Насостардың типтері.
Микрофильтрлерді қолдану себебі.
Кез келген медициналық құрылғы немесе препарат секілді артериальды микрофильтр оң қасиеттерімен қоса (микроэмболдарды, микробөлшектерді және газ микрокөпіршіктерін тежеу сонымен қатар ірі ауа көпіршіктерін олар байқаусызда түскен кезде тежеу) теріс қасиеттерге де ие. Мысалы артериальды микрофильтрді қолдану гемолизді жоғарлатады деп санайды. Бірақ оны іс жүзінде байқау мүмкін емес. Экранды микрофильтрдің мембранасы қан үшін бөтен бет болғандықттанбелгілі теріс салдары бар. Ол компллементтің активтелуіне әкеледі.Комплементтің активтелуі тек нейлоннан жасалған мембраналарды қолдану кезінде ғана байқалған. Сондықтан полиэстрдан жасалған экранды фильтрлердің артықшылығы бар.
Ары қарай жасанды қан айналу кезінде қолданылатын басқа микрофильтрлерге қысқаша тоқталайық.
Кардиотомиялық резервуардағы фильтрді қолдану тіпті артериальды филтрді қолдану кезінде де орынды, себебі кардиотомиялық фильтр өзіне микроэмболаларды және біз жоғарыда айтып кеткен операционды өрістегі бөлшектердіалады. Сол арқылы бұл фильтр артериальды фильтрге түсетін жүктемені төмендетеді. Қазіргі кезде барлық дерлік өндіруші фирмалар микрофильтрді кардиотомиялық резервуарға инкорпорирлейді. Кардиотомиялық фильтрдің пораларының диаметрі артериальдыныкы секілді 20 – 25 тен 40 мкмді құрайды.
Пребайпассты фильтрлер соңғы жылдары пайда болды.Олармен жасанды қан айналудың барлық жүйелері толықтырылмаған. Бұл фильтрлер артериальды және венозды магистраль жалғасқан жерінде орналасқан. Олардың мақсаты – жасанды қан айналу аппаратының физиологиялық блогында және кристаллоидты құятын ерітінділерде бар микробөлшектерді фильтрлеу. Пребайпассты фильтрдің диаметрі 0,2 ден 5мкм аралығында ауытқиды. Оксигенаторды кристаллоидтармен құйғаннан кейін жоғары көлемдік жылдамдықпен (5л/мин ересек адамдарда, 2,5л/мин балаларда) 5- 10 мин рециркуляцияны жүргізеді. Егер құю кезінде қан препараттарын қолдану болжанатын болса, онда пребайпассты фильтрды рециркуляция басталуына дейін, немесе қан қосылғанға дейін алып тастау қажет. Эритроциттің диаметрі 8 мкм, және айтылғандарды орындамаса мына зардаптарға әкеледі:жасанды қан айналу жүйесінің ажырауы немесе айырыллуы болады.
Насос және негізгі насосқа анықтама беріңіз.
Насос – сұйықтықты, біздің жағдайда қанды алмастыратын механикалық құрылғы болып табылады. Жасанды қан айналым аппараттарында артериялық насос жасанды жүрек қызметін атқарады. Кардиохирургиялық операцияның негізгі этапында науқастың органдарымен қан тамырларын коректендіру үшін қанның адекватты қайтуын қамтамасыз етеді.
Негізгі насос – артериалды, минутына 6 литрдан кем емес қанды алмастыру керек, әртүрлі салмақтағы пациенттерді минутына қажетті қан айналу көлемін қамтамасыз ету керек. Екінші насос – сол қарыншаны дренажы үшін қажет, үшінші кейбір клиникаларда, төртінші – қан тамыры, жарақаттағы қанды жинау үшін арналған және «құрғақ жерді» қамтамасыз етуі керек, ол хирургтің қанды шалшықты жерде жұмыс істемеуі үшін және жүрек құрылысын көріп туруы керек коррекция жасау үшін.
Насостардың типтері.
Бүгінгі күні жасанды қан айналым аппараттарында және көмекші қан айналымында насострадың үш түрі қолданылады:
ü Роликті насостар;
ü Орталықтандырылған насостар;
ü Асқазанды насостар.
Соңғы кездері ең көп қолданылатын қазіргі жасанды қан айналым аппараттарының негізін құрайтын насостардың түрі – роликті насос. Жасанды қан айналым аппараттары негізі 3-5 насостардан құралған.
Роликті насос – механикалық құрылғы, электр қозғалтқыштың роторы редуктор жүйесі (белдікті немесе тісті беріліс) арқылы айналып насостың басына беріледі, көлденең бағананың соңында екі қозғалмалы роликтер бар. Бұл бағанада роликтердің механизмін тұрақтандыратын бар. Насостың басындағы қозғалмалы бөліктен басқа арнамен көрсетілген тұрақты бөлігі бар, ол біржолғы жүйенің насосты түтігімен жатқызылады.
Насостың роторы айналған кезде ролик түтіктің сегментін қысып, қанды сығып шығарады. Сығылған қанның мөлшері, яғни насостың өнімділігі тікелей түтіктің диаметріне, түтік сегментінің ұзындығына, яғни насостың басындағы арнаның диаметріне және басының айналу жылдамдығына тәуелді.
Орталықтандырылған насостар. Соңғы кездері үлкен емханаларда жасанды қан айналым аппаратындағы артериялық насос есебінде орталықтандырылған насостар қолданылады. Орталықтандырылған насос – сұйықтықтың қозғалысы мен керекті күші (напор) сұйықтыққа қалақты жұмысшы дөңгелектің әсерінен пайда болған центрифужды күштің есебінде құралған насос.
Көбіне Biopump фирмасы, Bio-Medicus, Delphin фирмасы, Saras фирмаларынң насостары коп қолданылады. Барлығы бірдей принциппен жұмыс істейді. Құрылымы әр түрлі болуы мүмкін.
Орталықтандырылған насостар постжүктемеге тәуелді: ол қаншама үлкен болса соншама сол айналымдағы өндірілуі аз болады. Осыдан өндірілуі автоматты түрде нолге дейін төмендейді. Магистралдің экстракорпоралді контурдің шығысы қысылған кезде оның үзіліп кетуі ешқашан болмайды және роликті насостарды қолданған кезде контурдың разгерметизациясы апатқа алып келуі мүмкін.
Орталықтандырылған насостардың роликті насостан және бір артықшылығы қанның бірден венозды резеруарға құйылуында массивті ауалы эмболияның болуы мүмкін. Saras жүйесіне ауаның 32 мл Bio-Medicus жүйесіне 52мл түссе, насостың жұмыс жасауы шайқалмалы құрылғы сияқты тоқтап қалуы мүмкін, себебі ауаны шығара алмайды.
Орталықтандырылған насостардың аталып кеткен артықшылықтарынан басқа кемшіліктері насостың қымбаттығы, жүйені қиын май құйылуы (заправка), көлемді жылдамдықтың алдын ала болжамсыздығы, пульсті ағымның генерациялауының қиындығы.