Акмеология – тұлғаның әлеуметтік жетістік деңгейін зерттейтін ғылым
Акмеология адам туралы ғылым. Акмеология – нысанасы (педагогикалық, инженерлік, медициналық, спорттық) толыққан адамдардың кәсіби іс - әрекеті. «Акмеология» ұғымын («акме» ежелгі грек тілінен аударғанда жоғарғы нүкте, толығу, тамаша кезең»). 1928 жылы профессор Н. А. Рыбников ғылыми терминология ретінде енгізді, ол бұл ғылымды жас ерекшелік толығу психологиясы деп айқындады. Кейінірек Б. Г. Ананьев (Ленинград психологиялық мектебінің негізін салушы) бұл ұғымды осы мағынада қолданады және акмеологиялық теориялық экспериментті негіздерін айқындайды. Зерттеудің пәні ересектердің ақыл – ой қызметінің жас ерекшелігіне сай өзгергіштігін зерттеу (18 – ден 40 жасқа дейін), яғни ойлау, есте сақтау, зейінді зерттеу болып табылады. «Адамның даралық дамуының сенсорлық – перцептивтік сипаттамалары» деген мақаласында (Вопросы психологии. 1968 №1), әр түрлі көптеген модальдықтағы абсолютті және айырмашылық сезімталдықтың бозбалалық және ерте ересектік кезеңге сай келеді деп анықталды. Б. Г. Ананьев адам туралы ғылымдар арасында адамның өмірінің жас ерекшелігі мен фазасын зерттейтін ғылымдарды былай орналастырды:
- адам эмбриологиясы;
- баланың морфологиясы мен физиологиясы;
- педиатрия;
- педагогика;
- акмеология;
- геронтопсихология.
Акмеология пәні кәсіби шеберлік шыңына маманның шығармашылық ұзақтығына әсер ету үшін ықпал ететін, кері әсер ететін объективтік және субъективтік факторлар сонымен қатар болашақ мамандардың кәсіби шеберлігіне оқытудың заңдылықтарын, олардың әрекетінің түзелуін жетілдіру болып табылады.Объективті факторларға тәрбие мен білім берудің сапасына мән беру жатады. Субъективтік факторларға адам таланты мен қабілеті, жауапкершілік, құзырлығының өндірістік міндеттерді нәтижелі шешу іскерлігі жатады. Акмеология білім берудің негізгі қарама – қайшылықтарының алдын алу мен шешудің заңдылықтарын зерттеумен де айналысады, яғни бірінші жағынан ғылыми – теориялық және ғылыми – практикалық информация көлемі мен екінші жағынан шығармашылық міндеттерді нәтижелі шешуді қамтамасыз ететін жаңа информацияны игеруге немесе жасауға бағытталған.Кәсіби шеберліктің шыңына жетудегі маңызды факторлар: нышан, дарындылық, қабілет, талант, отбасылық тәрбиенің алғышарттары, бастауыш, орта, жоғарғы кластарды тәрбиелеу мен дамыту (кәсіби шеберліктің негізін қалыптастырудың бастауға дейінгі кезеңі) кәсіби білім беру орнындағы тәрбие білім беру, оқыту (кәсіби шеберліктің бастау алды кезеңі). Акмеологияның нысанасы мен пәнінің күрделілігіне сай мамандар тобын біріктіруді талап ететін арнаулы технологияларды қолдану болып табылады.Зерттеу технологиясының элементі модельдеу, рейтинг, ауторейтинг, проективті рейтинг, өзара әрекетті талдау әдісі, тестілер операция теориясы жүйелілік қатынас.Акмеологияның іргелі зерттеулері әр түрлі деңгейдегі мамандарды (жақсы немесе нашар мұғалім, дәрігер, инженер, техник, жұмысшы, декан, оқушы, зерттеуші т. б. ) салыстыру.Акмеологияның даму тарихы
Акмеология адам туралы ғылым. Акмеология – нысанасы (педагогикалық, инженерлік, медициналық, спорттық) толыққан адамдардың кәсіби іс - әрекеті. «Акмеология» ұғымын («акме» ежелгі грек тілінен аударғанда жоғарғы нүкте, толығу, тамаша кезең»). 1928 жылы профессор Н.А.Рыбников ғылыми терминология ретінде енгізді, ол бұл ғылымды жас ерекшелік толығу психологиясы деп айқындады.Кейінірек Б.Г.Ананьев (Ленинград психологиялық мектебінің негізін салушы) бұл ұғымды осы мағынада қолданады және акмеологиялық теориялық экспериментті негіздерін айқындайды. Зерттеудің пәні ересектердің ақыл – ой қызметінің жас ерекшелігіне сай өзгергіштігін зерттеу (18 – ден 40 жасқа дейін), яғни ойлау, есте сақтау, зейінді зерттеу болып табылады. «Адамның даралық дамуының сенсорлық – перцептивтік сипаттамалары» деген мақаласында (Вопросы психологии. 1968 №1), әр түрлі көптеген модальдықтағы абсолютті және айырмашылық сезімталдықтың бозбалалық және ерте ересектік кезеңге сай келеді деп анықталды.Б.Г.Ананьев адам туралы ғылымдар арасында адамның өмірінің жас ерекшелігі мен фазасын зерттейтін ғылымдарды былай орналастырды:
- адам эмбриологиясы;
- баланың морфологиясы мен физиологиясы;
- педиатрия;
- педагогика;
- акмеология;
- геронтопсихология.
Акмеология ұғымын ғылыми айналысқа 1928 ж. РыбниковН.А. енгізді.Акмеология тарихының даму кезеңдері мынадай: 1926 – 1928 жылыакмеологиялық тәсілдерді дамыту Н.А.Рыбников, Б.Г. Ананеев, Н.В.Кузьмина еңбектеріндеқамтылды: кемелденудің жас ерекшелігі ретінде зерттеуден тұлғаның кәсіби шеберлігінің қалыптасуы, шығармашылық қарымын тану мен оның дамуындағы жеке, кәсіби әрі әлеуметтік жетістіктерге жету жолдарынзерттеуге дейін.1989 ж. Бүкілодақтық Акмеологиялық ассоциация құрылды. 1991 ж. Ғылым мен техника бойынша Мемлекеттік комитет акмеологияны адам туралы ғылым жүйесіндегі білімнің жаңа саласы ретінде, адам дамуының кемелдену сатысындағы және оның осы дамуда ең жоғарғы деңгейге жетуіндегі заңдылықтар,тетіктер мен тәсілдерді зерттейтін ғылым ретінде бекітті.