Сынып. Қазақстан тарихы 4 страница

Әкімшілік шекаралардың өзгеруі арқылы адай руы қазақтарына Орал облысы аумағында көшіп жүруге тыйым салынды. Жазғы жайылымдарды пайдалануға ережені қабылдаған жағдайда ғана рұқсат етілді. Сонымен қатар әкімшілік өткен жылғы салықтар мен жер салығын төлеуді талап етті. Мұның өзі әр шаруашылықтан 8 күміс рубльді құрады. Мұндай ақша кедей қазақтар түгілі ауқатты қазақтардың көпшілігінде болмады.

Көтеріліс бүкіл түбекті қамтып, көтерілісшілер саны 10 мыңға жетті. 1870 жылы 5 сәуірде көтерілісшілер Александровск форты мен Николаевск станицасына шабуыл жасады. Шабуылшылар теңіз бағдарларын өртеді, саудагерлердің үйлерін, дүние-мүлкін, гарнизон қорлары сақталған Нижнее бекінісін талқандады. Алайда зеңбіректерден жауған оқ көтерілісшілерді шегінуге мәжбүр етті. Көтерілісті басып-жаншу Кавказ уәкіл-әкіміне жүктелді. Мамыр айының соңында Маңғыстауға Кавказдан Апшерон полкінің батальоны, екі атқыштар ротасы, желілік батальонның екі ротасы, Дағыстан полкінің 4 ротасы, 4 зеңбірекпен қаруланған Терек казактарының екі жүздігі жеткізілді. Көтерілісшілер “ұсақ” құдығында, Үшауыз шығанағында, Александровск фортында жазалаушыларға қатты қарсылық көрсеткенімен, күшті қаруланған тұрақты әскер бөлімдерінен жеңіліс тапты. Көтерілісшілер үстірттен солт-ке қарай ығысып, көше бастады. Бірақ Орынбордан шыққан жазалаушы отрядпен (Н.А. Крыжановский мен гененерал-майор Биязнов бастаған) қақтығыста көп шығынға ұшырап, қайта шегінуге мәжбүр болды. Патша әскерлері Маңғыстауда үш ай болып, көтерілісшілерді қатал жазалап, қудалай бастады. Көтеріліс басшылары М.Тіленбаев, Тәжіұлы, Құлов патша жендеттерінің қудалауынан қауіптеніп, 1870 жылы желтоқсанда өз жақтастарымен бірге Хиуа хандығына өтіп кетті. Сөйтіп, жазалаушылар халықты “Уақытша Ережеге” күшпен көндірді.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1) 1870 жылғы көтерілістің себептерін көрсетіндер:

a) ..............

b) ..............

c) ..............

2) Көтерілістің аумағын көрсету.

3) Көтерілісті басуға арналған қандай күштер келген болатын ?

4) Нәтижесі.

V. Бағалау:

1) Аңдасова Қ. - ________;

2) Рамазанов А. - ________.

VI. Үйге тапсырма: 1870 жылғы көтерілістің басшыларын анықтау.

Сынып: 8 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы әкімшілік-территориялық реформалар.

Сабақтың мақсаты:

· Оқушыларға Қазақстанға 1867-1868 ж.ж. реформалардың мәнін түсініп. 80-90 жылдарындағы патша үкіметінің қосқан жаңалықтары туралы білім қалыптастыру;

· Оқушыларды қиын тақырыптарды топпен, бірігіп шешуге баулы, олардың тарихи сананы қалыптастыру үрдісіне ат салысу;

· Оқушыларды патриоттық, ұлжанжыдылық бағытта тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс, белсеңділік арттыру.

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

· Оқушылармен амандасу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1) 1870 жылғы көтеріліс қай аймақта болып өтті ?

2) Көтерілісшілердің қозғалыс болып шығуыдың негізгі себебі ?

3) Көтерілістің жетекшілері деп кімді деуге болады ?

4) Не себепті жетекшілер күресті тоқтатуғы мәжбүр болды ?

Жаңа сабақтың жоспары:

1) 1889-1891 ж.ж. реформаларға сипаттама.

2) Сот реформасы.

3) Қоныс аудару реформасы.

III. Жаңа сабақ.

1886 – 1891 жж. реформалар бойынша әкімшілік және сот құрылысына енгізілген өзгерістер.

1867-1868 жылдардағы реформалар екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда, бұл «тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. Тек XIX ғасырдың 80-ші жылдарының аяғы мен 90-шы жылдарының бас кезінде ғана отарлық өкімет орындары өлкенде әкімшілік, сот реформаларын енгізуді аяқтауға кірісті.

1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Төрғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды.

Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарканд және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана — 5, Самарканд — 4 уезден турды. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал– губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал– губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Төрғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал – губернаторлығының қарауына берілді.

Өлке шеңберінде генерал – губернаторға шексіз билік берілді. Басқару аппараты – кеңсе, әскери губернаторлар өздеріне бағынышты облыстық басқармаларымен қоса генерал – губернаторға бағынды, ал облыстық басқармаларға жалпы жиналыс және кеңсе кірді. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды, ал уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту әскери- –губернатор құзырында болды.

Сот құрылысы. XIX ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанда 1886 және 1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы «Ережелер» бойынша жүзеге асырылды. Түркістан және Далалық өлкелерінде жалпы империялық соттар жүйесі — әлемдік (мировой) судьялар, облыстық соттар және жоғарғы (сенат) сот инстанциясы қалыптасты. Соттардың төтенше съезі әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды және өлкелік құқығы берілген орыс чиновнигінің қатысумен өткізілді.

Төменгі сот буыны – халықтық сот болды. Халықтық сот – империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын.

Сонымен 1886-1891 жылдардағы сот ісіндегі өзгерістер «Ережелерде» әкімшілік, сот істерінің жүйесі бекітілді. 1891 жылғы «Ережеде» сот істері 17 баптан құрылды. Сот жүйелері Россиядағы үлгімен құрылды. Халық (билер) соты үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғайтың, жергілікті мұсылмандардың ісін қарайтын ең төменгі сот буыны болды.

Патша өкіметінің отарына айналған еңбекші қазақ халқы оған ақшалай алым-салық төледі. Олардың мөлшері әр турлі болып өзгеріп отырды. Мысалы, 1844 жылғы «Ереже» бойынша әр түтіннен 1,5 сом жиналса, 1891 жылғы «Ереже» бойынша 4 сомға жетті.

Тұтас алғанда 1886-1891 жылдардағы реформалар отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді.

Наши рекомендации