Мектепке дейінгі жастағы балалар психодиагностикасы

Білім беру жүйесінде психодиагностиканың атқарар істерінің ауқымы мол. Баланың қабілеттілік, дарындылық деңгейін, зеректілігін, зейіннің қасиетін, танымдық процестерін анықтау нәтижесінде тәрбиеші бала мүмкіндігі туралы құнды деректер алады; білім берудің бала танымына лайық жолдарын сұрыптап, балалардың белсенділігін арттыруға жағдай жасайды.

Психодиагностиканы мектеп жасына дейінгілерге қатысты қолданатын болсақ, оған балалар өз отбасында және балалардың білім беру мекемелерінің білім беру, дамыту ортасында (жағдайында) өсті деген мағынада бүкіл мектепке дейінгі шағын психологиялық зерттеу бойынша қызмет деп анықтама берсек болады. Яғни, мектепке дейінгі мекемелер жағдайында психологиялық диагностиканың зерттейтін ауқымына балалардың жас шамасына байланысты жеке ерекшеліктері, олардың психикалық дамуындағы ауытқулар мен бұзылымдардың себептерін анықтау жатады. Алға қойылған психологиялық түйткілді шешу үшін балалар психологы психодиагностикалық қызметтің мағынасын белгілеп алуы керек болады. Ең алдымен, бұл мәселеде психологиялық әсер еткіміз келіп отырған бағыттар бойынша жігін ажыратып алу қажет: балалар, ата-аналар, тәрбиешілер және педагогтар. Сонан соң психологиялық әсер етіп отырған негізгі нәрсені сипаттайтын көрсеткіштерді анықтап алған дұрыс[1;20 бет].

Мектеп жасына дейінгі балалардың нормативті жас мөлшеріне сай және жеке дара дамуының көрсеткіштері:

1- кезең Психологиялық көрсеткіштері:

1.Ақиқатпен бірігіп әрекет ету тәсілдері (танымдық, коммуникативтік және рефлексивтік қабілеттері);

2. Қажеттік - мүдделік аумағы;

3. Құндылықтар жүйесі (адамгершілік ұстанымы);

4. Өзін жасына орай ұстауы (іс-әрекеттің балаларға сәйкес түрі:продуктивті және процессуальды)

5. Психомоторлық аумақ:

6. Жеке бас - көңіл-күй ерекшеліктері

2 кезең Психомоторлық ерекшеліктердің психофизиологиялық көрсеткіштерді (тақырыптары, бейімделгіштігі, қозғалғыштығы, жеке жүйке жүйесінің оңтайланғыштығы)

3 кезең. Психологоиялық-педагогикалық көрсеткіштер:

1.Оқуға бейімділігі және оқу қызметіне дайындығы;

2.Арнайы қабілеттері (музыкалық, көркем суретке деген, математикаға және т.б.)

3. Жетістіктері .Білім,уйрену,дағдылар.

Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық тұрғыдан да, күнделікті өзін-өзі басқаруында да бірқатар оларға ғана тән ерекшеліктер бар. Балаларды психодиагностикалық зерттеуден өткізгенде анық, нақты мәліметтерге қол жеткізу үшін осы ерекшеліктерді білген жақсы. Осындай ерекшеліктердің қатарына, әсіресе жас бүлдіршіндердің санасы мен сана - сезімінің әлі толық дамымай, төменгі сатыда тұрғанын жатқызуға болады.

Сана туралы психодиагностика тұрғысынан айтатын болсақ, еріктен тыс әрекеттер, ішкі ерік-жігер бақылауы және баланың негізгі танымдық дамуы барысында қиналмай сөйлей алуын, оның сыртқы орта әсерін түйсікпен қабылдауын, есте сақтау қабілетін, қиялдау деңгейін, ойлау машығын есепке аламыз. Осы қабілеттерін саналы түрде реттеу барысы көптеген бүлдіршіндерде өте төмен сатыда болады, себебі бұл жас кезеңінде когнитивті дамуы әлі аяқталудан көп ерте қашықтықта тұрады. Танымдық әрекеттерді қиналмай орындау балаларда шамамен 3-4 жаста басталып және жасөспірімдік кезеңнің соңына қарай аяқталады. Сондықтан, мектеп жасына дейінгі, әсіресе, ертерек бөбек кезіндегі балаларға психодиагностика өткізген кезде есте сақтайтын нәрсе – тест сұрақтарында балалардан өздерінің танымдық ізденістерінде өте жоғары дамыған, еркін дәрежедегі меңгеруді талап етуге ерте. Егер осындай шарттар есепке алынбаса, тест нәтижесінде баланың танымдық дамуының ақиқаттан ауылы алыс мәліметтерді ғана алу қаупі пайда болады. Дамудың бала қол жеткізген деңгейі туралы дұрыс ақпар алғымыз келсе, тестік психодиагностикалық тапсырманы когнитивтік аумақтың ерікті және еріксіз реттеу деңгейлерінің екеуін де бірдей қамтитын етіп құру керек. Мұндай қадам бір жағынан таным үрдісінің еркіндік деңгейін, ал екінші жағынан, олар әлі емін-еркіндікке жетпеген жағдайда, қаншалықты дәрежедегі даму деңгейіне жеткенін дәл айқындау үшін өте қажет.

Ал, сәл ересек, яғни 3-4 жастан 5-6 жас аралығындағы мектеп жасына дейінгілерге келсек, өздерінің танымдық әрекеттерін басқаруда дербестік элементтері көзге шалынып қалады. Сонымен қатар, осы жастағы көптеген жастағы балалардың танымдық дамуында әлі де тәуелді танымдық үрдістер басым, және қоршаған әлеммен жаңадан танысу кезінде бүлдіршін дәл осындай амалдарға арқа сүйегісі келіп тұрады. Осы жастардағы балалардың психодиагностикасы, сондықтан да қос бағытты болуы керек: табиғи немесе тәуелді танымдық процестер дамуын тырнақтап зерттеу және дербес когнитивтік әрекеттер мен жауап қимылдарды дер кезінде және дәл баяндап беру[2; 15 бет].

Біз мектеп жасына дейінгілердің сана сезімінің салыстырмалы түрде айтқанда төмен деңгейде дамуы туралы сөз қозғағанда, мынадай мағынаға сүйенеміз: Мектеп жасына дейінгі балалар - әсіресе, 4 жасқа дейінгілер - өздерінің жеке бас ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін әлі де нашар сезеді және өз қимылдарына дұрыс баға беруге шамалары жетпейді. Олардың өзін-өзі бағалауы және құрметтеуі - өзі туралы, өзінің тәуір қасиеттері және кемшіліктері туралы анық түсіне алатындай дәрежеде қалыптаса қоймаған. Сәл ересек балалар, яғни 4-6 жас аралығындағылар, өзін-өзі жеке тұлға ретінде сезіне алатын мүмкіншілікке ие, дегенмен шектеулі шеңберде, негізінен ересек адамдардың мақтап, немесе жекіп, бала бойындағы зейін аударылған қасиеттер мен ерекшеліктер төңірегінде ғана сезінеді.

Соныменен, 4-жасқа дейінгі балалардың жеке тұлғалық және өзін ұстау психодиагностикасының тәсілдері балаға сана-сезіміне бағдарланған және өзінің жеке тұлғалық қасиеттеріне сын көзімен, саралап қарауға мәжбүр ететін сұрақтар мен тапсырмалардан тұрмауы тиіс. Осы ережені бұзу баланың қойылған сұраққа жауап бермеуіне немесе көпе-көрнеу, түсінбей тұрып-ақ, ойланбай жауап беруіне әкеліп соғады.

4-6 жасқа дейінгі балаларға жеке басына және іс-әрекетіне байланысты оның өзі дәл бағалай алуына негізделген сұрақтар тізімін ұсынуға болады. Бірақ, сонда да осы жастағы балалардың өзін-өзі бағалай білу мүмкіндіктерінің шегі шектеулі екенін ұмытпау керек.

Баланың интеллектуалды дамуы туралы негізделген қорытынды жасау үшін, әрбір тапсырманың түбегейлі орындау барысын талдау қажет. Бір тапсырманың нәтижесі жақсы немесе жаман болуына байланысты баланың интеллектуальды даму дәрежесін бірден шешіп айтуға болмайды. Баланы бірнеше әр түрлі тапсырмалардағы әрекеттерінің ерекшеліктерін есепке алып, сол тапсырмалар нәтижесінде, баланың психологиялық (жас мөлшеріне тұлғасына), бар болса патологиялық мәліметтерін алуыңыз қажет. Сондай-ақ зерттеу барысындағы баланың көңіл-күйін, тәртібін, еңбектену ерекшеліктерін ескеруіңіз қажет. Есте сақтау көңіл бөлу, процесстерін, есту, көру, сөйлеу, мәліметтерін тыңғылықты талдау қажет.

Осы сипаттамалар негізінде ғана баланың интеллектуальдық даму дәрежесін алуға болады.

Зерттеу барысында ақыл-есі дұрыс балалар өзіне сенімді, талапшаң тәртіпке ие. Олар тапсырманың орындалуына жұмыстың нәтижесіне және оның бағалануына қызығады. Барлық, тапсырманы орындай алады.

Балаларды диагностикалық зерттеуден өткізу үшін пайдаланылатын әдістемелік амалдар мүмкіндігінше баланың жеке басының қайсы бір аумағын жедел зерттеуге ыңғайлы, қысқа, тез қолдануға дайын - экспресс - әдістемелерден болғаны дұрыс.

Баламен ең тұңғыш рет байланыс орнату мақсатында іске асырған диагностикалық зерттеуді бастар алдында кез келген тақырыпқа байланысты, диагностикалық сұхбат жүргізіледі.

Негізінен мұндай сұхбат төмендегідей құрылымнан тұрады:

а) кіріспе: баланы әріптестікке тарту;

б) баланың емін-еркін, басқаның ықпалынсыз өз ойын айтаалуы;

в) Мысалы, мынадай, жалпылама сұрақтар. «Сен маған өзіңтуралы бір нәрсе айта аласың ба?», «Біз енді танысып алған соң,сенің басқа балалармен қалай ойнайтындығың мені қызықтыруымүмкін ғой?!»- деген сияқты т.б. сұрақтар;

г) Толық зерттеу;

д) ширығуды жеңілдетуге ұмтылу және балаға құрметшілік сезімге толы сөздермен қорытынды пікір білдіру;

е) балаға тек атын атап қана сөйлескен жөн.

а) Балақайға берілетін сұрақтар тек 3 түрлі болады: зерттеліп отырған тақырыпқа тікелей қатысы бар, мысалы: «Сен өрікті жақсы көресің бе?»

б) Жанама - мезі ететін нұсқаулардың қиындығын төмендететін, мысалы: «Стол үстінде өрік толы ваза тұрса, не істер едің?»

в) Жетектеуші сұрақтар - баланы басқа бір адамның немесе топтың көзқарасымен бірлестіруге арналған, мысалы: «Балалар өрікті жақсы көре ме?»[3; 16 бет]

Диагностикалық сұхбат ұзақ та, іс пыстыратын болмауы тиіс. Диагностиканың міндеттері мен балалардың жасына сәйкес әр түрлі нұсқасын қолдана білу қажет. Осы мақсатта ойыншықтар, қағаз, қалам, фломастер сияқты балалардың өз ойын айтып беруге қиналатын кезде, сурет салу арқылы оңай түсіндіруіне септігін тигізетін нәрселерді қалдырғаны тиімді екенін есте ұстау дұрыс екенін есте ұстаған абзал.

Наши рекомендации