Зіндік жұмысқа оқыту бағдарламасы

Өзіндік жұмысқа оқытудың арнайы бағдарламасы төмендегілерді қамту керек:

- үйренушілердің мектепте, жоғары оқу орнында алған білімдер жиынтығын тереңдетуде, кеңейтуде өз танымдық қажеттіліктерін диагностикалауы;

- өздерінің интеллектуалдық, тұлғалық және физикалық мүмкіндіктерін анықтау, соның ішінде оқу орнында оқуынан тыс уақытын объективті бағалау;

- өзіндік жұмыстың мақсатын анықтау – жақын немесе алыс мақсатын, яғни ол танымдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін немесе, мысалы, оқуды жалғастыру үшін керек деген сұраққа жауап;

- үйренушінің зерттеу объектін немесе осы таңдаудың өзі үшін дәйектемесін өз бетімен еркін таңдауы (осындай таңдау негізінде, мысалы шет тілін оқуда, Англия тарихын, Германияның поэзиясын, музыкасын, Францияның өнерін және т.б. таңдау болуы мүмкін);

- нақты жоспарды, өзіндік жұмыстың қысқа және ұзақмерзімді бағдарламасын жетілдіру. Егер, сабақ кезіндегі ұстазбен жұмыс осындай бағдарлама құруға үлгі болса, өте тамаша болар еді;

- өзін-өзі бақылау формасы мен уақытын анықтау. Бақылау формасы ретінде оқушы біреуге керек (сызба, жоба, аударма, реферат және т.б.), яғни жұмыс нәтижесі өзі үшін, өзгелер үшін тұлғалық мәнді жұмысты таңдап алғаны өте орынды болар еді.

Әрине, осындай өзіндік жұмыспен айналыстаын оқушылар саны аз болуы мүмкін, бірақ оны ұйымдастыру шарттары оған әркімнің де қосылуына мүмкіндік беруі керек. Қорыта келе, оқытылушының өзіндік жұмысы оның оқу іс-әрекетінің өзгеше формасы ретінде мұғалім тарапынан алдын ала осы жұмыс тәсілдеріне, формаларына және мазмұнына оқытуды талап ететінін тағы бір рет атап өткіміз келеді. Бұл мұғалімнің ұйымдастырушы және басқарушы функциясының (икемділіктің түрлі дәрежесімен) маңыздылығын және сонымен бірге оқытылушының өзін оқу іс-әрекетінің нағыз субъекті ретінде саналауының қажеттілігін баса көрсетеді.

Тақырыбы: V-бөлім. Түрлі білім беру жүйелеріндегі педагогикалық іс-әрекет.

Жоспары: 6.1.Педагогикалық іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы.

6.2.Педагогикалық іс-әрекет:формалары, сипаттамалары, мазмұны.

6.3.Педагогикалық іс-әрекет мотивациясы.

Лекция мәтіні:

6.1.Педагогикалық іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы.

Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз оқушының тұлғалық, интеллектуалдық, іс-әрекеттік дамуына бағытталған және сонымен бірге оның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жетілдіруінің негізі болып табылатын мұғалімнің тәрбиелеуші және оқытушы ықпалы болып табылады. Бұл іс-әрекет өркениет тарихында мәдениеттің пайда болуымен бірге, «өндірістік іскерліктер үлгілері (эталондарын) мен әлеуметтік мінез-құлық нормаларын жасау, сақтау және өсіп келе жатқан ұрпаққа беру» міндеті қоғамдық даму үшін маңыздылардың бірі болған кезде пайда болған. Бұл тіпті алғашқы қауымнан басталған, мұнда балалар үлкендермен қарым-қатынас жасау барысында, оларға еліктеп, оларға ере отырып үйренген. Дж. Брунер оны «контексте оқыту» деп анықтайды. Дж. Брунер бойынша, адамзат «жас ұрпақты оқытудың тек үш негізгі тәсілін ғана» біледі: жоғары приматтарда ойын процесінде дағдының құраушы компоненттерін өндіру, туземдік халықтарда контексте оқыту және тікелей практикадан оқшау мектептегі абстрактілі оқыту.

Біртіндеп қоғам дамуымен бірге алғашқы сыныптар, мектептер, гимназиялар қалыптаса бастады. Түрлі елдерде түрлі сатыларда оқыту мазмұнында, оның мақсаттарында түрлі өзгерістерге түсе отырып, мектеп сонда да әлеуметтік институт болып қалды, оның арнаулы – мұғалімдер мен педагогтардың педагогикалық іс-әрекеттері арқылы әлеуметтік-мәдени тәжірибені беру.

Әлеуметтік-мәдени тәжірибені беру формалары мектептің даму тарихында өзгеріп отырды. Бұл әңгіме (сократтық әңгіме) немесе майевтика; шеберханалардағы жұмыс (қыш өнімдерін жасау, тері өңдеу, тоқу және өндірістік оқытудың басқа түрлі бағыттарының тәжірибесі), мұнда, шәкірттің технологиялық үрдіске жүйелі және мақсатты қатысуы, оның біртіндеп өндірістік операцияларды игеруі негізгісі болды; вербалды насихат (гувернерлер, «ағатайлар» институты, монастырьлар т.б.). Я.А. Коменскийдің кезінен бері сыныптық-сабақтық оқыту бекіді, мұнда оның сабақ, лекция, семинар, сынақ, практикум сияқты формалары жіктеліп бөлінді. Соңғы он жылдарда тренингтер пайда болды. Оқытушылар үшін оның іс-әрекетінің ең қиын формаларының бірі лекция болып табылса, студент, оқушы үшін – семинар сабақтары, сынақтар екенін атап өту қажет.

Наши рекомендации