Мониторинг – баланың дамуын бақылау үдерісі ретінде

Бұзылуы бар балаларды оқытуды және сабақты ұйымдастыру – өте қиын және аса маңызды міндет болып саналады. Ауытқуы бар балалардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін ескеріп бағдарламаны бейімдеу, әрдайым дәл болмайды. Кейде бейімдеудің қолданылатын тәсілдері жағымды нәтижелерді бұзады; кейде нәтижелер үміттерге сәйкес келмейді. Сондықтан, бейімдеудің көмегі арқылы алынған нәтижелер міндетті түрде мониторингілеуге ұшырайды.

Мониторинг– бұл бір немесе бірнеше баланың қаншалықты дамитынын немесе қаланған дағдыларды меңгергенін бақылау үдерісі.

Мониторингтің мақсаты - баланың білім беру бағдарламасын меңгеру дәрежесін анықтау және білім беру ұйымында ұйымдастырылатын білім беру үдерісінің баланың дамуына әсерін анықтау.

Мониторингтің нысаны ретінде, баланың физикалық, интеллектуалды және тұлғалық сапалары алынады.

Мониторинг екі компонентті қамтиды: білім беру үдерісін мониторингілеу (білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижесін бақылау); балалар дамуын мониторингілеу (негізгі жалпы білім беру бағдарламасы курсын аяқтағаннан кейін, баланың интегративті сапаларының дамуын бағалау негізінде жүргізіледі).

Мониторингтің формалары: балаға бақылау жасау; әңгімелесу; сараптамалық бағалау; тесттік емес типтегі критерийлі-бағдарлаушы әдістемелер; критерийлі-бағдарлаушы тестілеу; скрининг-тестілер.

Мониторинг екі деңгейде жүзеге асырылады:

Біріншіден, балалардың іс-әрекеттің бейімделген түрлеріне және сабақтарға қатысуына үнемі мониторинг жүзеге асырылады.

Мониторингтің екінші деңгейі, балалардың біліктерді, өзара әрекеттестік модельдерін меңгеру мен қолдануды қамтиды.

Мониторингті күн сайын, апта сайын, әрбір екі апта сайын жүргізуге болады. Мониторингтің жиілігі баланың дамуының жылдамдығына және бақыланатын біліктерге байланысты болады. Егер бала жеткілікті жедел дамымайтын болса, онда мүмкін, педагогтарға бағдарламаға өзгеріс енгізуге тура келеді.

Балалардың дамуына мониторингті табиғи ортада, олардың күнделікті сабақтары барысында және өзара әрекеттестігінде жүргізу қажет. Мониторингке арналған ақпарат бақылау арқылы, тұрақты жазбаларды жүргізу, ата-аналар мен мұғалімдердің пікірлерін айқындау арқылы жинақталады. Кейде ол үшін тестілер қолданылады.

Бағалау үшін баламен жиі және ұзақ өзара әрекет ететін адамдармен жүргізілген сұхбаттар және бақылау қолданылады.

Білім беру ұйымының қызметкерлері, мониторинг жолы арқылы бағалау үдерісіне қатысады. Команданың басқа мүшелерімен бірлесіп, олар бағалауға арналған ақпаратты бақылау немесе басқа тәсілдер арқылы жинайды. Олар сонымен бірге, оқыту мен тәрбие бағдарламасына енгізілген қажетті өзгерістерге қатысты шешім қабылдауға қатысады. Осындай өзгерістер енгізілсе, педагогтар оларды тәжірибеде, балаларды оқыту және тәрбие үдерісінің барысында жүзеге асырады.

Диагностиканың ажырамас құрамдасы ретінде, мүмкіндігі шектеулі баланың даму динамикасын бағалау, оның жетістіктері туралы мәліметтерді жинау (оқушылар жұмысы, педагогтардың бақылау нәтижесі, бақылау қағаздары, тест нәтижелері) алынады.

Осылайша, ерекше білімділік мұқтаждықтары бар оқушылардың білімдері, біліктері және дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау, оқытудың жағымды мотивациясын қамтамасыз ету, оқушыларға жеке жетістіктері туралы ақпарат беру, мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетінің тиімділігін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.

Наши рекомендации