Оқу іс-әрекеті құрылымындағы әрекет

Іс әрекеттің құрылымдық компоненттерінің бірі әрекет болып табылады – кез-келген іс-әрекеттің морфологиялық бірлігі. Бұл адамзат іс-әрекетінің маңызды «құраушысы». «Адамзаттық іс-әрекет әрекет формасы немесе әрекеттер қатарынан өзгеше түрде бола алмайды, ... іс-әрекет әдетте ортақ мақсаттан бөлінген жеке мақсаттарға бағынатын әрекеттердің қандай да бір жиынтығымен іске асырылады». А.Н. Леонтьев бойынша, «әрекет –түрткісі оның затымен сәйкес келмейтін (яғни, өзі бағытталған нәрсемен), керісінше осы әрекетті қамтитын іс-әрекетте жататын процесс. Сонымен қатар, «әрекет заты оның тікелей, түсінілген мақсаты болып табылады». Басқаша айтқанда, егерде түрткі тұтастай іс-әрекетпен байланыстырылса, онда әрекет белгілі бір мақсатқа жауап береді. Іс-әрекеттің өзі әрекеттерден көрінсе, ол мотивтенген және мақсатты болса, онда әрекет ретінде тек мақсатқа жауап береді.

А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориясында көрсетілгендей «іс-әрекет пен әрекет арасында ерекше бір қатынас бар. Іс-әрекет түрткісі жылжи отырып әрекет затына (мақсатына) айналуы мүмкін. Нәтижесінде әрекет іс-әрекетке айналады... Дәл осы жолмен жаңа іс-әрекеттер туындайды, шындыққа деген жаңа қатынастар пайда болады». Мұндай айналуды А.Н. Леонтьев келтірген мысалмен көрсетейік: бала тапсырманы орындап отыр, оның әрекеттері шешім табу мен оны жазу болып табылады. Егер бұл оқушы болса және оның әрекеттерін мұғалім бағалайтын болса, және де ол оларды орындай бастаса, себебі шешім табу мен нәтиже алудың өзі оған қызықты, онда бұл әрекеттер іс-әрекетке, берілген жағдайда – оқушының іс-әрекетіне «айналады». Егерде бұл мектепке дейінгі жастағы бала болса және оның тапсырманы орындауы, нәтижесінде баланың ойнауға баратыны не бармайтынымен мотивтендірілсе, онда тапсырманы орындау тек әрекет болып қалады. Осылайша, кез-келген, соның ішінде оқу іс-әрекеті де әрекеттерден тұрады және де оларсыз іс-әрекет мүмкін емес, ал әрекеттер болса іс-әрекеттен тыс бола алады. Оқу іс-әрекетін осылайша қарастыруда тек оған енетін түрлі оқу әрекеттері ғана талданады.

5.2.Оқу мотивациясы.

Мотивация отандық және шет елдік психологиясындағы іргелі проблемалардың бірі болып табылады. Қазіргі күнгі психологиядағы зерттеме үшін оның маңыздылығы адамның белсенділігінің көзін, оның іс-әрекетін, мінез-құлқын қозғаушы күшін талдаумен байланысты. Адамды іс-әрекетке не итермелейді, оның түрткісі қандай, ол оны не үшін жүзеге асырады деген сұрақтарға жауап оның сәйкес түсіндірмесінің негізі болып табылады. «Адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасаған кезде ең алдымен, оларды осындай байланысқа итермелеген, түрткілер жайлы және де олар алдына азды көпті мөлшерде саналы түрде қойған мақсаттары жайлы сұрақ туындайды». Ең жалпы түрде түрткі – бұл адамды осы түрткімен анықталатын іс-әрекетке енген қандайда бір әрекетке итермелеуші, ынталандырушы, анықтаушы.

Мотивация проблемасының күрделігі мен көп аспектілігі оның мәнін, табиғатын, құрылымын, түсінуде және де оны әр тұрғыдан зерттеу әдістерінің көп болуымен шартталады. Отандық психологияда мотивациялық аясын зерттеуді анықтаушы негізгі әдіснамалық принцип мотивацияның динамикалық пен мазмұндық-мағыналық жақтарының бірлігі жайлы ереже болып табылады. Осы принципті белсенді жетілдіру адамның қатынастар жүйесі (В.Н. Мясищев), мән мен мағына арақатынасы (А.Н. Леонтьев), түрткілер ықпалдасуы және олардың мәндік контексті (С.Л. Рубинштейн), тұлға бағыттылығы мен мінез-құлық динамикасы (Л.И. Божович, В.Э. Чудновский), іс-әрекеттегі бағдар (П.Я. Гальперин) сияқты және т.б. проблемаларды зерттеумен байланысты.

Отандық психологияда мотивация адамның өмірлік іс-әрекетінің - оның мінез-құлқының күрделі, көп деңгейлі реттеушісі ретінде қарастырылады. Осы реттеудің жоғарғы деңгейі саналы-еріктік деңгей болып табылады. В.Г. Алексеев көрсеткендей, адамның мотивациялық жүйесі берілген мотивациялық тұрақтылардың қарапайым қатарына қарағанда неғұрлым күрделі құрылымға ие. Ол тек кең аямен сипатталады, оған автоматты түрде жүзеге асырылатын ұстанымдар да, ағымды өзекті ұмтылыстар да, идеалды аясы да жатады. Соңғысы дәл қазір өзекті болмағанымен де, бірақ оның түрткілерінің ары қарай дамуының мәндік болашағын беретін адам үшін маңызды функцияны атқарады. Мұның барлығы, бір жағынан, мотивацияны қажеттіліктердің күрделі, көпдеңгейлі біркелкі емес жүйесі және қажеттіліктерді, түрткілерді, қызығушылықтарды, мұраттарды, ұмтылыстарды, ұстаным-дарды, эмоцияларды, нормаларды, құндылықтарды және т.б. қамтитын жүйе ретінде анықтауға, ал келесі жағынан – адамның іс-әрекетінің, мінез-құлқының көпмотивтендірілуі жайлы және олардың құрылымын-дағы үстемдеуші түрткі жайлы айтуға мүмкіндік береді. «Мотивациялық аяның бағыныстылық құрылымы тұлғаның бағыттылығын анықтайды, ал тұлға бағыттылығы өз мазмұны мен құрылысы бойынша қай түрткілер үстем болса, соған байланысты түрлі сипатқа ие».

Наши рекомендации