Күрделі кемістігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету

Қазіргі уақытта күрделі кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесі арнайы білім беру саласында өз өзектілігін білдіреді. Өйткені соңғы жылдарға дейін бұл топтағы балалар оқытылмайтын, яғни "оқи алмайтын" деп есептелген.

Көру мен есту қабілетінең айырылған балаларды психолого-педагогикалық түрғыдан тәрбиелеу жүйесінде көптеген нәтижелі зерттеулер жүргізілген.

Мамандар алдындағы ең бірінші міндет - осы ауытқуларды ерте жастан анықтау, диагностикалау. Бала бойындағы кемістікті, оның құрамын кеш диагностикалау - аталмыш топтағы балаларды арнайы оқытуда жиі кездесетін жағдай. Ауытқуы өте ауыр балалардың ата-аналары алғашқы жылдары тек дәрігерлерден көмек сұрайды, ал арнайы педагогтарға бармайды, бұл маманды ескермейді. Көптеген күрделі кемістігі бар балалар ұзақ уақыт бойы ауруханаларда ем қабылдайды, олар анасынаң депривацияға ұшырайды. Бұл жағдай аталмыш балалардың эмоциялық дамуына және ойлау қабілетіне жағымсыз әсер етеді. Бірақта кейде арнайы-педагогтарға баруда нәтиже бермейді. Көптеген дефектологтар ата-аналарға күрделі кемістігі бар баланы қандай көмек көрсету бағытында дұрыс ақыл кеңес бере алмайды, ол үшін арнайы мамандарды дайындау қажет. Осы бағыттағы проблемалады шешумен Ресейлік білім Академиясындағы Коррекциялық педагогика институтының қызметкерлері айналысады және арнайы тәжірибелі мектептердегі педагогтар. Бірақ осындай жағдайда да ата-аналар толығымен анық психолого-педагогикалық кеңес ала алмайды.

Соқыр-керең балаларды оқыту үшін толық ғылыми негізделген және тәжірибелік технологиялары әзірленгеніне қарамастан, күрделі кемістігі бар балалардың көптүрлігі болашақта көптеген оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаларың әзірлеуді талап етеді. Қазіргі кезде осындай балалар арнайы мектептер құрамындағы арнайы сыныптарда оқиды.

Ерте диагностикалауда нейрофизиологиялық әдістердің жалпылама зерттеулерінің маңызы күшейеді. Қазіргі ғылым мен техниканың дамуына байланысты мұндай ауытқуларды ерте жастан диагностикалауға және қандай дәрежеде екенін, баланың өмірінің алғашқы жылдарында анықтауға болады. Екі-үш жастағы нашар көретін баланың сөйлей алмауы, баланың психикалық дамуы тежелуі туралы ой тудырады. Бірак сол баланың бойында қүлақ мүкістігі электро-физиологиялық әдіспен тексеріліп, баланың сөйлей алмауының басқа себептері және кемістіктің орның толықтыру бар екендігін көрсетеді.

Баланың ақыл ой дамуыңдағы кемістікті диагностикалауға көптеген қиындыктар пайда болады, нақты себептерін ажырату (әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар немесе биологиялық).

Бұл жерде медициналық-генетикалық зерттеулердің маңызы өте зор, өйткені көптеген күрделі кемістіктер тұқым қуалаушылык себептерге тәуелді болады. Синдром жағдайларын уақытпен анықтау қажет, болшақта басқада функциялардың пайда болуына болжау жасауға мүмкіндік ашады. Мысалы, Ушер синдромы бар керең баланы алдын ала, оның кейін соқыр болуын ескеріп, мамандар арнайы дайындық жұмыс атқару керек Брайль жүйесі бойынша нүктелі оқуға, басқа да жағдайларға психологиялық дайындап, үйрету қажет.

Ресейде қалыптасқан тәжірибе соқыр-керең балаларды балалар үйлеріне арнайы медико-педагогикалық комиссияның қорытындысы немесе Ресей Білім Академиясының коррекциялық педагогика институтың күрделі кемістігі бар балаларды оқыту зертханасының кешенді психолого-педагогикалық зерттеулерден нәтижелер негізінде қабылдайды. Бұл балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін барлық қаражатты мемлекет төлейді. Балалар үйінде Ресейдің барлық аймағындағы соқыр-керең балалар оқытылады.

Ұйымның арнайы міндеттері баланың ортаға бейімделуіне, сөйлеу қабілетінің түрлері (тактильді) үлкен шрифтпен жазу, Брайль жүйесі бойынша рельефт нүктесі, ауызша, жас өспірімдерді өз қабілетіне сәйкес мамандыққа үйрету.

Қазіргі тифлосурдопедагогиканың өзекті мәселесінің бірі тифлосурдотехникалық құралдарды әзірлеу, көрмейтін-естімейтін тұлғаларды коммуникациялық аспаптармен, соның ішінде оку синтезаторламен, қамтамасыз ету болып табылады. Оқу синтезаторы барлық акпаратты дыбыстауға мүмкіндік береді, оқуды, қарым-қатынасты мүлде жеңілдететің құрал.

Оқыту мен тәрбиелеу белгілі оқу жоспары және бағдарламамен сыныпта және сыныптан тыс жүргізіледі. Арнайы дыбыс күшейткіш аппарат, оитикалык құралдар, соқыр-кереңдер қарым-қатынаста болуы үшін арнайы телетакторлар пайдаланады. Балалар үйінде мектепке дейінгі және мектеп бөлімі, еңбекке-оқыту топтар және көптеген кемістіктері бар балаларға арнайы бөлімдері бар. Мектептен кейін түлектер арнайы соқыр-кереңдерге арналған мектептерде немесе арнайы сыныптарда білімің жалғастыруға болады.

Арнайы білім беру жүйесінде естімейтіндерге, нашар еститіндерге, көрмейтіндерге, нашар көретіндерге, тірек қимыл-қозғалысында ауытқуы бар балалар үшін арнайы ұйымдарда қосымша сынып ашу тәжірибесі қалыптасқан. Жетекші кемістігіне қарай арнайы мектептегі мұндай сыныптарға зиятында жеңіл, шамалы ауытқушылықтары бар балалар қабылданады. Бұл балалар үшін оқу бағдарламалары әзірлеген (1-8 класқа дейін).

Жиі кездесетін жағдай, арнайы мекемеге қабылданған күрделі кемістігі бар балаларды жеке дара үйден оқытуға жібереді немесе сол мекеменің қалыпты сыныбында қала береді. Ал жәй сыныпта аталмыш балаларды оқыту үшін арнайы жеке оқыту бағдарламасын дайындау қажет.

Біздің елімізде күрделі кемістігі бар балалар мен ересек тұлғалардың өмір сүру, білім алу, қоғамға бейімдеу мәселесімен "Мейірім" атты бірлестік айналысады. Бірақ толығымен күрделі кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу, түзетушілік қолдау көрсету жүйесі қалыптаспаған. Ең ауыр тиетіні ерте жастан, мектепке дейінгі жастан арнайы диагностикалау, қолға алу деңгейін әзірлеу және ата-аналарымен жұмыс жүргізу. Соңымен қатар арнайы бала бақшаларда қосымша күрделі кемістігі бар балалар үшін топтарды ашу қажеттілігі туындап отыр. Әрине арнайы балабақшалардың өздері жеткіліксіз болған жағдайда бұл мәселе ұзақ уақытқа дейін өзекті болады.

Шет елдерде (Ұлыбритания, Дания, Швеция) арнайы орталықтар "жанұялық орталықтар" нұсқасында кең тараған.

Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Күрделі кемістігі бар балаларға жалпы сипаттама беріңіз.

2. Күрделі кемістігі бар балалар қандай мекемелерде арнайы көмек алады?

Әдебиет:

1. Специальная педагогика /Под ред Н.М.Назаровой -М.- 2001.

2. Апраушев А.В. Тифлосурдопедагогика -М.- 1983 .

3. Басилова Т.А., Александрова Н.А. Как помочь малышу со сложным нарушением развития. М.-2008.

III тарау бойынша бақылау және курстық жұмыстардың тақырыптары:

1. Зиятында ауытқуы бар тұлғалардың арнайы білім алуы

2. Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту, түзету жолдары

3. Зиятында терең ауытқуы бар тұлғалардың арнайы білім алуы

4. Зиятында ауытқуы бар балаларға ерте жастан арнайы педагогикалық қолдау

5. Сөйлеу тілінде ауытқуы бар балаларға педагогикалық көмек көрсету

6. Сөйлеу тілінде ауытқуы бар балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама

7. Естуінде ауытқуы бар тұлғаларға арнайы білім беру

8. Естуінде ауытқуы бар балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама

9. Естуінде ауытқуы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі жүйелері

10. Естуінде ауытқуы бар балаларды жалпы мектептерде оқыту (біріктіріп оқыту моделі)

11. Естуінде ауытқуы бар балаларды әлеуметтік бейімдеу, еңбек арқылы оңалту жағдайы мен жолдары

12. Көруінде ауытқуы бар балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама

13. Көруінде ауытқуы бар балаларға арнайы білім беру жүйесі

14. Көруінде ауытқуы бар тұлғаларды кәсіби бағдарлау, кәсіби оқыту

15. Аутизм жағдайындағы тұлғаларға арнайы білім беру

16. Аутист балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы

17. Тірек-қимыл-қозғалысында ауытқуы бар тұлғаларға арнайы білім беру

18. Балалық церебралды сал ауруына сипаттама

19. Тірек-қимыл-қозғалысында ауытқуы бар тұлғалармен түзету жұмысы

20. Күрделі кемістігі бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы

21. Күрделі кемістігі бар балаларға арнайы көмек көрсету.

IV - ТАРАУ.

Наши рекомендации