Азіргі мектептің тәрбие үдерісіндегі педагогикалық қолдау

Жоспары:

1. Тәрбиенің қозғаушы күштері.

2. Қазіргі мектептің тәрбие үдерісіндегі педагогикалық қолдау

1. Тәрбиенің қозғаушы күштері.Тәрбие процесінің диалектикалығы. Қарама-қарсылықтардың күресі және бірлігі жалпыфилософиялық заңының адам дамуының, тәрбие процесінің, мазмұнының қозғаушы күші ретінде қарама-қайшылыықты анықтауы. Ішкі және сыртқы, жалпы және жеке қарама-қайшылықтар. Сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге айналуы, терістеуді терістеу заңдарының тәрбиедегі көріністері. Тәрбиенің мақсаттылығы, жүйелілігі, вариативтілігі.

Тәрбиенің заңдылықтарына:

1. Баланың үнемі жетілуі, дамуы жағдайында болуы, бұл – табиғи заңдылық;

2. Баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы отра мен табиғи қарым-қатынасынан тыс тәрбиенің болмау жағдайы;

3. Тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы;

4. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы;

5. Тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі;

6. Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш-қуатымен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігіне, сондықтан да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс.

Кезінде К.Д.Ушинский тек педагогикалық ережелерді жаттап алу тәрбие процесінде оң нәтиже бермейтіндігін, керісінше тәрбиенің ғылыми заңдылықтарын жете танып білудің қажеттілігіне баса назар аударуға кеңес берген. Сондықтан да тәрбие заңдылықтарын жетік білмейінше тәрбиені жетілдіру, дамыту мүмкін емес.

Педагогика ғылымында тәрбиенің заңдылықтарын ашып көрсетуді негізгі міндет ретінде қарастырмайды, керісінше оның заңдылықтары негізінде қандай принциптерді қарастыру қажеттілігіне көптеп көңіл бөледі. Сол себептен де кейбір жағдайларда тәрбие принциптері оның заңдылықтары ретінде қарастырылады.

Принцип деген ұғым латын тілінде «бастапқы», «негізгі» деген түсінікті білдіріп, белгілі бір әрекет барысында басшылық ету идеясын көздейді. Олай болса, тәрбие принциптері деп – тәрбие процесінде оның мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері мен формаларын жүзеге асыруда тәрбиешілердің қолданатын басты тәрбие идеяларының жиынтығын айтамыз. Болмаса, бұны кейбір педагогикалық әдебиеттерде «негізгі талаптар» немесе «ережелер жүйесі» деп те түсіндіреді.

Тәрбие принциптері тәрбие міндеттеріне сай анықталады. Педагогика тарихының дамуында тәрбие принциптерінің төмендегідей жүйесі қалыптасқан:

1. Тәрбиенің мақсаттылығы.

2. Тәрбиенің өмірімен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы.

3. Еңбек арқылы тәрбиелеу.

4. Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі.

5. Балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу.

6. Тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігін қамтамасыз ету.

7. Жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу.

8. Тәрбие процесіндегі мектеп, отбасы, жұртшылық әрекетінің бірлігі болуы.

Тәрбие принциптерінің ішіндегі ең негізгісі, оның мақсаттылығы. Өйткені, тәрбие процесіндегі тәрбиелік ықпалдар мен әрекеттер белгілі бір мақсатқа бағытталады. Мақсат – тәрбиелік шаралардың кездейсоқтық сипатқа тап болмауын қамтамасыз етеді. Мақсатқа сай тәрбие міндеттері анықталып, оны атқаруда жұмыстардың түрлері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері белгіленеді. Сондықтан да бұл принцип тәрбие жүйесінде жетекші принцип ретінде саналады.

Тәрбиенің келесі принциптерінің мәні жас ұрпаққа тәрбие беруді қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси өмірімен ұштастыра жүргізуді талап етеді. Ол, мектептегі теориялық білімдерді оқушыларға меңгертуде, оларды өмірмен байланыстыру, қоғамдағы болып жатқан өзгерістермен хабардар етіп, оған нақтылы көзқарастарын, сенімін орнықтыру, қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстыру т.б.тәрбие мақсатының түпкі мүддесін көздейтін әрекеттерге араластыру.

Жас ұрпақты қоғамдық өмірге ерте көзден араластыру өз еліне, туған өлкесіне деген сүйіспеншілікке баулу, ел азаматтарына, еңбек ардагерлеріне деген құрметтеушілік, ізгілік ниеттерінің орнығуына, қысқасы, «өмір мектебінің» баспалдағынан біртіндеп қуат алып, оның қыр-сырымен танысуға мүмкіндік туғызады.

Еңбек арқылы тәрбиелеудің принципінің мақсаты баланы еңбек ете білуге, оны қадірлеп-қастерлеуге, оған деген жағымды көзқараспен қарым-қатынас қасиеттерін орнықтыруды, сонымен қатар қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білу қабілеттерін сіңіру қажеттілктерінен туындайды. Адамды табиғат жаратқанымен, оны нағыз адам етіп қалыптастырған – еңбек процесі. Адам баласының қоғамдағы өмірі тек еңбекпен байланысты, себебі ол оны саналы өмір сүре білуге дағдыландырады. Тек еңбек процесінде адам баласы өз тіршілігін қамтамасыз етіп, қоғамға пайда келтіреді. Сондықтан да бұл принцип тәрбие прцесінің өн байында өзекті мәселе болып қала береді.

Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі. Бұл принциптің көздейтін мақсаты:

- оқушыларға қоғамдық мінез-құлық нормалары мен ережелерін саналы түрде меңгертуді;

- оқушыға қатысты өзіне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындауды;

- мектепте оқушыларға арналған ережені қатаң сақтауды;

- мектеп пен отбасы және мектептен тыс мекемелердің тәрбие жұмысының барлық буындарының талап бірлігін үйлестіруді;

- оқушының мінез – құлқындағы жақсы қасиеттеріне сүйенуді;

- жеке басына сеніммен қарап, белсенділіг арттыруды;

- сүйіспеншілік көксетуді т.б.

Құрметтеу мен талап қоюшылықты бірыңғай атқару тәрбиенің ізгілік бағыты мен ынтымақтастық педагогикасының негізін қалайды. Өйткені, адамгершілік пен ынтымақтастық бала өмірінде үлкен маңызға ие болады.

Тәрбие жұмысының табысты болуы, көбінесе әрбір жеке тұлғаның жас шамасына сәйкес өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуге байланысты. Әрбір жеке бала, ол өзінше бір өмір. Оның түсінігі, сенімі, көз-қарасы, ақыл ойының деңгейі бірдей емес, соған орай мінез – құлық ерекшеліктері мен адамгершілік қасиеттерінің сапасы да әр-түрлі. Сондықтан да тәрбие процесінде балалардың дара ерекшеліктерін ескерудің маңызы зор. Тәрбиенің мазмұны мен амал тәсілдері де осы принципке тәуелді.

Тәрбие жұмысын нәтижелі жүргізудің тағы бір шарты, тәрбие мазсұны мен тәрбиелік әрекеттерді баланың жас шамасына сай біртіндеп жүйелі жүргізуді талап етеді. Тәрбие процесінде тәрбиешілер тарапынан болатын ықпалдағы жүйесіздік, тәрбие мақсатына жетуге кепілдік бермейді, керісінше онда әртүрлі кездейсоқтыққа тап болуға итермелейді.

Баланың түсінігіне, сана-сезіміне орай тәрбие жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу, тәрбие салаларының тұтастығы қамтамасыз етуді қажет етеді. Өйткені тәрбие міндеттерін шешуде атқарылатын шаралардың бір-бірімен сабақтастығы болуы тиіс. Өткендегі тәрбиелік шаралардың мазмұны бүгінгі мен болашақта жоспарланған жұмыстармен үнемі сабақтас болуы, осы принциптің бірден – бір міндеті.

Жеке тұлғаның ұжымда тек ұжым арқылы тәрбиелеу прниципі кеңестік дәуірде коммунистік тәрбие беру жүйесінің негізгі талаптарының бірі болып келеді. Бұл социалистік қоғамның талабына айналды. Осы қоғамда өмір сүріп отырған «барлық адамдар біреуі үшін, біреуі барлығы үшін» деген ұранмен еңбек етуге тиіс.

Бүгінгі таңда, қоғамда қайта құру кезеңінде яғни нарық заманында бұл қағиданың маңызы онша әсерлі болмай тұр. Өйткені, нарық заңы ұжым болып еңбек етіп, өмір сүру қағидасын қуаттамайды. Оның негізгі талабы әртүрлі формадағы еңбек процесі, соған орай еңбек бөлінісі де әртүрлі болып келеді. Сондықтан да ұжым және адам мәселесі қазіргі заманның ең өзекті әлеуметтік мәселелердің біріне айналып отыр.

Кеңес педагогикасы болса оқушылар ұжымын ұйымдастыруды және тәрбиелеуді тұлғаны жан-жақты дамытутеориясы мен практикасының негізгі жетекші мәселелері ретінде қарастырылады.

Дегенмен де мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары ұжымдық әрекетке негізделе бермек. Сол себептен де оқушының жеке басын ұжымды және ұжым арқылы тәрбиелеудің мәнісі – оқушылардың оқу, тәрбие және пайдалы еңбектегі бірлескен іс әрекетінде олардың жауапкершілігі, белсенділігі артып, тұлғаның жан-жақты дамуына мүмкіншіліктер пайда болады, достығы жарасып, ізгілік қарым-қатынас орнайды, өзімшілдік жойылып, өз мүддесін ұжым мүддесімен ұштастыру, моральдық нормаға айнала бермек.

Тәрбие процесінде мектеп пен жұртшылық әрекетінің бірлігін қамтамасыз ету, олардың жасөспірімдерге тәрбиелік ықпалын үйлестіру қажеттілігн туындатады. Балаға дегенде қоғамның талаптарын жүзеге асыруда олардың әрекетінде ауызбіршілік, жүйелілік болмаған жағдайда тәрбиелілік шаралардың нәтижесі төмендеп кетеді. Баланың дүниетанымы отбасынан бастау алып, мектеп және ұстаздар тәрбиесімен жалғасып отырады. Сондықтан да балаға талап қойғанда бірліктің болмауы, тәрбиелік ықпалдың тұрақсыздығын туғызып, баланың мінез-құлқы мен адамгершілік бейнесіне жағымсыз көлеңке түсіреді.

Жоғарыда баяндалған тәрбие принциптерін тәрбие процесінде басшылыққа алу, олардың бір-бірімен өзара байланысын қамтамасыз етуді тәрбиешілерге айрықша міндеттеледі. Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал. «Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне - өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі» (М. Жұмабаев).

Олай болса тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана сезімі мен ақыл ойына жүйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымының дамуына, ерік жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына оң ықпал етеді.

Сонымен қатар тәрбие – адамдарды қоғамда еңбекке және басқа да пайдалы әрекеттерді орындауға, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқаруға дайындаудың табиғи заңдылық процесі.

Н.К.Крупская «Тәрбие» атты мақаласында «Тар мағынада алып қарағанда , «тәрбие» деген сөз арқылы балалар мен жеткіншектердің мінез құлқына әдетте, ересек адамдардың алдын ала ойластырылған және жүйелі түрде жасайтын белгілі бір ықпалы», ал кең мағынасында «қоғамдық мекемелер, айналаны қоршаған бүкіл жағдай, бүкіл қоғамдық құрылыс тәрбиелейді» - деп түсіндіреді.

Осы жағдайға байланысты К.Д.Ушинский «мектеп тәрбиеші және ұстаздар – адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және әлдеқайда күшті әдейі тәрбиешілері: табиғат, отбасы, қоғам, халық және оның тілі болады», - деген осы мәселеге қатысты тұжырымдамасы тәрбие жайындағы ұғымның мәні зор екенін дәлелдейді.

Олай болса, тәрбие көптің ісі. Тәрбие мәселесімен қоғамдық ұйымдар, мекемелер және жұртшылық болып айналысқан жағдайда ғана ол нәтижелі болмақ. Соған сай тәрбие туралы ұғымға тар мағынада емес, кең мағынасында, бір жақты емес, кең көлемде, яғни табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата – аналардың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсатты түрде ықпалы , өзара әрекетінің нәтижесі ретінде қараған жөн. Сондықтан да тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден жеке адам үшін – оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Олай болса тәрбие процессі деп – қоғамның талап-тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана – сезімін, ерік –жігерін, мінез-құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз.

Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне орай өзіндік ерекшеліктері бар.

Тәрбие – қоғамдық құбылыс. Себебі қоғамның материалдық жағдайының өсуі, идеологиясының өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат-міндеттері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері де толығып, жаңа жағдайға байланысты жақсарып отырады. әрине адам жеке тұлға болғанымен, қоғамнан тыс өмір сүрмейді. Ал қоғам дегеніміз – адамдардың тіршілік ету, өмір сүру үшін топтасқан ортасы.

Тәрбие мақсатты – процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиешілердің өз қалауымен анықтауға болмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл- ауқаты және оның саясатымен ірқашанда тығыз байланысты болады.

Тәрбие – біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде т әрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиетін қалыптастыру жеке – дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс.

Тәрбие – ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады.

Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды. өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез- құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дұниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.

Тәрбие – көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. Дегенмен де ата-аналар мен жұртшылыққа әрекетін қадағалап, бағыт – бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол – ұстаздар тобы. Оның орталығы – мектеп. Тәрбие мақсаты — педагогика ғылымының өзекті категориясы. Оны нақтылау, жобалау, дайындау — педагогикалық тұжырымдар жасаудың арқауы.

Негізгі әдебиеттер:2,3,5,6,18.

Қосымша әдебиеттер:1,3,5,6,9,

Дәріс

Наши рекомендации