Жалпы ережелер мен жұмыстың мазмұны.
Зертханалық жұмыс
«Жүк көліктері мен автобустардағы карбюраторлық қозғалтқыштарды қоректендіру жүйесі»
Жұмыстың мақсаты:жүк көліктерін қоректендіретін қондырғыны жалпы зерттеу, карбюратор құрылымын, отын сорабын, иінді біліктің айналуындағы жиілікті шектегіштерді, отын сүзгілерін, ауа тазартқыштарды, өшіргіштерді толық зерттеу.
Жалпы ережелер мен жұмыстың мазмұны.
Қоректендіру жүйесі көліктегі отын қорын қамтамасыз етеді, отын мен ауаны ластаушылардан тазартып, оптималды құрамы бар жанар-жағармай қоспасын дайындап, араластырып, қажетті қозғалтқыштың жұмысы режиміне орай беріп отырады, сонымен қатар қозғалтқыш цилиндрлеріне қоспаны жіберіп, өңделген газды атмосфераға шығарып отырады. Қозғалтқыштағы қоректендіру жүйесінің аталған қызметі үш тармақтан тұрады: ауа тракті (ауа жинағыштар, ауа тазартқыштар, берілістерді реттеудегі келтеқұбырлар, шығарғыш коллекторлардың арнасы), отын өткізетін тракт (сұлбасы қоспаны дайындау әдістеріне байланысты), өңделген газды шығару тракті (шығарушы коллектор, түтін құбырлары, резонаторлар мен өңделген газдың дыбыстарын бәсеңдеткіш).
Отын багі. Көліктерде бір немесе бірнеше отын бактері болады, сыйымдылықтары көлік жүрісін жанар-жағармай бекетінсіз 400 -600 км аралықтағы жүрісін қамтуы қажет. Отын багінің пішіні, құю мойнының құрылымы, бакті орнату көліктегі бакке байланысты.Форма топливного бака, особенности конструкции его наливной горловин. Қалғандарында түрлі көліктердің отын бактері құрылымы бойынша ұқсас болып келеді.
Олар екі қалыптанған қалыптардан тұрады, өзара дәнекерленіп жалғанады; бак ішінде аралықтар бар, олар қаттылықты арттырып, отын шұғыл таралғанда гидравликалық соққыларды кемітеді. Бактегі отынның деңгейі көрсеткіштер арқылы анықталады, аталмыш құрал құралдың қалқандарында орналасқан, ал датчиктер бактің ұяшықтарына орналасады. Көліктің жекеленген модельдеріндегі үлгілері құралдармен жабдықталады, резервті отын шығыны бақыланып, шамамен 50 км жүріске есептеледі.
Отын сүзгілері. Отындарды механикалық қоспалар мен сулардан тазарту үшін отын сүзгілері қолданылады. Бактен отын карбюраторына дейінгі жолда торлы бак сүзгісімен тазартылып, отын сорабымен, карбюратормен тазартылады. Сонымен қатар бак пен отын сорабы арасында саңылау түріндегі тұндырғыш-сүзгі орнатылады, ал карбюратор мен отын сорабы арасында отынды жұқартып тазарту сүзгісі болады.
Кесектеп тазарту сүзгісінде сүзгі элементі болады, олар тесікті және қалыптандырылған ысырмалары бар жұқа пластиналардан құралады. Құратырылған сүзгі элементіндесаңылаулар пайда болады, оларға механикалық қоспалар келіп ірілігі 0,05 мм болатын бөлшектер сүзгіленеді. Отын сүзгі корпусына қақпақ тесіктрі арқылы енеді, сүзгілену элментінен өтеді. Корпустағы метал шыныда отын қозғалыстары төмендейді, отындағы су тұнбаланады, яғни механикалық қоспалармен бірге периодты түрде корпус стаканының төменгі аузымен құйылады, аузын тығындауышпен жабамыз.
Жұқартып тазарту сүзгісі белгілі бір шамада карбюратор жүйенің жұмысын үздіксіз етіп, кішігірім тесіктермен сұйықтықтарды өткізеді. Шығарушы тесік арқылы өткен отын пластмассалы немесе шыны-тұндырғыштарға беріліп, корпусқа келеді. стакандағы отын торлы, қағазды немесе борпылдақ керамикалық элементке келіп түседі, мұнда ол жұқартып тазартуға ұшырап, шығарушы тесіктермен карбюраторға таралады
Отын сорабы отынды карбюраторға күштер беру үшін қолданады. Жүк көліктеріндегі қозғалтқыштардың отын сораптары – диафрагмалы типті, сондықтан жетек арқылы эксцентриктен немесе жанама біліктен таралып, жетек иінтірегін қозғалысқа келтіреді
Сур. 1.2. Мембраналы бензин сорабы
а)- сорап қимасы; б) – қолмен араластыру механизмі. А -құйылатын аузы; Б – сораптың созылмалы аузы. 1 – қолмен шайқау иінтірегі; 2-бақылаушы тесіктер;4 – созылмалы серіппелер; 5 – мембрана соташығы; 6 - мембрана; 7 - клапанды бастиектер; 8 – шығарушы клапан; 9 - сүзгі; 10 -қақапақ; 11 - аралықтар; 12-карбюраторға арналған жағастық тесіктері; 13 – шығарғыш клапан; 14 - қолмен шайқау иінтірегінің сыпырғышы; 15 серіппе; 16 – иінағаш осі; 17 -иінағаш; 18 - штанга; 19 -эксцентрик
Сораптың жұмысы келесідей. Эксцентрик жүргізген кезде 19 штангіге таратушы біліктердегі 18 сорап жетектері иінағаштарға беріледі 17, ось бойынша бұрылып 16, ұштықтарымен мембраналы штоктарын түсіреді, осылайша серіппе кедергісін кері қайтарады 4. Осы кезде мембрана үсті бетінде сиректену пайда болады, демек шығарушы клапандар ашылып 8, бактегі отын шығарушы ауыздарға келіп, қақпақтарға беріледі А. Мұнан басқа тор сүзгілерімен өтіп, мембрана үстіндегі кеңістік толады. Эксцентрик ысырмаланған кезде мембрана штангісінің астында серіппенің әсерінен 4 жоғары қарай көтеріледі, бұл кезде отын қысымы әсерінен шығарушы клапандар 8 жабылып қалады, ал шығарушы каналдар 13 ашылып, отын созылмалы ауызға Б, отын өткізгіштермен карбюраторға беріледі.
Ауа тазартқыштар.. шаң-тозаңдардан ауаны тазарту үшін қозғатқыштарға ауа тазартқыштар орнатамыз, өзінің қызметін қарамастан беріліс кезінде дыбысты бәсеңдетеді.
Жүк көлігіндегі қозғалтқыш карбюраторлары негізгі түйін қызметіне байланысты әртүрлі болып келеді, бір-бірінен құрылымдары бойынша ерекшеленіп, негізгі жиклер мен диффузор, қозғалтқыш айналымдарын шектеуші құрылымдармен беріледі, еркін жүрістегі экономайзер жүйесінің құрылымы анықталады. бұл негізінен балқымалы камерасы бар екі камералы карбюраторлар, демек қоспасы бар камералар параллель жұмыс атқарады.
Кесте 1
Режимы работы двигателя и основные системы карбюратора
Қозғалтқыш жұмысының режимі | Жанар-жағармай қоспасының құрамы | аталмыш режимдегі карбюратор қондырғысы мен жүйесі |
Суық қозғалтқышты қосу | Бай қоспа | Қосқыш қондырғы, карбюраторды іске қосу |
Еркін жүріс | Байытылған қоспа | Жүріс жүйесі |
Кіші және орташа жүктемелер | Үнемделген қоспа | Басты жүйе |
Толық қуаты | Байытылған қоспа | Экономайзерлік жүйе |
Жылдамдату (айдау, айналымдарды шұғыл арттыру) | Жылдам қысқа мерзімдік байытылған қоспа | Жылдамдатқыш сораппен бірге дозалаушы жүйе |
Қозғалтқышпен тежеу | Ауа ағымдарымен отынның берілісін тоқтату | Күштелген жүріс экономайзері |
Қозғалтқыштарды қосу мен қыздырған кезде ауа жапқышын жауып қояды 75 (сур. 1.3), өйткені құрылымы бойынша тарту жүйесі дроссельді жапқыш осьтерімен байланысты 45, демек соңғылары аздап ашылады. Нәтижесінде қоспа камерасында иінді біліктің төмен айналымдарындағы сиректену пайда болады, яғни стартермен бұрылып, жанар-жағармай байытылып, сақиналы тесіктермен белсенді кіші диффузорға 10 ағады. Ал эмульсиялар тесіктер 42 мен 43 арналар арқылы 44 ағып өтеді. Байытылған жанар-жағармай қоспаларымен бірге дроссельді жапқыштар педальі басыады, нәтижесінде жылдамдатқыш сорап поршені төменге орналасып, отынның қосымша бөлігі 39 арналар арқылы бүріккішпен 12 кіші диффузорға шашыратылады 10.
Сур. 1.3. К-96 карбюратор қондырғысының сызбасы:
1-ауа мойындарының корпустары; 2 — отынды берудегі үшкір клапан; 3 —торлы фильтр; 4 — сүзгі тығыны; 5 — қалқымалы тепе-теңдік арнасы; 6 — жүрісті жүйе жиклері; 7, 13 — ауа қуыстары; 8 — толық қуатты жиклер; 9 — ауа жиклері; 10 — кіші диффузор; // — сақиналы бума; 12 — бүріккіш; 14 — бұранда; 15 — ауа жапқышы; 16 — автоматты клапан; 17, 19, 34 — серіппе; 18 — итергіш; 20, 22 — соташық; 21 — планка; 23 — қалқыту камерасының клапаны; 24 — манжета; 25 —жиектеме серіппесі; 26 — соташық төлкесі; 27 — тесіктер; 28 — аралық итергіштер; 29, 31 — дөңгелек клапаны; 30 — ершік; 32 — тартқыш; 33 — механикалық жетегі бар экономайзер клапаны; 35, 39, 44 — отын арналары; 36 — қалқыту камерасы; 37, 54 —иінтіректер; 38 — төсеніштер; 40 — үшкір клапан; 41 — жүрісті реттеу бұрандасы; 42, 43 — жүріс кезіндегі тура бұрышты және дөңгелек тесіктер; 45 — дроссельді жапқыштар; 46 — араластыру камерсының корпусы; 47 — басты жиклер; 48 — қалқыма; 49 — қалқыма серіппесі; 50 — мәжбүрлі және айналымдарды шектеуші экономайзердегі электромагнитті клапан; 51 —дроссельді жапқыш осі; 52, 53 — дроссельді жапқыштың бұрыштық датчик байланыстары.
Жұмыс басталар алдында жабық ауа жапқыштары 15 түрлі қысым әсіренен автоматты түрде клапанды ашады 16, яғни жанар-жағармай қоспасын шамадан тыс байытылып кетпеуін бақылайды.