Отбасы – тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың әлеуметтік мәдени ортасы.

1. Отбасы сипаттамасы, отбасының негізгі функциялары

2. Отбасы типтері, отбасының әлеуметтік сипатының белгілері

1. Отбасы сипаттамасы, отбасының негізгі функциялары

Отбасы – белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық (жүріс-тұрыс), құқық және міндеттер үлгілерімен, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады. Сонымен қатар отбасы – некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ. Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы жанұяның ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.

Балалардың отбасындағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы менг дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды. Отбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағыты бойынша отбасының тарихы зерттеледі, оның шығуының әлеуметтік заңдылықтары талданады. Екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі қазіргі отбасының қалпын және әлеуметтік топ ретіндегі жағдайын зерттейді.

Әлеуметтік институт тұрғысынан қарастырғанда неке-отбасы қатынастары саласындағы қоғамдық сананың қалыптасуына, әр түрлі жағдайдағы халықтың қайсыбір топтарының отбасылық тәртібіне жалпылама сипаттама беруге, отбасының негізгі міндеттерін жүзеге асыру тиімділігіне және т.б. баса назар аударылады. Отбасын шағын әлеуметтік топ ретінде зерттегенде қазіргі отбасының даму кезеңдерінің, құрылымдарының және атқаратын қызметтерінің қалыптасу жағдайлары, әке-шеше мен олардың ұрпағының арасындағы өзара қарым-қатынас, отбасындағы міндеттерді әркімге бөлу, ажырасудың себептері мен мотивтері және т.б. осындай мәселелер қарастырылады.

Отбасы қоғамдық басқа институттар сияқты белгілі бір функциялар атқарады. Отбасының функциясы (қызметі) дегеніміз отбасы мен оның мүшелерінің белсенділігі, тіршілік әрекеті. Қоғамның отбасына қатысты, отбасының тұлғаға қатысты және тұлғаның отбасына қатысты қызметтері қарастырылады. Осыған байланысты отбасының қызметін әлеуметтік (қоғамға қатысты) және жеке (тұлғаға қатысты) деп бөлуге болады. Отбасы қызметі отбасы институтындағы қоғам қажеттіліктерімен және қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен тығыз байланысты. Сондықтан уақыт өте келе қызмет сипаты қалай өзгерсе, иерархия да солай өзгереді. Отбасы тәрбиесі адам өміріне қажетті негізгі төмендегідей қызметтерді атқарады:

1. Репродуктивті қызметі – баланың туылуы. Латын тілінен аударғанда «қайтадан жаңарту, көбейту» деген мағынаны білдіреді. Отбасына байланысты қарастырсақ, бұл адамзаттың ұрпағын көбейту, оларды бағып-қағып жетілдіру деген сөз.

2. Тәрбиелілік қызметі – отбасының әрбір мүшесінің жеке тұлға болып қалыптасуына тәрбиелік жағдай жасауы. Балапны отбасында тәрбиелеу – әлеуметтік-педагогикалық ең мағыналы құрамдас бөлігі. Ата-ана баланың іс-әрекетін болашаққа бағыттап, келешегін ойлап, оқытып, денсаулығын қадағалап өсіреді. Кейде баласына дұрыс тәрбие бере алмайтын ата-аналар да кездеседі. Мұндай жағдайда әлеуметтік педагогтың көмегі өте маңызды.

3. Тұрмыстық-экономикалық қызметі – жалпы тұрмысты, бюджетті басқару. Ерте заманнан-ақ отбасы адамның тұрмыс-тіршілік мекені болып келеді. Егіншілік, мал-шаруашылығы, аңшылық, қол өнерімен шұғылдану – отбасының басты тірегі. Сондай-ақ қазіргі жағдайда әрбір жас отбасы өз бетінше күн көріп, ешкімге бағынышты болмауға ұмтылады. Әрине, бұл отбасының тұрмыстық-экономикалық қызметін белгілейді.

4. Рекреативті қызметі – іс-әрекет ұйымдастыру. Өмірдегі құбылыстар тез өзгерістерге ұшырап, соның салдарынан әр түрлі әлеуметтік және психологиялық тұрғыда ықпал ету арта түскен бүгінгі таңда стрестік жағдайлар саны біршама көбейіп, отбасы бұдан кейінгі ерекше терапиялық рөл атқару міндеттерін өз мойнына алды. Өйткені әрбір отбасы жан тыныштығын, өзара сенімнің қалыптасуын, қауіпсіздік сезімі мен психологиялық тұрғыдағы оңды ортаны қалайды, әрі соны орнықтырады. Аталмыш қызмет өзіне рухани- эстетикалық сәттерді, сонымен қатар, отбасылық демалысты ұйымдастыруды да өз құзырына қосып алған.

5. Әлеуметтендіру қызметі – әр түрлі қоғамдық құбылыстарды біліп, соған бейімделіп өмір сүру, оқып білім алу, кәсіп таңдау, мамандыққа ие болу сияқты әлеуметтенудің басты мақсатын меңгерту. Бала отбасында қоғамдық өміріне қажетті қасиеттерді, қарым-қатынасқа ену тәсілдерін, әр түрлі байланыстар орнату жолдарын іздестіреді. Сондай-ақ, әлеуметтік жүріс-тұрыс ережелерін, қоғамдық қарым-қатынас нормаларын сақтау мен қоғамда өмір сүруіне бейімдеу, ұлттық әдет-ғұрыптарды мәдениетті танып-білу және меңгеру, әлеуметтік тұлға болып қалыптасуына отбасы жағдай жасау керек.

6. Психотерапиялық қызметі. Бұл баланың үйде өзін емін-еркін де қолайлы сезініп, ата-анасының қасында жеке басына зиян келтіретін барлық жат көріністерден қорғалып «отбасы – менің панам» жанымен түйсіну қызметі. Бала үшін отбасы мықты сүйеніш, әр түрлі сыртқы күштердің теріс ықпалынан сақтайтын қорған, ақыл-кеңес беретін, басына түскен қиыншылықтарды бірге көтеріп, одан шығарып алатын жәрдемшісі дегенді білдіреді. Отбасы бала үшін оқудан не жұмыстан соң үйіне келіп дем алып, ата-анасымен, бауырларымен бірге уақыт өткізіп, ертеңгі күнге даярланып, күш-жігер жинайтын жылулық мекені болуы керек.

Отбасы осы келтірілген қызметінің барлығын толық немесе кейбіреулерін ғана орындауы мүмкін. Бұл қызметтер орындалмаған жағдайда баланың отбасынан алған қуаты да, көрген тәрбиесі де жартылай болады. Отбасы ұғымы неке ұғымымен тығыз байланысты. Неке дегеніміз – отбасын қалыптастыру мен оған қоғамдық бақылау жасаудың дәстүрлі тәсілі, ер адамдар мен әйел адамдардың арасындағы бір-біріне және өз балаларына, ата-анасына қатысты құқықтары мен міндеттерін белгілейтін қатынас формасы. Некенің формалары: моногамия – бір еркек пен бір әйелдің арасындағы неке және полигамия – бір индивид пен бірнеше индивидтің арасындағы неке болып бөлінеді. Некелік серік таңдаудың эндогомия (серіктер бір топтың ішінде) және экзогомия (неке белгілі бір топтан тыс) сияқты екі түрі бар. Қоғам некелік байланыстардың нығаюына, отбасының тұрақтылығына мүдделі. Мемлекет отбасына өзінің отбасы және неке туралы заңдарымен ықпал етіп, отбасы мүшелерінің бір-бірімен және олардың қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынастарын реттеп отырады.

2. Отбасы типтері, отбасының әлеуметтік сипатының белгілері Отбасының құрылымдық типтері – ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата- аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан құбылыс. Сондықтан отбасы құрылымын оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастар, рөлдерді бөлісу мен ішкі билікті жүргізу анықтайды. Отбасы адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ежелге формаларының бірі. Ол дін, мемлекет сияқты әлеуметтік институттардан әлдеқайда бұрын пайда болған. Отбасы шағын топ бола тұрып, индивидтердің мүдделерін қоғамдық

мүдделермен байланыстырады. Мұнда жеке мүдделер қоғам тарапынан

қабылданған әлеуметтік құндылықтар, нормалар мен тәртіп үлгілері негізінде

ретке келтіріліп отырады. Отбасы құрамына қарай нуклеаралық, күрделі және үлкен деп бөлінеді. Нуклеаралық отбасы толық та толық емес те болуы мүмкін. Әкесі, шешесі және балаларынан тұратын отбасы толық, ерлі-зайыптылардың біреуінсіз, көбінесе, балалы аналар, кей кездері балалы әкелер болып келетін отбасы толық емеске жатады. Күрделі отбасы бірнеше ұрпақ өкілдерінен құралады.

Отбасылар төмендегідей белгілер бойынша жіктеледі:

- отбасындағы балалардың санына қарай: баласы жоқ отбасылар, бір балалы отбасылар, аз балалы отбасылар, көп балалы отбасылар;

- отбасылық өмір тәжірибесіне қарай: жас жұбайлар отбасы, жастар отбасы, орта жастағылар отбасы, егде кісілер отбасы;

- географиялық нышандар бойынша: ауылдық отбасы және қалалық отбасы;

- отбасындағы басымдылыққа қарай: авторитарлы отбасы және эгаметарлы отбасы.

Отбасыны бұдан басқа белгілеріне қарап бөлуге де болады:

- детоцентристік отбасы, мұнда отбасы мүшелерінің барлық күш-қуаты шаңырақ берекесіне арналады. Балаға деген материалдық және рухани қамқорлықтың арта түсуі – жағымды құбылыс, бірақ бұл шектен шығып кетсе, соңы әлеуметтік және адамгершілік жағынан келеңсіз жағдайларға ұрындыруы мүмкін;

- ерлі-зайыптылық отбасы. Мұндай отбасыларындағы қарым-қатынас жұбайлар арасындағы өзара қарым-қатынасқа қарап анықталады.

Отбасыларды отбасылық өмірдің ерекше жағдайына қарай да бөліп қарастыруға болады:

- дистанттық отбасы, мұнда жұбайлардың бірі жұмыс жағдайына байланысты, көбінесе, отбасынан бөлек болады. Мұндай жағдай теңізшілердің, әскери т.б. адамдардың отбасында кездеседі.

- студенттік отбасы. Әлеуметтік зерттеулер бойынша студенттердің 70 пайызы студенттік шақта некеге тұрғанды мақұлдайды, 27 пайызы бірінші кезекте білім алып, сосын барып отбасын құрғанды қалайды, ал 3 пайзы некеге тұрғандар екен.

Қазіргі заман отбасының көптеген шешімін күтіп тұрған мәселелерінің ішінен әлеуметтік-педагогикалық қызметкерге тиесілі – күйзеліске ұшыраған отбасы мүшелерінің қоғамдық өмірге бейімделуіне көмектесу. Бейімделудің ең басты көсеткіші отбасының әлеуметтік мәртебесі, әсіресе оның материалдық қал- жағдайы, құрылымы, мүшелерінің жеке ерекшеліктері, рухани құндылықтары, көзқарасы болып табылады. Осыған орай әлеуметтік педагог отбасының құрылымына байланысты оның мынадай белгілерін білуі тиіс:

- толық, немесе, толық емес отбасы;

- күн көру үшін уақтылы құрылған жалған отбасы;

- отбасы мүшелерінің жас ерекшеліктері – жастар, ересектер, қарттар;

- қаншасыншы рет құрылған отбасы (мысалы, алғашқы, екінші, т.б.);

- балаларының санына қарай – көп балалы, жалғыз балалы отбасы;

- отбасында ұрпақ жалғасына қарай – бір немесе бірнеше буыннан құрылған, мысалы, жас отбасы мен әке-шешесі, әже, атасы, қайын бикесі, қайын сіңлісі, қайын ағасы т.б. тұра ма? Бұлардан басқа әлеуметтендіру жұмысын ұйымдастыруда отбасының материалдық ахуалы, психологиялық жағдайы, тұрмыс-тіршілік шарты, мүшелерінің атқаратын міндеттері, әр адамның жеке және жас ерекшеліктері де маңызды. Міне, осылардың барлығы отбасының мәртебесін құрайды. Ғалымдардың зерттеулері бойынша отбасының төрт түрлі мәртебесі анықталған. Олар: әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік психологиялық, әлеуметтік мәдени және ситуативтік.

Отбасы үшін әлеуметтік бейімделудің ең маңыздысы – материалдық ахуалы, кірістері, баспанасы, жиһаз бен керек-жарақ бұйымдары, жылжымайтын мүлікке иелігі, отбасы шаруашылығы т.б. Бұлар отбасының әлеуметтік- экономикалық мәртебесін құрайды. Егер отбасында жұбайлардың табысы ең басты қажеттілікке жетпесе, мысалы, азық-түлік, киім-кешек т.б., ол отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі төмен екендігін көрсетеді.

Отбасының кірісл себептен жұмысшыларджы еріксіз демалысқа жібереді, немесе жұмыс уақытын қысқартады. Бұл нақты жұмыссыздық

ретінде ешқандай жерде тіркелмейді. Жоғары айтылып отырған жұмыссыздықтың себептері мен формалары адамдардың әлеуметтік жағдайын төмендетеді. Соның салдарынан отбасындағы ұрыс – керіс, тұрақсыздық жағдайлар пайда болады. Мінез құлықтағы тұрақсыздықтың тағы бір себебі - әлеуметтік патология. Әлеуметтік патологияға: психологиялық аура; алкоголизм; наркомания; тұрғындардың генетикалық фондының әлсіреуі жатады. Алкоголизмге байланысты мәселен Ресейде жылына адам басына шаққанда 1 адам 20 литр арақ ішсе, Қазақстанда соның жартысын құрайды. Ал өмірінде ең құрығанда 1 рет наркотикті қабылдаған адам 11%% – н- 15 % ға дейінгі көрсеткішті

көрсетеді.

Ұзақ жылдар бойы нашақорлық біздің елімізде тек батыстық өмірге жататын құбылыс ретінде есептелді. Қазір нашақорлықтың құбылыс ретінде қалыптасқанын ешкім жоққа шығара алмайды және оның жеке адамдар мен бүтіндей қоғамға қаншалықты зардап әкелетінін түсінеді. Әлеуметтік зерттеулер нәтижелері нашақорлардың көп бөлігі белгілі бір дәрежеде өздеріне төнген қауіпті сезініп, өз құмарлығына сындарлы көзбен қарайтындығын көрсетті. Мәселен сауалнамаға жауап бергендердің 12 пайызы нашаның өлтіретін күшін сезінсе, 66,5 пайызы нашаға қарсы екенін білдірді. Наша қабылдағаннан кейін болатын қозуды, көңіл-күйдің көтерілуін тәжірибесіздіктен және білімсіздіктен бұл зат өз денсакулығына игілікті әсер етті деп қабылдайды. Бірақ белгілі бір кезеңде денсаулығы мен психикасы бұзыла бастағанда, көптеген нашақорлар оны алда не күтіп тұрғанын саналы түрде сезіне бастағанымен, бұл әдеттен бас тартуға шамасы жетпейді. Ғылымда девиантты мінез-құлықты кең мағынада және шағын тар мағынада қарастырады.

Тар мағынада алғанда, девиантты мінез-құлық қылмыстық жазалауға жатпайтын, яғни құқық бұзушылық болып есептелмейтін ауытқулар ретінде түсіндірілсе, кең мағынада алғанда девиантты мінез-құлық құқыққа қарсы формалар ретінде түсіндіріледі. Бұдан, адамның өзін-өзі өлтіруін – девиация деп атайтын болса, ал біреуді өлтіруін қылмыс деп атайды.

Кейінгі кезде Қазақстанда «заңды ұрылар» деген ұғым пайда болды, олар қылмыстық топтар арасындағы қарым-қатынасты реттейді. Наркобизнес, спирт контрабандасы, ұрланған машинаны сату өркендеп, жезөкшелік қалыпты құбылысқа айналды. Қылмыс бұзудың арта түсуіне маскүнемдік әсерін тигізуде. Статистика көрсеткендей, ауыр жағдайдағы бұзақылық, зорлаудың 90 пайызы, басқа қылмыстардың 40 пайызы маскүнемдікке байланысты болып отыр. Кісі өлтіру, ұрлық, қарақшылық шабуыл жасау, ауыр зақым тигізудің 70 пайызын адамдар мас күйінде жасаса, ажырасудың 50 пайызға жуығы маскүнемдікке байланысты.

Мінез-құлықтың ауытқуы девиацияның әр түрлі формалары арасындағы өзара байланыстың заңдылығы сияқты қаралады. Мысалы, суицидті (өмірін қиюға ұмтылу) мінез-құлық пен әлеуметтік ауытқулардың басқа формаларымен, мысалы, маскүнемдікпен байланысты екенінде сөз жоқ. Сот экспертизасы көрсеткендей, 68 пайыз ерлер мен 31 пайыз әйелдер мас болуы салдарынан өз өмірлерін қиған.

Девиацияның барлық формаларының көрінуі экономикалық, демографиялық, мәдени және басқа да көптеген факторларға да байланысты болады. Бүгінде бұл мәселе ТМД елдерінде аса шиеленісіп отыр, өйткені мұнда қоғамдық өмірдің барлық салаларында айтарлықтай өзгерістер болып, бұрынғы мінез-құлық нормалары құнсызданып отыр. Әрекеттің бұрынғы тәсілдері нәтиже бермеуде. Күтілетін нәтиже мен шын нәтиженің арасындағы айырмашылық қоғамда шиеленіс туғызып, адамдардың өз мінез-құлқының моделін өзгертуге дайын болуын, сөйтіп қалыптасқан нормадан шығуына итермелеп отыр. Әлеуметтік, экономикалық жағдай шиеленіскен жағдайда нормалардың өзі де өзгеріске түсуде. Кейде мәдени шектеулер іске аспай, әлеуметтік бақылаудың барлық жүйесі бәсеңсуде. Осылайша құқық бұзушылық – бұл қоғамдық өмір туғызып отырған өмірлік кикілжіңдер, сәтсіздіктер, әлеуметтік драмалар мен трагедиялардың бейнесі.

Қылмыс. Оны бүгінге дейін бір де бір қоғам құрта алмай келеді. Жеке тұлға аймағына жататын деликвентті мінез-құлықтың себептеріне, оны қалыптастырып, қылмысқа итермелейтін сыртқы жағдайлар сияқты, аз көңіл бөлініп отырған жоқ. Сондықтан құқық социологиясы адамның жеке тұлғасына байланысты мәселелерге назар аударады. Мәселені зерттеушілер заңды мойындайтын азаматтардың ішкі әлемімен салыстырғанды заң бұзушының өзіндік ішкі әлемінің болатындығын мойындайды. Заң бұзушының ішкі әлемі қандай?

Күтілетін нәтиже мен шын нәтиженің арасындағы айырмашылық қоғамда шиеленіс туғызып, адамдардың өз мінез-құлқының моделін өзгертуге дайын болуын, сөйтіп қалыптасқан нормадан шығуына итермелеп отыр. Әлеуметтік, экономикалық жағдай шиеленіскен жағдайда нормалардың өзі де өзгеріске түсуде. Кейде мәдени шектеулер іске аспай, әлеуметтік бақылаудың барлық жүйесі бәсеңсуде.

Қылмыс пен сол қылмысты жасаушы заң бұзушының өмірлік мақсаты мен тарихының арасында байланыс бар. Бұл байланыстың мазмұны мынада: кез-келген формадағы қылмыстық іс қылмыскердің басқа адамдарға қатысын білдіреді, ол қылмыскердің ерте кезден араласқан қатынастар жүйесінің нәтижесі болып саналатын өмірлік ұстанымын бейнелейді.

Социологиялық зерттеулер барысында заңды тыңдайтын азаматтардың құқықтық мінез-құлығының себептері мен мақсаттарын, сондай-ақ заңгерлер «құқық бұзушы» деп танитын тұлғалардың құқықтық сана сезімінің деңгейі зерттеліп, ғалымдар «құқық бұзушыны» девиантты (ауытқыған), немесе, делинквентті (қылмыстық) мінез-құлығы бар тұлға деп таниды.

Девиантты мінез-құлықтың мәнін түсінудің басты шарты ретінде «норма» ұғымы енеді. Әлеуметтік норма – нақты қоғамда тарихи қалыптасқан жеке адамның, әлеуметтік топтың немесе ұйымдардың рұқсат етілген мінез-құлық шаралары. Әлеуметтік нормалардың негізі құқықтық заңдарда, мораль мен этикетте және т.б. жатыр.

Көптеген жағдайларда ауытқыған мінез-құлық әлеуметтік санкцияға жатады. Тәртіп бұзуға, адамдар арасындағы қатынасқа (өтірік, дөрекілік т.б.) байланысты девиацияның әлсіз және кездейсоқ формаларын қоғамдық пікір тіркейді және әрекетке қатысушылардың өз арасында жағдайға байланысты түзетулер енгізіледі. Девиацияның тұрақты формаларын жазалау әдістері мен құралдары ауытқулардың қауіптілік деңгейіне байланысты анықтап қарастырады. Мұнда девиация қоғамдық орын мен отбасындағы дөрекіліктен бастап, адам өлтіруге дейінгі кең мағынадағы әлеуметтік құбылыс екендігі ескеріледі. Қазіргі таңда әлеуметтік педагогика ғылым ретінде мінез-құлықтағы ауытқудың бірнеше бағыттарын қарастырады:

1. Қоғам қойып отырған мақсат пен сол мақсатқа жету құралдарының бір-біріне сай болмауы;

2. Жанжал теориясына байланысты мәдени мінез-құлықтағы адамдар бұзақылар ортасында ауытқыған мінез-құлықты адам болып есептелінеді.

3. Логотерапия негізін жасаған австриялық психолог – теоретик Виктор Франклдың өмірден күдер үзген адамдар мәселесін шешу теориясы. Оның теориясы табиғатқа, адамға, адам дамуындағы нормалар мен ауытқулар, оны түзету жолдары мен әдістеріне арналған.

4. Я.И. Глинцкийдің көзқарасы оның ойынша мінез-құлықтағы ауытқу қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы теңсіздікке байланысты (байлар мен кедейлер);

5. Қоғамда адамның өз мүмкіндігі мен қабілетіне қарай өз орнын таба алмауына байланысты ресми емес топтарға қосылуы. Девиацияның тұрақты формаларын жазалау әдістері мен құралдары ауытқулардың қауіптілік деңгейіне байланысты анықтап қарастырады.

Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырма

1. Девиантты мінез-құлықты түзету жолдары - реферат жазу

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.Андреева И.Н. Антология по истории и теории социальной педагогики,

Москва, 2000 г.

2. Басов Н.Ф. История социальной педагогики, Москва, 2007 г.

3. Усманов Ә.Ә., Сәрсенбаева М.Б. Педагогика, Алматы, 2005 ж.

Дәрісбаян

Наши рекомендации