І тарау. сурдопедагогиканыҢ теориялыҚ негіздері жӘне даму тарихы

Мазмұны

Алғы сөз...................................................................................................................4

І ТАРАУ. СУРДОПЕДАГОГИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ......................................................................................6

1 Дәріс. Сурдопедагогика арнайы педагогикалық ғылым ретінде.....................6

2 Дәріс. Есту қабілеті зақымдалған балалардың классификациясы.................14

3 Дәріс. Сурдопедагогиканың даму тарихы........................................................21

ІІ ТАРАУ. ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН ТҰЛҒАЛАРҒА БІЛІМ БЕРУДІҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................................26

4 Дәріс. Есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға білім беру ортасын ұйымдастыру негіздері..........................................................................................26

5 Дәріс. Сурдопедагогиканың негізгі оңалту әдістері.......................................35

6 Дәріс. Кохлеарлы имплантация естімейтіндерді оңалтудың тиімді әдісі ретінде.....................................................................................................................42

7 Дәріс. Кохлеарлы имплантталған балалардың сөйлеу тілін естіп қабылдауын оңалту...............................................................................................55

8 Дәріс. Кохлеарлы имплантталған балалардың сөйлеу тілін естіп қабылдауын бағалауға арналған тесттер (тесттер батареясы EARS)...............66

9 Дәріс. Сурдопедагогиканың ерте жастағы және мектепке дейінгі педагогикалық жүйелері.......................................................................................76

10 Дәріс. Сурдопедагогиканың мектепте оқыту жүйелері................................85

11 Дәріс. Есту қабілеті зақымдалған балаларды еңбекке оқыту жүйесі..........91

12 Дәріс. Есту қабілеті зақымдалған балаларды кәсіптік еңбекке оқыту ерекшеліктері және мамандыққа бағдарлау.....................................................101

III ТАРАУ. ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ.............................109

13 Дәріс. Есту қабілеті зақымдалған балаларды тәрбиелеу негіздері............109

14 Дәріс. Есту қабілеті зақымдалған балаларды отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері.......................................................................................................124

IV ТАРАУ. ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕПТІ БАСҚАРУ ............................................................134

15 Дәріс. Есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған мектепті басқару134

Курстық жұмыстардың тақырыптары........................................................138

Баяндамалар тақырыбы..................................................................................139

Студенттердің білімін қадағалауға арналған тест тапсырмалары.........140

ҚОСЫМШАЛАР...............................................................................................146

Алғы сөз

Жоғары білім беруді жаңарту міндеттерін шешуде қазақ тілінде оқитын студент – дефектологтарға арналған «Сурдопедагогика негіздері» оқу құралы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Авторлардың негізгі мақсаты –сурдопедагогиканың ғылыми-теориялық негіздерін анықтайтын оқу құралын құрастыру болып саналады.

Сурдопедагогика есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту және тәрбиелеу, білім беру туралы ғылым болып табылады. Қазіргі уақытта дефектология саласы қарқынды дамуда. Естімейтін және нашар еститін балаларды оқытуда және тәрбиелеуде оқытудың теориясы және практикасының дамуына отандық дефектологтартың (Намазбаева Ж.И., Адилова М.Ш., Илахунов К.Т., Жиенбаева Н.Б., Аутаева А.Н., Даурамбекова А.А., Махметова А.А., Бутабаева Л.А., және т.б.) қосқан үлестірі зор.

Аталған оқу құралы «Дефектология» бөлімінде оқитын студенттерге сурдопедагогика курсын оқуға көмек көрсетеді. Оқу құралының мазмұны және құрылымы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына жоғары кәсіптік білім беру (бакалавриат) 050105 02 – «Сурдопедагогика» мамандығы бойынша педагогикалық университеттерге арналған оқу бағдарламасына сәйкес анықталған.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына жоғары кәсіптік білім беру (бакалавриат) 050105 02 – «Сурдопедагогика» мамандығы бойынша, оқу бағдарламасына сәйкес, «Сурдопедагогика негіздері» оқу құралында есту қабілеті зақымдалған оқушыларды тәрбиелеу және білім берудің теориялық негіздері қарастырылады.

Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқытудың спецификалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, әр тақырыптан кейін әдебиеттер тізімі, бақылау сұрақтары, баяндама тақырыптары және тест сұрақтары ұсынылған.

Кереңдік–бұл өте маңызды мәселе, оны шешуге әртүрлі салада ғылымдар күш-жігерін жұмсаған. Жер шарында 20 миллионнан астам адамдардың есту қабілетінің төмен деңгейде, олар әлеуметтік қарым-қатынас жасауда әр түрлі қиыншылықтарға кездеседі. Статистика бойынша Қазақстанда 15600–ден астам балалардың есту қабілеті төмендеген.

Адам-бала кезінен естімейтін болса, онда тілі де дамымайды. Практикада кездесетін нейросенсорлы саңыраулықты және кереңдікті емдеу өте қиын, бірақ уақытымен өткізілетін диагностикалық терапия жақсы өзгерістер көрсетеді.

Көп елдерде соның ішінде Қазақстан Республикасында, туғаннан есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға сыртқы және ішкі құлақтың дамуындағы ақаулықтарға арналған қайта құру операциялары жасалады және пайдаланады. Сондай-ақ, тәжірбие ретінде ішкі құлаққа имплант енгізу операциялары да бар. Бірақ, хирургтар операциядан кейін «бала толық 100%-ға естіп кетеді» деген кепілдік бере алмайды.

Көп жылдық сурдопедагогиканың зерттеулері–мыңдаған ата-аналармен әңгіме жүргізу, олардың хаттары, ең бастысы–естімейтін балалармен жұмыстар дәлелдегендей, ата-аналардың мойнына қандай ауыр тауқымет ілінгенін, оны жеңу өз қолдарында екені анық.

Көптеген ата-аналар балаларының естімей қалғанын біліп неге?, не үшін?, не істеу керек?, қалай көмектесу керек?, еститін болады ма?, сөйлейтін болады ма? деген толығу сұрақтарын қояды.

Аталған оқу құралы сурдопедагогика саласындағы білім алатын студенттердің, есту қабілеті зақымдалған балалардың ата-аналарының, мұғалімдердің, тәрбиешілердің білімдерін кеңейтуге, жетілдіруге, тереңдетуге және жоғарыда көрсетілген сұрақтарға жауап беруге бағытталған.

Бұл оқу құралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына жоғары кәсіптік білім беру (бакалавриат) 050105 02 – «Сурдопедагогика» (050105 – «Дефектология») мамандығы бойынша, оқу бағдарламасына сәйкес құрылған.

І ТАРАУ. СУРДОПЕДАГОГИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ

Наши рекомендации