Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі

Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда балаларға білім берудің негізгі құралы болып саналады. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алады. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп біледі.

Тек, ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінеді. Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Адам көркі - ақыл», «Асыл- тастан, ақыл-жастан», «Ақыл-тозбайтын тон, Білім-таусылмайтын кен», «Ақыл – білімге бастар жол» деген халқымыздың даналық сөздерінен-ақ, байқауға болады.

Ақыл-ойдың дамуы – бұл, баланың жасына, тәжірбиесінің молаюуы мен тәрбиелік ықпалдардың әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектеп жасына дейінгі баланың білімінің дамуы жылдам қарқынмен жүргізіледі, тіпті қалыптасады. Таным процесстері жетіледі, бала ақыл-ой әрекеттің қарапайым әдістерін меңгереді. Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойының дамуын қамтамасыз етуін оның барлық кейінгі іс-әрекеті үшін зор маңызы бар.

Баланың ақыл-ойын дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Ол айналадағылармен араласу процессінде тілді сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін игереді. Соның нәтижесінде мектеп жасына дейінгі бала тілді меңгеріп алатындығы сондай, оны қарым-қатынас құралы ретінде еркін пайдаланады.

Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойының дамуы алғашында қарым-қатынаста, заттық әрекеттерде, ойындарда ал сонан соң оқу, еңбек, өнімді жұмыс (сурет салу, мүсін жасау, аппликация, құрастыру) процесінде жүзеге асырылады.

Ақыл-ойдың неғұрлым тиімді дамуы оқыту және тәрбиенің ықпалымен жүргізіледі.

Қазіргі педагогика ғылыми ақыл-ой дамуының негізгі көрсеткіштері білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық ойды дамыту және білім алуға қажетті танымдық қызмет әдістерін меңгеру деп есептеледі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеуді дұрыс ұйымдастыру үшін олардың ақыл-ой дамуының заңдылықтары мен мүмкіндіктерін білу керек. Оларды ескере отырып, ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері, мазмұны, ұйымдастырылуы мен әдістері белгіленеді.

Психология мен педогогика ақыл-ой тәрбиесі мүмкіндіктерін тиімді шешу жолдарын табу, бір жағынан баланың мүмкіндіктерін барынша пайдалану және екінші жағынан организмді қалыптастыратын шамадан тыс міндеттер жүктеуді болдырмау үшін мектеп жасына дейінгі ақыл-ой дамуының мүмкіндіктері мен заңдылықтарын зерттеумен шұғылданады.

Ғалымдар ақыл-ой мен тәрбиені дамытудың көптеген мәселелерін зерттеуде мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл-ой жағынан тәрбиелеудің негізі ретінде сенсорлық тәрбиенің мазмұны мен әдістерін талдауға қажетті түсінік пен қабылдаудың даму заңдылықтары реттеліп отыр, олардың көрнекі-қимылдық, бейнелі образды және ұғымдық логикалық ойлауының қалыптасуы зерттелуде. Ақыл-ой күштері балаларды білім қорын жасауға негізгі ойлау түрлерін жүзеге асыруда үлкен рөл атқарады.

Ақыл-ойдың түрлері: диалектикалық, логикалық, абстрактілік, категориялық, теориялық, индуктивтік, дедуктивтік, алгоритмдік, техникалық, өнімдік және репродуктивтік жүйелілік болып табылады.

Диалектикалық ойлау – құбылыстардағы қарама-қайшылықтардың бірлігін көру, даму бағыттарын анықтау, жаңаның пайда болуын көру, құбылыстардың өзара байланысын пайда болу себептерін табу.

Логикалық ойлау – білімді өңдеудің логикалық тәсілдермен байланысы. Талқылау, дәлелдеу, теріске шығару, қорытынды болжам жасау тәсілдері байланыстарды табуға, жаңа білім алуға көмектесіп, білімді жүйеге келтіреді.

Абстрактілік ойлау – адамға мәнсіз белгілерді көріп, жалпы мәндіні бөлуге, абстрактілі ұғым қалыптастыруға көмектеседі.

Категориялық ойлау – айырмашылықтары мен ұқсастықтары негізінде ұғымдарды топтарға біріктіру іскерлігі.

Теориялық ойлау – білімнің ғылыми негіздерін, даму принциптерін түсініп, заңдылықтарды көріп, құбылыстар арасындағы мәнді байланыстарды түсіну іскерлігі.

Индуктивтік ойлау – ойдың жекеден – жалпыға, фактілерден қорытындыға қарай қозғалысы.

Дедуктивтік ойлау – ойдың жалпыдан – жекеге, қорытындыдан – фактілерге қарай қозғалысы.

Алгоритмдік ойлау – нұсқауға, ережеге толықтай сүйеніп, міндеттерді бөліп, іс-әрекет стратегияларын анықтау.

Мектеп жасына дейінгі балалардың бойларында айналадағы құбылыс жөнінде қарапайым білімнің жеткілікті үлкен қоры жиналады, олар негізгі ойлау тәсілдерін меңгереді және заттармен құбылыстардың елеулі және елеусіз белгілерін айыруға, кейбір себеп-салдар байланыстарын анықтауға қабілетті болады, оларда оқу іс-әрекетінің бастамасы қалыптасады. Ақыл-ой дамуының толысуы жақсы ұйымдастырылған іс-әрекет нәтижесінде ғана іске асады, сондықтан да тәрбиешілердің міндеті - бұл үшін жағдай тудырумен бірге балаға мақсатты тәрбиелік ықпал жасау болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі - student2.ru

Ақыл-ой тәрбиесі – балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы. Ол қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауды, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді интелектуалдық дағдылар мен іскерлікті қалыптастырады, танымдық қабілеттерді дамытуды қамтиды.

Балаларды мектепке дейінгі оқытуда ақыл-ой тәрбиесінің рөлі өте ерекше. Білім қорын игеріп, ақыл-ой белсенділігі мен дербестігін дамыту, интелектуалдық іскерлік пен дағдыларға ие болу – бұл мектепке табысты оқыту үшін және алда тұрған еңбек қызметіне даярлау үшін маңызды алғы шарттар.

«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында» мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл-ой жағынан тәрбиелеудің мынандай міндеттері белгіленген:

Қоршаған өмірдің қарапайым құбылыстары жайлы дұрыс ұғымдар қалыптастыру: Танымдық техникалық процесстерді дамыту, білуге құштарлығы мен ақыл-ой қабілетін дамыту, интелектуалдық іскерлігі мен дағдыларын дамыту, ақыл-ой әрекетінің қарапайым тәсілдерін қалыптастыру.

Мектеп жасына дейінгі бала үшін қоршаған өмір жайлы ұғымдарды қалыптастыру арқылы күн сайын жаңа құбылыстармен, заттармен танысады, айналадағы өмірді бақылап, өздігінен түсініп қорытынды жасағысы келеді.

Л.Н.Толстой мектепке дейінгі шақ туралы: «Бәлкім, қазір бойымда бар нәрсенің бәріне мен сол кезде ие болған шығармын және көп, тез иеленгенім соншалық қалған бүкіл өмірімде мен соның жүзден біріне де ие болмаған шығармын. Бес жастағы баладан маған дейін бір адым ғана. Ал жаңа туған баладан бес жастағыға дейін ғаламат қашықтық» - деп жазды.

Алайда, тиісті басшылықсыз білім мен ұғымды жинақтау жүйесіз жүреді: олар үстіртін, көбінесе жаңсақ болуы мүмкін.

Бала «бұлтты-мақта», «жұлдыздарды-электр шамдары» деп ойлайды. Айналадағы өмірді бақылай отырып, ол өзінше тұжырым жасауға тырысады. Балалардың білім қорын дәйекті түрде ұлғайту оларды ретке келтіру нақтылау, жүйелеу оқытушылық міндеті болып табылады.

Бала төңірегіндегі заттар, олардың қолданылуы, кейбір сапасы (түрі, көлемі, формасы) және қасиеттері (соғылу, сыну, үзілу, төгілу) жайлы, оның қандай материалдан жасалғаны туралы айқын түсінік алу керек. Сондай-ақ, ол табиғат құбылыстары туралы, олардың өзара байланыстары мен заңдылықтары (жыл мезгіліне тән белгілері және осы белгілердің өзара байланысы кейбір хайуанаттардың өмір салтымен байланыстылығы) жайлы білім алады. Өлі табиғат құбылыстарын өсімдіктердің, жәндіктердің, хайуанаттардың дамуын бақылау процесінде тәрбиеші балалардың бойында дүние жайлы материалитсік ұғымдардың бастамасын қалыптастырады.

Қоғамдық құбылыстармен, оқиғалармен, адамдардың еңбегімен, мерекелермен, Елордамыз Астана қаласының көрікті де, әсем табиғатымен таныстыру арқылы балалардың дүниетанымын, табиғат, қоғам, Отан туралы сүйіспеншілік сезімінің және көпұлтты негіздерінің қалыптасуына жәрдемдеседі.

Ақыл-ой тәрбиесінің маңызы - танымдық техникалық процестерді дамыту, психикалық процестерді түсіну, қабылдау, есте сақтауды, қиялдауды, ойлауды сондай-ақ, сөйлеуді дамыту болып табылады.

Қоршаған дүниені тану түсіну мен қабылдаудан басталады. Олардың даму деңгейі неғұрылым жоғары болған сайын, қоршаған болмысты тану мүмкіндігі соғұрылым мол болады. Мектеп жасына дейінгі балада қабылдау іс-әрекеттері жетілдіру өзінің негізінде бізге бұрыннан таныс заңдылықты, яғни сыртқы бағдарлау іс-әрекетінің қабылдау іс-әрекетіне айналуын көреміз. Сыртқы бағдарлау іс-әрекеті (бұларды бала бүкіл мектепке дейінгі шақ ішінде меңгереді).

Қабылдау жәрдемімен балалар әлі шеше алмайтын міндеттерді байқап көру жолымен шешуге қызмет етеді. Мектеп жолына дейінгі баланың күй-сарынын аңғаруы, сөздегі дыбыстарды ажырата білуі естілетін дыбыстардың ерекшеліктеріне сәйкес, оларды қайталау үшін дауыс ақпаратының қимылын мүмкіндігінше өзгертуді меңгеру дәрежесіне қарай пайда болып дамиды.

Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытудың рөлі ерекше. Адам ана тілін өзінің ойын айтуға және өзінің айтқанын түсінуге пайдаланады. Сөйлей білу балаға заттарды немесе құбылыстарды тікелей қабылдау арқылы ғана емес, сондай-ақ болмыс туралы білімдерін жанама түрде (әңгіме, көркем шығарма, тәрбиешінің түсіндіруі т.б.) арқылы алуға мүмкіндік береді. Балалар бақшасында сөздік қорын көбейту, грамматикалық құрылымды қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту сияқты міндеттер шешіледі.

Тілдің дамуы – мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасы шеңбері кеңейе түседі. Балалар біраз есейе бастаған соң, шағын отбасылық байланыстар шегінен шығып, адамдардың көбеюуі баладан ең бастысы тіл болып табылатын қарым-қатынас құралын толық меңгеруді талап етеді және тілдің дамуына жоғары талаптар қойылады.

Тілдің дамуы бірнеше бағытта жүреді: басқа адамдар мен араласу кезінде оны іс жүзінде қолдану арқылы жетіле түседі және де тіл психикалық үрдістерді қайта қараудың негізгі ойлау құралы болып табылады. Сөз қорының дамуы және тілдің грамматикалық құрылысы – мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қоры тек зат есімдердің және шылау сөздердің есебінен тез өседі. Егер бала грамматикалық заңдары бойынша сөйлеудегі сөздерді тіркестіре білуді қатар меңгермесе, сөздік құрамның өз бетінше өсуінің онша үлкен мәні болмас еді. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік пікірлесуді қолданудың балалар абстрактілі ұғымдар көмегімен ойлайды екен. Бала сөздерінің маңызының сол сөздерді ересек адам қолданғандағы маңызынан елеулі айырмашылығы болатынын көрсетіп берді.

Бұл айырмашылық сөздік жалпылаудың формасына да, мазмұнына да қатысты. Алты жасар қыздан көптеген суреттер ішінен жануарлар бейнелерін іріктеп алу тапсырылды:

- «Аю-жануар»

- Неге олай ойлайсың?

Ол орманда тұрады, ол үлкен жануар және бал жегенді ұнатады.

Пілде жануар. Ол Африкада тұрады. Міне, түлкіде жануар. Ол қояндарды ұстайды.

Мысалы, 6 жасар баланың сөздік пікірлесуі осындай болып келеді. Тіл баланың жалпылауларының жай қосымшасы емес. Сөз-қоғамдық тәжірбиенің бір бөлігі. Ол баланың ойлау іс-әрекетін белгілі түрде бағыттайды, біртіндеп жоғарынағыз ұғымдық форманы игеруге жеткізе отырып, оның жалпылауларын қалыптастырады. Тілді меңгермейінше, мектеп жасына дейінгі баланың дұрыс психикалық дамуы мүмкін емес, десек те тіл психикалық жағдайды жасайды деп айтуға болмайды. Олар іс-әрекеттің алуан түрлі процесстерге тілдің қатысуы үстінде тәрбиелеу мен оқытудың шешуші ықпалымен қалыптасады.

Балалар сыртқы бағдарлау іс-әрекетінің көмегімен заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен қатынастар орнатуды талап етеді. Сондай-ақ, мәселелерді шешуден бейнелерді пайдалана отырып, қарапайым ойлау іс-әрекетінің көмегімен ойша шешуге көшеді. Басқаша айтқанда, ойлаудың көрнекі іс-әрекет формасы негізінде ойлаудың көрнекі бейнесі формасы қалыптаса бастайды.

Ойлау – таным процестерінің ішіндегі ең биік сатыда тұрған жоғарғы процесс. Дәлдеп айтқанда ойлау – адам баласына ғана тән меншікті психикалық процесс.

Ойлау дегеніміз – шындықты жалпылап бейнелеу болғандықтан, ол адамның іс-тәжіриебесіне сүйене отырып, ойлау ісін атқарады. Ойлау сөзбен тығыз байланысты. Ойдың тілсіз күні жоқ, өйткені ойлау әрекеті адамдардың өзара қарым-қатынас жасауын жүзеге асырады. Бұл табиғи қажеттілік. Қоғам өмірінде жеке адамның әрекеті ой мен тілдің қатынасына байланысты дамып отырады. Тіл – адамдардың негізгі қарым-қатынас құралы.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі - student2.ru Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі - student2.ru

Негізгі ойлау тәсілдері
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана, оның ойлау шеңбері кеңейеді.

 
  Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі - student2.ru

Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын дамытуы ақыл-ой әрекетін қалыптастыруымен жүзеге асады. Бұл қалыптасудың басталар жері – материалдық заттармен жасалынатын шынайы әрекеттер. Мұндай әрекеттен балалар материалдық заттарды шынайы елестеткен ішкі ықшамдалған әрекеттерге және ақырында нақты заттар елестермен немесе ұғымдармен ауыстырылған. Бүтіндей нақты жағдайда іске асатын іс-әрекетке ауысады. Ойлауды дамытудың жоғары кезеңдерінде оның логикалық формасында ақыл-ой әрекеттері іштей сөйлеу тұрғысынан жүзеге асырылады. Түрлі таңбалар жүйелері пайдаланылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауы таңбалардан гөрі, бір жағдайларда нақтылы заттарды бейнелеп, басқа заттарды бір шама жалпылама және схемалы болатын бейнелерді көбірек пайдаланады. 2 жас пен 7 жас арасында ақыл-ой тұрғысында міндеттерді шешу нақтылы ақыл-ой эксперименті ретінде өте алатыны Ж. Пиаженің тәжірбиелерінде көрсетілген болатын.

Осындай байланыстардың басты түрінің бірі – себептер мен салдар қатынастары. Баланың ойлануына түсінікті міндеттер аумағының кеңейе түсуі анық. Барған сайын жаңа білімдерді игерумен байланысты білім алу балалар ойлауын дамытудың міндетті шарты болып табылады. Бұл білімнің бірсыпырасын бала тікелей үлкендерден, ал өзгелерін үлкендердің жетекшілігі және бағыттауы арқылы өз бақылаулары мен іс-әрекетінің тәжірбиесінен алады.

Білім қорының біраз артуы әлі ойлаудың дамуын түсіндіре алмайды. Білімді игерудің өзі ойлаудың нәтижесі болып табылатын ойлау міндеттерін шешетін іс. Игерілген жаңа білім ойлаудың одан әрмен дамуына енеді, баланың ойлау іс-әрекеттерінің жаңа міндеттерін шешуге пайдаланылады. Ойлау іс-әрекетінің қалыптасуы мен жетілуі ойлаудың негізін құрайды.

Бейнелі ойлау - мектеп жасына дейінгі бала ойлауының негізгі түрі. Ол қарапайым формалар, сәбилік шақта-ақ, көріне бастайды, баланың заттық іс-әрекетінде қарапайым құралдарды қолданумен байланысты шағын ауқымды мәселелерді тәжірибе барысында шешуде байқалады. Балалар ойлауының схемалығын екінші көрінісі олардың түрлі кейіптері схемашылық бейнелерді өте оңай да, тез түсініп, олардың табысты пайдалануы. Мектеп жасына дейінгі балалар бес жастан бастап бір рет түсіндірген соң бөлменің жоспары деген не екенін ұғына алады және жоспардағы белгіге қарай отырып бөлменің ішінде жасырылған затты тауып алады. Олар заттардың схемалық белгілерін таниды,жолдар жүйесінің тарамдарындағы қажетті бағытты таңдап алу үшін географиалық картаға ұқсас схемаларды т.б.пайдаланады.

Мектеп жасына дейінгі балалар өз көздерінше ермек саз жабыстырылған шар мен дөңгелекшенің қайсысында ермексаз көп екендігі жөніндегі сұраққа да осыған ұқсас сипатта жауап береді. Бала дөңгелекшеде ермексаз көбірек деп сендірмекші болады. Алайда, мектеп жасына дейінгі бала ыдыстағы сұйықтықтың өзі еріп тұрған деңгейін осы заттың жалпы санынан шар мен дөңгелекшенің көрініп тұрған ауданын ажырата білмейді, бұларды бір-бірінен байланыссыз қарастыра алмайды. Бейнелі ойлауда олар бірігіп кеткен секілді болады. Санды көзбен көруге қабылданғанда шамалап бөліп алып көрнекі түрде көзге елестетуге болмайды.

Осыған ұқсас, тапсырмаларды дұрыс шеше білу бейнелер негізінде пайымдаудан белгілерді пайдаланатын пайымдауға яғни, дерексіз логиканың ойлауға көшуді қажет етеді. Нақтылы заттар мен жағдайлардың орнына белгілер түріндегі сөздер, сандар арқылы игерудің алғы шарттары сәбилік шақтың соңында, бала санасының белгілі функциясы қалыптаса бастағанда қаланады. Балаларда бар түсініктер өздігінен ұғымдарға айнала алмайды. Ұғымдарды қалыптастыру үшін түсініктерді пайдалануға болады. Ұйықтардың өзінде және олардың қолдануға негізделген ойлаудың логикалық формаларында балалар да балалар ғылыми білімдер негіздерін игеру барысында меңгереді.

ІІ-ТАРАУ

Наши рекомендации