Біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы құжаттар ұсынылады.

2) кәсіптік жетістіктері туралы мәліметтер, олар болған жағдайларда ұсынылады:

педагогикалық тәжірибені жинақтау материалдары: эссе, шығармашылық есеп, кәсіптік қызметіне өзіндік талдау жасау;

педагогтің ғылыми-әдістемелік қызметі туралы куәландырылатын құжаттар: ғылыми-практикалық конференцияларға, шығармашылық конкурстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, түрлі деңгейдегі педагогикалық оқуларға қатысу; мерзімді басылымдардағы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы ғылыми-әдістемелік материалдар жарияланымының көшірмелері;

педагог қызметкердің кәсіптік құзыретін тәуелсіз бағалау қорытындылары: пікірлер, оқушылар мен тәрбиеленушілерден, ата-аналардан, әріптестері мен әкімшіліктен алынған сауалнамалар нәтижелері; практика базалары, жұмыс берушілер тарапынан пікірлер, ЖОО-ға түсу немесе еңбекке орналасу туралы ақпарат (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін);

педагогикалық қызметтің нәтижелері: педагог қызметкердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу, шығармашылық, спорттық пән олимпиадаларына, конкурстарға, байқауларға, жарыстарға, ойындарға қатысуын растайтын құжаттар; педагог қызметкердің наградалық материалдары;

Соңғы үш жылдағы қызметкердің кәсіптік қызметі нәтижелілігінің қарқыны.

32. Аттестаттаудан өтетін педагог қызметкердің қызмет қорытындысына

талдау сараптама тобының отырысында хаттамамен тіркеледі. Білім беру ұйымының әр педагог қызметкері бойынша сараптама тобы қорытынды (аттестаттау үшін ұсыну/ұсынбау) жасайды, ол білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясына жыл сайын 31 наурыздан кешіктірмей ұсынылады.

33. Барлық деңгейдегі аттестаттау комиссияларының қарауына мына

құжаттардың көшірмелері:

1) аттестаттауға өтініш;

2) жеке басын растайтын құжат;

3) білімі туралы диплом;

4) біліктілікті арттыру туралы құжат;

5) еңбек кітапшасы;

6) жоғары білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінен басқа бұрын берген біліктілік санаты туралы куәлік;

Сараптама тобының қорытындысы ұсынылады.

34. Білім беру ұйымының әр педагог қызметкері бойынша аттестаттау

комиссиясы мына шешімдердің бірін шығарады:

біліктілік санаты талаптарына сәйкес;

Біліктілік санаты талаптарына сәйкес емес.

35. Педагог қызметкерге біліктілік санатын беруді/растауды қабылдамау туралы шешім толық негіздемемен жеке хаттама арқылы ресімделеді.

36. Аттестаттау комиссиясы «аттестаттамау» шешімін қабылдаған кезде санат бір деңгейге төмендейді, мерзімінен бұрын аттестаттаудан өткен жағдайда қазіргі біліктілік санаты оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.

37. Біліктілік санатын төмендету туралы шешім және де тиісінше еңбекақы аттестаттау комиссиясының шешімдері негізінде білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен ресімделеді.

Орытынды ереже

38. Педагог қызметкерге біліктілік санаттарын беру/растау туралы бұйрықты, келесі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей барлық деңгейдегі басшы шығаруы тиіс, ол келесі оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.

39. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес санатты беру/растау туралы куәліктерді дайындау және беру аттестаттау комиссиясы жұмыс істеген білім беру ұйымдарында келесі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей жүзеге асырылады.

Аттестаттаудан өткен педагог қызметкерлерге біліктілік санатын (растау) беру туралы куәліктерді беруді тіркеу және 3-қосымшаға сәйкес біліктілік санатты (растау) беру туралы куәліктерді беру журналында тіркеледі.

40. Аттестаттау комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда оған қызметкер сот тәртібінде шағымдана алады.

41. Педагог қызметкерлердің біліктілік санаттары олардың өтініші негізінде мынадай жағдайларда екі жылдан аспайтын уақытқа ұзартылады:

1) педагог қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздығы;

2) жүктілік және бала туу, баланы күту бойынша демалыста болуы;

3) іссапарда, мамандығы бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерде оқуда (тағылымдамада) болуы;

4) тоқтатқан себептеріне қарамастан, біліктілік санаты берілген лауазымдағы қызметіне қайта келуі;

5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жұмыс орнының ауысуы;

6) білімін, еңбек өтілі мен біліктілік санатын растайтын құжаттары бар болған жағдайда алыс-жақын шет елдерден Қазақстан Республикасына келген тұлғалардың педагог қызметін жүзеге асыруы.

42. Педагог қызметкердің біліктілік санатының қолдану мерзімі аяқталған жағдайда, зейнеткерлік жасқа дейін 4 жылдан аз болса, оның біліктілік санаты зейнеткерлік жасқа жеткенше сақталады, егер педагог қызметкер педагогикалық қызметін зейнеткерлік жасқа толған мерзімнен бастап тоқтатқан жағдайда ол туралы аттестаттау комиссиясына хабарлайды.

Білім беру ұйымының штатында және еңбек шарты бойынша 1 жылдан артық жұмыс істеген зейнеткерлік жасқа келген педагог қызметкерлер жалпы негізде аттестатталады.

43. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзеу), қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне аттестаттау нәтижелері бойынша берілген біліктілік санатына сәйкес жалақы төлеу деңгейін оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап белгілейді.

1-қосымша нысан

_______________________________________________________________

(санаттарды растау/беру жөніндегі аттестаттау комиссиясының атауы)

_______________________________________________________________
(педагогтың тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда))

_______________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)

ТІНІШ

Мені 20____ жылы _______ лауазым бойынша біліктілік санатына __________________________________________ аттестаттауды сұраймын

Қазіргі уақытта _____ санаттамын, ол ____ жылға дейін жарамды

Келесі жұмыс нәтижелерін __________________ негізге аламын

____________________________________________________________________

Өзім туралы келесі мәліметті хабарлаймын:

Білімі:

Оқу орнының атауы Оқу кезеңі Диплом бойынша мамандық
     

Жұмыс өтілі:

Жалпы Мамандық бойынша Педагогикалық Білім беру ұйымының деректері
       

Наградалар, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы алынған (берілген) жылын көрсете отырып ________________________________________________

Білім беру жүйесінің азаматтық қызметшілерін аттестаттау қағидаларымен 20____ жылғы «____» _________________ таныстым

_______________________

(Қолы)

2-қосымша нысан

КУӘЛІК

Наши рекомендации