Йымдастырылған оқу қызметі технологиялық картасы

Тобы:№

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Әлеумет»

ҰОҚ: Қоршаған орта

Тақырыбы:Ғарышқа сапар.

Мақсаты:адамдардың ғарыш әлеміне жасаған алғашқы сапарлары туралы түсінік бере отырып,қазақтың тұңғыш ғарышкерлерімен таныстыру.Таным белсенділігін дамыту.Құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:қазақтың тұңғыш ғарышкерлерінің,ғарыш кемесінің суреттері, «Ғарыш әлемі» тақырыбында ұйымдастырылған көрме жұмыстары.

Қажетті құрал-жабдықтар:жұмыс дәптері,түрлі түсті қарындаштар,үнтаспа.

Алдын ала жасалатын жұмыс:ата-аналар мен балалардың бірігуімен жасаған жұмыстарынан(салған суреттері,заттар) «Ғарыш әлемі» тақырыбында көрме ұйымдастыру,суреттер қарау.

Әдіс-тәсілдері:сөздік,көрнекілік,ойын,практикалық.

Іс-әрекет кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың ісәрекеті
Мотивациялық- Қозғашылық Жұмбақ жасыру. Аспанда бір алып құс,ызғып ұшып барады. Қарап тұрсаң ғажайып,соңында із қалады. Ол не балалар?(Зымыран) Біз бүгін сенднрмен зымыран турал ыайтамыз. Зымыранмен қайда барады?   Жұмбақты шешеді
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Балалар, менімен бірге саяхатқа барғыларың келе ме? -Бұл ерекше саяхат болады. Себебі:Сендер білесіңдер ме,Біз тұратын ғаламшар қалай аталады? -Дұрыс айтасыңдар,ал ай қайда орналасқан? -Аспаннан тағыда нені көруге болады? -Біз қазір балалар,аспан әлеміне барамыз. Кәне,барлығың еркін отырып,көз алда рыңа елестетіңдер(үнтаспадан музыка әуені естіледі).Біз ұшаққа отырып, аспан ға көтерілдік.Аспанда күн бізге күлімсі реп қарап сәулесін шашып тұр.Кенет аспан әлемінеде ай көрініп,жымындап жұлдыздарда көріне бастады.Біздің қасы мыздан қатты жылдамдықпен бір құс ұшқандай болды.Қайтатын уақытта жақындады.Енді біз Жер планетасына ораламыз(балалар көздерін ашады). Педагог қосымша сұрақтар қояды. -Аспан әлемінен түнде нені байқадыңдар? -Дұрыс,міне жұлдызды түнгі аспан(педагог түнгі аспанның көрнісін көрсетеді). -Қалай ойлайсыңдар,күндіз аспаннын жұлдыздарды көруге болама? -Неліктен күндіз жұлдыздар көрінбейді? -Дұрыс айтасыңдар,күндіз күн сәулесінен жұлдыздар байқалмайды екен. -Біз аспан әлемінде жүргенде қасымыздан не ұшып өтті? -Біздің қасымыздан зымыран ұшып өткен екен. -Зымыран не үшін керек? -Ғарышқа алғаш Ю.Гагарин ұшты. Қазақстандық ғарышкерлер ғарыш алаңы Байқоңырдан ғарышқа ұшты. Олар: Т.Әубәкіров пен екінші Қазақстандық ғарышкер-Т.Мұсабаев(суреттерін көрсете отырып түсіндіреді). -Міне,қарандаршы,ғарышкерлердің киімі,біздің киетін киімімізге қарағанда басқаша екен.Сендер ғарышкерлердің киімінің қалай аталатынын білесіңдер ме?Скафандр туралы ақпарат береді. Педагог балаларды көрме жұмыстарын көруге шақырады.Педагог балаларды екі орталыққа бөліп,біріеші орталықтағы балаларға ғарышкерлерге байланысты суреттерді қағаз бетіне жапсырып,коллаж жасауды(ұжымдық жұмыс),екінші орта лықтағы балаларға бірнеше бөлікке бөлінген қағаз қиындыларынан жұлдыз ды аспан әлемін құрастыруды ұсына ды(ұжымдық жұмыс). Сергіту сәті. Дәптермен жұмыс. С /о: «Ұшады ,жүзеді, жүреді»     Балалар қойылған сұрақтарға жауап айтады.     Ойланады.     Ғарышкерлермен танысады.   Берілген тапсырмаларды орындауға кіріседі.   Өлең мазмұнына қарай қимылдар жасайды.   Балалар дәптерде берілген тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық- түзетушілік Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін,көңіл күйлерін сұрайды.Сонымен қатар немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды. Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы естеріне түсіріп,сөздік жұмысын жүргізеді. Жиыннан алған әсерлерін айта отырып,көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді

Күтілетін нәтиже:

жасайды: ғарыш әлеміне жасаған алғашқы сапар;ғарыш алаңы Байқоңыр;зымыран;қазақтың тұңғыш ғарышкерлері;ғарышкерлердің киімі туралы.

түсінеді:ғарыш әлеміне тұңғыш ұшқан ғарышкер Ю.Гагарин; қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев туралы мәліметтерді.

қолданады:ғарыш әлеміне арнайы ғарыш кемелерінің ұшатындығын,ғарышкерлердің арнайы дайындықтан өтетіндігін,олардың арнайы киімдерінің болатындығын.

.

Наши рекомендации