|
| “Футбол” Мазмұны: Жаттығушыларға мақтаның бөлігінен кішкене шар жасаймыз. Мақта бөлігінен жасалынған шар доп болып саналады. Қақпаны-екі кубик немесе қаламнан жасаймыз. Жаттығушы допты қақпаға туралап үрлеуі қажет. Екі кубиктің арасына мақта кірсе, “гол” салынған болып есептеледі. | |
|
| Мазмұны:Бұл ойынға қағаздан жасалған айналмақ немесе құмда ойнауға арналған ойыншықтар жиынының ішіндегі диірменнің басы секілді ойыншық керек. Жаттығушы ойыншықты үрлеп айналдырады, ал мұғалім оның іс-әрекеті барысында. Қатты жел сен күштісің, Бұлт біткенді айдайтын Диірменнің қалпағы Шыр кобелек айналсын – деп тақпақтайды | |
.
|
| “Қар жауды” Мазмұны:Бұл жаттығу барысында мақтадан домалақтап немесе жұлып-жұлып “қар түйіршіктерін” жасаймыз. Баламен бірге үйде “қар” жаудырамыз. Бала “қар түйіршіктерін” дұрыс үрлеу керек. Қар ұшқыны аспанда Қиыршықтап ұшады Қанатты аппақ құстардай Жердің бетін құшады. | |
“Жапырақтар түсуде” Мазмұны:Бұл жаттығуда түрлі-түсті қағаздарды жапырақ формасында қырқып ( сары, қызыл, жасыл) алуыңыз қажет.(Ағаштың өз жапырқтарын пайдалануғада болады.) Бұл жапырақтың ағаш бастарынан ұшып түсуін бейнелейміз. | |
|
| “Көбелек” Мазмұны: Қағаздан бірнеше көбелек қиып алыңыз, қиылған көбелекке жіп байлап, баланыңауыз тұсына апарып үрлетесіз де: Ала қанат көбелек Қанат жазып ұша ғой Шалғындағы гүлдерді Кезек кезек құша ғой- деп тақпақтайсыз. | |
“Қайық” Мазмұны:Ыдыстағы суға қағаздан жасалған қайықты жіберіп, оған баланы ұзақ әрі толқынды үрлету керек. Ойын барысында баланың іс-әрекетін: Жүйрік жел, жүйрік жел, Қайығымды қимылдат Толқындарды тербелтіп, Көк теңізге ала жет. | |
| | | |
| |
|
| | “Стакандағы дауыл” Мазмұны:Бұл ойынға суымен стакан және іші қуыс сабан немесе түтікше керек. Бала тілдің ұшына түтікшені қыстырып, стакандағы суды үрлейді. Үрлеу барысында ерін қимылдамау керек, бет ісінбеу керек. | |
| | |
| | “Терезе” Мазмұны: “Бір” дегенде ауызды қатты ашамыз. (терезе ашық) “Екі” дегенде ауызды жабамыз. (терезе жабық) | |
|
| “Құрбақа” Мазмұны: Тісті-тіске басып тұрып бар күшін салып қатты күлу керек. Астынғы иек алға шығып кетпеу керек. | |
|
| “Пілдің тұмсығы” Мазмұны: Ерін мен тісті қымқырып тұрып, бар күшімен ерінді алға созамыз. 5-ке дейін санап, осы қалыпты ұстап тұрамыз. Құрбақа-пілдің тұмсығы. “Бір-екі” деп санап “Құрбақа” және “Піл тұмсығы” жаттығуларын кезектестіріп істейміз. | |
“Күрекше” Мазмұны: Жымиямыз. Аузымызды ашамыз. Тілді жалпақ күйінде астыңғы ерінге қоямыз. Осы қалыпта 5- ке дейін санап тұрамыз. Бұл жаттығу барысында астыңғы ерін тістерге тимеу керек. | |
|
| “Түтікше” Мазмұны: Ауызды ашып, тілді түтікше сияқты етіп ұстап тұрамыз. | |
“Толық адам” Мазмұны: Күлімдеп тұрамыз, аузымызды ашамыз. Тілдің ұшын сағат тілі сияқты ары-бері қимылдатамыз. Астыңғы иек қимылдамау керек. | |
|
| “Айтқанға көнбейтін тілді жазалау” Мазмұны: Ерніміз күлімдеп тұрады Тілді екі тістердің арасына қыстырып, тістерімізбен тарақтаймыз. | |
“Сағат тілі” Мазмұны: Күлімдеп тұрамыз, ауызымызды ашамыз. “Бір-екі” деп санап тілімізді жоғарғы, төменгі тістерге кезек-кезек тигіземіз. Астыңғы иек қимылдамау керек. | |
| | | |
| | “Әткеншек” Мазмұны: Екі ұртқа бірдей ауаны толтырып тұрамыз. Екі ұртты кезек-кезегімен ауаға толтырып томпайтамыз. | |
| “Ашулы мысық” Мазмұны: Күлісдеп тұрып, аузымызды ашамыз. Тілдің ұшын астыңғы тістерге тірейміз. “Бір” дегенде тілді дөңес етіп ұстаймыз. “Екі” дегенде тілді бастапқы қалыпқа келтіреміз. | |
|
|
| “Қиқар есек” Мазмұны: Езуіміз күлімдеп тұрады. ИЕ буынын аузымызды ашып айтамыз Тілдің ұшы астыңғы тістерге тіреліп тұрады. | |
“Сырлаушы” Мазмұны: Езу тартып күліп, аузымызды ашамз. Тілдің жалпақ ұшымен таңдайды тістерден таңдайға қарай сырлаған секілді жүргіземіз. Астыңғы иек қозғалмау керек. | |
|
| “Тәтті тосап” Мазмұны: Езу тартып күліп, аузымызды ашамыз. Тостақша формасындағы тілмен ерінді сағат тілі бағытымен жалаймыз. Астыңғы иек қозғалмау керек. Қажет болған жағдайда иекті қолмен ұстап тұру керек. | |
| | | |
| |
|
| | “Күлше” Мазмұны: “Піл тұмсығы” жаттығуын жасау керек. Сонан соң ерінді тістер көрінетіндей етіп домалақтаймыз. Тістер бір-біріне тиіп тұруы керек. Ерінді осы қалыпта 5-ке санап ұстап тұрамыз. | |
| | | |
| “Сиқыршы” Мазмұны: Мұрынның ұшына кішкене мақта қоямыз. Пиала формасына келтірген тілімізді үстіңгі ерінге жабыстырып тұрамыз. Мұрынның ұшындағы мақтаны үрлеп түсіру керек. | |
|
| | “Ат” Мазмұны: Езу тартып, күлеміз. Тілдің ұшымен аттар секілді тақылдатамыз. Ауыз ашық болады, тілдің ұшын үшкірлейміз, созбаймыз. Тілдің ұшы ішке бұралмау керек, астыңғы иектің қимылдамауын қатты бақылау керек. | |
“Барабан” Мазмұны: Езу тартамыз, аузымызды ашамыз. Анықтап қайта-қайта Д-Д-Д-Д деп айтамыз. Дыбысты айту барысында тіл жоғарғы тістерге жабысып тұрады, Аузымызды жаппаймыз. Осы жаттығуды орындау барысында көп бала аузын жауып алады. Осы жағдай болмау үшін тіспен екі бір сантиметрлік таяқшаны немесе осыған ұқсас затты (сызғышты) тістеп тұру керек. | |
|
| “Маса” Мазмұны: Езу тартамыз, аузымызды ашамыз. Тілді жоғарғы тістерге көтереміз де, “З”дыбысын айтамыз.(егер бала дыбысты дұрыс айта алса) Бала жаттығуды орындау барысында аузын жауып алатын болса, “Барабан” жаттығуындағы сияқты қосымша механикалық көмекпен пайдаланамыз. | |
| | | |
| | “Мотор” Мазмұны: Негізгі жаттығу “барабан”, “маса” жаттығуларын созып айту барысында шай қасықтың сабымен немесе шпателмен, емізікпен (соска), немесе баланың өзінің саусағымен жиі тербелі қозғалыстар жасау керек. | |
|
| “Үндік” Мазмұны: Ауызды ашып тілді жоғары ерінге қойып тұрып оңды-солды қимылдатамыз. Тілді еріннен ажыратпау керекпіз. Сонан соң жаттығуды жасауды тездетеміз де “бл-бл-бл” деп айтқызу керек. Тілдің ұшын жіңішкертпей, жалпақ етіп ұстаймыз. | |
|
| “Кеме” Мазмұны: Ауызды ашып ұзақ дем шығарып, Осы бір демде Ы-Ы-Ы-Ы деп дыбыстау керек. Тілдің ұшының төмен тұрып ауыз қуысының түкпірінде болғанын қадағалау керек. | |
Шармен ойнайтын ойындар
Бала көлемі үлкен және кішкентай доптармен ойнайтын ойындарды ұғып алды.
Енді балаға шарлармен ойнайтын қарапайым ойындарды үйретіңіз.
1. Шармен қойған мақсатына жетуді (ойыншыққа).
2. Шарды үстелдің үстімен тайғанату; оң қолымен итеріп сол қолымен ұстап алуды.
3. Шарды үлкен көрсеткіш саусағымен, ортаңғы саусағымен ұстауды.
4. «Футбол» Сол алақанды жартылай майыстырып үстелдің үстіне жатқызу керек. Бұл – доп салатын қақпа. Оң қолының саусақтары кезек – кезек қақпаға сол алақанымен итеріп шарды кіргізеді.
5. Сіз амалсыздан моншақты шашып алған болыңыз. Баладан моншақты жинауға көмектесуін сұраңыз. Бала моншақтарды жинап, оны қапшықтың кішкентай тесігіне салсын. Одан кейін ол моншақты жіпке тізуге көмектессін. Бара – бара ол моншақты рет – ретімен тізуді үйренеді.