II Бастауыш мектеп жасындағы ПДТ балалардың ойлау ерекшеліктерін дамытудың эксперименттік-тәжірибелік сипаты

Бастауыш мектеп жасындағы ПДТ баллардың ойлау ерекшеліктерін анықтау

Қазіргі қоғам жан-жақты білімді де білікті, мәдени ой-өрісі өсіп жетілген, ұлттық салт-сананы бойына сіңіріп өскен жаңа адамды тәрбиелеуді бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кірудің маңызды алғы шарттарының бірі ретінде қарастыруда. Бұл өз кезегінде отбасы мен мектеп қызметкерлеріне орасан зор жауапкершілік жүктеп отыр.

Зерттеу мәселесіне байланысты жүргізілетін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар Комуналдық мемлекеттік мекемесі «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының» «Қостанай түзету мектебі» 2«Б» және 2«В» сыныптарында жүргізіліп, тәжірибелік-экперименттік жұмысымызға 14 бала қатысты. Оның ішінде 7 бала 2«Б» сыныбынан, 2«В» сыныбынан. Жүргізілген тәжірибелік-эксперимент жұмысымыздың мақсаты: Психикалық дамуы тежелген бастауыш мектеп жасындағы балалардың ойлау ерекшеліктерін ойындар арқылы дамыту, белсенділігін дамыту үлгісін жасап, оны оқу үрдісінде пайдалану, белсенді жеке тұлғаны қалыптастыру.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың міндеттері:

- Бастауыш мектеп жасындағы ПДТ балаларға ұлттық ойындар арқылы математика сабағында ойлауын дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;

- Бастауыш мектеп жасындағы ПДТ балаларға ұлттық ойындар арқылы математика сабағында ойлауындамытудың теориялық модельін құру, мазмұнын жүйелеу, өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау;

- Бастауыш мектеп жасындағы ПДТ балаларға ұлттық ойындар арқылы математика сабағында ойлауын дамытудың әдістемелік жүйесін көрсету.

Зерттеу жұмысымды тақырыбына байланысты үш кезеңге бөліп қарастырдым.

І.Кезең – анықтау;

ІІ.Кезең – қалыптастыру;

ІІІ.Кезең – қорытынды.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмысымыздың анықтаушы эксперимент кезеңінде эксперимент және бақылау топтары алынды. Бақылаушы топ ретінде 2«Б» сыныбынан 7 оқушы, ал эксперименттік топқа 2«В» сыныбынан 7 оқушы алынды. Мектепке дейінгі топта балалардың білім деңгейін анықтауға арналған әдістемелік диагностикалар, айналамен танысу сабағы бойынша тапсырмалар беріліп, балалардың танымдық белсенділігі анықталады.

Сонымен қатар анықтаушы кезеңде бастауыш мектеп жасындағы ПДТ балалар тобының бағдарламалармен, оқу жоспарымен, балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ойын арқылы балалардың белсенділігімен танысып, бастауыш мектеп жасындағы ПДТ балалар тобының сабақтарына қатысып, олардың оқу іс-әрекетіндегі белсенділігін бақылап, мұғалімнің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін жүргізу әдістемелерімен таныстым. Бастапқы кезде бақылау және эксперименталды топтарының сабақтарына қатысып, бақылау жүргіздім.

Бастауыш мектеп жасындағы ПДТ балалар тобымен математика сабағында ұлттық ойындар арқылы ойлауын анықтау мақсатында бақылау және эксперименттік топтарына әдістемелер жүргізілді.

Бұл әдістемелер – бастауыш мектеп жасындағы ПДТ балалардың танымдық белсенділігінің даму деңгейін анықтау үшін арналған. Бұл әдістемелер ұпайлармен бағаланады және нәтижелері анықталған.

Дістеме 1

Р.Немов әдістемесі «Қисынсыздық»

Бұл әдістеме арқылы біз баланың қарапайым бейнелі елестетулерін, қоршаған орта және оның логикалық байланыс, қатынастары туралы түсініктерін зерттей аламыз. Аталмыш әдістеме баланың өз ойын қисынды әрі грамматикалық жағынан дұрыс ойлау іскерлігін анықтаймыз. Әдістемені өткізу процедурасы мынадай: Бастапқыда балаға бейнеленген суретті көрсетеді. Онда жануарлармен байланысты қисынсыз жағдаяттар берілген. Бала суретке қарау барысында келесі нұсқаумен танысады: «Суретке мұқият қара, барлығы да дұрыс суреттелген бе? Айтып бер. Егер суреттердің дұрыс орналаспағанын байқасаңыз, олардың неліктен дұрыс еместігін түсіндір. Содан соң дұрыс орналаспаған суреттерді қалай орналастыру керектігін айтып бересің».

Ескерту. Нұсқаудың екі бөлімі рет-ретімен орындалады. Бастапқыда бала суреттегі қисынсыздықтарды атап, көрсетеді. Содан соң олардың қалай орналасу керектігін түсіндіреді. Картинаны қарап шығу және тапсырманы орындау 3 минутпен шектеледі. Осы уақыт аралығында бала қисынсыз жағдаяттарды неғұрлым көбірек байқауы қажет және олардың неліктен дұрыс орналаспағанын түсіндіруі қажет.

Қорытындыны бағалау:

10 ұпай – берілген уақыт (3 минут) ішінде барлық 7 қисынсыз жағдайды тауып, олардың себебін түсіндірген балаға қойылады.

8-9 ұпай – бала берілген уақыт ішінде барлық қисынсыз жағдаяттарды тапқанымен 1-3 жағдаяттардың қалай орналасу керектігін түсіндіруге үлгермей қалған жағдайда қойылады.

6-7 ұпай – бала берілген уақыт ішінде барлық қисынсыз жағдаяттарды тауып, белгілегенімен, 3-4 жағдаяттардың қалай орналасу керектігін түсіндіруге үлгермей қалған жағдайда қойылады.

4-5 ұпай – бала барлық қисынсыз жағдайларды тапқанымен, ондағы 5-7 жағдаятты берілген уақыт ішінде түсіндіре алмаған жағдайда қойылады.

2-3 ұпай – берілген уақыт ішінде бала қисынсыз 7 жағдаяттың ішінен 1-4 байқай алмай, оларды түсіндірмеген жағдайда қойылады.

0-1 ұпай – берілген уақыт ішінде бала 7 жағдаяттың ішінен 4 ғана тауып алады.

Сурет -1

II Бастауыш мектеп жасындағы ПДТ балалардың ойлау ерекшеліктерін дамытудың эксперименттік-тәжірибелік сипаты - student2.ru

Даму деңгейінің қорытындысы:

Даму деңгейінің қорытындысы:

9-10 ұпай-жоғары

5-8 ұпай-орташа

0-4 ұпай төмен

  Бақылаушы топ Жоғары Орташа Төмен Эксперименттік топ Жоғары Орташа Төмен
Мұратбаев Асхат +     Болганов Жомарт     +
Төрежан Аружан   +   Жасұлан Ақмаржан   +  
Әлімкулов Саят   +   Айымбай Баймырза     +
Карим Болат +     Бақтияр Бекзат +    
Дуйсекеева Жания     + Саматов Даурен   +  
Турар Сәлім   +   Рахат Назым     +
Тоқтаған Айбек     + Ералхан Балым   +  
  Барлығы Барлығы
  Барлығы % Барлығы %

II Бастауыш мектеп жасындағы ПДТ балалардың ойлау ерекшеліктерін дамытудың эксперименттік-тәжірибелік сипаты - student2.ru

Сурет 1

Дістеме 2

Р.Немов әдістемесі «Қайсысы артық»

Аталмыш әдістеме баланың бейнелі-логикалық ойлау үрдістерін, талдау және жалпылау тәрізді ақыл-ой операцияларын зерттейді. Әдістемеде балаларға әртүрлі заттардың суреті бейнеленген суреттер сериясы келесі нұсқау бойынша беріледі: «Әрбір суретте берілген төрт суреттің біреуі артық. Суреттерге мұқият қарап, қандай заттың артық екендігін айтып, түсіндір». Тапсырмаға 3 минут беріледі.

Сурет - 2

II Бастауыш мектеп жасындағы ПДТ балалардың ойлау ерекшеліктерін дамытудың эксперименттік-тәжірибелік сипаты - student2.ru

Қорытындыны бағалау:

10 ұпай – бала берілген тапсырманы 1 минутқа жетпей орындады, барлық картинадағы артық заттарды дұрыс анықтап, түсіндірді.

8-9 ұпай – бала берілген тапсырманы 1 минуттан 1,5 минутқа дейін орындады.

6-7 ұпай - бала берілген тапсырманы 1,5 минуттан 2 минутқа дейін орындады.

4-5 ұпай - бала берілген тапсырманы 2 минуттан 2,5 минутқа дейін орындады.

2-3 ұпай - бала берілген тапсырманы 2,5 минуттан 3 минутқа дейін орындады.

0-1 ұпай – тапсырманы 3 минут ішінде орындай алмады.

Даму деңгейінің қорытындысы:

9-10 ұпай-жоғары

5-8 ұпай-орташа

0-4 ұпай төмен

  Бақылаушы топ Жоғары Орташа Төмен Эксперименттік топ Жоғары Орташа Төмен
Мұратбаев Асхат +     Болганов Жомарт     +
Төрежан Аружан   +   Жасұлан Ақмаржан   +  
Әлімкулов Саят   +   Айымбай Баймырза     +
Карим Болат +     Бақтияр Бекзат +    
Дуйсекеева Жания     + Саматов Даурен   +  
Турар Сәлім +     Рахат Назым   +  
Тоқтаған Айбек   +   Ералхан Балым +    
  Барлығы Барлығы
  Барлығы % Барлығы %

II Бастауыш мектеп жасындағы ПДТ балалардың ойлау ерекшеліктерін дамытудың эксперименттік-тәжірибелік сипаты - student2.ru

Сурет 2

Дістеме 3

«Равен матрицасы» әдістемесі.
Бұл әдістемемен бастауыш сынып оқушысының көрнекілік – бейнелік ойлауы бағаланады. Мұнда көрнекілік – бейнелік ойлау дегенді тапсырманы орындағанда әртүрлі бейнелерді және көрнекілік елестермен жұмыс істеуін айтады.Көрнекілік-бейнелік ойлаудың дамуының деңгейін тексеру үшін 10 дана Равен матрицалары қолданылады. Бұл бойынша матрицаның жоғары жағында орналасқан

детальдардың заңдылықтарын тауып, төменде орналасқан суреттерден көрсетіп тауып, орнына қою керек.Тапсырманы орындау үшін 1 минут уақыт беріледі.

Даму деңгейінің қорытындысы:

9-10 ұпай-жоғары

5-8 ұпай-орташа

0-4 ұпай төмен

  Бақылаушы топ Жоғары Орташа Төмен Эксперименттік топ Жоғары Орташа Төмен
Мұратбаев Асхат   +   Болганов Жомарт     +
Төрежан Аружан +     Жасұлан Ақмаржан +    
Әлімкулов Саят     + Айымбай Баймырза   +  
Карим Болат   +   Бақтияр Бекзат     +
Дуйсекеева Жания   +   Саматов Даурен     +
Турар Сәлім     + Рахат Назым     +
Тоқтаған Айбек     + Ералхан Балым   +  
  Барлығы Барлығы
  Барлығы % Барлығы %

II Бастауыш мектеп жасындағы ПДТ балалардың ойлау ерекшеліктерін дамытудың эксперименттік-тәжірибелік сипаты - student2.ru II Бастауыш мектеп жасындағы ПДТ балалардың ойлау ерекшеліктерін дамытудың эксперименттік-тәжірибелік сипаты - student2.ru

II Бастауыш мектеп жасындағы ПДТ балалардың ойлау ерекшеліктерін дамытудың эксперименттік-тәжірибелік сипаты - student2.ru

Сурет 3

Наши рекомендации