштік, патриотизм.

2. Еңбекке деген қатынас – еңбексүйгіштік, еңбекқорлық.

3. Өз өзіне деген қатынас – қадір-қасиет.

4. Басқа адамға деген қатынас – гуманизм.

5. Табиғатқа қатынас – табиғатқа қамқорлық.

6. Ұжымға деген қатынас – ұжымшылдық.

7. Көркемдікке қатынас – көркемдікті эмоционалды-эстетикалық түрде қабылдау қабілеті.

Тұлғаның осы жоғарыдағы қасиеттерін қалыптастыру – қоршаған орта туралы білімдерді өнегелілік түрде түсініп-сезіну. Сондықтан, оқушылардың қоршаған орта туралы білімдер жинағын адамгершілікпен сезінуі тәрбие жұмысыныңбасты мақсаты.

Жеке тұлғаның сыныптағы ұжымдық қасиеттері эстетикалық құндылықтарға, табиғатқа көзқарасы басым болады.

Сынып жетекшісінің жұмысында сыныптан тыс тәрбие көрініс табады. Қазіргі уақытта оқушы жеке тұлғасын қалыптастыру, оның қабілеттілігін дамыту бірінші орында. Бұл ретте, сынып жетекшісі – пән мұғалімдері мен ата-ананың әрбір оқушыға ықпалын үйлестіретін тәрбиені ұйымдастырушысы. Сынып жетекшісі қызметінің негізгі тармақтарына мыналарды жатқызуға болады:

1. мектептің ертеңгілік тамағының тәртібі мен асхананың тазалық ережесін қамтамасыз ету.

2. Оқушының көзінің көруі, құлағының естуі, оныңбойын ескеріп, әрбіреуінің қабілеті мен белсенділігіне қарай оқу бөлмесіне санитарлық-гигиеналық талаптарға сай қамтамасыз ету.

3. Сыртқы киім мен аяқ киім қоятын орынның болуы.

4. Оқушыны қажетті оқулықтармен және әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.

5. оқушының барлық сынып бөлмелерінің неге арналғанын оларды пайдалану ережелерінен (директор кабинетінен бастап, ойын бөлмесі мен медициналық бөлмеге дейін) түсінік беру.

6. оқушының қоршаған заттармен жоғары мәдени деңгейде, тазалықты, әдемілік пен тәртіпті сақтай отырып пайдалана білуін үйрету.

7. Топтың пәндік іс-әрекетін ұйымдастыру.

Сынып жетекшісі мына бір тұжырым ережелерді ұғынып, түсінген жағдайда ғана тәрбие міндеттерініңшешімі нәтижелі болмақ:

1. Тәрбиенің жеке тұлғаға бағыттауы.

2. Тәрбие жүйелік сипатта болу.

3. Тәрбие іс-әрекетінің мақсаттарының бірлігі, оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдердің өзара әрекеттестігі тәрбие жүйесінің кепілі.

Сынып жетекшісінің іс-әрекетінде басқару теориясының да маңызы бар. Педагогтің негізгі жұмысы – оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру, ал ұйымдастыру басқару теориясының құрамды бөлігі болып табылады. Оның заңдылықтарын білу педагогтар мен оқушылар арасындағы қатынасты, сыныптағы тәрбие жүйесін басқаруға мүмкіндік береді. Тәрбие жүйесінің қызметіндегі маңыздысы оқушылардың іс-әрекетінің түрлерін тиімді таңдау (тәрбиелік шаралар) және оларды өткізу. Адамды қалыптастыратын негізгі іс-әрекеттер: танымдық іс-әрекет, материалдық еңбек, қоғамдық-пайдалы жҒмыс, бағалау-бағыттау әрекеті, ойын іс-әрекеті, қарым-қатынас, спорттық-сауықтыру, көркемдік-шығармашылық іс-әрекет.

Сынып жетекшісінің басқару теориясында тәрбиелік шараларды дайындаудың нәтижелі әдісін анықтауға мүмкіндік береді, оларға жататындар:

1. Шаралардың мақсаттары мен міндеттерін анықтау.

2. Сынып жетекшісінің тәрбие шараларын дайындауда оқушыларға ақыл-кеңес беруі.

3. Ынталы топпен бірігіп шараларға дайындықты тексеру.

4. Тәрбиелік шаралардың нақты бір формасын таңдау (сынып сағаттары, КВН, демалыс кеші, т.б.)

5. Ынталы топпен бірігіп тәрбие жұмыстарын жоспарлау.

6. Шараларды өткізуге ынталы топ пен оқушыларды таңдау.

7. Жұмысты ұйымдастыру міндеттерін ынталы топ мүшелеріне бөліп беру.

8. Мерекеге дайындық.

9. Тәрбиелік шараларды өткізу.

1. Оқушыларды тәрбиелеудің негізгі жүйесі.

2. Сынып жетекшісі жұмысынң педагогикалық негізі.

3. Сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру жолдары.

4. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы сынып ұжымының орны.

5. Сыныптағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттары.

Наши рекомендации