Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі

Жоспары:

1. Мектептегі тәрбие жүйесі мектептің біртұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылым

2. Тәрбие жүйесін құру және дамыту міндеттері

3. Тәрбие жүйесінің компонеттері, олардың өзара әрекеттесуі

5. Қазіргі мектептегі тәрбие жүйесі мазмұнының проблемалары

6. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар

7. Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары және оның қызметі

Жүйе құраушы маңызды факторлардың бірі, педагогикалық жүйенің қызметінің бастау көзі – оқушы тұлғасының үйлесімді дамуы, оның өзін-өзі айқындауына бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен әрекетінің мақсаты болып табылады. Мектептің мақсаты – тұлға қасиетінің ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық еңбек, экологиялық, құқықтық және басқа да базаның мәдениетін қалыптастыру. Жалпы мақсаттар оқу-тәрбие процесінің жекелеген бағыттары бойынша нақтыланады. Басқарудың тиімділігін арттырудың ең басты белгісі мектеп басшылығының, мұғалімдердің, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының жекелеген мақсаттарды белгілей алуы және белгілі бір уақыт кезеңінде оны жалпы мақсатпен үйлестіріп, реттеп отыру.

Педагогикалық жүйенің қызмет етуінің әлеуметтік-педагогикалық және уақыттық шарттары. Педагогикалық жүйенің қызмет етуінің әлеуметтік-педагогикалық шарттары деп оның ахуалы мен дамуының тұрақты жағдайын айтамыз. Мектепті басқарудың шарттары жалпы және арнайы деп екі топқа бөлінеді. Жалпы шарттарға әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлттық, географиялық шартарды жатқызуға болады. Ал арнайы шарттар – оқушылардың әлеуметтік-демографиядық құрамы; мектептің орналасқан жері (қалалық, аудандық); мектептің материалдық мүмкіндігі; қоршаған ортаның тәрбиелік мүмкіндігі сияқты компоненттерден құралады. Педагогикалық процестің тиімділігің маңызды көрсеткіші педагогикалық және оқушылар ұжымдарындағы моральдық психологиялық ахуалдың сипаты, оқушылар ата-аналарының педагогикалық деңгейі болмақ.

Педагогикалық жүйенің уақыттық сипаты балалардың дербес-психологиялық дамуы және жас ерекшеліктеріне сәйкес өзара тығыз байланысты үш кезеңнен тұрады. Ол жалпы ұзақтығы он бір жылды құрайтын жалпы білім беретін мектептің үш сатысын (бастауыш – 1-4; негізгі орта – 5-9; жоғары – 10-11 сыныптар) құрайды. Жалпы білім берудің әр сатысы өзіндік міндеттерді шешуге бағытталғанымен ол бала тұлғасын дамыту деп аталатын ортақ міндетке жұмылдырылады. Оқытудың бір сатысынан екінші сатысына өту дербестігі – тұлғалық дамуда елеулі секіріс болып табылады.

Жүйе құраушы факторлар, әлеуметтік-педагогикалық және уақыттық шарттар құрылымдық бақылау мен функциялық компоненттердің ерекшеліктерін айқындайды.

Педагогикалық жүйенің құрылымдық компоненттері.

Кез келген әлеуметтік жүйеде басқарудың жеке немесе ұжымдық субъектісі шешуші рол атқарады. Мектептің педагогикалық жүйесінің құрылымдық компоненттері айқындалатын негіз педагогикалық ұжым және оның басшысын немесе жүйені басқарушының әрекеті болмақ. Практикалық істерді талдау және арнайы зерттеулер педагогикалық ұжымның алға қойған мақсатына өз функцияларын кеңейту арқылы ғана емес, сонымен бірге ол функциялардың мүмкіндігін сарқа пайдаланып, оларды үйлестіру арқылы жетуге болатындығын көрсетеді. Осыдан келіп басқару жүйесінің деңгейі проблемасы туындайды. Көптеген мектептердің басқару жүйесінің құрылымы басқарудың төрт деңгейінен тұрады.

Бірінші деңгей – ұжым сайлаған немесе мемлекеттік орган тағайындаған мектеп директоры; мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестік басшылары.

Екінші деңгей – мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психология, әлеуметтік педагог, аға тәлімгер, мектеп директорының әкімшілік-шаруашылық істері бойынша көмекшісі, сонымен бірге өзін-өзі басқарушы бірлестіктер мен органдар.

Үшінші деңгей – оқушылар мен ата-аналарға, балалар бірлестіктері, сабақтан тыс үйірмелерге қатысты басқару қызметін атқаратын мұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері.

Төртінші деңгей – сыныптық және жалпымектептік оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесіне басшылық жасайтын оқушылар. Бұл деңгей мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының сипатын айқындайды. Оқушы ол қарым-қатынастың объектісі болуымен бірге өз дамуының субъектісі де болады.

Бұл келтірілген өзара қарым-қатынастар тізбегінен аңғаратынымыз, әрбір төменгі деңгейдегі басқару объектісі бір мезгілде өзінен жоғары деңгейдегі басқарудың объектісі болады.

Басқару жүйесінде оқушылар ұжымы негізгі орын алады, оны да жалпымектептік ұжым және сыныптық ұжым деп басқарудың екі деңгейіне топтастыруға болады. Ал көлбеу бағыттағы басқару жүйесі оқушылардың қоғамдық ұйымдары, спорт секциялары, шығармашылық бірлестіктер, үйірмелер деп жіктеледі. Басқару жүйесі оқушылар қатысатын іс-әрекеттің көптүрлілігі мен біртұтастығын (оқу, ізденушілік, спорт, көркем-эстетикалық, қоғамдық пайдалы еңбек) танытады.

Тұтас педагогикалық процестің құрылымдық компоненті ретінде мазмұн білім беретін мекеменің (мектеп, лицей т.б.) алдына қойған мақсатымен айқындалады. Ал педагогикалық және оқушылар ұжымының оқу-тәрбие процесі мазмұнының өзгеруі мемлекеттік білім стандарттары негізінде реттеледі.

Қазіргі қоғамға тән білім беру процесін ізгілендіру, дербестендіру және дифференциялау, мәдениеттанушылық сипат беру бағыттарын іске асыру балалар мен жасөспірімдерді оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен түрлерін пайдаланудың ерекшеліктерін айқындайды. Бұл бағытта ұжымдық және топтық жұмыс түрлерімен бірге дербес жұмыс түрлеріне де баса мән беріледі.

Педагогикалық әрекеттегі басқару жүйесінің басқарылушыға ықпал жасау әдістері де айқын болуы тиіс. Оның тиімділігі – қолданған әдістің нақты педагогикалық жағдайға сәйкестілігіне байланысты.

Тұтас педагогикалық процестің ұйымдастыру әдістері жүйенің ұйымдық, функционалдық және ақпараттық бірлігін тоқтатуы тиіс. Сондықтан мұғалім сендіру, жаттығу, бақылау және өзін-өзі бақылау, ынталандыру сияқты тәсілдермен бірге ақпарат жинау және оны талдау, дербес дамудың диагностикасын жасау, түзету және т.б. сияқты әдістерді де игеруі тиіс.

Сонымен, аталған жүйе құрайшы факторлар педагогикалық процесті ұйымдастырудың ішкі құрылымының өте күрделі екендігін танытады. Сонымен бірге әрбір компонентті алға қойған мақсатқа, қалыптасқан нақты жағдайға байланысты дер кезінде реттеп отыруды қажет етеді.

Аталған компоненттер өз бетінше өмір сүрмейді, олар мұғалім әрекетімен тығыз байланысты болады да педагогикалық жүйенің функционалдық компоненттерін құрайды. Функциялық компоненттердің негізіне педагог әрекетінің процесінде туындаған тұрақты базалық құрылымдық компоненттер түзеді. Ал функциялық компоненттер педагогикалық процестің қозғалысын, өзгерісін танытып, оның даму қисынын айқындайды.

Мектептік тәрбие процесі- бұл тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара жүйелі, үздіксіз әрекеттесу процесі. ТП – комплекстік процесс, тәрбиелік жұмыстардың мақсаты, мазмұны, формаларымен әдістерінің бірлігін білдіреді. Жеке тұлғаның сапалы қалыптасуы кезектесіп жасалынбайды, бір уақытта болатындықтан педагогикалық ықпал ету комплексті сипатта болады. Қалыптастыру кезінде бір қасиеттер екінші қасиеттердің дамуына ыңғайлы әсер етіп отырады. ТП –нің комплекстік сипаты бірқатар маңызды педагогикалық талаптардың ұстанымын, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы өзара әрекетті мұқият түрде ұйымдастырылуын талап етеді. ТП –не нәтежиелердің бірмәнді және анық болмауы да құбылыс. Жағдайлар бірдей болғанда да нәтежиелер бөлектеніп тұрады. Бұл мына субьективті факторларға байланысты: тәрбиеленушілердің жеке өзгешеліктерінің көптігі, олардың әлеуметтік нәтежиелері, тәрбиеге деген қатынастары.

ТП –екіжақты сипатымен ерекшеленеді. Олар тәрбиешіден тәрбиеленушіге (тікелей байланыс) және тәрбиедленушіден тәрбиешіге қарай (кері байланыс). Процесті басқару негізінен кері байланыс арқылы құрылады, яғни тәрбиеленушілерден түсетін ақпараттар арқылы ерекшеленеді. Осы кері байланысты тәрбиеші неғұрлым көп пайдаланса, соғырлым тәрбиелік әсер де жоғары болады. Мектепте тәрбие жұмысын мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері және мұғалімдер ұйымдастырады, олардың әрқайсысы атқаратын қызметіне сай белгілі бір міндеттерді жүзеге асырады.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-ересектер мен балалардың тірбие іс-әрекетін бағыттай білетін және ұйымдастыратын мектеп әкімшілігінің өкілі бола отырып, мынадай қызмет түрлерін атқарады: 1. Талдау, бақылау. 2. Ұйымдастыру – басқару.

Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары оқу-тәрбие жұмыстарының дұрыс ұйымдасуына жауап береді, оқу бағдарламаларының, сабақтың сапасына, оқушы біліміне, оқу-тәрбие жұмысының барысын бақылауға, тапсырманың дұрыс берілуін реттейді, сабақ кестесін жасап, оқу-тәрбие жұмысы туралы мектептің есебін жасайды.

Сыныптан, мектептен тыс жұмыстың тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыруға, қоғамдық жұмыстың сапасына, пайдалы еңбекке, тәрбие жұмысының барысына, сыныптан тыс жұмысты іс жүзіне асыруға, тиісті мекемелермен іскерлік байланыс жасайды.

Атамекен жұмысын басқарушылар оның бағдарламаларына байланысты шығармашылық топтармен жұмыс істейді. Творчестволық одақтар мен ұйымдармен жұмыс істеп әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүрлерді оның негіздерін үйренеді, бақылайды. Онымен тәлімгер мұғалім айналысады.Сынып жетекшісі- белгі бір сыныптағы оқушылармен тәрбие жұмысын жүргізуге жауапты тұлға ретінде мынадай қызмет атқарады. Жүйелі – ұйымдастыру, тәрбиелеу, білім беру дамыту, ынталандыру, бағалау, жобалау, қорғау, түзету, диагностика жасау. Көрсетілетін қызмет түрлері сынып жетекшісі іс-әрекеттерінің негізгі бағыттарын анықтайды:

1. Сынып ұжымын ұйымдастыру.

2. Сынып ұжымының және жекеленген оқушылардың оқу жұмыстарын ұйымдастыру.

3. Сынып ұжымының оқудан тыс уақытындағы өмірін ұйымдастыру.

4. Оқушылардың тұлғаларына педагогикалық-психологиялық диагностика жасау.

5. Ата- аналармен жұмыс.

6. Жұртшылықпен жұмыс.

Негізгі әдебиеттер:2,3,5,6,18.

Қосымша әдебиеттер:1,3,5,6,9,

Дәріс

Наши рекомендации