АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ қазақ тілін оқыту әдістмесі
Қазақ тілін оқыту әдістемесі - қазір ғылымның жеке бір саласы. Ғылымның осы саласында көш басында Ахмет Байтұрсынов туған. Басқаша айтсақ, қазақ тілін қалай оқыту туралы ғылымда тұңғыш рет сөз қозғаған, ол туралы алғаш ғылыми еңбек жазған, мақалалар жазған ғалым да - Ахмет Байтұрсынов. Сондықтан Ахмет Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістемесі ілімінің ірге тасын қалаушы, негізін салушы деп айтуға толық болады.
Ғалымның әдіскерлігі, әдістеме ілімінің негізін қалауға қосқан үлесі тура- сында жалпылама болса да, жазыла бастады. Алайда Ахмет Байтұрсыновтың әдістемелік еңбектері әлі күнге дейін арнайы зерттеу нысанасы болған емес.
Ахмет Байтұрсыновтың әдіскерлігі туралы тұңғыш ағартушылардың бірі -ғалым Р.Сыздықова 1990 жылы жарық көрген "Ахмет Байтұрсынов" атты кітабында: "Ахмет Байтұрсынов қазақ тілін оқыту методикасының ірге тасын қалаушы болып саналады. Ол - қазақ тілінде дыбыс негізінде сауаттандыру әдісінің негізін салушы сауат аштыру, тілді оқыту методикасын жасауды міндетіне алған, бұл үшін "Баяншыны" жазған , - деп алғаш айтқанды.
Ахмет Байтұрсыновтың "Баяншы" атты еңбегі бастауыш сыныпта қазақ тіл- ін оқыту әдістемесінің ең тұңғыш үлгісі. Осы кітаптың алғы сөзінде оқытуға қатысты негізгі дидактикалық принципті айтқан. Ол - тіл оқытуда оқушының шамасы келетін нәрсеге үйретіп, оның оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру. Бұл дидактикалық қағиданы ғалым әдістеме жазуда негізгі ой қазығы еткен, әліппе, оқулық жазуда осы принципті басынан аяғына дейін ұстанған. Ахмет Байтұрсыновтың бұл пікірі 14 жыл мұғалімдік тәжірибесінің негізінде қалыптасқан. Оған осы еңбекке жазған алғы сөзі дәлел.
Ғалымның "Баяншы" атты әдістемелік еңбегі екі бөлімнен тұрады. I бөлім "Қазақ тіліндегі дыбыстар һәм олардың жазу белгілері" деп аталады. Әдісте- менің II бөлімі "Дыбыспен жаттығу" деп аталады.
Еңбектің I бөлімінде Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің дыбыстық құрамы туралы мағлұмат береді. Бұл - әліппеде бар мәлімет. Бірақ ол замаңда қазақ тілінің дыбыстық құрамы әлі ғылыми тұрғыда дәлелденбеген мәселе болған. Мұғалімдердің ол туралы білімі де шамалы екені сөзсіз. Араб алфавитінде қазақ тілінде жоқ дыбыстардың талай әріптері жүрді және ол туралы автор- ларда пікір алалығы да ұшырап отырады. Сондықтан Ахмет Байтұрсынов бұл мәселеде мұғалімдерге толық дерек беруді көздеген. Ол тікелей әдістеме мәселесі болмағанмен, мұғалімнің оқыту обьектісін анықтап қоюды көздегені дұрыс деп санаймыз.
Сонымен бірге ғалым алфавитте осы дыбыстардың қалай белгіленгеннен мұғалімге мағлұмат беруді көздеген. Бұл оқулықта автор қазақ тіліне тән дыбыстардың ерекшеліктері мен жазу белгілеріне арнайы сөз арнаған. Қазақ тіліндегі дыбыстардың ішіңде Ғ мен Қ, Г мен К, Е дыбыстарынан басқалары бірде жуан, бірде жіңішке айтылатындығын көрсете келіп, Ахмет Байтұрсынов оның әрқайсысына жуан, жіңішке таңба белгілейтін болсақ мысалы, Т -.Ь.^.Ог^.іСг.сЬ^ сықылды: онда 19 дыбыс үшін 38 дыбыстың белгісі керек, оған жуан айтылатын ғ мен қ-ны, жіңішке айтылатын г мен к, е-ні қоссақ, бәріне 43 белгі керек екендігін баяндайды. "Ал араб алфавитінде 43-ке жететін әріп жоқ" дейді автор.
Мұндай көп әріптіліктен Ахмет Байтұрсынов құтылу жолын тапты. Оның ойынша, дауысты дыбыстар сөздің жаны есебінде де, дауыссыз дыбыстар сөздің тәні есебінде. Тәнді жан қалай билесе, дауысты дыбыстар басқа дыбыстарды сондай билейді, яғни дауысты дыбыстар жуан айтылса, дауыс- сыз иә жарты дауыстылар да жуан, жіңішке айтылса, олар да жіңішке айты- лып, сөздер қазақ тілінің үндестік заңына бағынып жазылсын деген пікір айтады. Оның еңбегінің маңызы мен құны да осындай өзгерістер енгізуінде.
Әріптерді меңгеру үшін Ахмет Байтұрсынов еңбегінің соңында мынандай әдістемелік жүйелі ұсыныстар айтады:
1. Әрбір жаңа әріпті үйрену үшін, сол әріптен тұратын қысқа -қысқа сөз айтып, дыбысын айырбастау керек.
2. Оны тақтайға жазу керек.
3. Сол әрпі бар сөздерді оқыту, жазғызу керек.
4. Жазған кезде жіберген қателіктерін оқушы баланың көзінше түзету керек. 1921 жылы Ташкенттен Ахмет Байтұрсыновтың "Оқу құралы" басы- лып шықты. Ол әрбір оқулық кітабын шығару кезінде оның мазмұнына, мәніне аса көңіл бөледі, ол оқулықтың үйрену, оқу кезінде жеңілдік берер жағын іздестіреді. Осы еңбегінде ол өзінің ұстанған жолы, нені мақсат ететіні туралы "Сөз басында" баяндайды. Балалар ең басынан қиналмас үшін оқуға ықыласты болу керектігін, жігерлі құм болмай, шабыттана кірісуі керектігін еске салады. Ол оқытатын, үйренетін әліппенің жеңіл де жұмыр, сапалы, баланың ой-өрісіне, ұғымына дәл болу керек екенін түсіндіреді.
Осы жайында өз ойын былай жеткізеді: "Әліппені балалар қиналмай оқып шықса, онан әрі оқуға ықыластанып, талаптар қанат байлағандай көтеріп зораймақшы. Осыны ойлап, әліппенің оңай болғанын көздеп әуелі әліппені бастан-аяғына дейін оңай һәм қысқа сөздерді алдым" (Байтұрсынов А. "Оқу құралы", Қысқаша әліби. Ташкент 1921 ж, 1-бет).
"Қазақ тіліндегі дыбыстар һәм олардың жазу белгілері" деген бөлімінде бұрынғы оқулықтарында айтып, жазып келген ой-пікір, ұсыныстарын қайта- лайды.
Сөздің айтылуы бар да, жазылуы бар. Адамзат баласы алдымен сөйлеуді үйренеді, сосын жазуға көшеді.
Сөздің өмір сүру формасы - дыбыс болса, әріп сол дыбысқа берілген шарт- ты таңба. Бір дыбыстың өзің түрліше өрнектей беруге болады. Ахмет Байтұрсынов дүние жүзіндегі қолданылып келе жатқан тілдердің жазу жүйе- сін айта келіп, ағылшын, француз, неміс, орыс жазуларының бәрінен артығы қазақ жазуы деп біледі. Себебі, қазақ тіліндегі әрбір дыбыстың өзіне арналған әрпі барлығы, әрі сол әріп өзі таңылған дыбыстан қайда тұрса да айрылмай- тындығын айтқан.
Ахмет Байтұрсыновтың көрсетуінше, жаза білу үшін әуелі тілдегі дыбыс- тарды тани білу керек.
"Оқу құралының" "Дыбыспен жаттығу" деген бөлімінде әр дабысты қалай таңбалау керек, оны қалай жазып үйрену керек, калай меңгеру керек деген мәселелерді егжей-тегжейді баяндап, балалар ұғымына түсінікті қарапайым тілмен түсіндіреді. Бұл турасыңда автор өз ойын былай береді: "Оқу үйрен- гендегі бас мақсат керек сөзді жаза білу, жазылған сөзді оқи білу... Оқуға келген балалар сөйлей білсе де, дыбыстарды тізіп сөз қыла білмейді. Себебі, олар сөздің дыбыстан тізілетінін білмейді, оқуға балалар дыбыс үйренеміз деп келмейді. Оқу, жазу үйренеміз деп келеді. Бірақ, дыбысты білмей, дыбыс тың қалай тізілетінін білмей, оқу, жазу үйрену қиын, сондықтан осы күнде оқуы тәртіпті жұрттар балаларға әріп көрсетпей тұрып, әуелі дыбыспен жаттықтырады. Дыбыспен жаттықтыруға көп уақыт кетпейді, онан келетін пайда көп" (Байтұрсынов А. Оқу құралы. Ташкент. 1921, 9 бет). Дыбыстарды дұрыс меңгеру үшін не істеу қажеттігін айтады. Оның ойынша, біріншіден, балаларға әр түрлі дыбыс барлығын білдіру: екіншіден, таныс сөздерді көрсетіп, олардың ішінде қандай дыбыстар бар екендігін айыру: үшіншіден, бөлек-бөлек дыбыстарды тіздіріп, сөз етуді үйрету; Төртіншіден, меңгерген дыбыстарын оқыту, сөз құрастыру:
Балалар бұл дыбыстарды тез меңгеру үшін сол дыбыстардың әріптерінің суреттерін жаздырып үйрену. А.Байтұрсынов бұл дыбыстардың әр қайсысы- на таңбалану ерекшеліктеріне қарай өзінше ат қойған. Мысалы: С^р /б/ таңбасы нұқта, .-гР. /ф/ ілгекті шеңбер, ..-^. /д/ тұяқ, ..9.. /р/ шан бас, .§?. /о/ шақша бас, £?. /ш/ шоқпар, ли /с/ ирек, % /х/ кұс тұмсық, ...£.. /дәйекші/ ашық ауыз, „^Г/ы/ шәйнек мойын, .у.. /к/ ұшеу, ..Д. /е/ шығыршық. Сөйтіп, бұлардың барлығын әріп деп қабылдамай, алдымен суретін салдырып үйрет- се, онда бұл әріптерді балалар тез меңгереді, үйренеді деп түсіндіреді автор.
Ахмет Байтұрсынов осы оқулығында әріптерді балаларға үйрету кезінде толып жатқан әдістерді қолданған. Ол өзі жасаған алфавиттегі әріптерді үйрету барысында алдымен жазып үйрену үшін тілдегі дыбыстарды тани білу керектігіне басты назар аударады. "Сол дыбыстарға арналған әріптерді тани білу жөн" дейді автор, сол үшін сауаттану, яғни үйрену үшін сауаттану әдісін қолданған, бұл әдіс бойынша әр адам жаза білуте талпынады. Сондай-ақ, ол әріптерді үйренуде дыбысты әдісті де қолданған. Бұл әдіс бойынша мұғалім бір дыбысты айтады да "Ол не дыбыс?" деп балалардан сұрайды. Балалар сол дыбысты мегеріп, болған соң, оның әріптік таңбасын суретпен, не тақтаға жазып көрсетеді. Әріптерді тани білгеннен кейін, сол әріптерден қысқа-қысқа сөздер құратып үйретеді.
Ахмет Байтұрсынов 1913 жылы "Қазақша оқу жайынан" деген мақаласын- да "Бала оқытуды жақсы білейін деген адам, әуелі балаға үйрететін нәрселер- ін өте жақсы білерге керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек" - деп жазғаны - ұстаздарға айтылған ғибрат.
"Оқу құралы" арқылы балаларға сауаттандырып алғаннан кейін, ол енді қазақ тілін пән ретінде оқытудың құралын ойластыра бастайды. Бірнеше бөлімнен тұратын бұл оқулықгың әр бөлігі жеке-жеке "Тіл құралы" деген ат- пен жариялана бастайды. 1914 жылы морфологияға арналған II бөлімі, 1915 жылы фонетикаға арналған I бөлімі, содан кейін синтаксиске байланысты ІІІ бөлімі жұртшылыкқа ұсынылады. Мұның қайсысы да кемінде 6-7 рет баспа жүзін көрген. "Тіл құрал" - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған құбылыс. Оның жалғыз тіл емес, өзге пәндерден оқып үйренетін қазақша жазылған кітап, құрал дегендерді білмей-көрмей келе жатқан қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін автордың өзі де ескертеді. Кітаптың "Сөз басында", "Тіл құрал" деген аты қандай жат көрінсе, ішкі мазмұны да әуелі кезде сондай жат көрінер, өйткені қазақта бұрын болмаған жаңа зат. Халықта бұрын болмаған нәрсе жат көрініп, бірте-бірте бойы үйренген соң қалатын" дейді. ПІынында да ол жат болмақ түгіл, бірте-бірте соншама үйреншікті, қазақ балаларының бірнеше буынын тәрбиелеген. 14-15 жыл бойы мектеп оқушыларына ана тілінің табиғатын танытқан, ет бауыр дүниеге айналады.
"Тіл құрал" десе жұртшылық қазақ тілі оқулығын, оқулық десе, тек қана Ахмет Байтұрсыновты білетін болған.
Қазақ тіл білімінің қалыптасуында айрықша рөл атқарған бұл еңбектерді саралағанда, жалпы лингвистика ғылымының өрістеуіне даңғыл жол ашқан термин жасау мәселесін тіпті де аттап өте алмаймыз. Әлгіндей оқулықтар түзу барысында Ахмет Байтұрсынов әрбір ұғым, түсінік, нәрсе, затқа, әсіресе грамматикалық категориялардың әрқайсысына қазақша термин ұсынды. Сол кезеңде жасалып, қазір мүлде қалыптасып тұрақтанған зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, ұстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, дыбыс, әріп, қағида, сөйлем, қаратпа сөз, қыстырма сөз, леп белгісі, сұрау белгісі т.б. толып жатқан терминдер - тіл ғылымын дамытудағы зор үлес. Әрбір грамматикалық категорияның өзіне тән атауын дәл тауып, жіліктеп, жіктеп, саралап беру оқу жүйесіндегі ісімізге айрықша әсер еткені мәлім. Мәселен, сөздерді тұлғасына, мағынасына қарай бөліп, саралап, қолмен қойғандай етіп көрсету мамандардың қай-қайсысын да таң қалдырған. Ахмет Байтұрсынов жасаған терминдер жүйесі күні бүгінге дейін тілімізге мүлтіксіз қызмет етіп келеді. Жалпы, тіл білімінде, түркітануда үлкен орын алатын - типология, түбір мәселелері ыңғайында Ахмет Байтұрсынов өте нақты, ғылыми маңызын әлі күнге жоймаған ойларын келтіруге болады. Ол әлем тілдердің типологиялық ерекшеліктеріне қарай бөлінген терминді қазақша былай атайды.
1. түбіршік тіл (түбір), 2. Жалғамалы тіл, 3. Қопармалы тіл. Түбіршік тіл түпкі қалпынан өзгермей жұмсалады, мәселен, қытай һәм жапон тілдері. Жалғамалы тіл- сөздің аяғына жалғау қосылып өзгертілетін тіл, мәселен, түрік, фин тілдері. Қопармалы тіл - сөз түбірімен қопарылып өзгертілетін тіл, мәселен, орыс тілі, араб тілі. Біздің қазақ тілі түркі тілдің бір тарауы болған- дықтан, жалғамалы. Қазақ сөзінің түбірі өзгермей аяғына жалғау қосылып өзгереді. Жалғау екі түрлі: бірі сөздің тұлғасын өзгертсе де, ішкі мағынасын өзгертпейді, екіншісі сөздің тұлғасын да, мағынасын да өзгертеді. Сондықтан бастапқысы тысқарғы, соңғысы ішкергі жалғау деп аталады. "Құлақ"деген сөзге "тың" деген жалғау қоссақ, "құлақтың" дегенде бастың мүшесінің атын көрсетеді. Егер "құлақ" деген сөзге "шын" деген жалғау қоссақ, "құлақшын" болады. Мұнда тұлғасы да, мағынасы да өзгеріледі. "Құлақ" бастың мүшесін көрсетуші еді, "кұлақшын" болған соң, басқа киетін киімнің атын көрсетіп тұр. Міне, сондықтан "тың" тысқарғы, "шын" ішкергі жалғау болады.
Ұлттық терминологияны қалыптастыруда, ұлттық термин жасам принцип- теріне қазіргі заман лингвист-ғалымдары өз зерттеулерінде ғалымның ойлар- ын кеңінен сөз етіп, оған арқа да сүйеп келеді. Ахмет Байтұрсынов тұсында- ғы тіл білімін, қазақ тілін зерттеу сипаты және олардың даму деңгейі мен қазіргі заман лингвистика ғылымы жеткен биіктік арасында 70 жылмен өлшенетін үлкен кезең, толық бір дәуір жатыр екен. Бірақ тіл біліміндегі Ахмет Байтұрсынов айтқан ойлар, ол бастаған ғылыми дәстүр бір сәтке де үзілген емес, өзінің үлесімді сабақтастығы, кейінгі қалам қазақ лингвист-ғалымдарының еңбектерімен жалғасты.
4сұрақ С.Жиенбайұлының ғылыми - әдістемелік мұрасы ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА СЕЙІЛ ЖИЕНБАЕВ ҰСЫНҒАН КӨРНЕКІЛІК ӘДІСІ Қалимұқашева Б.Д., Утемисова Ж.Е., Космагамбетова Г.У. Атырау қ. «Көз көрген көңілге қонады» демекші, Сейіл Жиенбайұлы –қазақ тілінің грамматикасын оқыту әдістемесінде көрнекілік мәселесімен арнайы айналысқан ғалым. Оның дәлелі, ғалым-әдіскердің осы салада арнайы көрнекілік жинақтарын шығаруы. Көрнекілік принципін көмекші, қосымша принцип ретінде емес, эргономикалық тұрғыдан алғанда, негізгі әдістемелік принциптер қатарында қарастырған. Сейіл Жиенбайұлы өмір сүрген заман түгіл, қазіргі кездің өзінде де бұл мәселеге тиісті деңгейде көңіл бөлінбейтіні белгілі. Сейіл Жиенбайұлы үшін қазақ тілі грамматикасын оқыту әдістемесінде түрлі схема, таблицалардың маңызы геометриялық фигуралардан кем емес. Бұл ретте, Сейіл Жиенбайұлы – графикалық –алгоритмдік схемаларды пайдалануды алғаш ұсынған ғалым. Оның ойынша, грамматиканың қай бөлімінде болсын, сызықты пайдалануға толық мүмкіншілік бар. Осындай жұмыстардың бірқатар үлгілерін ғалым «Қазақ тілі методикасының» соңғы беттерінде жеке-жеке ұсынған. Ғалым –әдіскердің не нәрсеге де шығармашылықпен қарау жөн деген әдістемелік, жалпы ғылыми кредосы көрнекілік арнасында да көрініс тапқан. Жалпы әдістемеде көрнекілік мәселесі бойынша арнайы ғылыми зерттеулердің шығуы -1970 жылдары. Әсіресе, әдет бойынша, бұл мәселені зерттеуде орыс ғалымдары анағұрлым жемісті. Мысалы, педагог Болтянский В.Г. былай деген: « Формула наглядности – это изоморфизм плюс простота.» Математика ғылымында «изоморфизм» термині қандай да бір құбылыстың мәнді тұстарын суреттеудің дұрыстығы, сәйкестігін (адекваттылығын) білдіреді. КЕз-келген оқу құралын көрнекі ету үшін оқытылатын тақырыптың негізгі ерекшеліктерін бөліп алып, үлгіге айналдыру керек. Содан соң дәл әрі дұрыс, шәкірттің санасына қонымды етіп, графикалық тұрғыда сипаттау қажет. Грамматиканы оқытуда көрнекіәліктің мәні туралы психолог ғалым Д.Н.Богояленский: «В языке есть своя особая языковая наглядность, которая служит чувственной опорой при формировании грамматических понятий. Это – сама материя языка. Грамматическая абстракция предпологаетвыделениеизслова не любого сочетания звуковили букв, а только морфем, т.е. сочетаний, обладающих определенным языковым значением.»- деп түйіндейді. Сейіл Жиенбайұлының көрнекіліәкке көзқарасы осы айтылған ойға жақын. Оған ғалым- әдіскердің граматикалық таблицалары мен схемаларынан бір мысал алып көрсетуге болады. Мысалы, І –таблица. Сөз тұлғасы. Тоқсандағы Жамбылға, Толқынданып сөз келді. Көктемнің көгіндей, Кәрі өмірім өзгерді. ( Жамбыл) Түбір Жұрнақ Жалғау Жалғау Ескерту Тоқсан -да -ғы(жұрнақ ) Жамбыл -ға Толқын -дан -ып Да-н, 1 жұрнаққа айналып кеткен Сөз Кел -ді Көк -те -ме -нің Көк (г) -і (-н )- дей(жұрнақ) Кәрі Өмір -ім Өз -гер -ді (ге-р) 1 жұрнақболыпкеткен. Ескерту: 1) Түбірдің өзгерген дыбысы жақшаға алынып, түсіндіріледі: Көк (-гі): 2) Жалғаудан соң келетін жұрнаққа (-ғы, -дей...) арнап бірер бос графа қалдыру керек. (С.Ж.) Сейіл Жиенбайұлының көрнекілік материалдарының барлығы болмаса да, кейбірінің сапасы қазіргі оқытушы мұғалімдеріміздің пайдалануына да, яғни, олардың көрнекіліктерін жасауына да бастапқы идея, түрткі ретінде әбден жарамды деп есептейміз. Қазіргі техника мен технологияның шарықтап, дистанттық және дистанциялық, яғни, алыстан білім беру (теледидар. Компьютер және т. б.) кезеңінде көрнекіліктердің мәні жоғары деңгейде артып келеді. Осы тұрғыда таблица, схема және т.б. алгоритмдік –кестелердің маңызы артпаса, кеміген жоқ деп есептейміз. Оқушы жадында білімді сақтаудың ролін зерттеген ғалымдардың пікірі бойынша, көрнекі құралдар ауызбен айтылғанның әсерін күшейтеді. Оны мынадай таблица арқылы көрсетуге болады. Адамның көрнекілік арқылы есте сақтау қабілеті. 3 сағаттан кейін 3 күннен кейін Жаңа ғана қабылдағанның 70%-ін -----------10%-ін Жаңа ғана көргеннің 72%-ін -----------20%-ін Естігені мен көргеннің 85%-ін -----------65%-ін Бүгінгі күні дидактиканың көрнекілік принципін толық былайша атайды: көрнекілік, абстрактілі мен нақтылық рационалдық пен эмоциялықтың, репродуктивті мен продуктивтінің бірлігін кешенді түрде қарастыру. Сезім мүшелерімен қабылдауға және оқу материалын меңгеруі көрнекілік принципі ең тиімді принциптердің бірі болып табылады. Дидактиканың бұл «алтын ережесі» Я.А.Коменский кезінде жай ғана әдіс ретінде ұсынған болатын. Кейіннен графикалық үлгілер арқылы шәкірттердің грамматикалық дағдыларын қалыптастыру және дамыту мәселесі арнап, зерттеу нысанасы болды. Осы мәселе бойынша ғылыми тұрғыдағы зерттеу жұмыстары (Әлімжанов д., Әуелбаев Ш., Мұхтарова А.С., Шашкова Р.И., Бим И .Л., Вартофски және т.б.) Сейіл Жиенбайұлы –қазақ тілі грамматикасын оқыту әдістемесінде алғашқылардың бірі болып, көрнекілік мәселесін қозғаған, тұжырым түзеген ғалым –әдіскер. Ғалым-әдіскердің ойынша «...графика жолымен талдау баланың грамматикалық ұғымдарын бір жүйеге салып, ойын жетілуге себепші болады.» Бірақ, графикалық талдауды үнемі қолдана беруді дұрыс деп санамайды. Сабақтың маңызды әдісі бола тұрса да, көрнекілік оқушыны жалықтырмайтын мөлшерде болуы қажет деп есептейді. С.Жиенбаевтың бұл пікіңрі әлі күнге дейін өзінің құндылығын сақтауда.
1. 5 сұрақ. 2. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.
2. Бағдарлама негізгі орта мектеп оқушысына тілді қатынас және таным құралы ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтінтүзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құраудағы заңдылықтарды үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін игертуді көздейді.
3. Білім мазмұны оқушылардың танымдық қабілетін арттыратын, сыни ойлау қабілеті мен шығармашылық әлеуетін дамытатын, әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін мәтіндер бойынша түзілді.
4. Қазақ тілін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту тілдің өз өміріндегі және қоғамдағы рөлін саналы түрде түсінуге, тілдің табиғатын халықтық таным тұрғысынан пайымдауға үйретеді, тілдесім әрекетінде іске асырылатын тілдік бірліктердің табиғи және функционалдық қасиеттерін тануға, оның ішкі мағыналық иірімдерін түсініп қолдануға мүмкіндік туғызады.
5. Сөз бен сөйлемді, мәтінді әрі тілдік, әрі қатысымдық бірлік ретінде оқыту тілдің мәдени-танымдық, қатысымдық, әлеуметтік, кумулятивтік қызметтерін меңгеруіне жол ашады.
6. Пәнді оқыту мақсаты:
оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейтетін, шығармашылық ойлауға төселдіретін, айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйрететін, оны тұлға ретінде әлеуметтендіруге мүмкіндік беретін қазақ тілінің танымдық, қатысымдық және кумулятивтік қызметтерін меңгерту.
7. Пәнді оқыту міндеттері:
· тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру;
· тілдің танымдық, қатысымдық, кумулятивтік қызметтерін таныту;
· тілдік бірліктердің түрлі деңгейлердегі сипатын меңгерту;
· тілдің мәтін ішіндегі қолданысын игерту;
· мәтіннің тілдік және танымдық қызметтерін меңгерту;
· тілдік бірліктердің қолданыстағы мағыналық реңктерін ажырату;
· тілдік бірліктердің ақпараттық мәнін ұғындыру;
· дыбыстың, сөздің, сөйлемнің, мәтіннің қолдану барысындағы табиғатын түсіндіру;
· оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру;
· оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;
· әдеби тіл нормаларын меңгерту;
· тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасаудың амал-тәсілдерін үйрету;
· оқушылардың тілдік бірліктерді жұмсаудағы эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;
· шығармашылық ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төселдіру;
· мәтін табиғатына талдау жасай білу.