Оқытушының саясаты және күту мерзімі

· Жұмыстар белгіленген мерзімде тапсырылуы тиіс. Барлық тапсырмаларды емтихан сессиясына 3 кун қалғанға дейін тапсыру керек. Барлық тапсырмаларды тапсырмаған студенттер емтиханға жиберілмейді.

· Әр оқу бағдарламасы бойынша тақырыптарды қайталау және өтілген материалдарды өңдеу міндетті болып табылады. Оқу материалын игеру дәрежесін тексеру тестілеу бойынша жүргізіледі.

· Үй тапсырмалары және СӨЖ белгіленген мерзімде орындалуы тиіс, уақытында орындалмаса, қорытынды баға төмендетіледі.

· Аудиториялық сабақтарға қатысу міндетті болып табылады, сабаққа қатыспаған жағдайда, оқытушының белгілеген мерзімі бойынша қайта тапсырылады, әр қатыспаған сабақ үшін дәріс тақырыбы бойынша 2 қосымша тапсырма беріледі.

· Қорытынды рейтингтік бақылаудан 60% төмен балл жинақтаған студенттер, баллдарын өтілген барлық материалдарды қамтитын қосымша сынақ тапсырмалары арқылы дұрыстай алады. Бұл жағдайда жинақталған балл минималды деңгейде қойылады.

Жұмыс түрі Баға (max балл) Саны Сомасы
1-рейтинг
дәрістер
  семинарлар
СӨЖ
Барлығы
2-рейтинг
дәрістер
  семинарлар
СӨЖ
Барлығы

Академиялық пән

Академиялық ұстанымдарға сәйкес, студенттерден тек қана оқытушыға және бір бірін құрметтеу ғана емес, сонымен қатар курсқа да құрмет көрсету күтіледі. Сабақ барысында қалта телефондары «мәжіліс» немесе «үнсіз» режиміне қойылуы тиіс. Кез- келген көшірме немесе басқаның жұмысын қайта жасау қабылданбайды, егер ол жумыстың топтық форматы болмаса. Семинар немесе дәріс барысында бақылау жұмыстары болған жағдайда көшіріп алу қабылданбайды. Қорытынды нәтижесінде тапсырма орындалмаса немесе ереже бұзылса, «F» бағасымен бағаланып, тапсырылып отырған пән қайта оқытылады.

Курс бағдарламасы

Наши рекомендации