Білім беру жүйесі” ұғымына контент талдау

Автор Анықтамасы Дереккөзі  
Көшербаев Қ.Е, Х.М.Рахымбек, Ә.Қ.Ахметов, А.Е.Әбілқасымова Білім беру жүйесі- әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетудің негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым. Қазіргі білім жүйесінің ең басты кемшіліктерінің бірі-қоғамдық санада, әсіресе оның ресми педагогикалық деңгейде адамдардың өзін-өзі жетілдіру идеясына жете көңіл бөлінбеуінде. «Қазақстан Республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясы»-Алматы: «Білім» баспасы,1998, 4-бет  
Е.Сағындықұлы Білім беру жүйесі дегеніміз-білім беруде жүзеге асыратын білім беру мекемелірінің желісі. Олар: -үйелмендік тәрбие -мектеп жасына дейінгі тәрбие -жалпы орта білім беру -мектептен тыс тәрбие беру мен оқыту -кәсіптік-техникалық білім беру -орта арнаулы білім беру -жоғарғы білім беру -жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру/магистратура,доктарантура және т.б/ -кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау -қосымша білім беру «Педагогика» Кітап-Алматы-1999 71-бет  
Коджаспирова Г.М., Коджаспиров А.Ю. Система образования— совокупность взаимодействую­щих преемственных образовательных программ и государствен­ных образовательных стандартов различного уровня и направлен­ности; сети реализующих их образовательных учреждений, раз­личных по организационно-правовым формам, типам, видам; система органов управления образованием и подведомственных им учреждений, предприятий и организаций. Характер С. о. опре­деляется соц.-экономическим уровнем развития страны, полити­ческим строем, культурно-историческими и национальными осо­бенностями. “Педагогический словарь”, “Академия”, 2000, 87-б  
Харламов И.Ф. Под системой образования следует понимать совокупность образовательно-воспитательных учреждений, функцирующих в том или ином государстве, связь между ними и те общие принципы, на основе которых эти учреждения строятся и работает. “Педагогика”, М.: Гардарики, 2002. 464- с.  
Н.Бордовская, А.Реан Образовательные системы – это все те социальные институты, чья цель – образование человека. Образовательные системы – это социальные институты, осуществляющие целенаправленную подготовку молодого поколения к самостоятельной жизни в современном обществе. “Педагогика”, СПб: Питер, 2003. 170- с.  
Б.Ы.Мұқанова, Р.К Төлеубекова «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. «Педагогика» Кітап- Алматы 2003,49 -бет  
Вульфов Б.З., Ермоленко Л.В. и др. Система образования – один из основных социальных институтов, важнейшая сфера становления личности, исторически сложивщаяся общенациональная система образовательных учреждений и органов управления ими, действующая в интересах воспитания подрастаяющих поколений, подготовки их к самостоятельной жизни и профессиональной деятельности, а также удовлетворения индивидуальных образовательных потребностей. “Педагогика”, М.: Высшее образование, 2006. 84- с.  
Р.М. Қоянбаев Қ.Т.Ыбыраимжанов Білім беру жүйесі-түрлі деңгейдегі және бағыттағы ұласымды білім беру бағдарламалары, мемлекеттік білім беру стандарттарын, өзара әсер ететін жиынтық; оларды жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің, құқылық-ұйымдастыру формалары, типтері, түрлері бойынша жүзеге асыратын сәті; білім беруді басқаратын органдардың және оларға қарасты мекемелердің, өндіріс орындарының және ұйымдардың жүйесі. Білім беру жүйесінің сипаты елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейімен, саяси құрымымен, тарихи мәдени және ұлттық ерекшеліктерімен анықталады. Түркістан-2006, 33- б.  
Қ.Сейталиев Білім беру жүйесі дегеніміз қазіргі тарихи кезеңде еліміздің әлеуметтік-экономикалық, ұлттық ерекшеліктеріне және негізгі саяси-экономикалық міндеттеріне жауап беретін принциптер негізінде құрылған оқу-тәрбие мекемелері мен оны басқару органдарының жүйесін айтады. “Педагогика тарихы”, Алматы: “Білім” 2008. 386 б.  
Қ.Сейталиев Білім беру жүйесінің ұлттық үлгісі білім берудің 4 деңгейін қамтиды. 1.мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 2.жалпы орта білім беру 3.жоғарғы білім беру 4.жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру «Педагогиканың жалпы негіздері» Кітап-Алматы: «Өлке»,2009ж,213 б.  
А.Е.Берикханова Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында білім беру жүйесі ретінде бірлесе іс-әрекет ететін:   1) білім берудің деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін жалпыға міндетті стандарттар мен оқу бағдарламаларының жиынтығы; 2) білім беру бағдарламаларын типтеріне, түрлеріне, меншіктік формаларына қарамастан іске асыратын білім беру ұйымдарының жиынтығы; 3) білім беру сапасының мониторингін жүргізетін ғылыми ұйымдар мен оқу-әдістемелік қамтамасыздандыратын білім беруді басқару органдарының және оған сәйкес инфраструктурасының жиынтығы қарастырылады. “Педагогикалық мамандыққа кіріспе”, Алматы: Palitra Press, 2009.  
Р.Ә.Нұрмұхаметова, Б.А.Молдағалиева, С.А.Фейзулдаев, А.Б. Урбисинова Білім беру жүйесі – елде білім беру-тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға арналған өзара әрекеттегі мекемелердің жиынтығы; олардың іс-әрекетінің мазмұны; білім беру мекемелерін басқару мүшелері. “Педагогика” сөздік, Ақтау-2010. 19-б.  
  Білім беру жүйесі ұғымы: 1) Білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жапыға міндетті білім беру стандарттарының және білім беру бағдарламаларының ; 2) Үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының; 3) Білім беруді басқару органдары мен тиісті инфроқұрылымдардың, оның ішінде білім беру мониторингін жүзеге асыратын оқу-әдістемелік және ғылыми әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарының; білім беру қызметінің субъектілері бірестіктерінің жиынтығын білдіреді. ҚР “Білім туралы” заңы Алматы 2010.6-б 3-тарау,10-бап  
Н.Уәли, Ш.Құрманбайұлы, М.Малбақов, Р.Шойбеков және т.б. Білім беру жүйесі – Мемлекет стандартына сәйкес халыққа берілетін қажетті білімдердің реттелген жүйесі.   Қазақ сөздігі (қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі), Алматы: “Дәуір” баспасы, 2013. 292 б.  
Джумаева Н.Э., Сохибов А.Р. Система образования-совокупность преемственных образовательных стандартов различного уровня и направленности, сети реализующих их образовательных учреждений и органов управления образованием. «Педагогические термины и понятия», Карши-2014, 42-бет  
     
 

Біздің тұжырымымыз:Білім беру жүйесі дегеніміз – мемлекеттің ұстанып отырған саяси бағытына, ұлттық-экономикалық ерекшеліктеріне байланысты тәрбие иен білім беруді жүзеге асыратын мекемелер мен осы процесті бақылайтын, ұйымдастыратын органдардың жүйесі.

Наши рекомендации