Практиканың құрылымы

Практиканың құрылымы келесі кезеңдермен қамтылады: дайындық, негізгі, қорытынды.

1. Дайындық кезең

1.1. Практика жетекшісінің тапсырмасына сәйкес практика бағдарламасын орындаудың жеке жоспарын дайындау.

1.2. Практика базасының ақпараттық-әдістемелік материалдарымен танысу.

1.3. Жүргізетін пәндерді анықтау және оқу сабақтарының модулдерімен танысу.

2. Негізгі кезең

2.1. Университеттегі жетекші оқытушылардың әртүрлі пәндері(үш рет қатысудан кем емес) бойынша сабақтарына қатысу және талдау жасау.

2.2. Оқу курсына қажетті әдістемелік құралдарды және ақпараттарды қамтамасыз ету (курстың жұмыс бағдарламаларын және оқу жоспарын талдау).

2.3. Сабақтарды өткізу үшін сабақтың жоспарын дайындау.

2.6. Кәсіби-бағытталған жұмыс (студенттік топтарға кураторлық жасау).

3. Қорытынды кезең

3.1. Практика бойынша есебін дайындау.

3.2. Практика есебін қорғау.

Оқу-әдістемелік жұмыстың мазмұны

Практика кезінде магистранттар келесілерді жүзеге асыру қажет:

· Білім беру ісіне қажетті нормативтік құжаттарды зерделеу.

· Жетекші оқытушылардың сабақтарына қатысу және талдау .

· Жүргізетін пәндерге қажетті материалдарды әзірлеу.

· Әдістемелік семинарларда және әдістемелік конференцияларда баяндама жасау.

Нормативтік құжаттармен жұмыс жасау барысындағы магистранттардың міндеті:

· Магистрді дайындауға қажетті жұмыс жоспарын болжау және курстың бағдарламасын қамтамасыз ету;

· Стандартқа сәйкес курстық және дипломдық жобалаудың ақпараттық-әдістемелік қамтылуын талдау.

Оқу жұмысы магистранттың педагогикалық процесті ұйымдастыруға қатысты қызметтері: дәріс, семинар, практикалық сабақ, лабораториялық, экскурсия, консультация, емтихан.

Магистрант сабақты өз бетінше немесе оқытушымен (тағылымдамашы ретінде) бірлесе отырып өткізуіне болады.

Сабақ өткізетін пән магистранттың диссертациялық зерттеу тақырыбына сай болуы маңызды. Өткізілетін сабақтың тақырыбы магистранттың жетекшісімен анықталады. Сабақта кері байланыстың орындалуы үшін пән заманауи технологиялармен жабдықталған аудиторияларда өткізілуі қажет.

Тәрибе-ұйымдасытыру жұмысы барысында магистрант университеттің ғылыми-әдістемелік семинарларына қатысуы қажет. Кураторлық жетекшілік жасайтын топтардың тәрбие жұмыстарына араласуы маңызды.

Педагогикалық практиканы ұйымдастыру

Практиканы қйымдастыру тиімді білім беру принциптерін жүзеге асыруға бағытталған, сонымен қатар магистранттардың педагогикалық қызметінде өз бетінше білімін жетілдіруге белсенділігін арттыруға, әлеуметтік маңызды нәтижелерге қол жеткізуге, университеттің ақпараттық-әдістемелік базасын жетілдіруге ықпалдасу.

Практиканы өткізудің негізгі базасы факультет немесе кафедра болып табылады. Практиканы өткізу көлемі мен мерзімі оқу жоспарымен белгіленеді. Педагогикалық практиканың күнтізбелік мерзімі оқу басқарамасының бұйрығында көрсетіледі. Магистранттың педагогикалық практикасының өткізілуіне бақылау орнату практика жетекшілігіне жүктеледі.

Практика жетекшісінің міндеті

Педагогикалық практиканың жетекшісі кафедра меңгерушісімен бекітіледі. Практика жетекшісінің негізгі міндеттері:

• Магистранттармен бірлесе отырып практиканың тапсырмасын жасайды;

• Практиканың мақсаты мен міндетін, оның бағдарламасын және есебін жазудың формасын, практика есебін рәсімдеудің негізгі талаптарын түсіндіреді;

• Магистранттың оқу міндеттемелері көлемін анықтау;

• Сабақтардың мазмұны мен құрылымы бойынша сұрақтарға кеңес беру және сабақтың жоспарын бекітеді;

• Әдістемелік қамтамасыз етудің жұмыстарына кеңес беру;

• Практика бойынша тапсырманы қалыптастыруға қатысу және практиканың нәтижелерін бағалау.

Тапсырма практика жетекшісімен құрылады, ол практиканың мақсатымен, магистранттың дайындық ерекшелігімен сәйкестендіріледі. Тапсырма магистранттың практика бағдарламасын орындау бойынша жеке жоспарды дайындаудың негізі болып табылады.

Наши рекомендации