Гімелеуге үйрету әдістері 4 страница

2 мен 3 сандарының құрамын бекіту үшін «Өнімді жина», «Арифметикалық лото» ойындарын ұйымдастыруға болады

Үш санының қандай болатынын білесіңдер. Бірақ оны жазып үйренген жоқсыңдар.Бүгін біз 3 санынң жазылуымен танысамыз. 3 саны бірінің үстіне бірі қойылған екі жарты шеңберге ұқсайды. 3 саны екі санынан кейін тұрады.

3-ке дейін үш тілде санату.

Енді балалар 3 санын ауада жазып көрейік. Өте жақсы.

Енді 3 санын күріштен құрастырып көрейік кім тез құрастырады екен.

Балалар орнымыздан тұрып боймызды сергітіп алайық.

3.Балабақшасында балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесі

Дене тәрбиесі – жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың және дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған.

Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің теориясының басты міндеті – өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың организмін шынықтыру болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене жағынан тәрбиелеудегі жұмыстың мәнді жағы – тұлғаны дұрыс қалыптастыру.

Сонымен қатар балаларға тұрмыста және дене тәрбиесі сабақтарында қажетті жеке қоғамдық гигиена дағдыларын дамыту қажет.

Дене тәрбиесі балаларды ақыл – ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына ықпал етуі тиіс.

Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде дене тәрбиесінің мазмұны мына құралдардан тұрады: дене жаттығулары, табиғаттың сауықтырушылық күші, гигиеналық және әлеуметтік – тұрмыстық факторлар.

Дене жаттығуы – дене тәрбиесінің негізгі және ерекше құралы, баланың жан – жақты жетілуіне ықпал етеді.

Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Олар мынандай түрлерге бөлінеді; 1) таңертеңгілік жаттығу, 2) қимыл – қозғалыс ойындары және спорт ойындарының элементі бар ойындар, 3) спорттық жаттығулар, 4) қарапайым туризм.

Балабақшадағы дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлері: 1) тәрбие сағаты, күн тәртібі бойынша сауықтыру шаралары (таңертеңгілік жаттығу, қимыл – қозғалыс ойындары, серуендегі спорттық жаттығулар, сергіту сәттері, спорттық мерекелер, ойын – сауықтар ), 3) балалардың өз бетінше козғалу қызметі.

Билет №18

1.Сөздің лексикалық мағынысын жалпылау дәрежесі, оларды әр түрлі жастағы балалардың меңгеруі.

Сөз-тілдің негігі өлшемі. Ол былайша айтқанда бір мезгілде тілдің барлық компоненттерінің фонетиканың (сөз дыбыстарынан тұратындықтан), лексиканың (болмыстық белгілі бір құбылыстарын білдіріп, кодамен шифрлайтындықтан, яғни мағыналық рөл атқаратындықтан).

Сөздерді мағынасы бойынша жалпылаудың бірнеше дәжересі ажыратылады.

1)Жалпылаудың нольдік дәрежесі-жалқы есім, жеке заттың (есімі) аты (Маша, Витя, әже, табақ, стол). Жаңадан сөйлей бастаған балалар (бір жастың соңы – екі жастың басына қарай) сөзді, яғни бұл атауды нақты затпен арақатынаста салыстыра отырып (қорытудың нольдік дәрежесі) үйренеді: олар үшін мама, орындық, доп, ваза сөздерді Витя, МАша секілді жақы есімдер.

2) Жалпылаудың бірінші дәрежесі-жалпы есім, яғни бір тектес заттардың, іс-әрекеттердің, сапаның жалпы атауы. Мысалы, өзінің балаларын ертіп жүрген мысықты көрген бала «мама-мияу» деп айта отырып, мама деген сөздің жалпылауыш маңызын түсінеді; шар тәрізді кез келген серпімді затты түсіне, мөлшері мен материалына қарамастан доп деп атаған бала доп сөзінің лексикалық мағынасын түсінеді; бұл іс-әрекетті кім жасағанына қарамастан, тиісті іс-әрекетті келе жатыр сөзімен атай отырып, көгілдір түсті кез келген затты көгілдір сөзімен білдіру арқылы бала келе жатыр етістігі мен көгілдір сын есімнің лексикалық мағынасын түсінетіндігін көрсетеді. Балалар жалпылаудың бірінші дәрежесінің сөздерін екі жасар кезінің соңына қарай үйренеді.

3)Жалпыл-ң екінші дәрежесі-тектік ұғымдарды білдіретін сөздер: мабель (бұл орындық та, стол да,шкаф та болады). Іс әрекеттің, белгілердің атауы зат есім түрінде жалпы қорытындыланып беріледі: жүру, жүзу, жүгіру, ұшу, ақшылдығы, көкшілдігі. Жалп.екінші дәреж-ң сөздерін балалар 3 жастан кейін үйренеді.

4) Жалп.үшінші дәрежесі-жалпылаудың екінші дәрежесінің сөздері үшін тектік ұғымдарды білдіретін сөздер: өсімдіктер-ағаштар, шөптер, қыналар; заттар-ойыншықтар, ыдыс-аяқтар, жиһаз; өнімдер-көкністер, жемістер, астық тұқымдастар; қозғалыс-жүгіру, ұшу, жүзу; түс-ақшылдығы, көкшілдігі. Балалар Ж.үшінші дәр.сөздерінің мағынасын шамамен бес немесе алта жасқа келгенде үйренеді

5)Ж.төртінші дәр.-шекті лексикалық жалпылау: зат, қимыл, жай-күй, сын, сапа, сан, қарым-қатынас деп аталатын сөздер. Бұл мүмкіндік толық дәрежеде жас өспірімдік шақ сатысында туады.

2.Мүсіндеу оқу әрекетін ұйымдастыру, оған қойылатын гигиеналық талаптар.

Мүсіндеу балалардың сезінуін, қабылдауын және көрнекі түсінігін дамыту үшін қажет. Нақты дүние заттарын тануда көру басты деп саналады, бірақ балаларда бейне қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде көрудің тірегі затты түйсіну болып табылады. И.М. Сеченов: «Заттардың денелік пішінін көзге қарағанда қол басқаша айқындайды және де біз қолдың алақанын әрдайым көзден біршама таса заттардың бүйір беттеріне , сондай-ақ көз мүлдем көре алмайтын артқы жақтарына тигізе алудың арқасында , оны толығырақ айқындайды». Мектеп жасына дейінгі балаларға затты білу ұшін оның кейбір жалпы белгілері ғана жеткілікті Мүсіндеу алдында затты белсенді зерттеу — балалардың сезімдік тәжірибесін ұйымдастырудың педогогикалық әдісі.Бұл кезеңді шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады.

1 кезең- бұл затты қабылдауды ұйымдастыру. Ол-жоғары нүктеден бастап төмен қарай, негізгі сипаты сызықтар бойынша саусақтар мен көздің бір қалыпты және үздіксіз қозғалысы. Зат әрдайым белгілі бір күйде тұрады(сол қолымен затты ұстап тұрады, оң қолымен оны зерттейді, зат столда қозғалыссыз тұра алады).

2 кезең- Затты қолмен және көзқараспен зерттеу оның негізгі бөліктерін саралаумен және олардың қасиеттерін айқындаумен қоса жүреді, саусақтардың қозғалысы тереңдік қатынасын өлшегендей болады және бөліктердің кеңістіктегі өзара қатынасын анықтайды.

3 кезең- заттың ең ұсақ бөліктерін көрсету және оларды формасынының , көлемінің, негізгі бөліктерге қарағанда кеңістіктегі орнын анықтау.

4 кезең- затты қайтадан тұтас қабылдау. Қолдың жалпы ақтық қозғалысы мен жоғарыдан төмен қарай көзбен шолып шығу сезімдік жолмен алынған деректерді тұтас бейнеге біріктіруге мүмкіндік береді.Зерттеу заттың беткі жағы құрлымын саралауға да бағытталуы мүмкін. Бұл жағдайда қолдың барлық саусақтары жұмыс істеуі тиіс.Ма териалдық құрылымын анықтау үшін заттың бетіне қолды батыруға тура келеді. Мүсіндеу кезінде заттарды зерттеуге өзіндік ерекшелігі бар, өиткені мүсіндеуде заттың формасы көлем күйінде беріледі.Мүсіндеу алдында затты зерттеудің жоғарыда ұсынылған жүйесі сабақ, ойын немесе арнаулы жаттығулардың барысында жүзеге асады. Бұл жағдайда затты зерттеуге,яғни затты жедел қабылдау мен бақылауды үйретуде екі жастан бастаған жөн. Затты қабылдауда, сондай-ақ затты ажырата білуге мүмкіндік беретін оның кейбір қасиеттерін тануға балаларды 2-3 жастан үйрету қажет.Мұндай жаттығулар өткізе отырып, тәрбиеші зат сапасын анықтайтын бейнелі сөздерді іріктейді.Мәселен ол балаларға алманы қолына ұстауды, оны қолмен сипауды , оның салмағын, тығыздығын (алма ауыр,үкен, домалақ) сезінуді ұсынады, заттпен таныстықтан кейін баланың өзі осындай домалақ алма (немесе осындай жұмыр допты және т.б.) жасау керек.Затты бейнелеуден бұрын оны зерттей отырып, біз бала назарын осы затқа аударамыз, оның нақты қасиеттерімен таныстырамыз, яғни баланың сенсорлық тәжірбиесін қалыптастырамыз.Тәрбиеші төрт және бес жасқа аяқ басқанда балаларды тұтасс заттарды , ал содан кейін заттың жеке ерекшеліктерін бейнелеуге мүмкіндік беретін қасиеттерін қабылдауға үйретеді.Мүсіндеген кезде балалар әдетте негізінде геометриялық пішіндермен бар заттармен жұмыс істейді. Мүсіндеуді «Ойлан,тап, мынау не?», «Дүкен», « Осындай затты тап», «жасырылған затты тап», «Ғажайып дорба» деген дидактикалық ойындармен бастаған жөн. Тірі обьектілерді жүйелі бақылаған жөн. Мысалы: Тасбақамен таныстырғанда ең алдымен балалардың назарын тасбақаның сыртқы пішініне аударған мақұл,содан кейін тасбақаны топта қалдыру керек.

Екінші сабақта балалар тасбақаны тұла бойын тұрпатын, дене бөлшектері жайлы егжей-тегжейлі әңгімелейді, қол аяғын жиғанын-созғанын жіті бақылайды. Содан кейін балалар тасбақаны жасауға кіріседі.Төменгі,ортанғы топтарда балалар мүсіндеудің мынандай қарапайым операциясы болып табылатын негізгі қозғалыстарын игеруі тиіс: жаю, домалақтау, жалпайту, тарту, созу, бүктеу, қосу, шымшу.Кейде заттың түрлі формасын, мәселен, дөңгелек формаларды (жұмыртқа, қияр, картоп) мүсіндеу кезінде мүсіндеудің бірнеше формасын бірден қолдануға тура келеді. Бұл жерде мынадай тәсілдерді: шиыршақтап орауды, содан кейін аздап жайып жіберуді неғурлым дәл форма шығару үшін саусақтармен жөндеп қоюды қолдану керек.

Бірінші кіші топта қолына иленген саз балшығын ала отырып , олар барлық саусақтарымен сықпалай бастайды, оны үзіп – үзіп, тақта үстіне жайғастырады және оны қайтадан оны тұтас етіп жинайды , саусақтарымен шұқыр жасайды. Шын мәнінде балалар сазбен ойнап отыр. 2-3 жасар балаларды оқытудың әдістері сенсорлық зерттеу жолымен заттардың формасын меңгеруге, сабақ үстінде эмоциялы көңіл-күй орнықтыруға бағытталады, мұның өзі мүсіндеу кезінде балалар бойында образ жасау нышандарының байқала бастауына байланысты болады.

Бірінші кіші топтағы пішіндеу сабақтардың өзінде-ақ тапқырлықты дамыту жөніндегі міндеттерді қоюға болады.Мәселен, балалар бірнеше форманы бейнелеуді, меңгергеннен кейін, оларға тәрбиеші күні бұрын жасалған шардан, дискіден,цилиндер-таяқшадан кез келген заттың пішінін жасауды ұсынады.Мұндай тапсырма балалар заттарды бейнеленген кезде бөліктерді өздігінен қиыстыру үйретілуі тиіс. Сабақтардың алғашқы нәтижесі әрдайым ойдағыдай бола бермейді, бірақ білімді жинақтай келе бала қарапайым заттарды бейнелей отырып, дербестік көре бастайды.

Екінші кіші топтағымүсіндеудің сипаты үш жасар балалардың жасағанымен салыстырғанда әлде қайда мәнді. Бірақ мүсіндеудің бастамасында түпкі ой болмайды. Бала өз бұйымдарын тақта үстіне бір-бірден орналастырады немесе бірінің үстіне бірін үйіп, жинай бастайды : егер тәрбиеші дер кезінде келмесе , бала өз бұйымдарын жалпы саз кесегіне айналдырып, бәрін мыжып тастай салады. Бұл топтардағы сабақтардың әрдайымғы басты міндеттерінің бірі балалардың зеректігін, ойлау шапшаңдығын және дербестігін дамыту болып табылады. Мәселен балалар бағандарды мүсіндейтін болса, тәрбиеші оларға, бұлардан не жасауға болатынын анықтауды ұсынады.Үлкендердің көмегімен бағандардан, көпір, үй, самолет және тағы сол сияқты заттарды жасайды. Тәрбиешімен баланың бірлескен жұмысы бүкіл сабақ бойы жалғаса береді. Тапсырылған тақырыпты әрқайсының жүзеге асыруына көмектесе отырып , ол балаларға сұрақ береді, ой салады. Мүсіндеу барысында кіші топтағы балалардың біршама дербестік, белсенділік көрсетуі үшін оларды жұмыс нәтижесімен ынталандырып қойған жөн. Мәселен, балалар жасаған балапанды жасыл қағаз парағы үстіне қоюға болады, құламайтын қуыршақ жасаған кезде қолдарына жалауша ұстатып қою керек. Сәбіз жасаған кезде қоянды әкеліп қою керек.Бұл қосымша заттарды тәрбиеші алдын ала дайындап қояды.

Естияр топтарындабалалар жасаған оброздардың екінші кіші топтағы балалар жасағандардан айырмашылығы шамалы болады. Мусіндеп жасалған екі, үш кескінін немесе түрлі ыңғайда басқа заттарды көрсете алады. Заттың қимылына немесе қалпына байланысты бөлшектер орналасуының өзгеретінін балалардың көруі қажет. Образды жасау балаларға оның мазмұнының қалай түсіндірілгеніне байланысты болады. Мәселен,қоянның кескінін жасаған кезде балаларға олардың біреуі түлкі жортып келе жатқан жоқ па екен деп елеңдеген қоянды, ал басқалары қорыққан қоянды (бірінші қоян құлағын делдитіп, тыңдап тұр, ал екіншісі құлағын арқасына басып, тыныш отыр) жасайтындығын айтуға болады. Мүсіндеу әдісін көрсетпеуге де болады,бірақ сабақтың бастамасында фарфордан немесе ағаштан жасалған қоян тұлғаларын, ал егер олар жоқ болса –түрлі қалпында бейнелеп, тәрбиеші жасалған қоянның екі тұлғасын міндетті тіүрде көрсету керек.Мүсіндеудің мұндай методикасы ортаңғы топтағы балалардың сабақты түсіндіру үстіне белсенді болуына тәрбиешіні тыңдауға, оның сұрақтарына жауап беруге,мүсіндеу үшін тақырыпты өз бетінше таңдай білуге үйретеді.Сонымен,бұл тапсырмаларда оқып үйрену сәті де,творчесволық сипат сәті де бар.Олар балаларды қай затты бейнелейтінін және қалай бейнелейтінін ойластыруға және оны шешуге мәжбүр етеді. Мүсіндеудегі образдылыққа жете отырып, тәрбиеші балаларға тұлғаның беткі жағын өңдеудің әдістерін көрсетеді. Мәселен балықтың пішінін көрсететін болса, тәрбиеші таңба таяқшамен белгілей отырып, қабыршықты қалай бейнелеуге болатынын көрсетеді.Өңделген фигура тартымды, сәнді болып шығады.Одан әрі балалар бұл әдісті өз бетімен пайдалана алады және ол жөнінде тәрбиеші тек еске салып отырса болғаны.Ыдыстарды бейнелегенде, ортаңғы топтағы балаларға заттың беті саусақтармен қалай тегістелетінін көрсетуге болады. Бірте-бірте олар жасалған заттың беті кейде тегістеуді қажет етедігінде, ал кейде мәселен, жануарларды бейнелегенде, ол кедір-бұдырлы болатынын түсінеді. Мүсіндеу іскерлігінің шындала түсуі жыл ортасына қарай түпкі ой бойынша өткізілетін сабақтарда балалар дербестігінің көрінуі үшін зор мүмкіндіктері ашады, бұл кезде сабақ сипаты біршама өзгереді.Образдарды көз алдына елестету және жабыстыру тәсілдеріне үйрету жөнінде балалармен жүиелі жұмыс жүргізілсе, онда балалар бейнелеу әдістерін еркін пайдалана бастайды, тіпті шағын компазициялар да жасайды. Балықты жасап, бала оның төңірегіне бірнеше ұзын таяқшалар қояды. Ол, «мынау теңіз,толқып жатыр, ал балық жүзіп келеді»-деп түсіндіреді. Екінші бала сол сабақта құсты жабыстырып шығарды , ал оның жанына дән салынған ыдысты қояды. Айқынырақ болуы үшін ол бірнеше дәнді ыдыстың айналасына тастайды. Мұнысын құс шоқығанда, балалар шашылып қалды деп түсіндірді. Бұл мысалдар ортаңғы топтағы балалардың образды терең шешуде инициатива көрсетуге қабілетті екенін білдіреді, бірақ әдетте олар қозғалысты өздігінен сирек бейнелейді: олар пішіндеген тұлғалар көбіне қозғалыссыз қалпында болады .

Ересек топтарында балалар пішінді анықтауда онша назар аудармайды, тек оны бөлшектермен толықтырады. Балалар тарту мен қысу тәсілдерін әрдайым дәл орындамайды, қателерін көбіне түзетпейді . Мұны былай түсінуге болады :бір жағынан , образ жасауға еліккен олар фигура бейнеленетін затқа ұқсасын деп , оны қажетті бөлшектермен тезірек толықтыруға талпынады , екінші жағынан, балалар үшін негізгі сыртқы белгілері (бастың,дененің, қолдың және тағы басқалар) зор роль атқарады, ал барлық ерекшеліктеррімен форманы , оның құрлымын егжей-тегжейлі бейнелеу балаға қиын. Бес жастағы балалар өздерінің жұмыстарын әрқашан өздері немесе үлкендердің басшылығымен бақылаған образдан бастайды, бірақ бейнелеу үстінде үйлесімділікті сақтау жолында қателіктер жіберіп алады. Мәселен олар адамның немесе жануардың басын қазандай ,аяғын шидеи етіп жасап қоюуы мүмкін ,өиткені бөлшектерді өзара салыстыру оларға оңай түспейді, бірақ оларда қол-аяқтың денеге қарағандағы ұзындығын салыстыру қажеттілігін қалыптастыруға болады және қалыптастыру керек те. Бейнелеу құралдарының ішінен балалар таяқшамен (тереңдетілген рельеф) бейнелеу немесе бетіне саздың ұсақ кесектерін салу арқылы фактураны өңдеуді жие қолданады. Балалардың бұл талпынысы олардың бейнелеу қызметінің образды екенін көрсетеді, зат қандай болса, сондай етіп орындауға ниет білдіреді. Жасалатын образды ұсақ тетіктермен толықтыра отырып, балалар көлемді бейнелеумен жие әуестенеді. Мәселен, олар көзді екі кішкентай шарик түрінде,құлақ,ауыз ,балық қабыршағын жалпиған күйінде жабыстырады. Бұл жастағы балалардың пішінді мұқият өңдеуге талпынбайтындығына байланысты, сабақ кезінде олардың басқа немесе біртекті заттардың (мәселен, мысықты жасай отырып, бала бір мезгілде табақты немесе сүт құятын ыдысты жасай алады) пішінін жасауға уақтылы қалады.Ересек балалар тобындағылар сазбен жұмыс істеу ұқыптылықты қажет ететінін: сазды стол үстіне шашып тастауға, еденге түсіруге болмайтынын жақсы біледі.Кіші топ пен ортанғы топтағы балалар пішіндеуде тақтада жасаса, бұрынғыдан күрделірек бейнелер талап етілетін ересек балалар тобында стол үстінне қойылатын айналмалы станоктарды енгізуге болады, олар мұны жақсы орынды пайдалана алады.Станокта жұмыс жасау мүсінді қолмен айналдырмай-ақ оның барлық жағынан өңдеуге мүмкіндік береді. Оның үстіне мұның өзі балаларға қызғылықты болады, олар станокпен қуана жұмыс істейді. Сонымен, біз ортанғы топтағы балаларға қарағанда, ересек топ балаларының творчестволық мүмкіндіктері кең екенін көреміз.

Қортындылай келіп, түрлі жастағы топтарда пішінін жасау жөніндегі сабақтарда балалар творчествосын дамыту үшін оқып үйретудің сан алуан әдістері және ең алдымен балалар дербестігін, белсенділігін , инициативасын көтермелейтін, бала қиялы мен түсінігін дамытатын әдістер қолданылады деп айтуға болады.

3.Тұрмыстағы күнделікті дене тәрбиесі жаттығулары, мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі

Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті-балаларға дене тәрбиесі жаттығуларын жүйелі түрде үйретудің негізгі формасы. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің арнаулы міндеті барлық жастағы топтардың балаларын дұрыс қимыл-қозғалысқа үйрету мен дене қасиетін тәрбиелеу болып табылады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің маңыздылығы өзара байланысты сауықтыру, білім беру, тәрбиелеу міндеттерін жүйелі түрде жүзеге асыруда болып табылады, олардың орындалуы баланың дене күшінің дамуын, денсаулығының нығаюын, олардың дұрыс қимыл-қозғалыс дағдыларын игеруін, физкультура мен спортқа эмоционалды жағымды қатынасын қалыптастыруды, оның жеке басын жан-жақты қамтамассыз етеді.

Күн тәртібінде шынықтыру, сауықтыру шараларының элементтерін қолдану баланың отбасындағы және балабақшадағы күн тәртібінің міндетерінің бөлігі. Оны тәрбиешінің басшылығымен жүйелі түрде жүргізу балалардың бойында жағымды эмоциялар туғызатын дене жаттығуларын жасауға үйреншікті әдетті қолданады. Ертеңгілік гимнастиканың маңызы сан алуан. Ол организмнің тіршілік әрекетін арттырады. Ұйқыдан кейін жүйке жүйесін сергітеді, ұйқыдан ширақтыққа ауысу уақытын қысқартады. Дене жаттығуларын орындау ми қыртысының қозуын, сондай-ақ орта жүйке жүйесінің реакциясын күшейтеді. Күн тәртібін қатаң сақтау ұйымшылдыққа үйретеді.

Билет №19

1.Қарым – қатынас процесі кезіндегі тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту жолдары.

Грамматикалық мағыналар – бұл болмыс құбылыстары арасындағы сөз арқылы білдірілетін қарым-қатынастар мағынасы, яғни бұл логикалық (ойлағыштық) қатардың тілдік мағыналары. Грамматикалық мағыналар сөз тудырушы морфем саларға және синтаксиске грамматикалық мағыналарға бөлінеді. Тілді түсіну үшін оны құрайтын сөздердің лексикалық мағыналарын білу аз, сонымен бірге осы сөздердің арасындағы грамматикалық қатынастарды түсіну керек. Мысалы, бала лексикалық мағынаны, яғни алма ағашы, отырғызу сөздерінің тілден тысқары болмыспен арақатынасын білуі мүмкін, алайда «Алма ағашы отырғызылды» немесе «Алма ағашын отырғызады» деген сөйлемдердің құрамында жұмсалып тұрған грамматикалық мағыналарды білмейді (предикатты, яғни баяндауыштық қатынастарды білдіретін зат есімнің атау септігі мен ырықсыз етістің немесе толықтауыштық, заттық қатынастарды білдіретін зат есімнің табыс септігі мен етістіктің 3-жағының келер шақ формаларының мағынасы түсінбейді). Егер балаға грамматикалық тұлғаның мағынасы түсініксіз болса, ол сөйлемдегі айтылған ойды да түсінбейді.

Ана тілінің грамматикалық мағыналарынан үйретудің қиындығы мынада: бұл мағыналарды оқытушының өзі (ана, тәрбиеші, кейде тіпті мектептегі мұғалім) жете түсінбейді және оларды ана тілін табиғи қабылдау процесінде меңгеріп, интуициялық жолмен қолданады. Грамматикалық мағыналарды меңгерудің өзі (интуициялық, жеткіліксіз дәрежеде) адамды ойлана білетін етеді.

Мұнда оқытушының (ананың, тәрбиешінің, мұғалімнің) ең маңызды қамқорлығы балалар ана тілінің грамматикалық тұлғаларының бәрін де (бәрін!) мүмкіндігінше ертерек естіп және олардың саналарына біртіндеп ене беруін қамтамасыз етуге бағытталуы керек деген қорытынды шығады. Ана тілдің грамматикалық мағыналарын түсіну жас жеткіншекке ақыл кіру және оның дамуы процесі болып табылады. Бұл процесс санадан тыс жүретінін қайталап айтамыз. Алайда, егер бұл процесс нашар оқытылу бәсеңдетілетін болса, баланың ақыл-ойының өсуі шектеліп қалады. Мектепке дейін ана тілінің грамматикалық құрылысын үйренбеген бала нашар оқиды, өйткені ол мектепте оқылатын болмыс құбылыстарының арасындағы байланыстар мен қатынастарды түсінуге қабілеті жетпейді.

Наши рекомендации