Гаплология құбылысының морфонологиялық сипаты
Морфонологияның зерттеу нысаны, бірліктері.Морфонология немесе фономорфология – фонетика мен морфология жігінде пайда болған тіл білімінің саласы. Морфонология термині морфофонология сөзінен кірігу (гаплология) әдісімен ықшамдалып жасалған. Морфонология сөз тұлғаларының (морфемалардың) фонологиялық құрылысын зерттейді. Морфонологиялық құбылысқа сөз ішінде өзара қатынасып тіркесу барысында пайда болатын түрлі өзгерістер жатады. Артикуляциялық өзгерістер фонетика еншісінде болады дегенмен фонетика мен морфонологияның төл нысандарын ажырата білу керек. Артикуляцияға байланысты өзгерістерді бағалағанда олардың шектеулі ме жоқ жарыса қолданылу мүмкіндігі бар ма деп салыстырып қараған жөн. Артикуляция жағынан шектеулі және шектеусіз құбылыстарды ғылымда позициялық және позициялық емес өзгерістер деп атайды. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы өзінің тіл нысаны ретінде позициялық өзгерістерді бөліп қарастыру жұмысын игеріп жатса морфонологияның да нысаны айқындала түспек. Осы сияқты морфология саласында да аралас жүрген морфонологиялық құбылыстар да баршылық. Морфонологияның нысандарын айқындау үшін оның нысандарын фонетика мен морфологиядан бөліп алып, ажырату айғақтарын ( критерийлерін) табу керек.
Морфонологиялық құбылыстардың фонетикалық нысандардан өзгешелігі мыналар: 1. Дыбыс алмасудың 2 түрі бар. 1- көрші дыбыстардың әсерінен болатын комбинаторлық өзгерістер. Бұл өзгерістер фонетикалық заңдылықпен түсіндірілгендіктен бұндағы алмасуларды фонетика ғылымы қарастырады. Ал, морфонологиялық дыбыс алмасулар көрші дыбыстардың әсерінсіз жүзеге асатын комбинаторлық емес алмасуларға жатады. Бұл өзгерістер қазақ (түркі) тіл білімінде дыбыстар сәйкестігі деп аталады. Фонетикалық дыбыс алмасуларда белгілі бір позицияларда бір ғана өзгеріс іске асса, морфонологиялық дыбыс алмасуда бір позицияда түрлі өзгерістер пайда болуы мүмкін. Мысалы, бір тұлғаға (морфемаға) жататын –шік пен –тік және –шек пен –тек жұрнақтары бір ғана сөзге жарыса жалғанып сөз вариантын жасайды. Бүршік –бүртік, бөлшек – бөстек.
Позициялық дыбыс алмасуда ешқашан ауытқулар болмайды. Мысалы, « с» дыбысы мен «ш» дыбыстары қатар келсе әрқашан ш түрінде дыбысталады. Ал морфонологиялық дыбыс алмасуларда әрқашан ауытқу болады. Мәселен, қазақ тілі фонетикасында үнді дыбысқа аяқталған сәтте жалғанатын қосымша дауыссыз дыб-тан баст. Болса, ол әрқашан үнді не ұяңнан басталады деп түсіндіріледі.
Морфонологияның негізгі бірліктері- морфонема және тұлғасын (субморф) Морфонема ең кіші бірлігі ( сыпырғы /ш, қызық/ты) Тұлғасын ең үлкен бірлігі. Ол 2-ге бөлінеді: еркін және дәнекер тұлғасын. Тұлғасын- сөз құрамының ұлғайуы мен ықшамдалуына негіз болатын бірлік. Дәнекер тұлғасын – түбір морфема мен қосымша морфонеманың арасында тұрады. Еркін – сөз ортасында да сөз соңында да тұра береді. Қыстырма ( сөз ортасында: Сыпыр/т/қы), селбеспелі (сөз соңында саза/й/, майса/ң/ ) болып бөлінеді
Қазақ тіліндегі морфонология саласының зерттелуі.Морфонология тіл білімінің толық зерттеліп болмаған жас салаларының бірі. Оның тарихы көне дәуірдегі үнді грамматикалық еңбектерінен бастау алады, бірақ жиырмасыншы ғ. ескерусіз қалған. ілімінің негізін салушы ғалымдар - Н.С. Трубецкой, Бодуэн де Крутэне, В.Б. Кастерич. Қазақ тіл білімінен Айтбай Айғабылов, Ж. Аралбаев, А. Қалыбаева, Б. Қалиев т.б.
Морфонологиялық дыбыс алмасу құбылыстары.Дыбыс алмасуы дегеніміз- /альтернация/дыбысстардың парадигмалық қатынасқа түсіп, бірінің орнына екіншісінің қолданылуы. Дыбыстардың алмасуын фонетикалық және грамматикалық дыбыс алмасу деп екіге бөлуге болады. Фонетикалық дыбыс алмасуларда альтернант немесе алмасатын дыбыстар алдында не артында тұрған дыбыстың әсерінен ( ілгерінді және кейінгі ықпал жолымен) пайда болады. Сондықтан фонетикалық дыбыс алмасулар фонетикалық жағдаймен түсіндіріледі. Мысалы, басшы, он бір деген сөздердің башшы, омбір болып айтылуы сш, нб дыбыстарының тіркесе алмауына байланысты түсіндірілуі керек.
Қазақ тіліндегі дыбыстардың алмасуын екі топқа бөліп А.Айғабылұлы позициялық дыбыс алмасулардың көпшілігі фонетикалық заңдылықтарына сәйкес өзгеретіндіктен оларды фонетикалық дыбыс алмасуларға жатқызып, ал позициялық емес дыбыс алмасуларды морфологияның объектісіне жатқызады.
Дыбыс алмасулары: