Мектепке бөлінген студенттер.

Курс Биология әдіскері Макеева Алтынның №72 жалпы білім беретін мектепте өткізілген педагогикалық практика бойынша есебі

№ 72 мектеп гимназиясында 16.01.17 – 25.03.17 аралығында педагогикалық практика өткізілді.

№72 мектеп-гимназиясы Алматы қаласы, Әуезов ауданында, Сүлейменов көшесінде орналасқан. Мектеп директоры – Сариева Гүлзира Молдабайқызы., химия пәнінің мұғалімі – Садыкова Озипа Аскаровна. Жалпы оқушылардың саны –595. Сабақтар тек туске дейін оқытылады, 6,7,8,9,10,11 сыныптарда 2-ден параллель сыныптар бар.

1.Биология кабинетінде – препараторлық бөлме бар. Интерактивті тақта жұмыс істейді. Көрнекіліктер жеткілікті, материалдық базасы бүгінгі талапқа сай. Көрнекі құралдар өте көп.

мектепке бөлінген студенттер.

1. Ажмахан Диана

2. Белахмет Бауыржан

3. Каналбекова Гулнар

4. Қабылбек Эльнура

5. Қосылған Салтанат

6. Қожамберді Ұлжан

7. Қырғызбаева Әсел

8. Мұхамедова Шахидам

9. Нұралы Бану

10. Нуркина Гульнур

11. Нұрсәулет Қасиет

12. Тас Жарқын

13. Ырғынбай Айнара

Педагогикалық практика кезінде жалпы сынып бойынша өткізілген тақырыптар:

6– сынып:

  .        
Оттектің химиялық қасиеттері.Көрсетілім 3.1 Дьюар ыдысы, фотосинтез процесі Физика пәнімен 15.01 § 24 1-5 есеп
Жану және баяу тотығу.Оксидтер. Жану өнімдер, реагенттер   20.01 §24 §23
Озон. Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі Аллотропия. Озон. Озанатор   22.01 §25 1-5 есеп
Есептер шығару     27.02 §27 1-5 есеп
Ауа газдар қоспасы Инертті газдар Физика пәнімен 29.02 §26 оқу
Есептер шығару. Авагадро заңына, тығыздық, көлем.   Математикамен байланыс. 03.02 8« Ә» §.22-29 № 1-5 е. 58-78 беттер
№ 3. Бақылау жұмысы     05.02 8« Ә» §28. 78 бет № 1-5 есеп
Сутек-химиялық элемент. Сутектің табиғатта алынуы және таралуы. Көрсетілім№4.1, 4.2 Зерт.тәжірибе 5 Сутек жай зат. Табиғаттағы сутек пен оттекті салыстыру. Зерт.тәжірибе Мырышқа қышқылмен әсер етіп сутек газын алу. 207 бет 10.02 8« Ә» §30. № 1-5 есеп 82-85 беттер
Сутектің физикалық қасиеттері, химиялық қасиеттері және қолданылуы. Ең жеңіл газ. Оттек пен сутектің қасиеттерін салыстыру. 12.02 8« Ә» §31 № 1-5 есеп 85-86 беттер
Химиялық элементтердің тотығу дәрежесі. Формула бойынша химиялық элементтердің тотығу дәрежесін анықтау. Оң тотығу дәрежесі.Теріс тотығу дәрежесі. Қауіпсіздік ережелерін сақтау. 17.02 8« Ә» §66. № 1-5 есеп 174-177 беттер
Тотығу тотықсыздану реакциясы Тотықтыр-ғыш. Тотықсыздандырғыш   19.02 8« Ә» §67 № 1-5 есеп 178 бет
Есептер шығару   Математика пәнімен байланыс. 24.02 8« Ә»   §34 № 1-5 есеп
Сутек ТТР тақырыбы бойынша №4 Бақылау жұмысы Сандық есептер Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер. 26.02 8« Ә» §30-34 №7(2,4,6,8,10) 94 бет
Су адам өмірінде. Табиғаттағы су. Су табиғатта. Судың табиғаттағы маңызы. Биология мен география 3.03 §36 1-5 есеп
Су-еріткіш. Сулы ерітінділер Ерітінді. Еріген заттар.   5.03 §37 1-5 есеп
Еріген заттардың массалық үлесі Массалық үлес. Алгебра пәнімен 10.03 §38 1-5 есеп
50. № 3 Сарамандық жұмыс   Ерітінді даярлау 12.03 Оқулықтағы 209 бет
Судың құрамы.Физикалық және хим.қ қасиеттері Синтез. Анализ. Жаратылыстану пәндері 17.03 §39-40 1-5 есеп
Су тақырыбына есептер шығару Сілтілер. Металл гидриді Алгебралық тәсілдер пайдалану 19.03 §36-41 Есеп.

9-сынып:

Алюминий және оның маңызды қосылыстары. Қазақстанда алюминий және оның құймаларын өндіру. Алюминаттар. Көрсетілім №3.5 13.01 9«Б» §39.№ 1-5 есеп. 131-135 беттер    
Темір және оның қосылыстары. Биологиялық маңызы бар. Көрсетілім №3.6 Зерт.тәжіри-бе 6 17.01 9 «Б» §.40.41. .№ 1-5 е. 132-137 беттер    
Есептер шығару.   Математика пәнімен 20.01 9« Б» §28-41. оқу    
Сандық есептер шығару     24.01 9« Б»    
Металдар жіне олардың қосылыстарының Қазақстандағы маңызды кен орындары.   География пәнімен 27.01 9« Б» §.33 111-114 беттер  
Металдар және олардың құймаларының жемірілуі.     29.01 9« Б» §.32. 108-111 беттер    
Есептер шығару     10.0 қайталау
Сандық есептер шығару   Математика пәнімен 11.02 §.33-41
Бейметалдар, металдар және олардың қосылыстарының генетикалық байланысы     17.02 қайталау
3 практикалық жұмыс. Металдар тақырыбы бойынша эксперименттік есептер шығару.     21.02  
Тақырып бойынша есептер шығару     24.02  
Бейметалдар мен металдар бойынша тақырыпты қорытындылау.     29.02  
Бақылау жұмысы № 3     3.03    
Органикалық химия- көміртек қосылыстарының химимясы Органикалық химия, қаныққан, қанықпаған Биология 7.03 §43 1-5 есеп  
Органикалық заттардың құрылысы. Изомерия Изомерия, метан, этан, нормаль гомологтар Көрсетілім 4.1 10.03 §44 1-5 есеп  
Көмірсутектердің жіктелуі. Қаныққан көмірсутектер.Метан   Көмірсутектер. Дара, қос жіне үш байланыстар. Көрсетілім 4.2 14.03 §45 1-5 есеп  
Қанықпаған көмірсутектер. Этилен Құрылысы, қасиеттері, табиғатта таралуы. География пәнімен 18.03 §46-47 1-5 есеп  

10 – сынып:

Металдардың химиялық қасиеттері Иондар, катиондар Физика пәнімен 15.01 §54 1-5 есеп
Металдар мен бейметалдардың және олардың қосылыстарының табиғаттағы таралуы Электртеріс атом   17.01 116-118 бет
Тірі ағзалар тіршілігіндегі металдаврдың биологиялық маңызы   Биология пәнімен 22.01 §52 1-5 есеп
Сандық есептер шығару     24.01 1-10 есеп
Есептер шығару   Математика пәнімен 29.01  
Маңызды S- элементтердің периодтық жүйедегі орны. Құрылысы, қасиеттері   31.01 §6.1 1-5 есеп
Кальций мен магний және олардың қосылыстары     7.02 §6.6 1-5 есеп
Судың кермектілігі және оны жою жолдары   География пәнімен 12.02 §6.8 1-5 есеп
Сандық есептершығару     14.02  
Праграммалық жұмыс №1     19.02  
Д-элементтердің периодтық жүйедегі орны Д-элементтер   21.02 173-бет. Оқу
Мыс, мырыш олардың қосылыстары. Мыс және мырыш элементтері Тарих пәнімен байланыс 26.02 §7.1 ,7.2, 1-5 есеп
Темір және оның қосылыстары   Тарих пәнімен байланыс 28.02 §7.4 1-5 есеп
Хром және олардың қосылыстары   География пәнімен 05.03 §7.3 1-5 есеп
Сандық есептер шығару   Математика пәнімен 07.03 §9.5 1-5 есеп
Коррозия және оның түрлері     12.03 §5.6 139-бет
Практикалық жұмыс     14.03 7-тарау
Бақылау жұмысы №3     19.03 Қайталау
               

11-сынып:

Фенолдар,құрылысы алу жолдары. Аренолдар, фенил радикалы   17.01 §8.5 1-5 есеп
Альдегидтердің алыну, құрылысы. Кетондар Метаналь, этаналь   18.01 §9.1 1-5 есеп
Корбон қышқылдары,алу жолдары Корбоксил тобы Атом моделі. 24.01 §9.3 1-5 есеп
Карбоксил қышқылдарының қасиеттері.Қолданылуы. Сутектңк байланыс Биология пәнімен байланыс 25.01 §9.6 1-5 есеп
Бір негізді қанықпаған қышқылдар Акрил қышқылдары Сандық есеп 31.01 §9.8 1-5 есеп
№3 Практикалық жұмыс     01.02 331 - бет
Жай және күрделі эфирлер     07.02 §10.1 -10.2
Майлар құрамы алынуы Майдың құрамы,глецеридтер   08.02 §10.3
Сабын және синтетикалық жуғыш заттар. Беттік белсенді заттар   14.02 §10.4
Сандық есептер шығару   Алгебралық тәсілдер қолдану 20.02 §10.01
Көмірсулардың жіктелуі   Биология пәнімен 21.02 §11.1
Моносахариттер,глюкоза,фруктоза Фотосинтез процесі   22.01 §11.1 оқу
Дисахариттер,сахороза,лактоза Оттек көпіршесі   28.02 §11.2
Полисахариттер,крахмал Коолойд ерітінді Биология пәнімен 01.03 §11.3
Целлюлоза,оның қасиеттері Визкоза целлюлоза   07.0 §11.3
№4 Практикалық жұмыс     10.03 333-бет
Сандық есептер шығару     14.03 228-244 бет
Бақылау жұмысы №4     18.03 Қайталау

3.Сабақта әртүрлі әдістерді пайдаланып көпшілігінде дәстүрлі әдісті қолдандық, онда баяндау, көрнекілік, практикалық, одан да басқа топпен жұмыс, танымдық, проблемалық ішінара – зерттеушілік түсіндірмелі иллюстрациялық, әдістерді пайдаландық.

4.Оқушылардың білімі мен білігін тексеру үшін оқушыларға таратпа қағаздар тараттық, сөзжұмбақ шештірттік, бақылау жұмысын нұсқаға бөліп бақылау алдық, оқушыларға деңгейлік тапсырмалар бердік, тапсырма сұрақ бойынша ауызша тексерілді.Жеке ауызша тексеруден басқа сандар сөйлейді атты сұрақтар, салыстыруға арналған сұрақтар, себеп – салдар байланысын анықтауға арналған сұрақтар, жалпылауды талап ететін сұрақтар, дәлелдеуді талап ететін сұрақтар. Білім мен білікті жазбаша тексеру түрлері:

Жазбаша тексеру түрлері бойынша:

- Графикалық диктант;

- Терминологиялық диктант;

- Сигналдық карточкалар;

- Кесте арқылы тексеру;

- Мылқау суреттерді қолдану (бұл әдістер семинар кезінде талданатын болады);

- Тест тапсырмалары т.б. бойынша жұмыстар жүргізілді.

Өзіндік жұмыстың мынадай негізгі түрі бойынша жұмыстар жүргізілді:

1.Кітаппен жұмыс.

2.Жаттығу.

3.Зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды орындау.

4.Өзіндік тексеру жұмыстары, бақылау жұмысы, химиялық диктанттар.

5.Баяндама, реферат дайындау.

6.Үй тәжірибесі, бақылау.

7.Техникалық модельдеу және құрастыру.

Шығармашылық өзіндік жұмыстарды мынандай формаларда ұйымдастырдық. Мәселен:

1. Тәжірибелік жұмыстар;

2. Бақылау жұмыстары;

3. Тақырыптық сынақтар;

4. Рефераттар жазу және қорғау;

5. Қолданбалы сипаттағы тапсырмаларды проблемалық шешу.

Оқушылардың эксперименттік білігі мен дағдылары, тәжірибелер және сарамандық жұмыстар кезінде тексерілді. Ол үшін студент-практиканттар тәжірибенің мазмұнын талдап, оқушыларда болуға тиісті біліктілер мен дағдылардың тізбесін алдын – ала жоспарлауға тырысты.

Оқушылардың білігі мен дағдысын жаппай тексеру бақылау сарамандық жұмыстарында жүзеге асырылады. Тапсырма түрінде берілді. Оқулық және оқу құралдарын пайдалануға рұқсат етілмейді. Тексерілетін біліктер мен дағдылар: 1) тапсырманы орындаудың жоспарын жасау; 2) есептің теориялық бөлігін шешуі; 3) қажетті сызба нұсқаларды, құралдың суретін сызуы; 4) керекті жабдықтарын іздеп табу және тиімді пайдалануы; 5) тәжірибені жасауы, бақылауларын жазу реті; 6) түсіндіру және қорытынды жасауы; 7) қауіпсіздік ережелерін сақтауы; 8) жұмыс орнын таза ұстауы; 9) жұмыс орнын тәртіпке келтіруі; 10) жазбаша жауап бойынша бағалады.

5.Жалпы әрбір студент практиканттың өткізілген сабақтарының саны 12-15 оның ішінде сынақ сабағы біреу. Дәстүрлі емес жаңа технология сабақтары да ұйымдастырылды. Сабақ үстінде әр түрлі дидактикалық материалдарды пайдаланды, пәнаралық байланысты қамтыды, интерактивті тақтаны пайдаландық.

Ашық сабақтарында, жоспар құруда, сабақты түрлендіруде, жүргізілген тәрбие жұмыстарында өздерінің біліктілігін көрсете алады.

Студенттің өткізген сабақ саны:

1. Ажмахан Диана 12

2. Белахмет Бауыржан 15

3. Каналбекова Гулнар 15

4. Қабылбек Эльнура 8

5. Қосылған Салтанат 7

6. Қожамберді Ұлжан 15

7. Қырғызбаева Әсел 12

8. Мұхамедова Шахидам 15

9. Нұралы Бану 15

10. Нуркина Гульнур 9

11. Нұрсәулет Қасиет 12

12. Тас Жарқын 7

13. Ырғынбай Айнара 10

8.Студент – практиканттар биология пәнінен 6,7,8,9,10,11 сыныптар бойынша сабақ жүргізді. Олардың ішінде өздерінің білім деңгейлерінің жоғары дәрежеде екендігін көрсеткен Қожамберді Ұлжан, Мұхамедова Шахидам, Белахмет Бауыржан атап өтуіме болады.

9.Мына төмендегі студенттер биология пәнінен 6-11 сыныптар аралығында ашық сабақтар өткізді:

Қожамберді Ұлжан 6 «А», §36.түрлі технологияны пайдалана өтті. Аудио және видео записі бірге папкаларында тіркелген.

10.Кейбір студенттер педагогикалық практика кезінде қиыншылықтарға тап болды. Соның ішінде Қосылған Салтанат, Тас Жарқын, Қабылбекова Эльнура, Қырғызбаева Әсел атап кетуге тура келеді. Сабақ беру барысында өзінің білім дәрежесінің өте төмен екендігін байқатты. Осыған байланысты сабақ жүргізуге де қиналды. Негізгі себебі жаңа сабақта өтілетін материалдың мазмұнын толық дәрежесінде білмегендіктен, теориялық білімінің таяздығын ойын жинақтап жеткізе алалмауында. Әсіресе, алғашқы сабағында бір жүйеліктің болмауынан сабақтың құрылымдық кезеңдерін бөлімдерін ажырата алмай қиналды. Ең негізгі кемшіліктерінің бірі – оқушылар мен тікелей алмасу қарым –қатынасының болмауы. Екіншіден барлығы да уақытты дұрыс үнемдей білмейтіндіктері. Үшіншіден, өткен материалды еске түсірместен, яғни қайталау жұмыстарын жасамай бірден жаңа материалды түсіндіруге көшетін жағдайдың кездесуі. Төртіншіден тек оқулықтағы бар материалдармен ғана шектеліп қалатындықтарынан. Бесіншіден жаңа сабақты түсіндіру барысында материал мазмұнының қорытыланбай қалуынан.

11.Педагогикалық практикадан өтпей қалған студент жоқ.

12.Сыныптан тыс жұмыстар мен сынып жетекшілік тақырыптары мына бағытта жүргізілді. Мысалы:

- «», «Ұстаз ұлы тұлға» атты кештер ұйымдастырылды.

- Іс – шаралар: мектепішілік «Жақсылық жасай білейік», «Ауған ақиқаты», «Дос іздесең, өзің жақсы дос бол», «Ата-анамды ардақ тұтамын», «Абайдың қара сөзі – тәрбие көзі», «Әйел жаны – нәзік», «Наурыз – ұлы мереке» тәрбие сағаттары мен диспуттар ұйымдастырылды. Қожамберді Ұлжан 8 «А», Мұхамедова Шахидам, Тас Жарқын 10 «А» - «Қайырымдылық – ізгілік жолы», «Мұражай – өткен күндерді еске салады», «Ленинград қоршауда қалғанына 70 жыл». Ырғынбай Айнара 11 «А» - «Сөйлеу мәдениеті», «Жақсылық жасай білейік», «Ауған соғысы». Ажмахан Диана 8 «Б» - «Интернет не үшін қажет». Қабылбек Эльнура 9 «Б» - «Ауған соғысының жаңғырығы». Қырғызбаева Әсел 6 «Б» - «Мұражай өткен күндерді еске алады». Нұрсәулет Қасиет 6 «А» - «Жақсылық жасай – білейік», Нұралы бану 9 «А» - «Ленинград қоршауда қалғанына 70 жыл», – «Сөйлеу мәдениеті», Азизбекова Ақерке – «Интернет не үшін қажет?» т.б. бойынша ашық тәрбие сағаттар мен дөңгелек үстелдер және диспуттар, пікір сайыстар өткізді.

- Содай-ақ 10, 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді (хаттама өткізілді).

Жалпы айтқанда, студенттер бұған дейін активті педагогикалық практика өтпегендіктен көптеген қиындықтарға ұшырады.

Сонымен бірге, студент – практиканттар оқу – тәрбиелік тапсырмаларды орындау кезінде сынып жетекшілік жұмыстарды да атқарды. Әрбір сейсенбі күні бірінші сабақ тәрбие сағатын өткізіп отырды және мектепішілік тәрбиелік іс – шараларға араласты. Ең негізгісі №72 мектеп ұйымдастырылған «Білім кілті мектепте» атты ғылыми – практикалық конференцияның жұмыстарын жүргізуде толықтай қатынасты.

Менің айтайын дегенім – бұл конференцияда практиканттар өздерінің теориялық білімін, кәсіби мүмкіндіктерін көрсетті.

12 -13.Психолог п.ғ.к., доцент Абишева Ж.А. және доцент Қиясова Б.А. алғашқы күннен бастап студенттерге педогогикалық-психологиялық тұрғыдағы тапсырмаларын берді. Психолог және педогог сабақ талдауға бірнеше рет қатысты. Сонымен бірге педогогтар мен психологтар әрбір студент – практиканттың жүргізген сабақтарына қатысып, талдау жасап отырды. Сондай – ақ студент практиканттардың ашық сабақтары мен химиялық кешіне қатысып, өз пікірлерін білдірді. Бұның студент – практиканттар үшін беретін пайдасы көп. Олар сабақта талдау жасау арқылы, өзінің немесе әріптестерінің қызметтегі жетістіктері мен кемшіліктері бақылауға оны түзетуге үйренді.

Оқу процесін дұрыс деңгейде көрсету үшін әрбір студен өтілетін тақырыпқа сай оқыту әдістерін үнемі дұрыс таңдап отыруға тырысты. Көпшілігінің уақыты күнделікті сабақ жоспарын жасауда, әсіресе сабақтың құрылымын анықтауға, сабаққа қажетті көрнекілікті дайындауға және де қосымша әдебиеттер іздестіруге жұмсалды.

10-шы сыныпқа бөлінген студенттер барлығы жаңа оқулықтардағы терминдерді түсінбейді, сол себепті оқушыларға тақырыптағы материалдардың мазмұнын жеткізуде қиындықтар туындағаны белгілі және де айта кететін мәселе ол химия пәні болғандықтан, пәнге арналған әдістеме құралының жоқтығы.

Қазіргі таңда мектептегі биология пәні оқушының таным белсенділігін арттыратын өзіндік ізденісін қалыптастыратын, логикалық ойын жетілдіруге мүмкіндік беретін, күнделікті тіршілік етуге қажетті биологиялық білім мен біліктілікті саралауды қажет етеді десек, жоғарыда айтылған деректерге осы оқулықтарды пайдалана отырып, оқушыларға биология пәнінің қиындығын жеңіп, түсінуге тиімді жақтарын атап, көрсету керек.

Оқушылар мектепте алған биологиялық білімдерін өздерінің практикалық өмірлерінде белсенді қолдана білулері керек, сондықтан тек білім ғана емес, оны қолдану әрекеттерінде алуға ынталандыру жағын ойластыру қажет. Жоспардағы көрсетілген сағат санына сиғызу мүмкін емес. Әр пән бойынша оқу әдістемелік кешенді үйлестіруші негізгі элементі – бағдарлама болып табылады. Оқу бағдарлламасы әр пәннің мазмұнын, меңгеруге қатысты білім, білік және дағды көлемін, сондай – ақ, тараулар мен тақырыптар мазмұны мен оларды оқу жылдарына бөлуді анықтайды. Осының ішінде тақырыптық жоспар мүмкін реті бойынша сыныптарға бөлінген, тақырыпты оқытуға арналған сағат саны көрсетілген, курс материалдарының тақырыптар тізбесінен тұрады.

Қорыта келе айтарымыз, ақпараттық көлемін ұлғайта отырып, негізгі хабарды қысқартуда әдістемелік тұрғыдан тиімсіз. Мұндай жағдайда оқушы қайта жаңарту үшін негізгі мәселені ұға алмайды, бұдан олардың оқуға, пәнге қызығушылығы төмендеп, мәтінді түсінуге сенімін жоғалтады.

Дегенмен, педогогикалық практика кезінде студенттердің көп нәрсе үйренуіне мүмкіншіліктер болды. Атап айтсақ, сабақ беруге, ата-анамен, оқушылармен жұмыс жасауға үйренді.

Діскер, жаратылыстану

Наши рекомендации