Ойлау қабілетінің бұзылуы

Медициналық психология және коммуникативтік дағдылар кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы:«Қабілеттер – психиканың жеке-даралық көрінісі ретінде»

Орындаған:Жұмаділда Н.А. (123ЖМ)

Қабылдаған:Сатыбалдина М.Б.

Ж

Жоспар:

o Кіріспе

o Қабілет – адамның жеке қасиеті

o Қабілеттілік

o Қабілеттің дамып, қалыптасуы

o Педагогикалық қабілет

o Ойлау қабілетінің бұзылуы

o Қабілет теориялары

o Қорытынды

o Пайдаланған әдебиеттер

Ерекше жаратылыс иесі адамдардың ақыл-ой өрісі, қабілеті мен бейімділігі, мінезі мен түр әлпеті әрқилы. Әйтеуір, бұл мәселеде бір-біріне жүз пайызға ұқсасы жоқ. Бұл өзі жаратылыстың, адам табиғатының тағы бір құпия сыры. Соған қарамастан, әркім өз ерік күшіне сәйкес өз қабілетін танып-білуге, оны дамытуға талпынады. Керісінше, өз қабілетін тектен-текке құртып, оны басқаға жұмсайтындары да аз емес.

Қабілет– адамның бір іс-әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті. Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді. Өйткені, кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін қасиет болады. Егерде сол адам оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, иесінің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Мұндай жан бәрібір өзінің алдына қойған мақсатына жетіп, еңбегінің жемісін татады. Олардың өз отбасына да, туған-туыс, қоғамына да тигізетін пайдасы зор.
Яғни, адам неғұрлым қабілетті болса, ол соғұрлым қай істі де табысты орындап, сый-құрметке бөленеді. Иә, адамдар үшін өз қабілетін жақсы істерге, ел игілігіне жұмсағаннан артық бақыт жоқ. Тек есте болатын бір жағдай, кейбір адамдарда ерекше бір көзге түсетін бірнеше де қабілет кездеседі. Бұл – Жаратқан Иеміздің сол адамға берген несібесі. Бірақта біз оны күндемей, өз бойымыздағы қабілетті танып-біліп, оны бағалай, баптай білуге тиістіміз. Өмірде кездесетін бір сәтсіздіктен соң: «Менің бойымда еш қабілет жоқ, бәрібір мен бұл істі атқара алмаймын», — деген сары уайымға салынып, түңілмегеніміз, өз қабілетімізді одан әрі жетілдіре түскеніміз жөн.
Ұлы ойшыл Кіші Сенека: «Адам өз қабілетінің қандай екенін бір іске кіріскенде ғана біледі», — депті. Ол рас. Сол себепті әрдәйім өз ісіңе сын тұрғысынан қарап, одан қорытынды шығара білуің қажет. Сірә, сондықтан да шығар, Дельфий храмында: «Өз бойыңа өзің үңіл» деп жазылып қойыпты. Мұны психологтар көпке дейін айтып та, жазып та жүрді. Мұнан туатын қорытынды: әрбір адамның өмірдегі бағыт, бағдары да, іс-әрекеті де, бәрі-бәрі өзінің бойына үңілуден басталады.

Қабілеттілік – адамның мінез-құлқын реттеп, оның тіршілік етуіне қызмет етіп, психикалық әрекеттің негізіне, шартына айналады. Қабілет-тілікті анықтайтын қаси-еттер: сезімталдық, байқағыштық, аңғарымпаздық, зеректік, ойлампаз-дық, көрегендік, зерделілік, идеяларды оңай туындата алушылық, сөз саптау еркіндігі, тұтас қабылдауға, ұғымдарды салыстыруға (алыстату, жақындату, қиыстыру, т.б.), топшылауға бейімділік және тағы да басқалар. Тек есіңізде болсын, өз қабілетің өз ырқыңа көнеді. Саллюстий айтпақшы: «Әр адам өз тағдырын өзі шешуге тиіс». Ал адам қабілетінің қайнар көзі ешқашанда таусылмайды. Адам қабілеттілігінің артуына байланысты оның дарындылығы мен данышпандылығы да айқындала түседі. Осыған орай психолог мамандар былай деген: «Адам өз қабілетінің қандай екенін бір іске кіріскенде ғана біледі», — деген сөз оның іс-әрекететінің өлшемі. Әрине, ауыз ашпай тұрып ән сала аласың ба, дауысың келе ме – жоқ па, білу қиын. Өмірден өз орныңды табу жөнінде де тап солай. Сіз қабілетіңізді, талантыңызды дәл индикатордай өлшейтін, сізді адам қатарына қосатын қолайлы жағдайға тек еңбегіңіз арқылы, еңбеккер ұжымның ішінде жүріп сарыла істеген шығармашылық қызметіңіз арқылы ғана жете аласыз.
Қабілеттің дамып, қалыптасуы
Бұл үрдіс әртүрлі деңгейде өрістеп отырады. Оның алғашқы деңгейін репродуктивтік, екінші деңгейін шығармашылық деп атайды. Мұндағы репродуктивтік деңгей – жұрттың бәріне ортақ оқи, жаза, есептей білу, шығармашылық деңгей – арнайы қабілеттіліктің танылуы. Әрбір адам баласы өз бойындағы қабілеттің дамып, қалыптасуындағы алғашқы деңгейінде оқу, білімді игеруге, іс-әрекетті қажетті дәрежеде жүзеге асыруда икемділік көрсететін болады. Екінші деңгейде жаңа бір заттар мен туындыларды жасай алатын мүмкіндігін байқатады.
Қабілеттің қандай түрі де еңбекпен дамып, қалыптасады. Ешкім маңдай терін тамшылатып еңбек етпейінше, оның бойындағы қабілет ешқандай мән-маңызға ие бола алмайды. Өйткені, қабілет ойлау, күшті ерік-жігер, тұрақты мінез, қажыр-қайрат, ұшқыр қиял тәрізді адамның жан қуаттарының сан түрлі жақтарымен тығыз байланысты. Қабілетті адам шығармашылықпен іс атқармаса, тіпті талантты болса да өз қабілетінен айырылып қалады. Адам баласы күнделікті тұрмыс-тіршілігінде бар уақытын тамақ ішіп, ұйықтап, арақ-шарапқа салынып өткізбей, қандай да болмасын, бір жұмыспен айналысатын болса, әр күнгі ісін, қызметін, шаруасын тыңғылықты тындырып отырса, өз бойындағы қабілетін өлтіріп алмай, дамытып, қалыптастырып отырады. Бұл өмір тәжірибесі дәлелдеген ақиқат.
Ғалымдар, психолог мамандар адамның қабілеттілігін түр-түрге бөліп, жіктеп талдап жатады. Біз енді оның кең танылғанына ғана тоқталсақ.
Қабілеттілікті жіктеу
1. Адамның кәсіби қызметінің түрлеріне қарай: инженерлік қабілеттілік, ғылыми қабілеттілік, көркемдік қабілеттілік.
2. Адам психикасының үш түрлі қызметіне қарай: коммуникативтік қабілеттілік, регулятивтік қабілеттілік, танымдық (когнитивтік) қабілеттілік.
Іштей сарапталуына қарай танымдық қабілеттіліктің өзі мынандай түрлерге бөлінеді: білімді жинақтау (оқып-үйрену), білімді түрлендіру, жадта сақтау (шығармашылық, яғни креативтік), білімді қолдануға қажет интеллектуалдық қабілеттілік.
Қабілеттің дамуындағы нышандар
Қандай бір қабілеттің дамуында нышандар белгілі орын алады. Мамандар оны – адамның туыстан берілетін анатомиялық-физиологиялық белгісі деп есептейді де, «нышан – қабілеттің бастапқы табиғи негізі ретінде берілетін жүйке саласының ерекшелігі», — деп тұжырым жасайды.
Ұл мен қыздың бәрі бірдей әке- шешесіне, ата-әжесіне тартып, солардай қабілетті болмағанымен, ата-тегіне тартатын да жақтары болады. Мұны тұқым қуалау дейді. Жалпы, тұқымға тарту-ағзаның белгілері мен қасиеттерін ауыстырып отыратын өзіндік тұқым қуалаушылық өлшемі болып табылатын гендер арқылы өтетін құбылыс. Белгілер мен қасиеттер тура атадан балаға өтпегенімен, тұқым қуалаушылық бүкіл үрім-бұтаққа жайылып кетеді. Ал ол байланыссыз ұласу заңына сәйкес ауысып отырады.
Әр ағзаның бір емес, әлде неше белгілерінің болатыны мәлім. Оның үстіне ағзаның әр белгісінің кейде ата-анаға тартатыны ақиқат. Бұл бейімділік белгілері бір жағынан ұштасып байланысады да, екінші жағынан ықтимал теориясы заңына сәйкес айырмашылыққа да ие болып, тұқым қуалаушылық белгілері бір-біріне ұласады, әбден араласып кетеді. Және де тұқым қуалаушылық белгілері әулет өмірінде кейде көрініп, кейде жоғалып, біраздан соң қайтадан пайда болады. Осылайша баланың дене мүшесінің бірі әке-шешесіне, немесе атасына, қабілеттілігі нағашысына әйтпесе аталарының біріне тартып, көрініс береді. Негізінен, тұқым қуалаушылықтың және ортаның өзара әсерінен адам кемелденеді, қабілеттілігі дамиды. Яғни, әрбір дені сау адамда аз ба, көп пе, әйтеуір, ата-ананың қасиеттері кездеседі. Солардың ішінде жарқырап тұрып көзге түсетіндері де бар. Тек, есте болатын бір жағдай, қазіргі генетиктердің мәлімдеуінше, ата-анасының біреуінің ақыл-ойы кеміс болса, олардан туған баланың да ақыл-есінің 30-35 пайызға кем болуы әбден ықтимал.
Жасыратыны жоқ, философия тарихында қабілеттілік жеке адамға туа біткен ерекше күш, адам жан-дүниесінің тұқым қуалау жолымен берілетін ішкі қасиеті ретінде де түсіндірілді. Р.Декарт «ақыл-ой қабілеті іштен туа бітеді», — деп есептеді. 17-18 ғасырларда ағылшын философы Дж.Локк, сондай-ақ, француз материалистері бұл пікірмен келіскен жоқ. Сөйтіп, олар қабілеттілікті адам өмірінің сыртқы жағдайымен байланысты пайда болатын, соған тікелей тәуелді қасиет ретінде қарастырды. Қазір ойшылдар: «Шындығында қабілеттілік ішкі мүмкіндіктер арқылы ашылып, адам баласының әр түрлі іс-әрекеттерге қатысуы, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуі арқылы нақты қалыптасып, дамиды», — дейді. Ал, В.Обручевтің пайымдауынша: «Қабілеттілік те бұлшық ет тәрізді жаттығумен жетіледі».
Қабілет бейімділіктен басталады
Әркімнің жастай, ержеткен соң белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұруы, оған ынта-ықыласының артуы – оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Ол негізінен, бейімділік деп аталады, қай іс те осы бейімділіктен бастау алады. Адам баласы өзінің бойындағы қабілеттілігінің белгілерін тым ерте байқаса, не нәрсеге бейім екенін мезгілінде сезсе, өмір жолы гүлге толар еді. Өкінішке орай, көп адам өз қабілетінің қандай екенін, не нәрсеге бейім екенін іс жүзінде анықтай алмай, немесе оған мән бермей, соның салдарынан көпке дейін өмірден өз орынын таба алмайды.
Өмір қат-қабат жұмбақ сырларға толы. Бір ғажабы, қаршадайынан-ақ өзінің не нәрсеге алабөтен бейім екендігін біліп өсетін де жандар бар. Оларға отбасында да, мектепте де, қоғамымызда да көрсетілетін қошамет, көмек аз емес. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының журналистика тәрізді кейбір факультетіне, музыка, сурет саласындағы институт, училищелерге жастарды қабылдарда олардың сол мамандыққа бейімділігіне айрықша назар аударылады. Яғни, қабілеттілік бейімділіктен бастау алып, қалыптасады.
Өмірде адамның ісі, мамандығы қабілетіне сай келсе, өзі оған бейім болса, жолының болғаны. Өйткені, адамды тек қана қалаған қызметі, ықыластана істеген, қолынан келетін (қабілеті жететін) ісі ғана табысқа жеткізіп, өзін рухани жағынан зор қанағаттанғандық сезімге бөлейді. Ал адамның еңбектен тапқан қуанышынан, адал жүріп өмірден өз орынын тапқанынан артық бақыт, байлық жоқ. Әркімнің ісі өзіне сай келсе ғана әрекет-қимылы үйлесім табады. Адам жанын зерттеуші мамандардың бейнелі баяндауымен айтсақ, «мұндай адамдар құдды жырлап тұрғандай жеп-жеңіл, еркін, шапшаң қимылдайды. Оның қолға алған жұмысының сәті түсе береді. Мұндай жандарды жұмыс үшін жаралған екен, жұмыс істегіш екен дейді».
Әркім қабілетіне сәйкес жұмыс істемей, қаламаған, икемі жоқ қызметті атқарса, оның танылуы қиын. Біріншіден, жұмысқа ықыласы болмайды, шаршай береді, жұмыстың соңына дейін әрбір сағат, минутты санаумен болады, ең соңында қабілетінен айрылады. Екіншіден, осындай жағдайларға байланысты ауыр жүк адамның жүйке жүйесіне түседі, психологиялық енжарлық адамның моральдық – этикалық қағидадан ауытқып кетуіне ықпал етеді. Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов «Неге арналсаң, соны істе», — деген. Ол өзінің осынау мақаласында тіпті, былай дейді: «Әлеумет тұрмысындағы зор кемшіліктің бірі — әлеуметтің мүшесі, әр адам «Өз орнында» қызмет етпеу. Естеріңізде болсын: адам қалай болса солай сүйреуге көне беретін тулақ емес, қалай қақса солай домалайтын «алланың» добы да емес. Адам өзінің ыңғайымен, еркімен қызмет ететін зат. Кісі іштен туғаннан-ақ белгілі бір өнерге, қызметке икем болып туады, басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет, яки зеректік болады. Біреу бала оқытуға, біреу етік тігуге, біреу әкім болуға, біреу мал бағуға, біреу әскерлікке, біреу жазушылыққа, біреу дәрігерлікке, біреу саудаға, біреу сөзге, біреу дауға ыңғайланып жаралады. Өмірде түк жұмысқа икемі жоқ жан сирек болады, ең болмаса өтірік айтуға зерек болып жаралады. Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен жүріп, қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. «Өз орнында» істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ. Қайғы сол: өз жолын шу дегеннен тауып алатын адамдар сирек болады. Адамның көбі ана жолға бір, мына жолға бір түсіп, өмір бойы өз соқпағын таба алмай, сенделумен күні өтеді. Өз жолымен қызмет істемеген адамның жұмысы берекесіз болғаны өз алдына, ондай адам ісіне көңілі жарымағандықтан өмірге, тағдырға налып, зарланып, бақсыз жан болып күнелтеді.
Қабілеттіліктің шырқау шыңы
Біз қабілеттің бастау алар қайнары бейімділік екенін айттық. Ал қабілеттіліктің ең шырқау шыңы не? Философ, психолог, зерттеушілердің пайымдауынша, ол – дарындылық пен данышпандық, кемеңгерлік. Мұндағы дарындылық – іс барысында үлгі боларлық, жетілген, қоғамдық мәні бар нәтиже алуға мүмкіндік беретін қабілеттілік; данышпандық пен кемеңгерлік – белгілі бір шығармашылық саласында айрықша өзгерістер тудыру.
Ғалым Б.М.Тепловтың түсіндіруінше: «Қабілеттердің дамуының табиғи негізін құрайтын нышандардың жыйнағы дарындылық деп аталады… Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке саласының туа біткен қасиетімен тығыз байланысты. Белгілі бір қабілеттіліктің дамуына себепші болатын жақсы нышанға тән қасиеттің бір белгісі – ондай қабілеттің арнауы педагогикалық шара қолдануды тілемей-ақ өз бетімен ерте көзге түсуі…»
Күнделікті ауызекі сөзде “қабілет” деген атауды біз жиі қолданамыз. Мәселен, мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың математика пәніне қабілеті күшті екенін айтады.
Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің музыкалық, үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырылады. Бұл мысалдар әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады. Мұндай ерекшеліктер іс- әрекетті орындау үстінде, әсіресе оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мәселен, біреу қолға алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды ал екіншісі оны өте баяу қимылдап, әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр.

Қандай да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Қабілет, ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді – дегенде теңдік деп адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттерінің бірдейлігін түсіндіреді. Бұдан біз адамдардың тең емес екенін білеміз. Қабілеттіктік өлшем – белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мәселен, кейбір мұғалімдер өз оқушыларының үлгеріміне көңілі онша тән қоймайды. Ол өз оқушысының бар мүмкіндігімен жұмыс істемейтіндігін айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса, бұдан гөрі жақсы оқи алар еді-ау деп қынжылады. Бұл жерде мұғалім қолынан істесе, іс келетінін, дағдыға тез машықтанғыш баланың, қажырлы әрекетке бойын жөнде ұсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай отырғанын айтып отыр.

Қабілет негізінен екіге бөлінеді.Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын кабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.

Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті, арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының ақын-жазушының т.б. қабілеттерін жатқызуға болады.Адам қабілеттінің дамуы қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына ғылыми-техникалық прогреске байланысты болып отырады.Мәселен капитализм қалыптасып келе жатқан дәуірде, ғылымның сан алуан салаларының дамуына буржуазия қоғамы кең өріс беріп отырды. Өйткені қауырт дамып келе жатқан капиталистік өндіріс барған сайын жаңа ғылыми білімдерді талап ете бастады. Мұның өзі білімді адамдардың көбейе түсуіне қолайлы жағдай туғызды.

Қабілеттің ең жоғарғы дәрежесін – талант деген сөзбен белгілейді. Талант – бір әрекетті творчестволықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі. Адамның таланты музыкада, әдебиетте, ғылымда, техникада т.б. әрекеттерде көрінеді. Таланттың дамуы еңбек ете білумен, еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты.Қабілет адамның әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайда бірге болады. Өйткені адамның белгілі әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен қатар бейімділік әрекеттің бір саласына, әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады. Балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктер оның келешек қабілетінің көрсеткіші болып та табылады. Мәселен, екі-үш жасар баланың музыка үніне қулағының елеңдеуі, онда музыкалық кабілетке байланыстн табиғи негіздің бар екендігін көрсетеді.

Педагогикалық қабілеттер — мұғалімнің педаготтік қызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даралық-психологиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы. Педагогикалық қабілеттердің мынадай түрлері сараланады: гностикалық (танып білу және одан ләззат ала білу), дидактикалық (түсіндіре білу, білім бере үйрете білу), коммуникациялық (қарым-қатынас, ынтымақтастық жасай білу), конструктивтік (оқу-тәрбие материалын іріктеп ала білу, жобалай, жасай білу), ұйыдастырушылық (шәкірттерін әр алуан қарекет түрлеріне еліктіріп, тарта білу, қатысушылардың бәрін біріктіріп, олардың мүдделерін қойылған мақсатты орындауға бағыттай білу), перцептивтік (баланың ішкі жан дүниесін ұғына білу, олардың сезімдері мен жай-күйін түсіне білу, эмпатияға қабілеттілік), болжамдаушылық (педагогикалық көрегендік жасай білу, педагогикалық қызметтегі өзара әрекеттестік нәтижелерін болжай білу), суттестивтік (мұғалімнің эмоциялық, ерік-жігерлік иландырушылық ықпалы, нық айтылған жігерлі сөзбен қажетті әсер нәтижесіне жете білу қабілеті), экспрессивтік (мұғалімнің өзінің білімі мен сенімдерін эмоциямен әсерлі етіп айтып жеткізе білуі, артистизмі, дауыс ырғағы, ым, ишара, оңтайлылық элементтерін жетік меңгеруі).

Ойлау қабілетінің бұзылуы

Ойлау қабілеті – объективтік шындықты жалпылама бейнелей білу, объктивтік шындықтың мызғымас заңдылықтарын, қасиеттерін бейнелей білу, түсініктер байланыстарын бейнелеу. Ойлау қабілеті жалпыдан жекедаралыққа көшу және керісінше жекедаралықтан жалпыға көше білуінің көпсатылы ауысуы.Оның мағынасы: адамның шындықты бейнелеу және өзгерту кезеңінде жаңа білімінің туындауы.Ойлау қабілетінің негізгі белгілері: объективтік шындық заттарын жанамалы тану; шындықты жалпылама бейнелеу; ойлау қабілеті әрқашан есеп шығарумен байланысты; ойлау қабілеті сөйлеу қабілетімен тығыз байланысты. Сөйлеу – ойлау қабілетінің құралы.Ойды сөзбен білдіру келесі кезеңдерден тұратын күрделі процесс: пікір білдіруге түрткінің болуы; ойдың пайда болуы, айтылатын сөздердің жалпы схемасымен жалғастырылуы; ойдың ашық айтылуы.

Ойлау қабілетінің бұзылу түрлері:

1) Ойлау процессінің бұзылуы

2) Ойлау қабілетінің патологиялық өнімдері

Психикалық аурулардың кез келген турінде, мейлі ол галлюцинация, мейлі сандырак немесе естің өзгеруі жә-не басқалары болсын ассоциациялық процестің кеселі пайда болады. Бүл такьірыпта жекелеген қабылдаулар, түсініктер мен ұғымдар арасындағы байланыстар түзі-луіндегі бүзылыстар ғана сипатталады; мұның өзі бүл бұзылыстар байланыстардың жылдамдауы мен баяндауына немесе олардын ретсіз жалғасуына әсерін тигізеді. Ассоциациялық процестің жылдамдауы — әрбір уақыт аралығында түзілген ассоциация мөлшерінің көбеюуі, олардың басталуының жеңілдеуі. Сонымен бірге үздіксіз пайда болған ой-пікір, пайымдау, ой қорытындысы неғұрлым үстіртін, кездейсок байланыс-тарға себепші бола түседі. Ойлау шектен тыс алаңдау-шылықпен, алаңдайтын идеялар жайында бейнелі түсініктердің басым болуымен сипатталады. Айқын байқалатын жағдайларда ойлаудың жылдамдауы идеялардың секірмелілігіне, ой-пікірлердің алай-түлей болуына дейін өзгереді. Бұл жағдайда ойлау та-кырыбындағы кесел, әсіресе, айтылған сөздін, кездейсоқ көзге түскен заттың сәйкес келуіне орай үнемі өзгеріп отырады.

Абілет теориялары

Қабілеттердің бірнеше концепциялары бар. 1. Тұқымқуалаушылық теориясында қабілетті дамуы мен көрінуі тұтастай және толығымен тұқымқуалаушылық қорына тәуелді биологиялық детерминді құбылыс ретінде түсінеді. Бұл ұстанымды белгілі адамның генеологиясы және энциклопедиялық сөздіктерге сүйене таланттың тұқымқуалаушылығын зерттеген Ф. Гальтон ұстанған. 2. Жүре пайда болған қабілеттер теориясы. 18 ғасырдағы Гельвецийдің тұжырымдауынша, тәрбие арқылы данышпандылықтың кез-келген деңгейін қалыптастыруға болады. Эшби бұл тұжырымды былай жеңілдетті, қабілет бұл тума бағдарламалар және жұмысқа деген қабілеттілік арқылы қалыптасады. 3. Негізінен Кеңестік психологияда дамыған қабілеттегі тума және жүре пайда болған диалектиканы нақтылаған үшінші концепция болды. Анатомо – физиологиялық ерекшеліктер ғана тума бола алады, ал қабілеттің өзі – қалыптасу нәтижесі. Қабілеттер іс-әрекетте қалыптасатындықтан оның мазмұнына және балаға іс-әрекеттер мен жетістіктер этолонын беретін ересектермен қарым – қатынасқа тәуелді. Осыны негізге ала отырып, П.Я. Гальперин қабілет интериоризация нәтижесі болып табылатындығын анықтаған

Еңбекке бейімділік және қабілет әрбір талант-тылықтың ең басты құрамасы болады. Әркім өзінің өмірін саналы түрде құруы үшін, өзінің қабілетін дұрыс бағалай білуі керек».
Біздің де пікірімізше, еш нәрсеге қабілетсіз адам жоқ. Тек жатып ішер жалқаулар ғана өз қабілетін жарқыратып тұрып көрсете алмайды. Белгілі бір істе адам өз қабілетін таныта алмаса да оны оған мүлдем жарамсыз деп санау – қателік. Адамның бір іске, өнерге деген қабілетінің оянатын, қалыптасып, дамитын, иесін атақ-абырой биігіне көтеретін кезі әрқилы. Тек үмітіңді үзбей, еңбектене біл

Пайдаланған әдебиеттер:

- «Медициналық психология» Илешова Р.Г. Алматы, «Эверо» 2009ж

- «Адамзат ақыл ойының қазынасы» 7 том: «Когнитивті психология» Алматы, «Таймас» 2006ж

- http://www.wikipedia.kz

- http://www.bigox.kz

- http://www.iskernews.kz

Наши рекомендации