Кесте. ГОСТ 859-01,% бойынша мыстың химиялық құрамы.
мыс | Мыс маркасы | Cu+Ag | Қосындылар | ||||||||||
висмут | сурьма | мышьяк | темір | никель | қорғасын | қалайы | күкірт | оттегі | мырыш | фосфор | |||
катодты | МВЧ МОО МО МО М1 | 99,993 99,990 99,970 99,950 99,900 | 0,0002 0,0005 0,0005 0,0010 0,0010 | 0,0006 0,0010 0,0010 0,0020 0,0020 | 0,0005 0,0010 0,0010 0,0020 0,0020 | 0,0002 0,0005 0,0005 0,0010 0,0010 | 0,0006 0,001 0,0010 0,0020 0,0020 | 0,005 0,0010 0,002 0,003 0,005 | 0,0005 0,002 0,0010 0,0020 0,0020 | 0,002 0,002 0,002 0,004 0,004 | - - 0,015 0,020 0.050 | 0,0007 0,0010 0,0010 0,0030 0,0040 | 0,0005 0,0010 0,0010 0,0020 - |
Мыстың тазалығы оның қасиететріне үлкен әсерін тигізеді.Мыстың электркедергісі қосымшалар мөлшерне пропорционал өзгереді, егер олар белгілі жағдайларда мыспен қатты ерітінділер түзетін болса. Мыста еритін қоспалар мыспен гетерогенді қорытпалар түзетін қоспалармен салыстырғанда оның электрөткізгіштігін төмендетеді.Гетерогенді қорытпаларда мыстың электркедергісі қоспалар мөлшеріне ғана емес, сондай - ақ гетерогенді фазаның орналасу пішіні мен үйлестіруіне байланысты.
Мыспен өзара әрекеттесу сипатына байланысты барлық қоспаларды үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа мыста еритін және онымен қатты ерітінділер түзетін элементтер кіреді. Мұндай элементтерге алюминий, темір, фосфор, никель, қалайы. мырыш, алтын, күміс, платина, кадмий, сурьма, мышьяк жатады. Еритін элементтер аз концентрацияда байқалмайды, өйткені олар қатты ерітінді құрамына кіреді.Шекті мөлшерде бұл қоспалар мыстың пластикалық деформациялану қасиетін төмендетпейді. Көптеген жағдайларда бұл элементтер қоспалары мыстың қаттылығы мен беріктігін арттырады, бірақ, әсіресе, сурьма мен мышьяк,электрөткізгіштігі мен жылуөткізгіштігін төмендетеді. (14 және 15 суреттер).
Екінші топтымыста ерімейтін және онымен жылдам балқитын эвтектиктерді түзетін (қорғасын, висмут және басқалар) элементтер құрайды. Бұл қоспалар электрөткізгіштікке аздап қана әсерін тигізеді.
Үшінші топқамыспен сынғыш химиялық қосылыстарды (күкірт, оттегі және басқалар) түзетін элементтер жатады.
Мыспен балқитынэвтектиктерді және сынғыш химиялық қосылыстардытүзетін қоспалар оның механикалық қасиеттерін нашарлатады және пластикалық деформацияға қабілетін төмендетеді.
Деформациялау кезінде металл құрылымы бұзылады және Сu2О бөлшектері мыстың қатты тартылған түйіршіктер бойымен орналасады.
Құрамында оттегі бар мыстың электрөткізгіштігіне оттегі жоқ мыстың өткізгіштігіне қарағанда қоспалар әсері шамалы.Оттекпен оксидтер түзетін қоспа элементтерімыстың электрөткізгіштігіне әсерін аз тигізеді.Құрамында оттегі мөлшері аз мыс пластикалық келеді.Күкірт қоспалары бар мыстың құрылымы оттегі бар мыс қорытпаларына ұқсас. Мысты қышқылдату үшін фосфордан аздап қосады (0,002 - 0,003 % - ға дейін). Литий мыстың тиімді қышқылдатушысы болып табылады.
Мыстағы және оның қорытпаларындағы зиянды қоспалар висмут пен қорғасын. Бұл қоспалар мөлшері тым аз болса да жоғары температураларда мыстың пластикалығын төмендетеді. Өзінің сынғыштығы әсерінен висмут мыстың пластикалығының төмендеуіне суық күйінде де әсер етеді.
Жылдам балқитын қоспалардың кері әсерін арнайы қосымдарды енгізу жолымен жоюға болады. Бұл қосымдар қоспаларды баяу балқитын химиялық қосылыстарға байланыстырады. Ең тиімдісі қоспалармен химиялық қосылыстарды түзетін қосылымдар. Қорғасын мен висмутты байланыстыру үшін ең тиімді қосылыстар: висмут үшін - литий, церий, кальций, цуирконий, магний, қорғасын үшін кальций, церий және цирконий. Көрсетілген қосылыстарды енгізген кездепайда болған баяу балқитын қосылыстар жеңіл балқитын интеркристалдық қабатшалар түрінде емес, оқшауланған баяу балқитын қосылыстар түрінде кристалданады. Бұл кезде түйіршіктер қырлары едәуір тазарады. Қосылымдардың біраз бөлігі мыс түйіршіктері ішінде орналасады және механикалық қасиеттері едәуір жақсарады,әсіресе, жоғары температураларда, қоспалардың ыстыққа және суыққа сынғыштығы жойылады.
Мыстың өндірістік түрлерінің негізгі физикалық және технологиялық қасиеттері 11 кестеде келтірілген.
Мыстың беріктігі жоғары емес, бірақ оның пластикалығы жоғары.
Мыстың құйылған, ыстықтай деформацияланған мыстың механикалық қасиеттері 12 кестеде келтірілген.